Көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көше атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)–тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Ынтымақ ауылдық округіне қарасты: - Өркенді ауылындағы Гаражная көшесін «Дәуір көшесі»; - Нұр ауылындағы Гаражная көшесін «Ақ жол көшесі», Ленин көшесін «Ынталы көшесі», Гагарин көшесін «Береке көшесі», МТС 1, 2 көшесін «Құрылыс көшесі»; - Талапты ауылындағы Пушкин көшесін «Қырман көшесі», Киров көшесін «Бейбарыс көшесі», Тельман-1 көшесін «Мақташы-1 көшесі», Телман-2 көшесін «Мақташы-2 көшесі», Победа көшесін «Мереке көшесі», Гагарин көшесін «Ғарыш көшесі»; - Көрікті ауылындағы Гаражная көшесін «Егіндік көшесі»; - Ақниет ауылындағы Интернационал көшесін «Бірлік көшесі», Целина көшесін «Тың көшесі», Ленин көшесін «Жұлдыз көшесі» деп атаулары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Дарменовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.