Об утверждении Инструкции "О согласованных мерах по контролю за въездом в Республику Казахстан и выездом из Республики Казахстан иностранных граждан и лиц без гражданства" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына кiруiн және Қазақстан Республикасынан шығуын бақылау жөнiндегi келiсiлген шаралар туралы" нұсқаулықты бекiту туралы Ескерту: Күші жойылды - ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының 17.10.2005 N 148 және ҚР Iшкi iстер министрлігінiң 06.10.2005 N 439 бiрлескен бұйрығымен. -----------Бiрлескен бұйрықтан үзінді------------------ "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдегi мекемелерi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан өткiзу бекеттерiнде шекаралық бақылау бөлiмшелерi арқылы тiркелген шетел азаматтарын есепке алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының 2005 жылғы 5 мамырдағы N 94/ҚПҮ, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 265, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 2005 жылғы 29 сәуiрдегi N 08-1/131 бiрлескен бұйрығының қолданысқа енгiзiлуiне байланысты БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. "Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына кiруiн және Қазақстан Республикасынан шығуын бақылау жөнiндегi келiсiлген шаралар туралы" нұсқаулықты бекiту туралы" Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы мен Iшкi iстер министрiнiң 2000 жылғы 24 қаңтардағы N 2/36 бiрлескен бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1100 болып тiркелген) күшi жойылды деп танылсын... ---------------------------------- Қазақстан Республикасына кiрудi және Қазақстан Республикасынан шығуды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ :
Тармақ 1
1. "Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына кiруiн және Қазақстан Республикасынан шығуын бақылау жөнiндегi келiсiлген шаралар туралы" нұсқаулық (қоса берiледi) бекiтiлсiн және 2000 жылғы 1 ақпанынан бастап қолданысқа енгiзiлсiн .
Тармақ 2
2. Астана қаласы IIБ-нiң, Алматы қаласы IIББ-нiң, облыстардағы IIIБ-IIБ-нiң, көлiктегi IIБ-нiң бастықтарына:
Тармақша 1
1) жаңадан құрылған паспорттық бақылау пункттерiнде полиция қызметкерлерiнiң жұмысын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) визалық жұмыстар бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң функционалдық мiндеттерi осы Нұсқаулыққа сәйкес келтiрiлсiн;
Тармақша 3
3) паспорттық бақылау пункттерiн белгiленген үлгiдегi бланкiлермен, журналдармен және мөртаңбалармен қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметiнiң Бас штабына, Қазақстан Республикасы Iшкi iсминiнiң Көшi-қон департаментiне жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Бұйрық Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметiнiң және Қазақстан Республикасы Iшкi iсминiнiң қатысы бар барлық жеке құрамына жеткiзiлсiн.
Басқа 1. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына кiруiн және Қазақстан Республикасынан шығуын бақылау жөнiндегi келiсiлген шаралар туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасының және Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2000 жылғы 24 қаңтарда N 2/36 бұйрығымен бекітілген Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына кiруiн және Қазақстан Республикасынан шығуын бақылау жөнiндегi келiсiлген шаралар туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына кiруiн және Қазақстан Республикасынан шығуын бақылауды қамтамасыз етудiң тәртiбi мен негiзгi принциптерiн анықтайды және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында бақылауды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметiнiң және Қазақстан Республикасы Ішкiiсминiнiң көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң барлық лауазым иелерiнiң орындаулары үшiн мiндеттi болып табылады.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi және өзге де мүлiктердi өткiзудi Қазақстан Республикасының заңдарымен және халықаралық шарттармен (келiсiмдермен) анықталған өткiзу пункттерi жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi төмендегiше жiктеледi:
Тармақша 1
1) бiрiншi санаттағы өткiзу пункттерi - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулыларымен халықаралық (екi жақты) қатынастар үшiн әуежайларда (теңiз порттарында) Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасы және "Аумақтары бойынша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы азаматтарының визасыз жүрiп тұруы туралы" 1992 жылғы 9 қазандағы Бiшкек келiсiмiне, "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң визаларын өз ара танысу туралы" 1992 жылғы 13 қарашадағы Мәскеу келiсiмiне (осыдан әрi Бiшкек, Мәскеу келiсiмдерi) қатыспайтын ТМД елдерiмен Мемлекеттiк шекарасында ашылған пункттер. Онда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шекаралық, кедендiк және өзге де бақылау түрлерi жүзеге асырылады.
