О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы N 485 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. "Республиканың фосфор саласын сақтау және дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 29 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 7-құжат) 4,5,6-тармақтары.
Тармақ 2
2. "Маңғыстау облысының өнеркәсіптік кешенін қайта құрылымдау жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 ақпандағы N 83 қаулысының 4-тармағы.
Тармақ 3
3. "Испат Кармет" акционерлік қоғамының темір жол көлігімен жүк тасымалдауына арналған тарифтер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 шілдедегі N 566 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 18, 163-құжат).
Тармақ 4
4. "Фосфор кәсіпорындарының мүлкін сату жөніндегі инвестициялық тендердің нәтижелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 мамырдағы N 414 қаулысының 4-тармағының екінші абзацы.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 маусымдағы N 566 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 шілдедегі N 655 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 22, 193-құжат).
Тармақ 6
6. "Жекелеген отандық өндірушілерді қолдау мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 13 тамыздағы N 763 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 28, 236-құжат) 5-тармағының екінші, үшінші абзацтары.
Тармақ 7
7. "Қазақстан Республикасының фосфор саласын қолдау жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1372 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 50, 468-құжат) 6-тармағы.
Тармақ 8
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 ақпандағы N 83 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1386 қаулысы.
Тармақ 9
9. "Кейбір аймақтық электр желісі компанияларының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1506 қаулысының 2-тармағының 3) тармақшасы.
Тармақ 10
10. "Қазақстан Республикасының фосфор өнеркәсібін қолдаудың жекелеген шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қазандағы N 1580 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы.