Об утверждении перечней отдельных товаров, помещаемых под некоторые таможенные режимы либо запрещенных к помещению под отдельные таможенные режимы Күшін жойған
Басқа 0
Кейбір кедендік режимдерге орналастырылатын немесе жекелеген кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.07.2003 N 681 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесі;
кедендік аумақтан тысқары жерлерде қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесі;
кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесі;
кедендік бақылаумен қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесі;
еркін кеден аумағына орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесі;
жоюдың кедендік режиміне орналастыруға жол берілетін, бұйымдар немесе материалдар ретінде пайдаланылатын жекелеген тауарлардың тізбесі бекітілсін.
📌 Ескерту. 1-бап өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.03.11. N 232 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап отыз күннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 8 сәуірдегі
N 538 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесі
📌 Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.03.11. N 232 қаулысымен.
Тауардың атауы СЭҚ ТН бойынша тауардың коды
1. Түсті және қара металдар, қорытпалар, 7201-7206, 7218, 7224,7401-
түсті металдардың (қорғасын, мырыш 7404 00, 7601, 760200, 7801,
және мыс) концентраттары, қалдықтар 780200000, 7901, 790200000,
және сынықтар 8001, 800200000
2. Қант шикізаты 1701
3. Қымбат бағалы металдар; 2616, 2843, 7106-7112
қымбат бағалы металдар жалатылған
металдар; қымбат бағалы металдардың
кендері және концентраттары
4. Асыл және жартылай асыл тастар 7101, 7102, 7103, 7105
5. Сирек, жерде сирек кездесетін 261100000, 2613-2615, 2804,
металдар, оларды өндіруге арналған 280540100, 282530000,
шикізаттар, қорытпалар, олардың 282619000, 284170000, 2846,
қалдықтары мен сынықтары 8101, 8112, 8103, 8105,
810600, 8108, 8109, 811300
6. Ядролық материалдар, арнаулы ядролық 2612, 2844, 2845, 380110000
емес материалдар, радиоактивті -нан (тек ядролық-таза графит)
қалдықтарды қоса алғанда,
радиоактивті сәулелену көздері
Басқа 4. Кедендік аумақтан тысқары жерлерде қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі перациялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 8 сәуірдегі
N 538 қаулысымен
бекітілген
Кедендік аумақтан тысқары жерлерде қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі перациялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесі
📌 Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.03.11. N 232 қаулысымен.
------------------------------------------------------------------------
Тауардың атауы СЭҚ ТН бойынша тауардың коды
------------------------------------------------------------------------
1. Шикі мұнай мен битуминозды 2709 00
минералдардан алынған шикі
мұнай өнімдері
2. Түсті және қара металдар, 7201-7206, 7218, 7224, 7401-
қорытпалар, түсті металдардың 7404 00, 7601, 760200, 7801,
(қорғасынның, мырыштың және 780200000, 7901, 790200000,
мыстың) концентраттары, 8001, 800200000
қалдықтар мен сынықтар
3. Қымбат бағалы металдар; қымбат 2616, 2843, 7106-7112
бағалы металдар жалатылған
металдар; қымбат бағалы металдардың
кендері және концентраттары
4. Асыл және жартылай асыл тастар 7101, 7102, 7103, 7105
5. Сирек, жерде сирек кездесетін 261100000, 2613-2615, 2804,
металдар, оларды өндіруге арналған 280540100, 282530000,
шикізаттар, қорытпалар, олардың 282619000, 284170000, 2846,
қалдықтары мен сынықтары 8101, 8112, 8103, 8105,
810600, 8108, 8109, 811300
6. Ядролық материалдар, арнаулы 2612, 2844, 2845, 380110000
ядролық емес материалдар, -нан (тек ядролық-таза графит)
радиоактивті қалдықтарды
қоса алғанда, радиоактивті
сәулелену көздері
Басқа 5. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 8 сәуірдегі
N 538 қаулысымен
бекітілген
Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі
Тауардың атауы СЭҚ ТН бойынша тауардың коды
1. Спирттің барлық түрлері 2207, 220890910, 220890990
Басқа 6. Кедендік бақылаумен қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 8 сәуірдегі
N 538 қаулысымен
бекітілген
Кедендік бақылаумен қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі
Тауардың атауы СЭҚ ТН бойынша тауардың коды
1. Спирттің барлық түрлері 2207, 220890910, 220890990
2. Темекі шикізаты 2401
Басқа 7. Еркін кеден аумағының кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 8 сәуірдегі
N 538 қаулысымен
бекітілген
Еркін кеден аумағының кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесі
Тауардың атауы СЭҚ ТН бойынша тауардың коды
1. Спирттің барлық түрлері 2207, 220890910, 220890990
Басқа 8. Жоюдың кедендік режиміне орналастыруға жол берілетін, бұйымдар немесе материалдар ретінде пайдаланылатын тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 8 сәуірдегі
N 538 қаулысымен
бекітілген
Жоюдың кедендік режиміне орналастыруға жол берілетін, бұйымдар немесе материалдар ретінде пайдаланылатын тауарлардың тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жарамсыз деп
танылған дәрілік құралдар мен тағам өнімдері.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін және оларды пайдалану кезінде адамға және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін бұйымдар.