Тармақша 2
2) екiншi санаттағы өткiзу пункттерi - әуежайларда (теңiз порттарында), темiржол вокзалдарында, неғұрлым қарқынды жүк - жолаушылар қатынасы бағытындағы Қазақстан Республикасының Бiшкек және Мәскеу келiсiмдерiне қатысушы - ТМД елдерiмен Мемлекеттiк шекарасында паспорттық, кедендiк және өзге де бақылау түрлерi жүзеге асырылады. Екiншi санаттағы өткiзу пункттерi тiкелей мемлекеттiк шекара өтетiн орындарда немесе оған жақын елдi мекендерде, әдетте, кеден бақылау бекетімен бiрге, ал ол жоқ болса дербес орналасады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасына кiрудi және Қазақстан Республикасынан шығуды бақылауды:
Тармақша 1
1) бiрiншi санаттағы өткiзу пункттерiнде - Қазақстан Республикасы ҰҚК-нiң Шекара қызметiнiң шекаралық бөлiмдерi мен бөлiмшелерi шекаралық бақылау нысанында жүзеге асырады. Шекаралық бақылау - үздiксiз, жүйелi, өзара байланысты және мақсаты, орыны және уақыты бойынша келiсiлген бақылау-өту және режимдiк әрекеттер, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан адамдар мен көлік құралдарының өтуiн, товарлар, жүктер мен өзге де бұйымдар тасымалдаудың заңдылығын тексеру жөнiндегi жедел iс-шаралар. Оларға: - Қазақстан Республикасына кіру және Қазақстан Республикасынан шығу құқығы берілген құжаттарды тексеру; көлiк құралдарын, жүктер мен өзге де мүліктерді қарау; Қазақстан Республикасына келуге болмайтын адамдарды анықтау жатады; Шекаралық бақылау жедел және режимдік шаралармен үйлестіріле жүзеге асырылады.
Тармақша 2
2) екiншi санаттағы өткізу пункттерінде - ішкі істер органдарының паспорттық бақылау бөлімдері (бөлімшелері) жүзеге асырады. Көрсетiлген бөлімдер Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы IIББ-нiң, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің Көші-қон басқармаларының немесе тiкелей көлiктегі ІІБ-нің құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Олардың негізгі міндеттері шетелдік азаматтардың елге кіру және шығу заңдылығын бақылауды, сондай-ақ құқыққа қарсы әрекет жасау ниетi бар адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына енуін болдырмауды жүзеге асыру болып табылады. Бұл мiндет паспорттық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Паспорттық бақылау - шетелдiк азаматтардың елге кiру және шығу заңдылығын тексеру жөнiндегi келiсiлген, жүйелi және мақсаты мен мазмұны жағынан бiртұтастықты көрсететiн режимдiк және жедел iс-шараларды, олардың Қазақстан Республикасына келу режимiн сақтауын бақылауды жүзеге асыратын процесс. Оларға: Қазақстан Республикасына кiру және Қазақстан Республикасынан шығу құқы берiлген құжаттарды тексеру жатады. Мұнымен бiрге паспорттардың қолданыс мерзiмiне, қазақстандық визалардың, қабылдайтын ұйымдардың немесе жеке адамдардың шақыруларының, Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жiберу туралы мөртаңбаның болуына, визаларда көрсетiлген мерзiмдер мен кiру мақсаттарына ерекше назар аударылады; паспорттық бақылау пунктiне жапсарлас аумақта қоғамдық тәртiп сақтауды қамтамасыз ету; өзiнiң құзыретi шегiнде кеден қызметiне көмек көрсету; Қазақстан Республикасына кiруге тыйым салынған адамдардың не болмаса, кiруге негiзi жоқ адамдардың елiмiзге кiрулерiне жол бермеу; iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарының жедел қызығушылығын тудырған адамдарды анықтау; депортацияны (шығарып жiберудi) жүзеге асыру жатады. Шығарып жiберу кезiнде белгiленген нысанда қорытынды (1 қосымша) жасалады. Шығарып жiберу туралы қорытындылар, хаттамалар және шетелдiк азаматтарды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту жөнiндегi өзге де материалдар iске тiгіледi және он жыл бойы сақталады; Қазақстан Республикасында болуы 7 тәулiктен аспайды деп шамаланған шетелдiк азаматтардың келуiн тiркеудi жүзеге асыруды қамтиды. Паспорттық бақылау жедел iс-шаралармен үйлестiрiле жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Екiншi санаттағы өткiзу пункттерiнде кезекшiлiк тәулiк бойы жүзеге асырылады. Шетелдiк азаматтарды өткiзу нақты жедел жағдайға және жергiлiктi ерекшелiктерге байланысты не болмаса тәулiк бойы, не болмаса күндiзгi уақытта жүзеге асырылады. Нарядтардың кезекшiлiктi тапсыруы паспорттық бақылау бөлiмшесiнiң бастығына рапорт жазуымен жүзеге асырылады, ол кезекшілiктi тапсыру журналына (2 қосымша) тиісті белгі жасайды.
