Об упорядочении торговли алкогольными напитками и пивом на территории Восточно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының аумағында алкогольді iшiмдiктермен және сырамен сауда жасауды ретке келтiру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО мәслихатының 2005 жылғы 11 наурыздағы № 10/145-III шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы", "Стандарттау және сертификациялау туралы" Заңдардың, Үкiметтiң 1997 жылғы 15 мамырдағы N 678 "Қазақстан Республикасында алкогольдi iшiмдiктермен сауда жасаудағы тәртiп сақтауына бақылауды күшейту туралы" Қаулысын басшылыққа ала отырып, және де тұтынушылардың денсаулықтарымен мүдделерiн қорғау мақсатында, бюджеттiк түсiмдердi толық қамтамасыз ету, облыс аумағында алкогольдi iшiмдiктермен және сырамен сауда жасауды реттеу үшiн, сапасыз, фальцифициндiрiлген алкогольдi өнiмдермен улану жағдайларының жиiленуiне байланысты алаңдаушылық бiлдiрiп, дабыл соға отырып (тек қана Өскемен қаласында 1996 жылы 491 адам уланып, оның 348 қайтыс болған, ал биылғы жылы басынан осы көрсеткiштер 438 бен 329 тен), Шығыс Қазақстан облыстық Мәслихат ШЕШЕДІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында алкогольдi iшiмдiктермен және сырамен бөлшек сауда жасаудың тәртiбi бекiтiлсiн /қосымша берiлген/.
Тармақ 2
2. Осы тәртiптердi жүзеге асыру мақсатында, алкогольдi өнiмдердiң сатылуын реттеу туралы шараларды дайындау мен бекiтуi облыс Әкiмi В.Л.Меттеге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. 1997 жылғы 1 қарашасынан бастап облыс аумағында төмендегi практикалық шараларды енгiзу қажет деп табылсын:
Тармақша а
а) жаймалардан, автокөлiк құралдарынан, базарлардың сауда орындарынан
киоскiлерден және дүкеншелерден алкогольдi iшiмдiктердiң сатылуына
/сырадан басқа/ тыйым салынсын.
Тармақша б
б) алкогольдi iшiмдiктердi /сырадан басқа/ сату тек жабық
павильондарда және дүкендерде жүзеге асырылсын.
Тармақ 4
4. Арақ-шарап өнiмдерi мен темекiге мемлекеттiк монополия енгiзу
жөнiндегi мәселе Қазақстан Республикасы Президентi Н.А.Назарбаевтың
алдында өтiнiш етiлсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалу барысын бақылау облыстық Мәслихаттың
тұрғындардың мүддесi мен денсаулығын қорғау, әлеуметтiк даму сұрақтары
бойынша комиссияға жүктелсiн /В.П.Кравцов/.
Басқа 8. Шығыс Қазақстан облысының аумағында
алкогольдi iшiмдiктермен және сырамен
бөлшек сауда жасаудың
ТӘРТIБI
Облыстық Мәслихаттың 1997 жылғы
30 қыркүйектегi ХIV сессиясының
шешiмiне қосымша
Шығыс Қазақстан облысының аумағында
алкогольдi iшiмдiктермен және сырамен
бөлшек сауда жасаудың
ТӘРТIБI
I. Жалпы ереже
Тармақ 1.1
1.1. Сауда жасау тәртiбi "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы", "Стандарттау және сертификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Yкiметтiң 1995 жылғы 15 мамырдағы N 678 Қаулысына, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда Министрлiгiнiң 1995 жылғы 27 шiлдедегi N143-II Бұйрығына сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 1.2
1.2 Бұл тәртiптi сақтауға Қазақстан Республикасының кәсiпорындарында шығарылатын және басқа мемлекеттен әкелiнетiн алкогольдi iшiмдiктермен және сырамен бөлшек сауда жасаушы барлық шаруашылық субъектiлерi мiндеттi.
Тармақ 1.3. II. Алкогольдi iшiмдiктер мен сыра сату тәртiбi
1.3 Шаруашылық субъектiнi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк болғанда ғана алкогольдi iшiмдiктермен және сырамен бөлшек сауда жасауға жол берiледi.
II. Алкогольдi iшiмдiктер мен сыра сату тәртiбi
Тармақ 1.4
2.1 Қалалар мен аудандардың әкiмдердi облыстық сауда және қызмет көрсету департаментiнiң ұсынысын ескере отырып, алкогольдiк iшiмдiктер мен сыраны өткiзу жөнiндегi сауда кәсiпорындарының, қоғамдық тамақтандыру орындарының орналастырылуын бекiтедi.
Тармақ 1.5
2.2 Әрбiр шаруашылық субъектiсiнiң алкогольдi iшiмдiктердi, сыраны сатуға қала, аудан әкiмiнiң рұқсаты болуы қажет.
Тармақ 1.6
2.3 Рұқсат қағазда кәсiпорынның мекен-жайы, сату сағаты, өткiзiлетiн iшiмдiктердiң түрлерi көрсетiледi.
Тармақ 1.7
2.4 Кәсiпорындарда алкогольдi iшiмдiктермен сауда жасау сағатын шаруашылық субъектiлерi қалалар мен аудандар әкiмдерiмен келiсiм бойынша белгiлейдi.
Тармақ 1.8
2.5 Оқу, балалар мекемелерiне жақын /кемiнде 500 м./ жерде, емдеу-профилактикалық мекемелер, автомобильдерге бензин құю станцияларының аумағында орналасқан кәсiпорындарда, қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарына: балалар кафесiне, мектеп, студенттiк, жұмысшы асханаларына алкогольдi iшiмдiктермен сауда жасауға рұқсат берiлмейдi.
