Талғар ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Талғар ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, “Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы” Заңының 12 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Талғар ауданы елді мекендер жерінің құрамына елді мекендерді кеңейтуге және осыған байланысты қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес, төмендегі Талғар аудан елді мекендерінің шекаралары (шегі) мынадай болып өзгертілсін: Алатау ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы 1 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде Береке ауылына 1 гектар; Бесағаш ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы 5,752 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Бесағаш ауылына – 5,752 гектар; Бесқайнар ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы 37,55 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Бесақайнар ауылына – 7,55 гектар, Қотырбұлақ ауылына – 30,0 гектар; Гүлдала ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы - 15,35 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Әлмерек ауылына – 5,6 гектар, Қайрат ауылына – 9,75 гектар; Кеңдала ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы 5,2 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Ақдала ауылына – 5,2 гектар; Көктөбе ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы - 7,1 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Рмизовка ауылына –7,1 гектар; Панфилов ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы – 19 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Төңкеріс ауылына – 19 гектар; Тұздыбастау ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы 6,34 гектар жер аумағы енгізілсін.
Тармақ 2
2. “Талғар аудандық жер қатыныстары бөлімі” мемлекеттік мекемесі қолданылып жүрген есеп құжаттамаларына өзгертулер енгізсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.