О мерах по упорядочению учета налогоплательщиков - физических лиц Күшін жойған
Басқа 0
Салық төлеушілерді – жеке тұлғаларды есепке алуды тәртіпке келтіру жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 24.08.2005 № 24 шешімімен.
Қазқстан Республикасы Президентінің «Салықтар және де басқа міндетті бюджеттік төлемдер туралы» Жарлығын орындау және салықтар мен жиналымдардың түсімдері жөніндегі бюджеттік кіріс бөлігінің орындалуын қамтамасыз ету үшін облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1. Жол полициясы инспекциясы /Е.А. Райтенбах/ салық қызметінің органдарына жеке тұлғалардың автокөліктерді тіркеулері туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін .
Тармақ 2
2. Әділет басқармасы /З.М. Мақашев/ салық комитетіне жеке тұлғалар іске асыратын жылжымайтын мүлікті және автокөліктерді сату-сатып алу жөніндегі мәмлелерді нотариалдық жағынан күәлендіретін ақпараттар ұсынсын.
Тармақ 3
3. Жылжымайтын мүлік жөніндегі облыстық Орталық /А.Е. Жанжуманов/ салық органдарына жеке тұлғалардың жеке мүлікке тіркелген құқықтары туралы мәліметтер ұсынсын.
Тармақ 4
4. Кеден басқармасы /Б.Н. Күлжанов/ салық комитетіне жеке тұлғалардың тауарлар /25 ең төменгі жалақы сомасынан артық/ мен автокөлік импорты және экспорты жөнінде мәліметтер ұсынады.
Тармақ 5
5. «Регион», «Фермер» Петропавл Тауарлық биржалары, «Оқ жетпес» Көкшетау Тауарлық Әмбебап биржасы салық органдарына биржалық сауда және жеке тұлғалармен іске асырылған, тіркелген сату-сатып алу мәмілелері тұралы есеп беру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Солтүстік Қазақстан облыстық астық инспекцияся /М.С. Иващенко/, Көкшетау филиалы /Е.Г. Жүзенов/ салық органдарына жеке және заңды тұлғаларға берілген астық өнімдерінің сәйкестік сертификаты туралы мәліметтер ұсынсын.
Тармақ 7
7. Жол полиция басқармасы, Әділет басқармасы, жылжымайтын мүлік жөніндегі облыстық Орталық, кеден басқармасы, «Регион» және «Фермер» Петропавл Тауарлық биржасы, «Оқ жетпес» Әмбебап Көкшетау Тауарлық биржасы сатып алу-сату мәмлесін тіркеу, нотариалдық рәсімдеу, кедендік декларацияны рәсімдеу, автокөлік құралдарын тіркеу кездерінде құжаттарда салық төлеушілердін тіркеу нөмерін көрсетсін.
Тармақ 8
8. Ақпарат ұсыну мерзімі – есеп бергеннен кейінгі әр айдын 5 жұлдызы. /1 қосымшаға сәйкес/.
Тармақ 9
9. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары И.Ф. Чиркалинге жүктелсін.
Басқа 10
Облыс әкімінің
1998 жылғы «30» наурыздағы № 74 шешіміне
1 ҚОСЫМША
1. Жол полициясы басқармасы салық қызметі органдарына ұсынатын мәліметтер тізбесі
Жеке тұлғалардың аты-жөні, фам-сы, РНН, мекен-жайы
Көлік құралын тіркету датасы
Көлік құ-ң атауы, шығар-н жылы
Құны
Ненің негізінде тіркеуден өтті, сату, сатып-алу, сыйлау, шарт н
1
2
3
4
5
2. Әділет басқармасының салық қызметі органдарына ұсынатын мәліметтер тізбесі
РНН, сеніп тапсырылған сатып алұш-ң аты-жөні, ф-сы
Мәмле жасалған дата
Мәмленің түрі: сату-с. Алу, сыйлау т.б.
Мүліктің атауы
Мүліктін құны
1
2
3
4
5
3. Кеден басқармасының салық қызметі органдарына ұсынатын мәліметтер тізбесі
Ж. тұлғаның аты-жөні, ф-сы, РНН, мекен-жайы
Импорт, экспорт жөн. операциялар жасау датасы
Әкелінген тауар-ң көлік құрал-ң атаулары
Кедендік құны
Саны
Кедендік режим
1
2
3
4
5
6
4. Жылжымайтын мүлік жөніндегі облорталық салық қызметі органдарына ұсынатын мәліметтер тізбесі
Ж. тұлғаның аты-жөні, ф-сы, РНН, мекен-жайы
Тіркеу датасы
Тіркеу нысаны
Нысанның құны
Нысанның мекен-жайы
1
2
3
4
5
5. Астық инспекциясының салық органдарына ұсынатын мәліметтер тізбесі
Жеке тұлғаның аты-жөні, ф-сы, РНН, мекен-жайы, Заңды тұлғаның атауы, РНН
Сертификатты берген датасы
Өнімнің атауы
Саны/көлемі
1
2
3
4