О внесении изменения и дополнений в некоторые постановления акимата Сандыктауского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сандықтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сандықтау ауданы әкімдігінің «Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы» 2008 жылғы 18 қаңтардағы № А-1/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-16-70 нөмірімен тіркелген, «Сандыктауские вести» газетінде 2008 жылдың 18 ақпанында жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін: кіріспедегі «жергілікті мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Сандықтау ауданы әкімдігінің «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-16-77 нөмірімен тіркелген, «Сандыктауские вести» газетінде 2008 жылдың 14 мамырда жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: кіріспедегі «жергілікті мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын. 2 тармақтағы «Б.С.Ізбасароваға» деген сөзді «Ә.Қ.Қазизоваға» деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Сандықтау ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.