Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20 бабының 5 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі, осы қаулының қосымшасына сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстар бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің өтінімі бойынша солардың қаражаты есебінен қаржыландырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Төлебаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Ордабасы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 536 қаулысымен бекітілген 2011 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі № Ұйымдардың тізбесі Жұмыстардың түрлері Саны, адам 1 Ордабасы ауданы бойынша ауыл округі әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелері Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу 119 2 Ордабасы ауданы бойынша ауыл округі әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелері, Ордабасы ауданы әкімдігінің «Темірлан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны Көгалдандыру, ағаштар отырғызу 120 3 Ордабасы ауданы бойынша ауыл округі әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелері, Ордабасы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі Әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге көмектесуге 56 4 Ордабасы ауданы бойынша ауыл округі әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелері, Ордабасы ауданы әкімдігінің «Темірлан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны Аймақты экологиялық сауықтандыру, көріктендіру 154 5 Ордабасы ауданы бойынша ауыл округі әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелері, Ордабасы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесуге 66 6 Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі «Тәртіп» пилоттық жобасы бойынша жұмысқа көмектесуге 25 7 Ауыл округі әкімдері аппараттары Еңбек рыногының негізгі индикаторларын анықтауға көмектесу 10 БАРЛЫҒЫ: 550 Ескерту: Қоғамдық жұмысшылардың жалақысы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес, жалақының ең төменгі мөлшері көлемінен кем емес төленсін.