Об утверждении Положения о порядке предоставления субъектам малого предпринимательства в аренду или доверительное управление с правом последующей передачи в собственность неиспользуемых объектов коммунальной собственности Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
''Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне пайдаланылмай тұрған коммуналдык меншіктегі объектілерді кейін меншікке беру кұқығымен жалға немесе сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы" Ережені бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімідігінің 24.01.2003 № 13 қаулысымен. "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік колдау туралы" Казақстан Республикасының Заңын орындауда және Қазақстан Республикасы Үкіметінде 1999 жылдың 11 қарашасында кәсіпкерлердің қатынасуымен өткізілген кеңестің хаттамалық шешімін жүзеге асыру жөніндегі Шаралар жоспарының 2 тармағына сәйкес ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне пайдаланылмай тұрған коммуналдық меншіктегі объектілерді кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе сеніп басқаруға беру ережесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті шағын кәсіпкерлік субъектілеріне пайдаланылмай тұрған коммуналдық меншіктегі объектілерді кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе сеніп баскаруға беруде көрсетілген ережені сактауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімнің орынбасары С.А.Құланбаевқа жүктелсін.
Басқа 4. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне пайдаланылмай тұрған коммуналдық меншіктегі объектілерді кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 24 қаңтардағы 2000 жылғы № 14 шешіміне қосымша Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне пайдаланылмай тұрған коммуналдық меншіктегі объектілерді кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы ЕРЕЖЕ Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне пайдаланылмай тұрған коммуналдык меншіктегі объектілерді кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға беруді Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті келесі тәртіппенен жүзеге асырады: Шағын кәсіпкерлік субъектілері Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне төмендегі құжаттарды тапсырады: қосымшаға сәйкес жалға немесе сеніп баскаруға беруге шарт жасау құқығына өтініш; өндіріспен айналысатын және халықка қызмет ететін шағын кәсіпкерлік субъектілері ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы құжаттар; объектіні пайдалану туралы ұсыныс (бизнес-жоспар). Өтініштер мерзімі мен түскен уақыты бойынша Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті кеңсесінде тіркеледі. Есеп жүргізу үшін тіркеу журналы арналып, онда тапсырылған құжаттардың мерзімі және түскен уақыты көрсетілген тізбесі беріледі. Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік жөне жекешелендіру департаменті жергілікті атқару органдарының өкілдерімен және кәсіпкерлердің қоғамдық үйымдарымен бірлесіп, келесі критерийлермен 5 күн мерзімде тапсырылған материалдарды қарайды: жоғарыда аталған құжаттардың толық пакетінің болуын; объектінің өндірістік мақсаттар үшін пайдалануын және халыққа қызмет ету саласының дамуын (сауда-сатып алу, делдалдықпен айналысуынан тысқары); объект бойынша қолданып жүрген жалдау қатынастарының жоқтығын; объектіге қатысты қандай да болмасын бір ауыртпалықтың жоқтығын. Кәсіпкер берген құжаттарды қараудың нәтижесі хаттамамен ресімделеді. Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік жөне жекешелендіру департаменті шарт жасауға келісуі, не себептерін көрсете отырып, одан бас тартуы туралы кәсіпкерге тиісті хабар жібереді (тапсырылған құжаттардың толық болмауы; кәсіпкердің ұсыныстарында объектіні өндірістік мақсаттар үшін пайдалану және халықка қызмет ету саласын дамыту ниетінін болмауы; қаралып отырған объектіде жалгерлік қатынастар болған жағдайда шарттың деректемесі жөне басқалары көрсетіледі). Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында мәселе оңынан шешілген жағдайда, екі күн ішінде бір жыл мерзімге жалдауға немесе сенімді баскаруға шарт жасалады. Осындай шарттардың жасалған күнінен бастап, егер алты ай ішінде қызметтер жолға қойылмаған жағдайда (келісім-шартқа сәйкес), оның бұзылуы көрсетілуге тиісті. Объектілер бұзылған шарттар бойынша кейіннен объектіні баланста ұстаушыға қайтарылады немесе Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті арқылы сатуға қойылады. Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті құрған тұрақты жұмыс істейтін комиссия жалдаудың немесе сенімді баскаруға беру шарттарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Кәсіпкер жалға алу немесе сенімді басқаруға берудің шартын тиісті түрде орындаған жағдайда, объект оның меншігіне беріледі. Ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгілеген тәртіпте меншік құқығына кірісуді зандастырып, жүзеге асырады. Егер бір объектіге шағын кәсіпкерліктің бірнеше субъектісінен ақпарат түссе, онда белгіленген ретімен бірінші өтініш берген кәсіпкердің ұсыныстары қаралады. Алдыңғы кезектілігі Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің кеңсесі тіркеген өтініштің мерзімі мен тіркелген уақытына сай анықталады. Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің директоры М.Е.Толыбаев
Басқа 5. Жалға немесе сенімді басқаруға беруге ӨТІНІШ
Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің төрағасына Жалға немесе сенімді басқаруға беруге ӨТІНІШ (жеке тұлға толтырады)
Тармақ 1
1. ___________________________________________________________________________ балансындағы (баланс ұстаушының атауы) _______________________________________________________________________мекен-жайда орналасқан, пайдаланылмаған коммуналдық меншіктегі объектіні айқындап, мен, осы өтінішке тіркелген менің ұсыныстарыма сәйкес жалдауға (сенімді басқаруға) (керектінің асты сызылсын) шарт жасауға келістім.
