О государственном имуществе Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік мүлік туралы
Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бөлім 1. 1-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Тарау 1. 1-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аудандық коммуналдық заңды тұлғалар – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған аудандық мемлекеттік кәсіпорындар мен аудандық мемлекеттік мекемелер;
Тармақша 2
2) аудандық коммуналдық мүлік – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мүлкі, оның ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджеті және аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мүлік, сондай-ақ аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік;
Тармақша 2-1
2-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкі (бұдан әрі – жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі) – аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мүлкі, оның ішінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің қаражаты, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп берілген және (немесе) бекітіп берілмеген мүлік;
Тармақша 2-2
Тармақша 2-3
2-3) әлеуетті сатып алушының (ие болушының) үлестес тұлғасы – осы әлеуеттi сатып алушының (ие болушының) шешiмдерін айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмге, оның iшiнде жазбаша түрде жасалған мәмiлеге байланысты ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты осы әлеуеттi сатып алушының (ие болушының) осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 2-4
2-4) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен құрылған, акцияларының бақылау топтамасы мемлекетке тиесілі, өңірдің экономикасын дамытуға жәрдемдесуді жүзеге асыратын, акционерлік қоғам нысанындағы өңірлік даму институты;
Тармақша 2-5
2-5) байқау кеңесінің тәуелсіз мүшесі – осы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғасы болып табылмайтын және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған, осы мемлекеттік кәсіпорынның, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын; осы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның немесе осы мемлекеттік кәсіпорынның, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғаларының – ұйымдарының лауазымды адамдарына бағынышты болумен байланысты емес және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде сол тұлғаларға бағынышты болумен байланысты болмаған; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде осы мемлекеттік кәсіпорынның, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аудитіне қатыспайтын және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған байқау кеңесінің мүшесі;
Тармақша 3
3) даму жоспары – мемлекеттік кәсіпорынның, акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бесжылдық кезеңге арналған негізгі қызмет бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) есепке алу объектісі – мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке алынатын мемлекеттік мүлік;
Тармақша 6
6) жекешелендіру – мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатуды қоспағанда, мемлекеттің осы Заңда белгіленген арнайы рәсімдер шеңберінде мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатуы;
Тармақша 6-1
6-1) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғалары – мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер;
Тармақша 7
7) коммуналдық заңды тұлғалар – мүлкі коммуналдық меншікте тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер;
Тармақша 8
8) коммуналдық мүлік – әкімшілік-аумақтық бөліністердің мүлкі;
Тармақша 8-1
8-1) корпоративтік басқару – мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызметін басқаруды қамтамасыз ететін және меншік иесі (акционер), байқау кеңесі (директорлар кеңесі), атқарушы орган (басқарма), мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың өзге де органдары мен меншік иесінің (акционердің) мүддесі үшін мүдделі тұлғалар арасындағы қатынастарды қамтитын процестердің жиынтығы;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының стратегиялық объектiге ие болуының басым құқығы – стратегиялық объект тиесiлi жеке тұлғадан немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғадан, осындай тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару жөнiнде мәмiле жасасуды ниет етiп отырған жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған не оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы мүліктік (тарату) массасының құрамында стратегиялық объектiнi иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) соттың қарауынан тыс тәртiппен өткiзген не стратегиялық объектiге сот актiсiнiң негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының стратегиялық объектiлердi нарықтық құны бойынша сатып алуға үшiншi тұлғалар алдындағы басым құқығы;
Тармақша 10
10) қазыналық кәсіпорын – мемлекет жедел басқару құқығында бөліп берген мүлкі бар коммерциялық ұйым;
Тармақша 11
11) мемлекет мұқтажы – мемлекеттің функцияларынан туындайтын және қоғамдық маңызы бар мақсаттарды көздейтін мемлекет мүддесін қанағаттандыру үшін жеке меншіктегі мүліктің мемлекеттік меншікке өту қажеттігінің болуы;
Тармақша 12
12) мемлекет меншігіне алу – Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алу туралы заңының негізінде жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі мүлікті Қазақстан Республикасы мүлкінің құрамына мәжбүрлеп өтеулі түрде иеліктен шығару;
Тармақша 13
13) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарды өзге мемлекеттік органдарға берген жағдайларда, осы Заңның тиісті саланың уәкілетті органы туралы қағидалары осындай мемлекеттік органға қолданылады;
Тармақша 14
14) мемлекеттік заңды тұлғалар – мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер;
Тармақша 15
15) мемлекеттік мекеме – басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекет құрған және қаржыландырудың қосымша көздері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 16
16) мемлекеттік мекемені немесе қазыналық кәсіпорынды жедел басқару құқығы (бұдан әрі – жедел басқару құқығы) – мемлекеттен меншік иесі ретінде мүлік алған және өз қызметінің жарғылық мақсаттарына, уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның заттық құқығы;
Тармақша 16-1
16-1) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган осы Заңда көзделген жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындау және өткізу үшін құратын алқалы орган;
Тармақша 17
17) мемлекеттік мүлік – республикалық және коммуналдық мүлік;
Тармақша 18
