О порядке и сроках хранения подписных листов и итоговых протоколов по результатам сбора подписей граждан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қол қою парақтары мен азаматтардың қолдарын жинау нәтижелері жөніндегі қорытынды хаттамаларды сақтаудың тәртібі мен мерзімдері туралы «Жалпыхалықтық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 16-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жалпыхалықтық референдумға қатысу құқығы бар, жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастамашылық білдірген азаматтары қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларының қорытынды хаттамалары мен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында тұрақты сақтаулы болады.
Тармақ 2
2. Жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастамашылықпен тілек білдіруші, жалпыхалықтық референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының қол қою парақтары Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында құпия ақпарат негізінде референдумның бастамашыл тобынан құжаттар алынған күннен бастап үш ай бойы сақталады, ал кейіннен осы қаулыға қосымшаға сай акт бойынша жойылады. Жою өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, еріту немесе химиялық ыдырату, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру арқылы жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін. «Келісілді» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрі А.Қ. Жұмағалиев _____________ 2011 жылғы «__» _____________
Басқа 5. АКТ
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 13 қаңтардағы № 14/19 қаулысына қосымша АКТ Астана қ.                                 2011 жылғы _______________ Сақтауға жатпайтын құжаттарды жою үшін бөліп шығару туралы «Қол қою парақтары мен азаматтардың қолдарын жинау нәтижелері жөніндегі қорытынды хаттамаларды сақтаудың тәртібі мен мерзімдері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 13 қаңтар № 14/19 қаулысының негізінде ғылыми-тарихи құндылықтарының жоқтығына және белгіленген сақтау мерзімдерінің аяқталуына байланысты мынадай құжаттар жою үшін іріктеліп алынды: Р/б № Құ­жат­тар­дың ата­уы Құ­жат­тар­дың са­ны (сан­мен және жа­зу­мен) 1 2 Құжаттар саны ______________________________ (санмен және жазумен), салмағы ______________________________ кг, ________________________ _____________ № _____ қабылдау-тапсыру жөнелтпе қағазы бойынша жою үшін тапсырылды. ___________________________________ ________ ______________________ (Құжатты тапсырған ұжым қызметкері (қолы) (тегі, аты-жөні) лауазымының атауы) Құпия ақпарат негізінде сақтаулы құжаттарды жою кезінде ___________ қатысты. __________ ________ _______________ (лауазым) (қолы) (тегі, аты-жөні)