Об утверждении Правил о порядке выделения администраторам местных бюджетных программ средств из местного бюджета на представительские расходы и норм представительских расходов Күшін жойған
Басқа 0
Жергiлiктi бюджеттiк басқармалардың әкiмшiлерiне өкiлдiк шығыстар үшiн жергiлiктi бюджеттен қаражат бөлудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту және өкiлдiк шығыстардың нормалары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 28.10.2001 № 225 шешімімен.
Бюджеттiк қаражатты үнемдеу режимiн күшейту мақсатында ШЕШІМ етемiн:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне өкiлдiк
шығыстар үшiн жергiлiктi бюджеттен қаражатты бөлудiң тәртiбi туралы ереже;
Тармақша 2
2) Өкiлдiк шығыстардың нормалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қалалардың, аудандардың әкiмдерiне өкiлдiк шығыстар үшiн
жергiлiктi бюджеттен қаражатты жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдарға
бөлудiң тәртiбi туралы осы секiлдi ереженi әзiрлеу және бекiту ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау жасау облыс әкiмi аппаратының
басшысы К.I. Махамбетовке жүктелсiн.
Басқа 6
Облыс Әкiмiнiң 1999 жылдың
27 қыркүйектегі N 88
шешімімен бекітілген
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне
өкiлдiк шығыстар үшiн жергiлiктi бюджеттен қаражатты
бөлудiң тәртiбi туралы
Е Р Е Ж Е
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне
өкiлдiк шығыстар үшiн жергiлiктi бюджеттен қаражат бөлудiң тәртiбiн
айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланады: Өкiлдiк шығыстар - шетел
делегацияларын қабылдау, кеңестердi, семинарларды, салтанатты және ресми
шараларды өткiзу үшiн тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте
көзделген және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне
бөлiнетiн қаражат.
Өкiлдiк шығыстарға мыналарға арналған шығыстар жатады:
Тармақша 1
1) ресми түстiктер, кешкi астар, кофе-брейктер, фуршеттер;
Тармақша 2
2) кәде сыйлар, естелiк сыйлықтар сатып алу;
Тармақша 3
3) автокөлiк қызметтерi;
Тармақша 4
4) қонақ үйлерiндегi номерлерге төлем жасау;
Тармақша 5
5) аудармашылардың көрсеткен қызметтерiне төлем жасау.
Тарау 2. 2. Өкiлдiк шығыстар үшiн жергiлiктi бюджетте көзделген
қаражатты бөлу және пайдаланудың тәртiбi
2. Өкiлдiк шығыстар үшiн жергiлiктi бюджетте көзделген
қаражатты бөлу және пайдаланудың тәртiбi
Тармақ 3
3. Өкiлдiк шығыстар үшiн жергiлiктi бюджеттен қаражат бөлу туралы облыс әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен шығыстар лимитiнің шегiнде пайдалануы:
Тармақша 1
1) шараны өткiзу қажеттiлiгiне деген негiздеме;
Тармақша 2
2) ресми делегацияның келу бағдарламасы;
Тармақша 3
3) шараның әзiрлiк жұмыс жоспары;
Тармақша 4
4) қатысушылардың күтiлетiн саны;
Тармақша 5
5) белгiленген нормалар шегiнде, шығыстардың әрбiр бабына негiзделген, шығыстардың сметасы бар болған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы ереженiң 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген шығыстардың баптары бойынша көрсетiлген қызметтердi ұсынатын ұйымдардың калькуляцияларын және реквизиттерiн жергiлiктi бағдарламалардың әкiмшiлерi көрсете отырып, растайтын құжаттарды тапсырады.
Тарау 3. 3. Бақылау және есептiлiк
3. Бақылау және есептiлiк
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы өкiлдiк шығыстар үшiн бөлiнетiн
қаражаттың жұмсалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Өкiлдiк шығыстар үшiн қаражатты алған жергiлiктi бағдарламалардың
әкiмшiлерi қаржы органдары белгiленген тәртiпте және мерзiмде бөлiнген
қаражаттың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы
есептi тапсыруы тиiс.
Тармақ 7
7. Өкiлдiк шығыстар үшiн бөлiнген қаражаттың мақсатты және тиiмдi
пайдаланылуына жауапкершiлiк қаражатты алушыға жүктеледi.
Басқа 27
Облыс әкiмiнiң 1999 жылдың
27 қыркүйектегі N 88
шешiмiмен бекiтiлген
Өкiлдiк шығыстардың нормалары
Шығыстардың атауы
құны теңгемен
1. Ресми түстiктердi, кешкi
астарды беруге арналған
шығыстар делегация үшiн күнiне
бiр адамға есептелген есепке
негiзделiп жүргiзiледi
3250-ге дейiн
2. Келiссөздер, мәдени
бағдарламалар шаралары уақытында,
аудармашылар мен ерiп жүрген
адамдарды қоса алғанда, күнiне
бiр адамға буфеттiк қызмет көрсету
520-ға дейiн
3. Мемлекеттiк орган штатында
тұрмайтын, делегацияны қабылдайтын
аудармашының еңбегiне ақы төлеу
(сағатына)
350-ге дейiн
4. Көлiк шығыстарын төлеу
(сағатына)
Сағаттық төлем есебiне негiзделген
Ескерту:
Тармақ 1
1. Шетел делегацияларына автомобиль көлiгiмен қызмет көрсетуге арналған шығыстар, сағаттық төлем есебiне негiзделiп шығыстар сметасында көзделдi.
Тармақ 2
2. Қонақ үйлерiндегi номерлерге төлем жасау қалалар мен аудандарда қолданылып жүрген бағалар мен тарифтер бойынша жүргiзiлiп, шетелдiк делегациялар мен жеке адамдарға да қолданылады.
Тармақ 3
3. Шетел делегацияларын ресми қабылдауға байланысты түстiк, кешкi ас немесе басқа осы секiлдi шаралар кезiнде Қазақстан Республикасы тарапынан қатысушылардың саны шетел делегацияларының тарапынан қатысушылардың санынан аспауы тиiс.
Тармақ 4
4. Делегацияның құрамы 5 адамнан көп болған кезiнде делегацияға қызмет көрсететiн iлесiп жүрген адамдар мен аудармашылардың саны делегация мүшелерiнiң кем дегенде 5 адамына 1 аудармашыдан немесе iлесiп жүрушiден негiзделiп айқындалуы тиiс.