О присвоении наименований безымянным улицам города Актобе Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне:
Тармақша 1
1) «Авиатор-2» орамындағы атаусыз көшеге: Ұшқыштар;
Тармақша 2
2) «Елек» ауылының атаусыз көшелеріне: Несібе, Білім, Мұрагер, Қайсар, Сарбаздар, Шаттық, Сәттілік, Керуен;
Тармақша 3
3) «Россовхоз» ауылының атаусыз көшелеріне: Шеберлер, Кәусар бұлақ, Ұйымшыл, Мейірбан;
Тармақша 4
4) «Жаңақоныс» ауылының атаусыз көшелеріне: Құрылысшы, Ардагер, Салауат, Татулық, Егінді, Дәулет, Үш қоңыр, Саяхат, Табыс, Таңшолпан, Өркен, Ынтымақ, Манас, Күмбезді, Сәулет, Руханият, Дәстүр, Нұрлы, Қамқоршы, Толағай, Ер Төстік, Инабат;
Тармақша 5
5) «Құрашасай» ауылының атаусыз көшелеріне: Жұлдыз, Бостандық;
Тармақша 6
6) «Ақжар» ауылының атаусыз көшелеріне: Жібек жолы, Ерлік, Сүмбіле, Мәртебе;
Тармақша 7
7) «Мағаджан» орман шаруашылығы ауылының атаусыз көшелеріне: Жетісу, Өркениет, Қауымдастық, Қызғалдақ, Алтын дән, Теректі, Аққайың;
Тармақша 8
8) «Ақшат» ауылының атаусыз көшелеріне: Ақниет, Шуақ;
Тармақша 9
9) «Белогорка» ауылының атаусыз көшелеріне: Мереке, Жауқазын;
Тармақша 10
10) «Белогорский карьер» ауылының атаусыз көшесіне: Ақтау;
Тармақша 11
11) Кеңес Нокин ауылының атаусыз көшелеріне: Кемеңгер, Жігер, Балауса, Үркер, Аманат, Ұлан, Серуен;
Тармақша 12
12) «Қызылжар» ауылының атаусыз көшелеріне: Мамыр, Жас дәурен, Құндызды;
Тармақша 13
13) «Өлке» ауылының атаусыз көшесіне: Байтақ;
Тармақша 14
14) «Садовое» ауылының атаусыз көшелеріне: Парасат, Бәйшешек, Сүйінші, Жемісті;
Тармақша 15
15) «Украинка» ауылының атаусыз көшелеріне: Ұлағат, Қайнар;
Тармақша 16
16) «Шилісай» ауылының атаусыз көшелеріне: Сабырлы, Аруана атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.