О предоставлении компании "Шел Темир Петролеум Девелопмент Б. В." права временного пользования земельным участком для бурения разведочной скважины Сайгак-Ғ на территории землепользователя крестьянского хозяйства "Берды" в Темирском районе Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Темір ауданынаң "Берді" шаруа қожалығы жерінің аумағындағы Сайғак-Ғ барлау скважинасын бұрғылау үшін жер учаскесін уақытша пайдалану құқығын "Шелл Темір Петролеум Девелопмент Б.В." компаниясына беру туралы "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы Заң күші бар № 2717 Жарлығының 51 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылдың 19 сәуірінде берілген МГ сериялы № 300 /мұнай/ жер қойнауы қазба байлықтарын пайдалану құқы лицензиясына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 299 қаулысымен бекітілген "Ауыл және орман шаруашылығы жерлерін қажеттілік үшін алу және өз мақсаттарында пайдаланбаған жағдайда келтірілген зиянды анықтау туралы Ережеге" сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Темір ауданынаң "Берді" шаруа қожалығы жерінің аумағындағы Сайғак-Ғ барлау скважинасын бұрғылау үшін көлемі 4,0 гектар жайлымдық жер учаскесінің уақытша пайдалану құқы /2001 жылдың 20 қаңтарына дейін/ "Шелл Темір Петролеум Девелопмент Б.В." компаниясына берілсін.
Тармақ 2
2. "Шелл Темір Петролеум Девелопмент Б.В." компаниясы:
Тармақша 1
1) қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өндірісінің 12960 теңге көлеміндегі шығынын өтесін;
Тармақша 2
2) жұмыстарды аяқтағаннан кейін берілген жерлерді қайта өндесін және белгіленген тәртіп бойынша жердің пайдаланушысына қайтарсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Темір ауданының әкімі А. Мырзалинге жүктелсін.
Басқа 6
Облыс Әкімінің 2000 жылғы «11» ақпандағы № 24 шешіміне қосымша Сайғак-Ғ барлау скважинасын бұрғылау үшін "Шелл Темір Петролеум Девелопмент Б.В." компаниясының жерді уақытша пайдалануымен байланысты ауыл шаруашылығы өндірісі шығындарының ЕСЕБІ: Ауыл шаруашылығын жүргізуге қажетті жердің түрі Топырақ түрі Жер көлемі гектар Бір гектар жердің құқы теңге Барлығы сомасы теңге Бір жылға төленетін соманың 5 % мөлшері жайылыс қызыл қоңыр 4 64800 259200 12960