Шардара ауданының орталығы Шардара қаласындағы көшелер атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Шардара ауданының орталығы Шардара қаласындағы көшелер атауларын өзгерту туралы от 22.12.2010 г. № 39-298-IV (Шардара ауданының орталығы Шардара қаласындағы көшелер атауларын өзгерту туралы)
0
1
1. Шардара қаласындағы Лермонтов көшесіне Мамыр Жалаңбасовтың;
Пирогов көшесіне Сейтқасым Әшіровтың;
Титов көшесіне Әлішер Есіркеповтың;
Павлов көшесіне Мырза Наурызбаевтың;
Шардара тұйығына Ақдәулет Сандыбаевтың;
Жібек жолы көшесіне Бөдес Тажиевтің есімдері берілсін.
2
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.