Бесарық ауылдық округіндегі көшеге атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бесарық ауылдық округіндегі көшеге атау беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" N 4200 Заңының 14-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Сырдария ауданы әкімі жанындағы аудандық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 6 желтоқсандағы N 9 ұйғарымы негізін ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Бесарық, ауылдық округіндегі кіре беріс орталық көшеге "Тәуелсіздік" атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман - заңгері Б.Сүлейменоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.