Тармақ 5
5. ТМД-ның "iшкі" шекараларында Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметiнің жаңадан құрылған шекаралық бақылаудың бөлiмдерi мен бөлiмшелерінің күшейтілуіне және олардың өткізу пунктіндегі шекара учаскесін күзетуге қабылдауына, кіру және шығу құқығын беретiн құжаттарды тексеру жөніндегі функцияларды алуына байланысты, сондай-ақ қолда бар қызметтік үй-жайлар, құжаттарды тексеру, көлiк құралдарын қарау жөніндегі технологиялық жабдықтар мен аппаратуралар шекаралық бақылау бөлімшелерінің қарамағына беріледi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзудi ұйымдастыруда үйлестiрушi рольдi, режим белгiлеудi және бақылаудың жүйелiлiгін Қазақстан Республикасы ҰҚК-нiң Шекара қызметi, ал шекаралық бақылау бөлiмшелерi болмаған жағдайда - iшкi iстер органдарының көшi-қон полициясының бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік шекара арқылы өту: Бішкек және Мәскеу келісiмдерiне қатысушы Достастық Мемлекеттерінің азаматтары - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері азаматтарының оған қатысушылардың аумағында визасыз қозғалу туралы Келісімге сәйкес, жеке бастарын куәландыратын құжаттары бойынша; шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, Бішкек және Мәскеу келісімдеріне қатыспаған ТМД елдерінің азаматтары - визалары болса, егер Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттермен шарттарында (келiсiмдерінде) өзге тәртіп қарастырылмаса, ұлттық шетелдiк паспорттары бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарды есепке алуды ұйымдастыру мен жүргізу үшін өткізу пункттерi компьютерлiк техникалармен, машинамен есептегіш аппаратуралармен және "Бүркiт" біртұтас ақпарат жүйесінің техникалық жобасына сәйкес келетін өзге де құралдармен жабдықталады. Шекаралық бақылау органдары жоқ шекара арқылы өткізу пункттерiнде көшi-қон полициясы паспорттық бақылау бекеттерін жабдықтайды. Шекара арқылы өткізу пункттеріндегі паспорттық бақылау бекеттерiн жабдықтау Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің талаптарын ескере отырып, өткізу пункттерін жобалау мен оның құрылысы кезiндегi технологиялық тапсырыстарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Елiмiздiң аумағына екiншi санаттағы өткiзу пункттерi арқылы кiрген шетелдік азаматтар туралы мәлiметтер кiрудi (шығуды) тiркеу журналына (3 қосымша) енгiзiледi. Кiрушi (шығушы) шетелдiк азаматтың паспортына шекарадан өткені туралы (4 қосымша) мөртаңба қойылады. Бiшкек келiсіміне қатысушы - елдер азаматтарының паспорттарына шекарадан өткені туралы мөртаңба қойылмайды және олар журналға енгiзiлмейдi. Елден шығу кезінде де осыған ұқсас iс-әрекеттер жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттiк шекара арқылы жүрiп өткен адамдар туралы мәлiметтердi (5 қосымша) шекаралық бақылау органдары ай сайын iшкi iстер органдары көші-қон полициясының бөлiмшелерiне және жергiлiктi жердегi ұлттық қауiпсiздiк органдарына бередi. Iшкi iстер органдарының паспорттық бақылау бөлiмшелерi - он күн сайын олардың келедi деп болжанған жерi туралы мәлiметтерді Астана қаласы IIБ-нің, Алматы қаласы IIББ-нiң, облыстардағы IIББ-IIБ-нiң Көшi-қон полициясы басқармаларына және ұлттық қауiпсiздiк органдарына, сондай-ақ әр айдың 25-iне Қазақстан Республикасы Iшкiiсминi Көші-қон полициясы департаментiне және Қазақстан Республикасы ҰҚК-нiң 2 департаментiне бередi. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметінің Ішкіісмині Көші-қон полициясы Бас штабы департаменті
Басқа 1-1. Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы Қорытынды
