О плане действий по улучшению положения женщин в области Қолданыста
Басқа 0
Облыста әйелдер жағдайын жақсартудың іс-қимыл жоспары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық Әділет департаментінің 24.04.2007 № 4-19/4853 хаты.
"Қазақстан Республикасында әйелдер жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 19 шілдесіндегі N 999 қаулысын іске асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыста әйелдер жағдайын жақсарту жөніндегі қоса жалғанған іс-қимылдар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақтөбе Қаласы және аудандар әкімдеріне әйелдер жағдайын жақсарту жөнінде осындай жоспарлар жасап, оның орындалуының нақты шараларын алу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.
Басқа 4
Облыс Әкімінің
1999 жылдың 16 қыркүйегіндегі № 158
шешімімен бекітілген
Облыста әйелдер жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдар жоспары
Рет
саны
Мақсаты және міндеттері
Нақты іс-әрекет
Аяқтау нысаны
Жауапты атқарушылар
Атқару
мерзімі
Қаржыландыру көздері
1.
Елдің әлеуметтік- экономикалық жағдайының жақсаруына қарай отбасы мен әйелдерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру
Отбасын қолдау жөнінде бағдарлама қабылдау
Әкімнің шешімі
Ақтөбе қаласы
және аудандар
әкімдері
2005 ж
2.
Аз қамтылған және әлеуметтік қысым көрген әйелдерді қолдау
Мүгедектерді сауықтыру
бағдарламасын әзірлеу
Қолданылып
жүрген заңдарға
сәйкес
Ақтөбе қаласы және аудандар
әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
2000 ж.
Жергілікті бюджет қаражаты шегінде
Әйелдер, жас өспірімдер мен балалар үшін әлеуметтік бейімделу орталықтарыН құру
Әкімнің шешімі
Ақтөбе қаласы және аудандар
әкімдері
2005 ж.
Халықаралық
ұйымдардың
гранттары мен
инвестициялары
Аз қамтылған отбасылары үшін балалар бақшаларын ұйымдастыру
Әкімнің шешімі
Ақтөбе қаласы және аудандар
әкімдері
2005 ж.
Жергілікті бюджет қаражаты шегінде
3.
Әйелдердің экономикалық, құқықтық және кәсіби сауаттылығын арттыру
Еңбекке тәрбиелеу, оқыту және даярлау мәселелері
жөнінде тренинг
орталықтарын құру
Орталықтар құру
Ақтөбе қаласы
және аудандар
әкімдері
Тұрақты
Жергілікті
бюджет
қаражаты шегінде
Жұмыссыздардың арасынан әйелдерді нарықтық экономикаға қажетті дағдылар мен білімдерге үйрету.
Қолданылып
жүрген заңдарға
сәйкес
Ақтөбе қаласы
және аудандар
әкімдері
Халықаралық
ұйымдардың
гранттары мен
инвестициялары
Әйелдерді оның ішінде жұмыссыздарды, олардың біліктілігі мен өзін-өзі жұмыспен қамтуын арттыру мақсатында компьютерлік білім алуын және жаңа технологияларға қол жеткізуін қамтамасыз ету
4.
Әйелдер мен балалардың
денсаулық жағдайын жақсарту
«Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
Қолданылып
жүрген заңдарға
сәйкес
Ақтөбе қаласы
және аудандар
әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2000-2020 жж.
Жергілікті
бюджет
қаражаты шегінде
4.1.
Балалар тамағы.
6 айға дейін балаларды
омыраумен көректендіру бағдарламасын іске асыру.
2000 ж.
Жергілікті
бюджет
қаражаты шегінде
4.2.
Ақтөбе қаласы
және аудандар
әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2000 ж.
Жергілікті
бюджет
қаражаты шегінде
4.3.
Бағдарлама әзірлеу
Ақтөбе қаласы
және аудандар
әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2000 ж.
Жергілікті
бюджет
қаражаты шегінде
4.4.
Медициналық- генетикалық
мониторингті енгізу
Медициналық генетика
кабинеті қызметі
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2000 ж.
Жергілікті
бюджет
қаражаты шегінде
4.5.
Қауіп-қатерге неғүрлым
бейім топ ретінде
қыздар мен аналарға көңіл бөле отырып, ВИЧ-індеттің одан әрі таралуына жол бермеу жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар
Ақтөбе қаласы
және аудандар
әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2000 ж.
Жергілікті
бюджет
қаражаты шегінде
4.6
Салауатты өмір салтын
қалыптастыру
Ақтөбе қаласы
және аудандар
әкімдері,
облыстық денсаулық сақтау
басқармасы
Тұрақты
Жергілікті
бюджет
қаражаты шегінде
5.
