Об организации обучения населения области мерам защиты и действиям в чрезвычайных ситуациях Қолданыста
Басқа 0
Төтенше жағдайлар кезіңде қорғаныс шараларын және іс-қимылдарын облыс халқына оқытуды ұйымдастыру туралы
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5 бабына, «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4 бабына сәйкес және «Басқару органдарын және
төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мемлекеттік жүйесі күштерін 2000-2001-ші жылдары дайындау туралы» Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің ұйымдастыру-әдістемелік нұсқауын орындау, сондай-ақ барлық деңгейлердегі басшылары халықтың қауіпсіз өмір жағдайын
қамтамасыз етуін басқаруға оқыту, шаруашылық объектілердің жұмыс жасауының қауіпсіздігі мен орнықтылығын арттыру, кезек күттірмейтін және авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу, соғыс және бейбітшілік уақытында болатын төтенше жағдайлар кезінде халықты іс-қимылдарға оқыту мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қала, аудандар, қызметтер және барлық меншік нысандардағы мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары:
Тармақша 1
1) 2000-2001 жылдарында халықтың барлық категорияларын төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға бұрын ұсынылған дайындау тақырыптарына сәйкес оқытсын;
Тармақша 2
2) дайындық орталығының іріктеу және жаттығулар өткізу жоспарын орындауды, жұмысшыларды, қызметкерлерді, жұмыс жасамайтын халықты оқуға толық тарту қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) авариялық-құтқару құрамаларын дайындау табиғи зілзала, авариялар мен апаттардың зардаптарын жою іс-қимылдарына тәжірибе жүзінде үйретуге бағыттасын;
Тармақша 4
4) авариялық-құтқару және қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуді жаңа арнаулы техникамен жабдықтау деңгейін арттырсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В. Супрунға жүктелсін.