О наименовании улиц города Шымкента Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шымкент қаласының көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Абай ауданындағы Қатынкөпір шағынауданының атауы жоқ көшесіне Ер Едігенің; Абай ауданындағы Самал-3 шағынауданының атауы жоқ көшесіне Болсынай Даулбаеваның; Абай ауданындағы Самал-3 шағынауданының атауы жоқ көшесіне Естемес бидің; Әл-Фараби ауданындағы Қайтпас-1 шағынауданының атауы жоқ көшесіне Ер Жәнібектің; Әл-Фараби ауданындағы Наурыз шағынауданының атауы жоқ көшесіне Садық Исмайловтың; Еңбекші ауданындағы Мирас шағынауданының атауы жоқ көшесіне Фарух Шаназаровтың есімдері берілсін.
Тармақ 2
2. Абай ауданындағы Ақжайық шағынауданының атауы жоқ көшесі Ақдария; Абай ауданындағы Ақжайық шағынауданының атауы жоқ көшесі Жерұйық; Абай ауданындағы Самал-1 шағынауданының атауы жоқ көшесі Айнабұлақ; Абай ауданындағы Самал-3 шағынауданының атауы жоқ көшесі Отырар; Абай ауданындағы Самал-3 шағынауданының атауы жоқ көшесі Манас; Абай ауданындағы Самал-3 шағынауданының атауы жоқ көшесі Ақтасты; Абай ауданындағы Самал-3 шағынауданының атауы жоқ көшесі Диханкөл; Абай ауданындағы атауы жоқ көшесі Аламан; Абай ауданындағы атауы жоқ көшесі Келес; Абай ауданындағы атауы жоқ көшесі Талас; Абай ауданындағы атауы жоқ көшесі Үшқиян; Абай ауданындағы атауы жоқ көшесі Өріс; Абай ауданындағы атауы жоқ көшесі Баршын; Абай ауданындағы атауы жоқ көшесі Алтындала; Еңбекші ауданындағы Мирас шағынауданының атауы жоқ көшесі Ақсай; Еңбекші ауданындағы Мирас шағынауданының атауы жоқ көшесі Аққұм; Еңбекші ауданындағы Мирас шағынауданының атауы жоқ көшесі Алтын адам; Еңбекші ауданындағы Мирас шағынауданының атауы жоқ көшесі Сақ елі; Еңбекші ауданындағы Мирас шағынауданының атауы жоқ көшесі Ғұн елі; Еңбекші ауданындағы Мирас шағынауданының атауы жоқ көшесі Кеме қалған; Еңбекші ауданындағы Ұлағат шағынауданының атауы жоқ көшесі Алаш; Еңбекші ауданындағы Нұртас шағынауданының атауы жоқ көшесі Ақсауыт деп аталсын.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.