Об утверждении перечня предприятий, организаций и учреждений предоставляющие или создающие "Молодежную практику" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылға "Жастар іс - тәжірибесін" ұсынушы немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылға «Жастар іс - тәжірибесін» ұсынушы немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің тізбесі және еңбек ақы мөлшеріқосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Оңдабаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Ж.К.Тұманбаева 29 желтоқсан 2011 ж «КЕЛІСІЛДІ» Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы А.М.Толыбаева 29 желтоқсан 2011 ж
Басқа 4
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 30 желтоқсан 2010 ж № 246 - қ қаулысына қосымша 2011 жылға "Жастра іс - тәжірибесін" ұсынушы немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесі және еңбек ақы мөлшері № Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер атауы Жұмыс- сыздар саны (адам) Бір адамға төленетін еңбек ақы мөлшері (теңге) Жұмыс мерзімі Қаржыланды-ру көзі 1 «Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2 26 000 6 ай Жергілікті бюджет 2 «Мұнайлы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2 26 000 6 ай Жергілікті бюджет 3 «Атамекен селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2 26 000 6 ай Жергілікті бюджет 4 «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Маңғыстау облыстық филиалы» Мұнайлы ауданы бөлімшесі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 1 26 000 6 ай Жергілікті бюджет 5 «Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2 26 000 6 ай Жергілікті бюджет 6 «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 4 26 000 6 ай Жергілікті бюджет 7 «Мұнайлы аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 4 26 000 6 ай Жергілікті бюджет 8 «Мұнайлы» газеті редакциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 1 26 000 6 ай Жергілікті бюджет 9 «Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі 5 26 000 6 ай Жергілікті бюджет 10 «Мұнайлы аудандық әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі 5 26 000 6 ай Жергілікті бюджет 11 «Маңғыстау облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің Мұнайлы ауданы бойынша филиалы 1 26 000 6 ай Жергілікті бюджет 12 Мұнайлы ауданы әкімдігінің «Маңғыстау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 5 26 000 6 ай Жергілікті бюджет 13 Мұнайлы ауданы әкімдігінің «Маңғыстау Энерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 5 26 000 6 ай Жергілікті бюджет 14 «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1 26 000 6 ай Жергілікті бюджет Барлығы: 40