Өмірдің бастауынан денсаулықты қамтамасыз ету, босануға дейінгі және перинатальдық
жәрдемге, педиатриялық қызметтерге қол жеткізуді
жақсарту
«Қауіпсіз аналық» жобасын тарату
Қолданылып
жүрген заңдарға
сәйкес
Ақтөбе қаласы
және аудандар
әкімдері,
облыстық денсаулық сақтау
басқармасы
2005 ж.
Жергілікті
бюджет
қаражаты шегінде
6.
Облыста әйелдердің рұқтық (репродуктивтік) денсаулығын
жақсарту
Отбасылық дәрігерлік
амбулатория жұмысын
жетілдіру, мамандар
даярлау
Қолданылып,
жүрген заңдарға сәйкес
Ақтөбе қаласы
және аудандар
әкімдері,
облыстық денсаулық сақтау
басқармасы
2000 ж.
Жергілікті
бюджет
қаражаты шегінде
7.
Жыныс жолымен берілетін
аурулардың деңгейін азайту
Жыныс жолымен берілетін аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламаларды іске асыру
Қолданылып,
жүрген заңдарға сәйкес
Ақтөбе қаласы
және аудандар
әкімдері,
облыстық денсаулық сақтау
басқармасы
2000 ж.
Жергілікті
бюджет
қаражаты шегінде
8.
Анемиямен және йод
тапшылығына
байланысты аурулармен
аурудың деңгейін түсіру
Жүкті және бала емізетін
әйелдердің тамақтануын
жақсарту жөнінде бағдарлама әзірлеу
Қолданылып
жүрген заңдарға
сәйкес
Ақтөбе қаласы және аудандар
әкімдері,
облыстық денсаулық сақтау
басқармасы
2000 ж.
Жергілікті
бюджет
қаражаты шегінде
9.
Денсаулық сақтау қызметкерлерін валеология (салауатты өмір салты) бойынша оқыту
Валеология бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыру
Қолданылып
жүрген зандарға
сәйкес
Ақтөбе қаласы және аудандар
әкімдері,
облыстық денсаулық сақтау
басқармасы
2000 ж.
Жергілікті
бюджет
қаражаты шегінде
10
Зорлық –зомбылық құрбандарын ақтау және көмек
қөрсетуді және оларды қорғауды қамтамасыз ету үшін
құқық қорғау органдарымен,
басқа да мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимыл
тетігін жасау
айналған «Әйелдер үшін бас сауғалайтын орын берілетін, телефоны бар «Сенімгер» дағдарыстық орталықтарын ұйымдастыр
облыстық басқармалар бұйрықтары
Ақтөбе қаласы және аудандар
әкімдері,
облыстық басқармалар, қоғамдық бірлестіктер (келісіммен)
2000-2005 жж. облыс орталығында
ар, 2005-
2010 ж. аудандарда
Жергілікті
бюджет
қаражаты шегінде
11.
Әйелдердің жер және қаржы ресурстарына тең жағдайда қол жеткізуін тездету
Ауыл шаруашылығы өндірісін және кәсіпкерлікті ұйымдастыру үшін жер
үлесін табиғи қалпында жекешелендіру, жер учаскелерін сатып алу мәселелерінде әйелдерге жәрдемдесу
Қолданылып
жүрген зандарға
сәйкес
Ақтөбе қаласы және аудандар
әкімдері
Тұрақты
Жергілікті
бюджет
қаражаты шегінде
12.
Әйелдердің экономикалық, оның ішінде еңбек құқықтарын қорғау
Халықты жұмыспен қамту
бағдарламасын әзірлеу
Қолданылып
жүрген зандарға
сәйкес
Ақтөбе қаласы және аудандар
әкімдері, облыстық еңбек жұмыспен қамту және халықты
әлеуметтік қорғау
басқармасы
Тұрақты
Жергілікті
бюджет
қаражаты шегінде
13.
Коршаған ортаның жай-күйі әйелдердің өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту
Ірі автокөлік жолдары, өнеркәсіп аймақтарындағы ауаның ластану деңгейін лабораториялық
бақылауды ұйымдастыру және іске асырудың мақсатты бағдарламасын
әзірлеу
Қолданылып
жүрген зандарға
сәйкес
Ақтөбе қаласы және аудандар
әкімдері, облыстық денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқармалар
2000 ж.
Жергілікті
бюджет
қаражаты шегінде
14.
Облыста әйелдер жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысын БАҚ арқылы жүйелі жариялап тұру
Тұрақты жарияланымдар ақпараттық және тақырыптық радиотелехабарлар бағдарламасы
Қолданылып
жүрген зандарға
сәйкес
Ақтөбе қаласы және аудандар
әкімдері, облыстық денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқармалар
2000 ж.
Жергілікті
бюджет
қаражаты шегінде