Жаңабазар ауылы округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Жаңабазар ауылы округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Жаңабазар ауыл округіне қарасты:
Тармақша 1
1) Жаңабазар елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Ғайса Рамазанов, Рахымбай Ханалы, Исаев Қайрат, Әдіхан Ақабаев, Тәжіұлы Тасболат ақын, Жолдықараұлы Шалқарбай би аттары;
Тармақша 2
2) Үлгілі елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Елшібек батыр, Тайлақ батыр, Күндебай Тастанбеков, Жақыпбек болыс, Суан баба, Абдрахым Қасымұлы, Жамбыл Керімбаев, Білән Қуатбайұлы, Ілияс Анашев аттары;
Тармақша 3
3) 20 лет Казахской ССР елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Қожамберді Көшімбетұлы, Барлыбай Қожамбердіұлы, Байтүгел Құдаймендіұлы аттары;
Тармақша 4
4) Қарабастау елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Расул Төлендиев, Бораш баба аттары;
Тармақша 5
5) Жылыбұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Өмірсерік Қалдыбайұлы аты;
Тармақша 6
6) Жаңажол елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Домалақ ана, Албаба, Төленді Мұсақұлұлы, Бақытжан Мүтәліұлы аттары;
Тармақша 7
7) Тілектес елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Зиямет Бостанов аты;
Тармақша 8
8) Жаңаталап елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Сансызбай Рсымбетұлы, Суықбұлақ атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды бас маман іс басқарушы А.Бегалиевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.