Панфилов ауданы Жаркент қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан аты жоқ көшелерге ат қою туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Панфилов ауданы Жаркент қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан аты жоқ көшелерге ат қою туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1 тармағына сәйкес Панфилов аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ, Панфилов аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Панфилов аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңестің Панфилов ауданы Жаркент қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан аты жоқ көшелерге ат қою туралы ұсынысы мақұлдансын.
Тармақ 2
2. Панфилов ауданы Жаркент қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан аты жоқ 37 көшеге орналасу ерекшеліктеріне қарай батыстан шығысқа қарай 1, 2, 6, солтүстіктен оңтүстікке қарай 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37 көше деп аталсын.
Тармақ 3
3. Бірден жиырма алтыншы көшелер орналасқан аймақ "N 1-ықшам ауданы", жиырма жетіден отыз жетінші көшелер орналасқан аймақ "N 2-ықшам ауданы" деп аталсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.