Құжат мәтініне өту

Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Өзге акт · № 69 · қабылданған 10.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.06.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-56586/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 69 ·10.12.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

ҚАЗАзаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 69 · қабылданған 10.12.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
69
Қабылданған күні
10.12.2010
Көрсетілген редакция
22.06.2011 · қолданыстағы 56586_212539.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
22.06.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10LF000174
ЭКБ идентификаторы
56586
Редакция идентификаторы
56586_212539
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:44

0 Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабы 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:

1 1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізетін аудандық шақыру учаскесі құрылсын.

2 2. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында "Жалағаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (келісім бойынша) жүргізу ұсынылсын.

3 3. Аудан бюджетінен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарына және "N 3 кәсіптік лицей" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):

1 1) әскерге шақыру жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа оларды оқудан босатуды;

2 2) әскерге шақыру жасына дейінгі азаматтарға оларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақыру туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша олардың уақытында келуін қамтамасыз ету жұмыстарын атқару ұсынылсын.

4 4. "Жалағаш аудандық емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) медициналық комиссияны қажетті қызметкерлермен және медициналық жабдықтармен қамтылуын ұйымдастыру ұсынылсын.

5 5. Кент, ауылдық округі әкімдері және "Жалағаш аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскери есепке алуды жүргізуде көмек көрсетсін.

6 6. "Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

7 7. Жалағаш кент әкімі 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарына көмектесу үшін 4 адам санында жұмыссыз азаматтарды Жалағаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне жіберу арқылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.

8

8. "Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы" Жалағаш ауданы әкімінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 160 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2009 жылғы 30 желтоқсанда N 10-6-135 болып тіркелген, 2010 жылдың 6 қаңтарда N 1-2 (8558-8559) "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

9 9. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Р.Алиеваға жүктелсін.

10 10. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
"Жалағаш аудандық емхана"
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның
бас дәрігері
________________Х. Каметов
"6" желтоқсан 2010 жыл
"Жалағаш ауданының қорғаныс
істері жөніндегі біріктірілген
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________ М. Айтжанов
"6" желтоқсан 2010 жыл
"N 3 кәсіптік лицей" мемлекеттік
мекемесі директорының міндетін атқарушы
______________ Б.Шаменова
"6" желтоқсан 2010 жыл
"Жалағаш ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________Б.Жарқынбаев
"6" желтоқсан 2010 жыл