Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы Қолданыста
Басқа 0
Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Ілесов) бекітілген тізбеге сәйкес 2011 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Бердешовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Шардара ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 794 қаулысымен бекітілген
2011 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері
мен көлемі, ұйымдардың тізбесі
№
Ұйымдардың тізбесі
Жұмыстардың түрлері
Жұмыспен қамтылғандардың саны, адам
1
Қала, ауыл әкімі аппараты, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі
Қала және ауылдарды, елді-мекендерді көгалдандыру, көріктендіру жұмыстары
390
2
Аудан әкімі аппараты, аудандық білім бөлімі, аудан мектептері
Іс-қағаздарын жүргізуге, мекеме ғимараты аймақтарын көгалдандыру және көріктендіру жұмыстары
10
3
Аудандағы ауылшаруашылығы құрылымдарына
Шегірткеге және өртке қарсы күрес қоғамдық жұмыстары
30
4
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық ішкі істер және аудандық қорғаныс істері бөлімі, Шардара аудандық соты
Іс-құжаттарын жүргізуге, мәліметтерді бағдарламаға енгізу, қоғамдық тәртіпті сақтау, әскер қатарына шақыру қағаздарын толтыру, тарату жұмыстарына жәрдемдесу
30
5
Шардара аудандық әділет басқармасы
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу бойынша іс-жүргізуге жәрдемдесу
5
6
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Шардара аудандық бөлімшесі
Зейнетақы төлемдерін қайта есептеу, іс-қағаздарын толтыру жұмыстарына жәрдемдесу
4
7
Аудандық тарихи-өлкетану мұражайы филиалы
Көгалдандыру,көріктендіру, мұражайға материалдарды топтастыруға жәрдемдесу
6
Барлығы:
475
Ескерту: Қоғамдық жұмысшылардың жалақысы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес, жалақының ең төменгі мөлшері көлемінен кем емес төленсін.