Нұсқаулыққа 1 қосымша "Бекітемін" Бастық ____________________ (қолы) (тегі) 200__жылғы_____________ Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы Қорытынды 200__жылғы "__"___________ _______________ қаласы Мен ____________________________________________________________________ (қорытындыны жазған қызметкердің тегі, лауазымы) ________________________________________________________________________ ______________________________________ түскен материалдарды қарай келіп, ___________________________________________ нің Қазақстан Республикасына (шығарып жіберілуші адамның тегі) 200__жылғы "__"__________ келгенін және қазіргі уақытта мына мекен-жайда тұрады _________________________________________________________________ Қазақстан Республикасында болған кезінде _______________________________ (шығарып жіберілуші адамның тегі) ________________________________________________________________________ (шығарып жіберу туралы қолдау хат қозғауға негіз болған ________________________________________________________________________ себептерді көрсету керек) Қазақ ССР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 201, 201-1 баптарын басшылыққа ала отырып, ________________________________________________________________________ (шығарып жіберілуші адамның тегі, аты, әкесінің аты) Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы қолдау хатпен қозғау салу қажет деп Ойлаймын. ________________________________________________________________________ Қорытындыны жасаушының тегі, лауазымы және қолы "Келісемін" ІІБ ПББ бөлімінің бастығы ______________________________________________ __________________________________ _____________________________________ (қолы) (тегі)
Басқа 1-2
Нұсқаулыққа 2 қосымша "_____________________________________" ПББ кезекшілігін тапсыру журналы ________________________________________________________________________ 200__жылғы "___"________________ Кезекші наряд __________________________________________________________ ________________________________________________________________________ Рапорт _____________________ (қолы) ПББ бастығының резолюциясы
Басқа 1-3. Кіру-шығуды тіркеу журналы
Нұсқаулыққа 3 қосымша Кіру-шығуды тіркеу журналы ------------------------------------------------------------------------ Датасы ! Азаматтың !паспорт сериясы, ! азаматтық ! кіру-шығу !ескертпе ! мәліметтері !номері және ! алған елі ! мерзімі ! ! (Т. А. Ә/а) !визасы ! ! ! ------------------------------------------------------------------------ ------------------------------------------------------------------------
Басқа 1-4. Ішкі істер органдарының ПББ-нің шекараларынан өтуді тіркеу мөртаңбасының үлгісі
Нұсқаулыққа 4 қосымша Ішкі істер органдарының ПББ-нің шекараларынан өтуді тіркеу мөртаңбасының үлгісі Сарыағаш Астана Жібек жолы 20.02.00 12.12.99 11.07.00 Т.Ж. Ә.Ж. А ПББ Т.Ж. - теміржолдарда мөртаңбаның көлемі Ә.Ж. - әуежайларда 40 мм х 20 мм А - автомобиль жолдарында
Басқа 1-5. ________________ облыстарындағы ____________ ІІББ-ІІБ (КІІБ) ___________ паспорттық бақылау пункттері арқылы Қазақстан Республикасына кірген және шыққан шетелдік азаматтардың мәліметтері
Нұсқаулыққа 5 қосымша ________________ облыстарындағы ____________ ІІББ-ІІБ (КІІБ) ___________ паспорттық бақылау пункттері арқылы Қазақстан Республикасына кірген және шыққан шетелдік азаматтардың мәліметтері ------------------------------------------------------------------------ тіркелген !азаматтығы !кірген !шыққан !әкімш. жауапкер. ! оның ішінде облысы ! ! ! !шілікке тартылғаны ! шығарып ! ! ! ! ! жіберілгені ------------------------------------------------------------------------ 1. Алматы Барлығы: 15 14 17 5 қаласы Ауғанстан 12 10 12 3 Алжир 1 - 1 - Болгария 2 1 1 - Греция - 3 3 2 ------------------------------------------------------------------------ 2. ШҚО Барлығы: 21 15 14 8 Ауғанстан 14 12 10 7 Алжир 2 1 - - Болгария 3 2 1 1 Греция 2 - 3 - ------------------------------------------------------------------------