О создании тендерной комиссии по закреплению рыбохозяйственных водоемов и промысловых участков за природопользователями области, распределению лимитов (квот) вылова рыбы Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың табиғат пайдаланушыларына балық-шаруашылық су қоймалары мен кәсiпшiлiк учаскелерiн бекiту, балық аулау лимиттерiн (квотасын) бұлу жөнiндегi тендерлiк комиссия құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 1015 шешімімен.
"Жануарлар дүниесiн қорғау, үдемелі өсiру және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Балық шаруашылық су айдындарында балық аулаудың және теңiз аңын (итбалықты) ұстаудың 2000 жылға арналған лимиттерiн (квоталарын) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 16 наурыздағы Қаулысына сәйкес және облыстық балық шаруашылық су айдындарында қажеттi тәртiп орнату, балық шаруашылығының тиiмдiлiгiн арттыру, балық ресурстарын кешендi әрi үнемдi пайдалану мақсатында ШЕШIМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. Облыстың табиғат пайдаланушылары арасында Зайсан-Ертiс балық аулау аймағында, Шүлбi су қоймасында және Алакөл көлдер жүйесiнде балық аулау лимиттерiн (квоталарын) бөлу, балық шаруашылық су айдындары мен балық кәсiпшiлiк учаскелерiн бекiту жөнiндегi тендер (конкурс) өткiзу Ережелерi бекiтiлсiн ( № 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстың балық-кәсiпшiлiк учаскелерiн бекiту және балық шаруашылық су айдындарында балық аулау лимиттерiн (квоталарын) бөлу жөнiндегi облыстық тендер комиссиясы № 2 қосымшаға сәйкес құрылсын. Аталған комиссияға тендер (конкурс) өткiзудiң Шарттары мен Тәртiбiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және бiр ай мерзiмде облыстың балық кәсiпшiлiк учаскелерiн бекiту мен балық шаруашылық су айдындарында балық аулау лимиттерiн (квоталарын) бөлудi аяқтау тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық аумақтық жануарлар және өсiмдiк әлемiне мемлекеттiк бақылау басқармасы (Әубәкiров Ж.Қ.) және облыстық аумақтық орман және биоресурстар жөніндегi басқарма (Қалмақов А..) "Қазақстан Республикасының су айдындарындағы балық қорын қорғау және балық аулауды реттеу туралы" C:\zaneditor\2017\Dokum\6\P950000414_ - 0Ереженi, Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа да су жануарларын ұстау Ережелерiн C:\zaneditor\2017\Dokum\6\P960001480_ - 0қатаң сақтауды қамтамасыз етсiн. Табиғат пайдаланушылармен жасасқан келiсiм-шарттарға сәйкес:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 03 ақпандағы № 158 қаулысына C:\zaneditor\2017\Dokum\6\P000000158_ - 0сәйкес балық дайындаушылар белгiленген мерзiм iшiнде лимиттi игермегенi және биоресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлемегенi үшін бекiтiлген балық-кәсiпшiлiк учаскесiнде балық аулау құқығынан айырылсын;
Тармақша 2
2) барлық табиғат пайдаланушылардан бекiтiлген балық шаруашылық су айдындарында және балық-кәсiпшiлiк учаскелерiнде балық шаруашылық мелиоративтiк және санитарлық-сауықтыру шараларының кешенiн жүргiзу талап етiлсiн.
Тармақ 4
4. Қалалардың, аудандардың әкiмдерi Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жануарлар және өсiмдiктер әлемiне мембақылау басқармасымен (Әубәкiров Ж.Қ.) және Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық орман және биоресурстар жөніндегi басқармамен (Қалмақов А.Қ.) бiрлесiп басқа да ұсақ балық шаруашылық су айдындарын (көлдер, өзендер, су қоймалары) пайдалану туралы мәселенi шешсiн.
Тармақ 5
5. "Балық шаруашылық су қоймалары мен балық кәсiпшiлiк учаскелерiн облыстық балық дайындаушыларына бекiту туралы" ШҚО Әкiмiнің 1998 жылғы 21 маусымдағы № 548 шешiмiнің күші жойылды деп есептелсiн.
