Жарлысу ауылындағы С.Сейфуллин көшесінің батыстан оңтүстікке қараған бұрылысының атауын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жарлысу ауылындағы С.Сейфуллин көшесінің батыстан оңтүстікке қараған бұрылысының атауын өзгерту туралы "Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4 тармақшасына және Жарлысу ауылы С.Сейфуллин көшесі тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Жарлысу ауылы С.Сейфуллин көшесінің батыстан оңтүстікке қараған бірінші бұрылысының атауы Ұлы отан Соғысының ардагері Шынасылов Жапарқұл атындағы көше болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы Шешім Әділет органдарына мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.