Нақып Ержановтың атына көше атауын беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын, "Қазақстан Республикасының Әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып және аудандық онамастикалық комиссиясы мәжілісінің 2010 жылғы 27 қазандағы N 3 хаттамасын орындау мақсатында ШЕШЕМІН:
Нақып Ержановтың атына көше атауын беру туралы от 21.12.2010 г. № 1176 (Нақып Ержановтың атына көше атауын беру туралы)
0
1
1. Жаңақорған кентіндегі " Ипподром-7 " көшесі Социалистік Еңбек Ері "Нақып Ержановтың" атындағы көше болып берілсін.
2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күнтізбек он күннен кейін қолданысқа енеді.