Тармақ 6
6. Облыстың мембақылау (Әубәкiров Ж.Қ.) және орман мен биоресурстар жөніндегi (Қалмақов А..) басқармалардың бастықтарына облыс Әкiмiнің аппаратына саладағы iстiң жағдайы туралы тоқсан сайын ақпарат түсiру мiндеттелсiн.
Тармақ 7
7. Осы шешiмнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнің орынбасары А.Б. Қалиевқа жүктелсiн.
Басқа 10. Шығыс Қазақстан облысының балық шаруашылық су айдындары
мен кәсiпшiлiк учаскелерiн табиғат пайдаланушыларға бекiту,
балық аулау мен басқа да су жануарларын ұстаудың лимиттерiн
(квоталарын) бөлу жөніндегi тендер (конкурс) өткiзудiң
Облыс Әкiмiнің 2000 жылғы
11 сәуірдегі № 842 шешiмiне
№ 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысының балық шаруашылық су айдындары
мен кәсiпшiлiк учаскелерiн табиғат пайдаланушыларға бекiту,
балық аулау мен басқа да су жануарларын ұстаудың лимиттерiн
(квоталарын) бөлу жөніндегi тендер (конкурс) өткiзудiң
Ережелері
Тармақ i. I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Тендер (конкурс) өткiзудiң мақсаты - Шығыс Қазақстан облысының балық шаруашылық су айдындарындағы балық ресурстарын игеруге тiлек бiлдiретiн табиғат пайдаланушыларға (заңды және жеке тұлғаларға) балық аулау кәсiпшiлiгiне рұқсат алуға тең мүмкiндiк беру болып табылады.
Тармақ 2
2. Тендер мына мiндеттердi шешу үшін өткiзiледi:
Тармақша 1
1) табиғат қорғау заңдылығы мен басқа да нормативтiк-құқықтық актiлер талаптарының негiзiнде балық ресурстарын тиiмдiрек игеру мен өңдеуге қабілеттi ұйымдарды және жеке тұлғаларды конкурстық iрiктеу;
Тармақша 2
2) облыстың әкiмшiлiк шекаралары шегiнде меншiк түрлерiне қарамастан барлық табиғат пайдаланушылардың балық шаруашылық су қоймаларында балық аулау кәсiпшiлiгiне Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен лимиттерi мен квоталарын толығырақ игеру.
Тармақ ii. II. ТЕНДЕР ӨТКIЗУ ТӘРТIБI
II. ТЕНДЕР ӨТКIЗУ ТӘРТIБI
Тармақ 3
3. Балық кәсіпшiлiгi учаскелерiн бекiту және балық аулау лимиттерiн (квоталарын) бөлу жөніндегi тендердi өткiзу құқығы облыс Әкімiнің шешiмiмен құрылатын тендер комиссиясына жүктеледi.
Тармақ 4
4. Тендердi (конкурсты) Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық орман және биоресурстар жөніндегi басқарма жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкiметi балық аулауға және басқа да су жануарларын ұстауға арналған лимиттер мен квоталарды бекiткеннен кейiн табиғат пайдаланушылардың балық шаруашылық су айдынының кәсіпшiлiк учаскесiнде балық аулаудың бекiтiлген жылдың лимитiн қайта қарауға тапсырыстары болған жағдайда өткiзедi.
Тармақ 5
5. Тендердiң өткiзiлу мерзiмдерi туралы хабар мүдделi ұйымдар мен жеке тұлғаларға оның өткiзiлетiн күнiнен кем дегенде 10 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары және хатпен хабарлау арқылы жеткiзiледi, оларда мыналар көрсетiледi:
Тармақша 1
1) тендердi өткiзетiн ұйымның атауы;
Тармақша 2
2) тендерге қатысу шарты және оларды орындау мiндеттiлiгiне арналған нұсқау;
Тармақша 3
3) тендерге қатысушы ретiнде тiркелу үшін ұсынылатын құжаттар тiзбесi;
Тармақша 4
4) тендерге қатысушыларды тiркеудiң басталу және аяқталу уақыты;
Тармақша 5
5) тендерде (конкурста) қатысу үшін төленетiн жарна өткiзiлетiн банктiк шоттың реквизиттерi;
Тармақша 6
6) тендерде қатысуға өтiнiмдер қабылдайтын мекен-жай, анықтамалар берiлетiн телефондар.