Тармақ 2
2. Менің ұсыныстарым қабылданған жағдайда, өтінішімнің каралу нәтижелері туралы ресми хабарланған кезден 10 күннен аспайтын мерзімде шарт жасауға өзіме міндеттеме аламын.
Тармақ 3
3. Өтініштің каралу нәтижелері туралы шешімді мына мекен-жайға салуға өтінемін: ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның занды мекен-жайы)
Тармақ 4
4. Осы өтінішке келесі құжаттар тіркеледі: _____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ _______________________ Қолы____________________ Қабылданды: 2000 ж. "___"___________________ "____"___________2000 ж. "___"сағат________________мин. Қолы _______________________________________ Р.S. Шартқа қол қойылғанға дейін, менің ұсыныстарымның қабылданғандығы туралы Сіздің жазбаша хабарыңыз бар осы өтініш тараптар арасындағы шарттық күші бар құжат болып есептеледі.
Басқа 10. Жалға немесе сенімді басқаруға беруге ӨТІНІШ
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне пайдаланылмай тұрған коммуналдық меншіктегі объектілерді кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе сеніп басқаруға беру ережесіне 1 қосымша Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің төрағасына Жалға немесе сенімді басқаруға беруге ӨТІНІШ (заңды тұлға толтырады) Мен ______________________________________________________________________________ (өтініш берген заңды тұлғаның толык аты)
Тармақ 1
1. ________________________________________________________________________балансындағы (баланс ұстаушының атауы) _______________________________________________________________________мекен-жайда орналасқан пайдаланылмаған коммуналдық меншіктегі объектіні айқындап, өтінішке қол қоюга өкілеттік алып, төменде қол қойған, осы жайды осы өтінішке тіркелген біздің ұсыныстарымызға сәйкес жалдауға (сенімді баскаруға) шарт жасауға келісемін (керектінің асты сызылсын).
Тармақ 2
2. Біздің ұсыныстарымыз қабылданған жағдайда, өтініштеріміздің қаралу нәтижелері туралы ресми хабарланған кезден 10 күннен аспайтын мерзімде шарт жасауға өзімізге міндеттеме аламыз.
Тармақ 3
3. Біздің өтініштеріміздің қаралу нәтижелері туралы шешімді мына мекенжайға салуға өтінеміз: __________________________________________________________ (занды түлғаның занды мекен-жайы)
Тармақ 4
4. Осы өтінішке келесі құжаттар тіркеледі: ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ үшін (заңды тұлғаның аты) ____________________________________________________________(өкілетті тұлғалардың лауазымы, аты-жөні) Қолы___________________ Қабылданды: 2000 ж. "___"______________________ "___"____________2000 ж. "____" сағат___________________ мин. Қолы___________________________________________ Р.S. Шартқа қол қойылғанға дейін, біздің ұсыныстарымыздың қабылданғандығы туралы Сіздің жазбаша хабарыңыз бар осы өтініш тараптар арасындағы шарттық күші бар құжат болып есептеледі.