Теректі ауылдық округіне қарасты Талдыбұлақ ауылындағы атаусыз көшеге Әлия Молдағұлованың атын қою туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Теректі ауылдық округіне қарасты Талдыбұлақ ауылындағы атаусыз көшеге Әлия Молдағұлованың атын қою туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Теректі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Теректі ауылдық округіне қарасты Талдыбұлақ ауылындағы атаусыз көшеге Әлия Молдағұлованың аты қойылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Теректі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айнур Болатқызы Болатоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.