Тармақ 6
6. Тендердi (конкурсты) ұйымдастырушы қажеттi конкурстық құжаттамаларды дайындағаны және ұсынғаны үшін ақы алуға құқылы, оның мөлшерi конкурс ұйымдастырушының оны әзiрлеуге, басуға, ақпарат құралдарындағы хабарландыруларға, жөнелтуге және басқаларға шығарған шығындарынан аспауы тиiс.
Тармақ 7
7. Тендер комиссиясы өз жұмысында "Қазақстан Республикасының су айдындарында су жануарларын өнеркәсіптiк пайдалану үшін төлемдер ставкаларын және спорттық-әуесқой (рекреациялық) балық аулауды өткiзуге рұқсат берудiң бағасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнің Қаулысын, Қазақстан Республикасының Үкіметi бекiткен балық аулау лимиттерi мен квоталарын, басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi, Комитеттiң бұйрықтары мен өкiмдерiн және тендер (конкурс) өткiзудiң осы Ережелерiн басшылыққа алады.
Тармақ 8
8. Табиғат пайдаланушының бекiтiлген үлгiдегi тапсырысы балық кәсіпшiлiгi учаскелерiн бекiту және балық аулау жөніндегi тендерге қатысуға негiздеме болып табылады, оған қажеттi құжаттар қоса тапсырылады.
Мына құжаттар қоса берiледi:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, немесе патент;
Тармақша 2
2) бюджет алдында берешектiң жоқтығы туралы салық инспекциясының анықтамасы;
Тармақша 3
3) қаржылық жағдайы туралы (заңды тұлғалар үшін) банктiң анықтамасы;
Тармақша 4
4) тендерге қатысу үшін ақы төленгенi туралы түбiртек;
Тармақша 5
5) аулау құралдарының, балық кәсіпшiлiгi қостарының, өндiрiстiк орынжайлардың санитарлық жағдайы туралы санэпидемстанцияның анықтамасы;
Тармақша 6
6) орман және биоресурстар жөніндегi басқарманың келiсiм-шарттарының орындалғаны, балық аулау үшін өтiнiлген лимиттi қамтамасыз ету үшін қолдағы бар аулау құралдары және олардың жағдайы, балықшылар саны, кәсіпшiлiк механизмдерi, жүзу құралдары және тағы да басқалар туралы анықтамасы;
Тармақша 7
7) табиғат пайдаланушының жобасы: бизнес-жоспар, табиғат қорғау шаралары, оның iшiнде: су айдынының экологиялық ахуалын, гидробионттардың өну жағдайларын жақсарту және балық қорын үдемелi өсiру жөніндегi балық шаруашылық-мелиоративтiк жұмыстар;
Тармақша 8
8) өтiнiлген учаскеде (су айдынында) 50 тоннадан жоғары балық аулауға лимит бөлiнген кезде ҚазБШЗИ-дiң биологиялық негiздемесiнің болуы;
Тармақша 9
9) балық аулау учаскелерін, шарттары мен тәртібін балық қорын қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан инспекциясымен келісудің болуы.
📌 Ескерту. 8-тармақ 9) тармақшамен толықтырылды - ШҚО Әкімінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 984 шешімімен.
Тармақ iii. III. ТЕНДЕР КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШIМI
III. ТЕНДЕР КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШIМI
Тармақ 9
9. Тендер комиссиясының шешiмi комиссия мүшелерiнің үштен екiсiнен кем емесi қатысқан жағдайда кәдiмгi көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыстар тең бөлiнген жағдайда тендер комиссиясының төрағасына шешушi дауыс құқығы берiледi. Қабылданған шешiм хаттамамен ресiмделедi.
