Қызылқия ауылы округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Қызылқия ауылы округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Қызылқия ауылы округі аумағы халқының пікірін ескере келе, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қызылқия ауылы округіне қарасты:
Тармақша 1
1) Қызылқия елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Н.Тоқтамысов аты;
Тармақша 2
2) Ынталы елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Қ.Қанходжаев, Б.Дүйсенов, Ж.Маликов, Ә.Иманбердиев, Т.Жаңабаев, С.Серкебаев, Ж.Тұрсынқұлов аттары;
Тармақша 3
3) Айнатас елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Ынтымақ, С.Мамбеталиев, Қ.Сақбаев, Қ.Керімқұлов, Т.Құлтаев, Н.Жүнісәлиев, Т.Сегізбаева, Ө.Даулетов, Келес, Жібек жолы атаулары;
Тармақша 4
4) Қызылсеңгір елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Қазыбек би, Н.Машақұлы, А.Ауданұлы, Құрманғазы, Д.Қонаев, Ш.Қалнияз, Т.Құрымбайұлы, И.Тайманұлы аттары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.