18) мемлекеттік мүлікті басқару – мемлекеттің (Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) мемлекеттік меншік құқығын және өзге де мүліктік құқықтарды жүзеге асыруы;
Тармақша 19
19) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, өз құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқықтарын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті және стратегиялық объектілерді жекешелендіру мен мемлекеттік мониторинг жүргізу саласындағы басшылықты өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 20
20) мемлекеттік мүлікті есепке алу – осы Заңның 15-тарауында көзделген қағидаларға сәйкес мемлекеттік мүлік тізілімін қалыптастыру үшін есепке алу объектілері туралы ақпаратты жинау мен қорытудың ретке келтірілген жүйесі;
Тармақша 21
21) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi орган бекiткен тiзбеге сәйкес мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң активтерін басқару мен пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;
Тармақша 22
22) мемлекеттік мүлік тізілімі – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті жəне мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;
Тармақша 23
23) мемлекеттің мүліктік құқықтары – мемлекеттің мыналарды:
мемлекеттік меншік құқығын;
мемлекеттің өзге де заттық құқықтарын (сервитутты, жалға алуды, мүлікті өтеусіз пайдалануды және басқаларын);
мемлекеттің міндетті құқықтарын (талап ету құқықтарын);
мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне ерекше құқықтарды;
мұрагерлік құқықтарды;
мемлекеттің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мүліктік құқықтарын қамтитын мүлікке құқықтары;
Тармақша 23-1
23-1) мемлекеттік мүліктің өтінімдік тізбесі – әлеуетті сатып алушылар (ие болушылар) жекешелендіру процесіне бастамашылық жасайтын мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылатын, акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тізімі;
Тармақша 24
24) мүдделер қайшылығы – байқау кеңесі мүшесінің жеке мүдделілігі мен оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері арасындағы осы заңды мүдделерге зиян келтіре алатын қарама-қайшылық туындайтын кездегі жағдай;
Тармақша 25
25) мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару – жер учаскесін мемлекеттік мүлік құрамына алып қоюға байланысты жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті алып қою, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекше жағдайларда және құны тең бағамен өтелген жағдайда мемлекет мұқтажы үшін жүргізілетін реквизициялау, мемлекет меншігіне алу;
Тармақша 26
26) облыстық коммуналдық заңды тұлғалар – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған облыстық мемлекеттік кәсіпорындар мен облыстық мемлекеттік мекемелер;
Тармақша 27
27) облыстық коммуналдық мүлік – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мүлкі, оның ішінде облыстық бюджет және облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мүлік, сондай-ақ аудандық коммуналдық мүлікті қоспағанда, облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік;
Тармақша 28
28) реквизициялау – дүлей зілзала, авариялар, эпидемия, эпизоотия жағдайында, соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде немесе соғыс уақытында және төтенше сипаттағы өзге де мән-жайлар кезінде мүліктің құнын меншік иесіне төлей отырып, мүлікті мемлекеттік органдардың шешімі бойынша меншік иесінен қоғам мүддесі үшін алып қою;
Тармақша 29
29) республикалық заңды тұлғалар – мүлкі республикалық меншікте тұрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелер;
Тармақша 30
30) республикалық мүлік – коммуналдық мүлікті қоспағанда, Қазақстан Республикасының мүлкі;
Тармақша 30-1
Тармақша 30-2
Тармақша 30-3
Тармақша 30-4
Тармақша 30-5
Тармақша 30-6
Тармақша 31
31) стратегиялық объект – қазақстандық қоғамның орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар мүлік, оны иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер етеді;
Тармақша 31-1
Тармақша 31-2
Тармақша 31-3
Тармақша 32
32) ұлттық басқарушы холдинг – ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін) тиімді басқару үшін құрылған, құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғам;
Тармақша 32-1
Тармақша 32-2
32-2) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспары – ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның онжылдық кезеңге арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын және негіздейтін құжат;
Тармақша 33
33) ұлттық даму институттары - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен акционерлiк қоғамдардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, қызметiнiң басты мақсаты өнеркәсіптік-инновациялық даму және кәсiпкерлiктi қолдау саласындағы жобаларды iске асыру, сондай-ақ «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-7-бабында көзделген қызметті жүзеге асыру болып табылатын қаржылық, консалтингтiк, инновациялық, сервистiк ұйымдар;
Тармақша 34
34) ұлттық компания – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі және ұлттық экономиканың негізін құрайтын салаларда қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
Тармақша 35
35) ұлттық холдинг – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, ұлттық компаниялардың және өзге де акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін тиімді басқару үшін құрылған, құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғам;
Тармақша 36
36) шаруашылық жүргізу құқығы – мемлекеттен меншік иесі ретінде мүлік алған және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шекте осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы;
Тармақша 37
37) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын – мемлекет шаруашылық жүргізу құқығында бөліп берген мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін коммерциялық ұйым;
Тармақша 37-1
37-1) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғалары – тікелей және (немесе) жанама түрде шешім қабылдауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың біреуінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасалған мәмілеге байланысты шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда);
Тармақша 37-2
37-2) іс-шаралар жоспары – ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның бесжылдық кезеңге арналған негізгі қызмет бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
Тармақша 38
Бап 2. 2-бап. Мемлекеттік мүліктің түрлері
2-бап. Мемлекеттік мүліктің түрлері
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мүлік республикалық және коммуналдық мүлік болып бөлінеді.
