О переименовании в городе Кандыагаш улицы Спортивная в улицу Омаша Өмірбаева, улицы Парковая в улицу Көбеген Ахметұлы Ахметова Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Қандыағаш қаласында Спортивная көшесін Омаш Өмірбаев көшесі, Парковая көшесін Көбеген Ахметұлы Ахметов көшесі деп қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қандыағаш қаласындағы:
Спортивная көшесі Омаш Өмірбаев көшесі,
Парковая көшесі Көбеген Ахметұлы Ахметов көшесі деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.