О переименовании села Первое мая Куркелинского сельского округа Баянаульского района в село Жарылгап Баянаульского района Павлодарской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы Баянауыл ауданының Күркелі ауылдық округінің Бірінші май ауылын Жарылғап ауылы деп қайта атау туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" № 281 қаулысына, Баянауыл ауданы мәслихаты мен әкімдігінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 295/15 бірлескен шешіміне, облыстық ономастика комиссиясының 2009 жылғы 13 наурыздағы қорытындысына және облыс әкiмдiгiнің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы "Павлодар облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы" № 304/19 қаулысына сәйкес, баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округі Бірінші май ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Баянауыл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгеріс енгізілсін: Баянауыл ауданының Күркелі ауылдық округінің Бірінші май ауылы Жарылғап ауылы деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.