Тармақ 10
10. Тендер комиссиясы шешiмiнің негiзiнде облыстық аумақтық орман және биоресурстар жөніндегi басқарма балық аулауға бөлiнген лимит (квота) үшін алдын ала ақы төлеу шартымен табиғат пайдаланушыға 1 жылдан (маусым) артық емес мерзiмге алдын ала ақысы төленiп бөлiнген лимитiн көрсетiп рұқсат бередi.
Тармақ 11
11. Бөлiнген лимит (жылдың немесе маусымның) үшін толық төлем Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық орман және биоресурстар жөніндегi басқарманың қарауы бойынша табиғат пайдаланушының мүмкiндiктерi ескерiлiп бөлiктерге бөлiнуi мүмкiн. Бұл орайда рұқсат лимиттiң тек төлемдер төленген бөлiгiне ғана берiледi. Содан кейiнгi төлемдердiң төленуiне қарай қалған лимиттi (квотаны) игеруге рұқсат берiледi.
Тармақ 12
12. Табиғат пайдаланушыларға берiлген балық шаруашылық су айдындарын немесе балық аулау учаскелерiн олардың басқа ұйымдарға (үшіншi тұлғаларға) Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық орман және биоресурстар жөніндегi басқарманың тиiстi ұсыныстарынсыз және атқарушы өкiметтiң облыстық органдарының шешiмiнсiз беруге тыйым салынады.
Тармақ 13
13. Табиғат пайдаланушылардың Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық орман және биоресурстар жөніндегi басқармамен келiсiм шарты, оларға берiлген рұқсат пен алдын ала төленген ақы туралы түбiртек кәсіпшiлiк жүргiзуге негiздеме болып табылады.
Тармақ iv. IV. ТЕНДЕР ӨТКIЗУГЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
IV. ТЕНДЕР ӨТКIЗУГЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
Тармақ 14
14. Тендер өткiзуге бақылауды Шығыс Қазақстан облысының әкiмшiлiгi жүзеге асырады.
Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық
орман және биоресурстар жөніндегi
басқарма бастығы
А.Ғ. Қалмаков
Басқа 46. Облыстық балық кәсіпшiлiк учаскелерiн бекiту және
балық шаруашылық су айдындарында балық аулау лимиттерiн
(квоталарын) бөлу жөніндегi облыстық тендер комиссиясының
Облыс Әкімiнің 2000 жылғы
11 сәуірдегі № 842 шешiмiне
№ 2 қосымша
Облыстық балық кәсіпшiлiк учаскелерiн бекiту және
балық шаруашылық су айдындарында балық аулау лимиттерiн
(квоталарын) бөлу жөніндегi облыстық тендер комиссиясының
Құрамы
Комиссия төрағасы:
Қалмақов Аманкелдi Ғайниұлы
облыстық аумақтық орман және биоресурстар жөніндегi басқарма бастығы
Коновалова Валентина Геннадьевна
Балқаш аймақтық биоресурстарды қорғау жөніндегi мекеменің бас маманы
Комиссия мүшелерi:
Тоқсейітов Нұржан Тлеужанұлы
облыстық аумақтық жануарлар және өсiмдiктер әлемiне мемлекеттiк бақылау басқармасының бастығы
Адамов Ришат Жомартұлы
облыстық табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы
Березовская Полина Петровна
облыстық аумақтық орман және биоресурстар жөніндегi басқарма бастығының орынбасары
Куликов Евгений Вячеславович
Каз.БШЗИ Алтай бөлiмшесiнің директоры
Құрманғалиев Айтмұхан Әлмәдиұлы
облыстық қаржы басқармасының бастығы
Цыганков Анатолий Григорьевич
облыстық экономика басқармасының бастығы
Улмесеков Марат Қожанович
балық қорларын қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық инспекциясы бастығының міндетін атқарушы
📌 Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ШҚО Әкімінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 984 шешімімен.
Облыс Әкімi аппаратының басшысы
Т. Ибраев