Об утверждении Перечня должностных лиц государственных органов, наделенных полномочиями по отнесению сведений к государственным секретам Республики Казахстан Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы Мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай саясатты қамтамасыз ету мақсатында «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 📌 Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 488 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Тізбеде көрсетілген мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына нақты мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған оның құзыреті шеңберінде салалық (ведомстволық) тиесіліктегі мәліметтерді, сондай-ақ өздерінің ұсынуы бойынша басқа мемлекеттік органдардың тиісті тақырыптық бағыттағы мәліметтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнінде өкілеттік берілсін.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдардың мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген лауазымды тұлғалары нақты мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөніндегі өздері қабылдаған шешімдердің негізділігі мен осы мәліметтерді уақтылы құпиясыздандыру үшін жеке жауапты болады деп белгіленсін.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының ТІЗБЕСІ 📌 Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 21.09.2015 № 92; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 18.09.2018 № 746; 22.07.2019 № 74; 18.09.2019 № 163; 20.02.2021 № 515 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 488 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 28.04.2025 № 861 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 26.08.2025 № 975 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.01.2026 № 1152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 13.04.2026 № 1232 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) жарлықтарымен. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 15-тармағының 214) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысына «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12, 13 және 14-баптарында айқындалған барлық мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнінде өкілеттіктер беріледі. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша өздерінің құпияландыруға жататын мәліметтерінің ведомстволық тізбелерін бекітеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12, 13 және 14-баптары негізінде мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттіктер беріледі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 9), 11), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8), 12), 13), 14), 16), 18), 23), 26), 27), 28), 29), 34) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 7) тармақшалары, 14-бабының 1), 1-1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 18-1), 19) тармақшалары;
Тармақша 2
2) алып тасталды – ҚР Президентінің 26.08.2025 № 975 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4), 12) тармақшалары, 14-бабының 1), 1-1), 5), 13), 14), 15), 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1), 2), 3), 9), 10), 11), 15), 17), 18), 28), 29) тармақшалары, 13-бабының 1) 2), 7), 8) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5) тармақшасы, 12-бабының 28) тармақшасы, 13-бабының 1) тармақшасы, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 6-1
6-1) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7), 9), 12), 13), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 11), 12), 14), 20), 21), 24), 28), 29), 30), 35) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 15), 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8), 12), 13), 14), 16), 21), 23), 25), 26) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 5), 6) тармақшалары, 14-бабының 1), 5), 6), 7), 10), 11), 12), 16), 17), 18), 18-1), 19) тармақшалары;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 17), 18), 32) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 11), 12), 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 19), 20), 21), 22) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 13), 14), 16), 19), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшалары, 14-бабының 1), 1-1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 10), 16), 17), 18-1), 19) тармақшалары;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 13), 14), 16), 23), 24), 25), 26), 27), 29), 31), 33), 34), 35) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4), 6) тармақшалары, 14-бабының 1), 1-1), 5), 6), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 18-1), 19) тармақшалары;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 11), 12), 13), 16), 17), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 3), 4), 6), 13), 14), 16), 21), 23), 26), 27), 28), 29), 33) тармақшалары, 14-бабының 10), 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5), 13) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 9), 10), 11), 12), 15), 24), 26), 28), 29), 30), 31), 32) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 6) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының Қаржы министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5) тармақшасы, 12-бабының 12), 13), 14), 15), 16), 18), 32) тармақшалары, 13-бабының 5) тармақшасы, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 6), 7), 8), 9), 10), 12), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 13), 14), 21), 31), 34), 36) тармақшалары, 13-бабының 1), 2) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының Энергетика министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7), 9), 12), 13), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 12), 14), 20), 21), 24), 28), 29), 30), 35) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 8) тармақшасы, 12-бабының 2), 28), 29) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1), 12), 26), 28), 29), 30) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12), 13), 14), 15), 16), 19), 21) тармақшалары, 12-бабының 3), 13), 22) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасы, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасы, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 13) тармақшасы, 12-бабының 28), 29) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының Eңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4) тармақшасы, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының Әділет министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5) тармақшасы, 12-бабының 15) тармақшасы, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 28) тармақшасы, 13-бабының 1), 2), 3), 4) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1), 3), 4) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1), 2), 3), 4) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасының Көлік министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5) тармақшасы; 12-бабының 1), 23), 24), 25), 26), 28) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 30
30) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5), 6), 7), 10), 12), 13), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 6), 7), 9), 10), 11), 13), 14), 19), 20), 22), 23), 26), 28), 29), 31) тармақшалары, 13-бабының 3), 5) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған және (немесе) қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Тізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органымен келісім бойынша олардың салалық, ведомстволық немесе бағдарламалық-нысаналық тиістілігіне сәйкес құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомстволық тізбелерін әзірлеу, қайта өңдеу және бекіту бойынша шаралар қабылдайды. ____________________