Ақтоған ауылдық округіне қарасты "Қазақ дихан" елді мекенінде құтырма ауруына қарсы карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы Қолданыста
Басқа 0
Ақтоған ауылдық округіне қарасты "Қазақ дихан" елді мекенінде құтырма ауруына қарсы карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, аудан аумағында құтырма ауруы тіркелуіне байланысты, Меркі ауданы Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 25 қарашадағы № 757 ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан аумағындағы Ақтоған аулдық округі "Қазақ дихан" елді мекенінде құтыру ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
Тармақ 2
2. Барлық сау малдарды құтырма ауруына қарсы вакцинациялансын.
Тармақ 3
3. Ауру мал шыққан, тұрған, қора-жайлармен аулаларда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Тұрғындармен аурудың адамға қауіпті екені жайында түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Ахметжановка жүктелсін.