О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О Высшем Судебном Совете Республики Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап 1
1-бап. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2008 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 20, 80-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның басшысы қызметіне кандидатты тағайындауға және оны қызметтен босатуға келісім беру туралы мәселені заңнамада белгіленген тәртіппен қарайды;»;
Тармақша 2
2) 10-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Комиссияныңқызметін қамтамасыз етуді Кеңес аппараты мен Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
Тармақша 3
3) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Судья қызметiне конкурс
1. Кеңестiң жергiлiктi және басқа да соттың судьясы қызметiне тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижелерi бойынша берiледi.
2. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның судья қызметіне бос орынның ашылғаны туралы ұсынысы Кеңестің конкурсты өткізуі үшін негіз болып табылады.
3. Судьяның бос орнына орналасуға кандидатураларды іріктеу жөніндегі конкурстың өткізілетін мерзімі мен орны туралы хабарламаны Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында конкурсқа дейін кемінде бір ай бұрын қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.»;
Тармақша 4
4) 15-баптың 3-тармағындағы «және заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар немесе кемінде бес жыл судья болып істеген жұмыс өтілі бар» деген сөздер «, заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар және тиісті облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 5
5) 16-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Кеңес облыстық сот судьяларының бос орындарына кандидатураларды тиісті облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысы болған кезде қарайды.»;
Тармақша 6
6) 18-бапта:
1-тармақтағы «және заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар немесе кемінде бес жыл судья болып істеген жұмыс өтілі бар» деген сөздер «, заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар және тиісті облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «және заң мамандығы бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі бар немесе кемінде он жыл судья болып істеген жұмыс өтілі бар» деген сөздер «, заң мамандығы бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі немесе кемінде он жыл судьялық жұмыс өтілі бар және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған» деген сөздермен ауыстырылсын.
Бап 2
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.