О переименовании улиц и присвоении нового наименования улице города Қолданыста
Басқа 0
Тараз қаласының жаңа көшесіне атау беру және көшелерінің атауларын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13-бабы 4) тармақшасының негізінде Тараз қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тараз қаласы «Гидрокешен» алқабының солтүстік жағындағы орналасқан ең шеткі, жаңа көшеге Махамбет Бекбергенов есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Тараз қаласының Рим көшесі Елубай Олжабаев атындағы көше болып өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Тараз қаласының Островский көшесі Тұрғынбек Жанқоразов атындағы көше, Островский 1,2,3 бұрылыстары Тұрғынбек Жанқоразов 1,2,3 бұрылыстары болып өзгертілсін.
Тармақ 4
4. Тараз қаласының Ватутин көшесі Есен Демесінов атындағы көше болып өзгертілсін.
Тармақ 5
5. Тараз қаласының Чапаев 1,2,3 бұрылыстары Қаспақ Құрманбеков атындағы көше болып өзгертілсін.
Тармақ 6
6. Осы нормативтік құқықтық акт Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.