О теплоснабжении г.Курчатова Күшін жойған
Басқа 0
Курчатов қаласын жылумен жабдықтау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 28 шілдегі N 90 шешімімен.
Курчатов қаласының көпқабатты тұрғын үйлерiн жылумен қамтамасыз етуде қалыптасқан сын жығдайды ескерiп, тұрғын үйлердi жылумен жабдықтаудың балама көздерiне көшiру үшiн ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Курчатов қаласын жылумен жабдықтаудың балама көздерiне көшiру жөніндегi бағдарлама әкiмшiсi болып құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басқармасы (Никитин Н.Л.) белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (Кұрмангалиев А.Ә.) жобалау жұмыстарын қаржыландыру үшiн облыс әкiмiнiң резервтiк қорынан 3,0 (үш) млн. теңге бөлсiн.
Тармақ 3
3. Құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басқармасы (Никитин Н.Л.) бекiтiлген нұсқаға сәйкес объектiлердi шұғыл ретте жұмыстық жобалауды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Курчатов қаласының әкiмi (Дмитропавленко В.Н.) тұрғын ұйлерге қоныстандыруды нығыздау, жылумен жабдықтаудың жаңа көздерiнiң оңды жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн үйлердiң инженерлiк жүйелерiн профилактикалық жөндеудi жүргiзу жөнінде нақты шаралар қолдансын:
Тармақша 1
1) тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мемлекттiк кәсiпорынының оңтайлы құрылымын және қолдағы бар негiзгi қорларды және материалдық құнды заттарды сақтауды камтамасыз ететiн ЖЭО-1 және ЖЭО-3 консервациялау жөнінде шаралар әзiрлесiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Ә.С.Бергеневке жүктелсiн.