Тұздыбастау ауылдық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлеріне жаңадан көше атауларын беру мен елді мекендердегі көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Тұздыбастау ауылдық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлеріне жаңадан көше атауларын беру мен елді мекендердегі көше атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес және Талғар аудандық ономастика кеңесінің келісімі мен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Тұздыбастау ауылдық округіне қарасты Алмалы, Полевая көшелерінің аттарын Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 65 жылдығына орай, Ұлы Отан соғысының ардагері бірінші және екінші топ мүгедектері, сұрапыл соғыстан кейін еліміздің экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқан, жастарға үлгі өнеге бола білген азаматтардың аттары төмендегідей берілсін:
Полевая көшесінің атауы Ахмадиев Қасымбек көшесінің атауына өзгертілсін;
Алмалы көшесінің атауы Жұмабеков Бекетай Бәшейұлы көшесінің атауына өзгерсін;
Тармақ 2
2. Жаңа құрылыс жерлеріндегі атауы жоқ жаңа көшелерге төмендегі көше атаулары берілсін:
Бірінші көшеге Казиев Зиннұр Қазиұлы көшесі;
Екінші көшеге Нарумов Кәрім Әлібекұлы көшесі;
Үшінші көшеге Монтаев Ибрагим көшесі;
Төртінші көшеге Орымбаев Абдыбай көшесі атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.