О наименовании составной части города Шымкента Қолданыста
Басқа 0
Шымкент қаласының жеке құрамдас бөлігіне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Еңбекші ауданындағы солтүстік жағынан Е.Арғынбеков көшесімен, шығыс жағынан Д.Ерімбетов көшесімен, оңтүстік жағынан Т.Рысқұлов көшесімен, батыс жағынан С.Бәйтереков көшесімен шектелетін аумақ Тараз шағынауданы деп аталсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.