Об утверждении Инструкции по оказанию психотерапевтической помощи в Республике Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында психотерапиялық көмек көрсету бойынша нұсқаулықты бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 7-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ психотерапиялық көмек көрсетілетін тұлғалардың құқықтарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында психотерапиялық көмек көрсету бойынша нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік, бақылау және кадр жұмысы департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасындағы психотерапиялық көмек көрсету бойынша нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 16 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы психотерапиялық көмек көрсету бойынша нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасындағы психотерапиялық көмек көрсету бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының халқына психотерапиялық көмек көрсететін жеке және заңды тұлғалардың қызметін реттейді.
Тармақ 2
2. Психотерапиялық көмек - ол әр түрлі психотерапиялық емдеу әдістерімен психотерапевт (психотерапевтпен) дәрігердің адамның психикасына және психикасы арқылы ағзасына әсер ету шаралар жиынтығы.
Тармақ 3
3. Медициналық көмектің мынадай нысандары бойынша психотерапиялық көмек көрсетіледі:
Тармақша 1
1) амбулаториялық-емханалық;
Тармақша 2
2) стационарлық;
Тармақша 3
3) стационарды алмастыратын;
Тармақша 4
4) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
Тармақша 5
5) паллиативтік көмек және мейірбике күтімі.
Тарау 2. 2. Амбулаториялық-емханалық, стационарды алмастыратын, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейірбике күтімі кезіндегі психотерапиялық көмек көрсету
2. Амбулаториялық-емханалық, стационарды алмастыратын, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейірбике күтімі кезіндегі психотерапиялық көмек көрсету
Тармақ 4
4. Психотерапиялық көмек бекітілген халық контингентіне амбулаториялық-емханалық және стационар алмастыру бөлімшелерінде көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейірбике күтімі кезінде психотерапиялық көмек медициналық ұйымдарының құрамындағы психотерапевтік кабинеттерінде көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Психотерапиялық кабинеттердің мақсаттары:
Тармақша 1
1) стресс халін, дезадаптация күйін жеңуде, оның ішінде бала, гендерлік күштеудің алдын алу, психикалық денсаулықты сақтау бағдарламаларына қатысу бойынша психогигиеналық және психопрофилактикалық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) консультациялық-диагностикалық жұмыс;
Тармақша 3
3) психикасы және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға, сондай-ақ күштеудің құрбаны болған адамдарға және күш қолданған адамдарға көрсетіліміне байланысты жеке, отбасылық және топтық түрде емдеудің дәрі-дәрмектік және басқа да түрлерімен үйлесімді симптомдық-, тұлғалық-, және социоорталықтандырылған бағыттағы психотерапия түрінде психотерапиялық көмекті көрсету;
Тармақша 4
4) психика бұзылуларының пайда болуының, ағымының және емдеуінің психоәлеуметтік факторлары туралы дәрігерлердің, орта медицина және басқа қызметкерлер құрамының білімін жетілдіру (дәрістер, арнайы тренингтер және басқалар).
Тармақша 5
5) ұжым микроклиматын қалыптастыруға, дау жағдайларын шешуге қатысу.
Тармақ 7
7. Осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес кабинет психотерапиялық кабинеті жабдықтауларының ең төмендегі тізбесіне сәйкес жарақтандырылады.
Тарау 3. 3. Стационарлық жағдайда психотерапиялық көмек көрсету
3. Стационарлық жағдайда психотерапиялық көмек көрсету
Тармақ 8
8. Психотерапиялық көмек, стационарлық жағдайда стационарлық медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымына кіретін психотерапиялық бөлімдерінде көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Психотерапиялық бөлімдерінің негізгі мақсаттары:
Тармақша 1
1) психикасы және мінез-құлық бұзылулары бар, сондай-ақ күштеудің құрбаны болған және күш қолданған адамдарға көрсетіліміне байланысты жалпы психиатриялық бөлімдерге жатқызуды қажет етпейтін адамдарға, айғақтарға байланысты, жеке, отбасылық және топтық нысанда емдеудің дәрі-дәрмектік және басқа да түрлерімен үйлесімдегі симптомдық-, тұлғалық-, және социоорталықтандырылған бағыттағы психотерапия түрінде психотерапиялық көмекті көрсету;
Тармақша 2
2) психотерапиялық тәжірибеге психотерапия саласының ең жаңа жетістіктерін енгізу;
Тармақша 3
3) зерттеп-қараудың әртүрлі түрлерін жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) стресс халін, дезадаптация күйін жеңуде, оның ішінде бала, гендерлік күштеудің алдын алу, психикалық денсаулықты сақтау бағдарламаларына қатысу бойынша психогигиеналық және психопрофилактикалық көмек көрсету;
Тармақша 5
5) ұжым микроклиматын қалыптастыруға, дау жағдайларын шешуге қатысу.
Басқа 1. Психотерапиялық кабинеті жабдықтауларының ең төменгі тізбесі
Қазақстан Республикасындағы психотерапиялық көмек көрсету бойынша нұсқаулыққа қосымша Психотерапиялық кабинеті жабдықтауларының ең төменгі тізбесі № Жаб­дық­тар­дың ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Са­ны 1 2 3 4 1. Ап­па­рат­тар мен құ­рал­да­ры 1. То­но­мет­ри­я­лық ас­пап Да­на 1 2. Се­кун­дөл­ше­гіш Да­на 1 3. Үстел­ге қо­я­тын шам Да­на 2 4. Му­зы­ка­лық ас­пап Да­на 1 5. Дик­то­фон Да­на 1 6. Қа­жет­ті бағ­дар­ла­ма­мен және прин­тер­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген дер­бес ком­пью­тер Да­на 1 7. Прин­тер Да­на 1 2. Ме­ди­ци­на­лық құ­рал-сай­ман 8. Шұ­ғыл ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту­ге ар­нал­ған қа­лау жиын­тығы жиын­тық 1 9. Нев­ро­ло­ги­я­лық бал­ға Да­на 1 3. Ме­ди­ци­на­лық жиhаз 10. Ме­ди­ци­на­лық ку­шет­ка Да­на 1 11. Функ­ци­я­лық крес­ло Да­на 2 12. Ме­ди­ци­на­лық ас­пап­тар­ға ар­нал­ған шкаф Да­на 1 13. Шкаф (кар­то­те­ка­ға ар­нал­ған) Да­на 1 4. Тұр­мыстық жиhаз 14. Ар­қа­лы­ғы би­ік жұм­сақ крес­ло Да­на 15 15. Жа­зу үсте­лі Да­на 2 16. Ки­ім­ге ар­нал­ған шкаф Да­на 1 17. Кі­тап шка­фы Да­на 2 18. Ком­пью­тер үсте­лі Да­на 1 19. Аудио­ап­па­ра­ту­ра­ға ар­нал­ған тум­ба Да­на 1