Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов на внеочередных выборах Президента Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 - бабының 6 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп Жаңаөзен қаласында, Теңге, Қызылсай селоларында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Президентінің сайлау бойынша үгіт насихаттың баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықтау туралы» Жаңаөзен қала әкімиятының 2005 жылғы 13 қазандағы № 1318 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-11 тіркелген, 2005 жылғы 3 қарашадағы № 45 /1225/ «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Ж. Айсабаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Б. Базылов Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының төрағасы
Басқа 5
2011 жылғы 02 наурыз № 63 Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қаулысына қосымша Жаңаөзен қаласы, Теңге, Қызылсай селоларында сайлау кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары № Материалдарды орналастыру үшін объектінің атауы Орналастыру орны Ескертпе 1 Тақталар Маңғыстау көшесі «Өркен» ш/а № 20 үйінің сол жағынан 40 метр қашықтықта Қашаған көшесі № 5 гимназия мектебінің оң жағынан 110 метр қашықтықта Сатпаев көшесі «Тәуелсіздік» алаңының алдынан 20 метр қашықтықта «Шаңырақ» ш/а № 27 үйінің көше жағынан 30 метр қашықтықта Қосқұлақов көшесі № 11/26 үйінің көше жағынан 30 метр қашықтықта Бейбітшілік көшесі «Мұнайшы» мәдениет үйі ғимаратының сол жағынан 30 метр қашықтықта Теңге селосы «Болашақ» дүкенінің алдынан 40 метр қашықтықта Қызылсай селосы № 4 орта мектебінің алдынан 200 метр қашықтықта «Ақсу» ш/ауданы № 18 орта мектебінің алдынан 40 метр қашықтықта «Бостандық» ш/ауданы «Нефтебаза» ЖШС-нің ЖЖМС ғимаратының сол жағынан 180 метр қашықтықта 2 Тұғырлықтар «Атлант» сауда үйі «Атлант» сауда үйінің сол жағынан 25 метр қашықтықта Қалалық перзентхана Қалалық перзентхана ғимаратының сол жағынан 20 метр қашықтықта