О мерах по повышению эффективности использования коммунальной собственности Күшін жойған
Басқа 0
Коммуналдық меншікті тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Әділет департаментінің 20004 жылғы 20 қыркүйектегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативті құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы қорытындысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 ақпандағы № 5 «Әкімшілік шығыстарды қысқарту және 1999 жылғы мемлекеттік бюджеттен кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі шаралар туралы» Өкімінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» қаулысының негізінде, коммуналдық меншікті тиімді пайдалану негізінде жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көбейту мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Мүлікке салынатынсалықтың қолданылып жүрген мөлшерін көбейту, коммуналдық меншік объектілерінің тізілімін құру және оларды басқару құрылымын жетілдіру арқылы жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көбейту жөніндегі іс-шараларды дайындау үшін коммуналдық меншіктің тиімді пайдалануын бақылау жөніндегі комиссия құрылсын (тізімі қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. «ҚОР-РЕСУРС» мемлекеттік кәсіпорны коммуналдық меншіктің тізілімін құру және оны тиімді пайдалану жөніндегі нормативтік базаны дайындау кезеңінде коммуналдық кәсіпорындардың (мекемелердің) шаруашылық қарамақтарына немесе жедел басқаруына берілмеген коммуналдық меншік объектілерін басқару жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Оспановқа жүктелсін.
Басқа 4. Коммуналдық меншіктің тиімді пайдаланылуын бақылау жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің 1999 жылғы
«11» маусым № 156 шешіміне
Қосымша
Коммуналдық меншіктің тиімді пайдаланылуын бақылау жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Оспанов Мұхамедқали Нығыметұлы - облыс әкімінің орынбасары, төраға
Комиссия мүшелері:
Әділханов Болат Агзамұлы – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары
Бойчин Анатолий Васильевич – облыс бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары
Горбенко Сергей Леонидович – облыс бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің төрағасы
Елисеев Вилен Михайлович – «ҚОР-РЕСУРС» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры
Звягин Алексей Павлович – облыс бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары
Исаев Николай Николаевич – облыс тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық департаменті бастығының орынбасары
Чуков Валерий Анатольевич – облыс экономика департаменті бастығының орыбасары