Көшелердің атын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Көшелердің атын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Түлкібас ауданы Құлан ауылындағы «Интернациональная» көшесінің аты Достық, «Набережная» көшесінің аты Игілік, «З.Космодемьянская» көшесінің аты Үміт, «Крупская» көшесінің аты деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Түлкібас ауданы Ақбиік ауылындағы «Элеваторная» көшесінің аты Бірлік көшесі деп өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.