О переименовании Ильинского сельского округа Алгинского района Актюбинской области в Акайский сельский округ Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысы Алға ауданы Ильинка ауылдық округін Ақай ауылдық округі деп қайта атау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 27-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тұрғындардың пікірін, Алға ауданының мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы Алға ауданы Ильинка ауылдық округі Ақай ауылдық округі деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.