Сапақ ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сапақ ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Сапақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сапақ ауылындағы Мира көшесі Бейбітшілік, Интернационал көшесі Тәуелсіздік, Береговая көшесі Жеңіс көше атауларына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Сапақ ауылдық округінің іс жүргізу жөніндегі бас маманы Арманбек Чигирбаевич Чигирбаевқа жүктелсін
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.