Об упразднении отдельных сел на территории области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс аумағындағы жекелеген ауылдарды тарату туралы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес Алакөл, Қаратал, Кербұлақ аудандарының мәслихаттары мен әкімдіктерінің пікірлерін ескере келе, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алакөл ауданы Үшарал қалалық округінің Талапкер ауылы таратылып, тұрғындары Алакөл ауданы Үшарал қалалық округінің Үшарал қаласының құрамына енгізілсін.
Тармақ 2
2. Қаратал ауданы Қаңбақты ауылдық округінің Ақиық ауылы таратылып, тұрғындары Қаратал ауданы Қаңбақты ауылдық округінің Алмалы ауылының құрамына енгізілсін.
Тармақ 3
3. Кербұлақ ауданы Жоламан ауылдық округінің Архарлы асуы ауылы таратылып, тұрғындары Кербұлақ ауданы Жоламан ауылдық округінің Жоламан ауылының құрамына енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.