Қолданыстағы ред. 04.09.2024

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 24.12.2010 г. № 18/37 (Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)

0

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ақтоғай ауданы бойынша қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын аудан кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі, жұмыс түрлері мен көлемдері, қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысын айына ең төменгі бір жалақы көлемінде бекітілсін.

3

3. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Абылай Қалиұлы Түсіпбеков) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға үлгілік шарттар жасасын.

4

4. Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы N 03/02 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 8-10-78 болып тіркелген, "Тоқырауын тынысы" газетінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 15 (7181) жарияланған) және Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 02/24 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 8-10-101 болып тіркелген, "Тоқырауын тынысы" газетінің N 8 (7226) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әбеуоваға жүктелсін.

6

6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 24 желтоқсандағы
N 18/37 қаулысына қосымша
2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын Ақтоғай ауданы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі
N
Кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы
Адам саны
Жұмыстың түрлері
Қаржыландыру көзі
Жұмыс көлемі, теңге
1
2
3
4
5
6
1
Ақтоғай селосы әкімінің аппараты
31
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, село көшелерін кездейсоқ қоқыстан тазарту, үй басын аралау жұмыстары.
Аудандық бюджет
1667244
2
"Аққайың" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
2
Ақтоғай селосын көркейту, ауыз су жүйесін жөндеу.
Аудандық бюджет
95994
3
"Ақтоғай мәдени бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2
Ж. Шайдаров атындағы демалу саябағын көркейту, көгалдандыру, жөндеу, тазалық жұмыстары.
Аудандық бюджет
95994
4
Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2
Ұлы Отан соғысының, еңбек ардагерлеріне киім, аяқ киім жөндеу, шаштараз қызметін көрсету, әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар азаматтарды анықтау, құжаттар өңдеу.
Аудандық бюджет
95994
5
Ауданның ішкі істер бөлімі
2
Құжаттарды өңдеу жұмысы, шақыру қағаздары мен хаттарды тарату.
Аудандық бюджет
95994
6
Аудандық мемлекеттік мұрағат
6
Мұрағаттағы құжаттардың қалыпты сақталуына көмек
Аудандық бюджет
287982
7
Салық комитеті
4
Тұрғындармен жұмыс, көлікке және мүлікке салық төлеу хабарламаларын тарату
Аудандық бюджет
191988
8
Ақтоғай аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы
4
Құжаттарды өңдеу жұмысы, шақыру қағаздары мен хаттарды тарату.
Аудандық бюджет
175989
9
Сот орындаушыларының Тоқырауын аумақтық учаскесі
2
Сот орындаушысының қызметіне көмек көрсету, шақыру қағаздарын тарату.
Аудандық бюджет
95994
10
Жидебай селолық округі әкімінің аппараты
5
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары.
Аудандық бюджет
239985
11
Қарабұлақ селолық округі әкімінің аппараты
2
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары.
Аудандық бюджет
95994
12
Сарытерек селолық округі әкімінің аппараты
2
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары.
Аудандық бюджет
95994
13
Нүркен селолық округі әкімінің аппараты
2
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары.
Аудандық бюджет
95994
14
Қызыларай селолық округі әкімінің аппараты
2
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары.
Аудандық бюджет
95994
15
Сарышаған поселкесі әкімінің аппараты
10
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары.
Аудандық бюджет
479970
16
Шабанбай селолық округі әкімінің аппараты
2
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары.
Аудандық бюджет
95994
17
Шашубай поселкесі әкімінің аппараты
6
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары.
Аудандық бюджет
287982
18
Абай селолық округі әкімінің аппараты
2
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары.
Аудандық бюджет
95994
19
Ақтоғай аудандық соты
4
Құжаттарды өңдеу жұмысы, шақыру қағаздары мен хаттарды тарату.
Аудандық бюджет
175989
20
Ақтоғай ауданының әділет басқармасы
10
Жылжымайтын мүліктің электрондық мұрағатын қалыптастыру бойынша жұмыстарды орындау.
Аудандық бюджет
479970
21
Аудан әкімінің аппараты
7
Құжаттарды өңдеу жұмысы, хаттарды тарату.
Аудандық бюджет
335979
22
Ақтоғай ауданының прокуратурасы
2
Құжаттарды өңдеу жұмысы, хаттарды тарату.
Аудандық бюджет
95994
23
Ақтоғай аумақтық сот орындаушылар бөлімі
2
Құжаттарды өңдеу жұмысы, шақыру қағаздары мен хаттарды тарату.
Аудандық бюджет
95994
24
Ақтоғай ауданының әскери есеп столы
2
Құжаттарды өңдеу жұмысы, шақыру қағаздары мен хаттарды тарату.
Аудандық бюджет
95994
Барлығы
115
5571000