О переименовании села Комарицино Кенесского сельского округа Павлодарского района в село Каратогай Павлодарского района Павлодарской области Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысы Павлодар ауданының Кеңес селолық округінің Комарицыно ауылын Қаратоғай ауылы деп қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 4)тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11 бабының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Казақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" № 281 қаулысына, Павлодар ауданы мәслихаты мен әкімдігінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 4/26 бірлескен шешіміне, облыстық ономастика комиссиясының 2007 жылғы 12 наурыздағы қорытындысына және облыс әкiмдiгiнің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы "Павлодар облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы" № 304/19 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Павлодар ауданының Кеңес селолық округінің Комарицыно ауылы Қаратоғай ауылы деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.