О переименовании села "Красносельское" города Актобе Қолданыста
Басқа 0
Ақтөбе қаласының "Красносельское" селосын қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласының «Красносельское» селосы Бекқұл баба селосы болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.