Тармақ 1.9. III. Алкогольдi iшiмдiктер мен сыра сату
2.6 Алкогольдi iшiмдiктердi /сырадан басқа/ сату тек жабық павильондарда және дүкендерде жүзеге асырылады.
III. Алкогольдi iшiмдiктер мен сыра сату
Тармақ 1.10
3.1 Сапа жөнiнде стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сай келетін алкогольді ішімдіктер мен сыра сатуға жатады, мұнымен қатар сайкестілік сертификатының түпнұсқасы немесе нақты сертификаттың көшірмесі болуы қажет.
Тармақ 1.11
3.2 Сертификацияланған алкогольді өнімдердің мына түрлерін белгіленген тәртіпте сатуға рұқсат етіледі: арақтар, ликер-арақ бұйымдары, коньяктар /бренди/, кальвадостар, жүзім, жеміс шараптары, күшті жүзім және жеміс ішімдіктері, шампан және шымырлайтын шараптар, сыра. Алкогольділігі бар өнімдердің басқа түрлерін /ішімдік спирті, оның ішінде импорттық спирт, шараптық спирт, фармокопейлік бабтар бойынша алкоголі бар өнім, этил шикізатының спирті, тағамдық емес шикізаттан жасалған этилдік ректификат спирті /гидролизді, синтетикалық/, спирттелген жеміс шара материалдары/ бөлшек сауда жерлерінде сатуға рұқсат етілмейді.
Тармақ 1.12
3.3 Мынадай жағдайда алкогольді ішімдіктер мен сыра сатуға жол берілмейді:
- дайындаушы кәсіпорынды анықтауға мүмкіндік беретін айқын таңбасыз;
- жарамдылық мерзімі өтіп кеткенде, акциздік таңбасыз;
- дайындаушыдан немесе көтерме сауда жасаушыдан алынған;
- сәйкестілік сертификаты жоқ өнімдерді;
- этикеті жоқ, кір /іші немесе сырты/, сынығы бар /мойны шетінеген, қажалған/, тығыны бүлінген, күңгірт, тұнбасы бар арақ-шарап құйылған бөтелкелермен сатуға /коллекциялық шараптардан басқа/;
- 18 жасқа жетпеген адамдарға;
- масайған жағдайдағы адамдарға.
Тармақ 1.13
3.4 Алкогольді ішімдіктер мен сыра сатуды жүзеге асырушы кәсіпорындар сатып алушыларды /тауар алушы немесе алуға ниеті бар адамдарды/ осы тәртіп, алкогольді ішімдіктермен және сырамен сауда жасау сағаты, олардың ассортименті, тұтыну ерекшеліктері, дайындаушы кәсіпорындар және өнімнің жарамдық мерзімі туралы ақпаратпен көрнекі және түсінікті түрде қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 1.14
3.5 Алкогольді ішімдіктер мен сыра белгіленген талаптарға /температуралы режимді және параметрді, тауарлық кәртілікті және сақтаудың басқа да шарттар сақтау кезінде сапасын жоюға жол бермеуге сәйкес сақталуы қажет.
Тармақ 1.15
3.6 Тауарлар үлгілері ыдыстың сиымдылығын және бағаларды, атауын көрсететін баға белгілерімен жабдықталуы тиіс. Спирт ішімдіктерін ыдыстарына құйып сату кезінде ішімдіктің 50 мл және одан да жоғары /литрі үшін және шарап пен сыра жөнінде 0,1 литр үшін/ үшін бағасы көрсетіледі.
Тармақ 1.16
3.7 Тұтынушыға тауар босату кезінде сатушы тауарлардың сыртқы көрінісі бойынша сапасын тексеруі қажет.
Тармақ 1.17
3.8 Жалған және сапасыз алкогольді ішімдіктер мен сыра сатқан жағдайда олар ауыстыруға жатады және кінәлі адамдар "Тұтынушылардың құқыларын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапкершілік атқарады.
Тармақ 1.18. IV. Алкогольді ішімдіктер мен сыра саудасының тәртібін бұзғаны
үшін жауапкершілік
3.9 Алкогольді ішімдіктермен және сырамен сауда жасауды жүзеге
асырушы кәсіпорындардың қызметкерлері медициналық куәландырудан және
тазалық дайындық курсынан өтеді де есеп тапсырады және белгіленген
тәртіпте оның санитарлық кітапшасы болуы қажет.
IV. Алкогольді ішімдіктер мен сыра саудасының тәртібін бұзғаны
үшін жауапкершілік
Тармақ 1.19. V. Алкогольді ішімдіктермен және сырамен сауда жасау тәртібін сақтау
үшін бақылау жасау
4.1 Шаруашылық субъектілері алкогольді ішімдіктермен сауда жасау
тәртібін бұзғаны үшін қолданылып жүрген заңға сәйкес жауапкершілік
атқарады.
V. Алкогольді ішімдіктермен және сырамен сауда жасау тәртібін сақтау
үшін бақылау жасау
Тармақ 1.20
5.1 Алкогольді ішімдіктермен және сырамен сауда жасау тәртібін сақтау
үшін бақылау жасауды ШҚО сауда және қызмет көрсету департаментінің сауда
инспекциясы, санитарлық қадағалау, стандарттау және метрология органдары
және уәкілдігі бар басқа да органдар заң белгілеген тәртіпте жүзеге
асырады.
ШҚО сауда және қызмет көрсету Департаменті