Тармақ 2
2. Республикалық мүліктің құрамына:
Тармақша 1
1) мемлекеттік қазынаның мүлкі:
республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;
республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік;
Тармақша 2
2) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік кіреді.
Тармақ 3
3. Коммуналдық мүліктің құрамына:
Тармақша 1
1) жергілікті қазынаның мүлкі:
жергілікті бюджеттің қаражаты;
коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік;
Тармақша 2
2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік кіреді.
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасы
3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Мемлекеттік мүліктің құқықтық режимі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады.
Тармақ 2
2. Республикалық мүлік Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, ал коммуналдық мүлік – осы әкімшілік-аумақтық бөліністен немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген басқа да негіздер бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі Қазақстан Республикасы мемлекеттік мүлкінің құқықтық режимі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы мүлік орналасқан шет мемлекеттің заңнамасында айқындалады.
Тармақ 4
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 4. 4-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы
4-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы
Тармақ 1
1. Осы Заң мемлекеттің мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы құқықтары мен міндеттерін айқындайды, мемлекеттің меншік құқығында мемлекетке тиесілі мүлікті иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді қоса алғанда, мүліктік құқықты жүзеге асыру тәртібін, мемлекеттік мүлікке, оның ішінде мүлікті мемлекет меншігіне алу және жекешелендіру кезінде құқықтарға ие болу және тоқтату, сондай-ақ жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың оларды иелену және (немесе) пайдалану тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Заң мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін және өзге де мемлекеттік мүлікті басқару тәртібін белгілейді.
Тармақ 3
3. Стратегиялық объектілердің құқықтық режимінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады.
Тармақ 3-1
3-1. Мемлекеттің пайдаланылмайтын мүлікке билік ету жөніндегі құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері осы Заңда белгіленген өзге де құқықтарды қоспағанда, «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
Тармақ 4
4. Бюджет қаражатына және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатына мемлекеттің құқықтарды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен реттеледі. Осы Заңда көзделген мемлекеттік мүлік ұғымы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген ерекшеліктерімен қоса Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде пайдаланылатын мемлекет активтері ұғымына қолданылады.
Мемлекеттік немесе жергілікті қазынаға жатқызылған өзге де мүлікке мемлекеттің құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
Тармақ 5
5. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне, мәдени құндылықтарға мемлекеттің құқықтарды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттеледі.
Тармақ 6
6. Зияткерлік меншік объектілеріне мемлекеттің ерекше құқықтарды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттеледі.
Тармақ 7
7. Осы Заңның ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдингтер бақылайтын өзге де заңды тұлғалар туралы ережелері, егер "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, Ұлттық әл-ауқат қорына және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына және оның бақылауындағы өзге де заңды тұлғаларға қолданылады.
Тармақ 7-1
7-1. Егер «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, осы Заңның ережелері дербес білім беру ұйымдарына қолданылады.
Тармақ 7-2
7-2. Осы Заңның ережелері, егер «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, жоғары ғылыми ұйымға қолданылады.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған заңды тұлғалардың мүлкін басқаруды, сондай-ақ олардың қызметін реттеуді Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
Тармақ 8-1
8-1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өз балансында тұрған, өзіне бекітіліп берілген мүлікке Қазақстан Республикасының атынан иелік ету, оны пайдалану және билік ету құқықтарын дербес жүзеге асырады, өзіне бекітіліп берілген мүлікке қатысты жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді қабылдайды.
Тармақ 9
9. Егер «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілерінде заңды тұлғалардың қатысушылары (акционерлері) арасында өзге тәртіп орнату мүмкіндігі көзделмесе, осы Заңның акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысты қолданылатын ережелері мемлекет «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы, салымшысы, акционері, мүшесі) ретінде әрекет ететін жағдайларға, оның ішінде мемлекеттің акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) мүліктік құқықтарды сатып алуы бөлігінде қолданылады.
Бап 5. 5-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
5-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күші:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттік мүлікке;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік заңды тұлғаларға, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда – жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, астананың, республикалық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың мемлекеттік мүлкін, мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі қатынастарға қолданылады.
Бап 6. 6-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару принциптері
6-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару принциптері
Мемлекеттік мүлікті басқару:
Тармақша 1
1) заңдылық;
Тармақша 2
2) есеп берушілік және бақылауда болу;
Тармақша 3
3) жариялылық;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану;
Тармақша 5
5) бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 7. 7-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектілері
7-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектілері
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мүліктің түріне қарай мемлекеттік мүлікті басқаруды Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісі жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік мүлікті басқаруды ұйымдастырады және республикалық мүлікті басқарады.
Тармақ 3
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімшілік-аумақтық бірлігінің атынан коммуналдық мүлікті басқаруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімшілік-аумақтық бірлігінің атынан жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқаруды аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты осы Заңның 18-1-бабында белгіленген құзыретке сәйкес жүзеге асырады.
Бап 8. 8-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару
8-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару
Тармақ 1
1. Республикалық мүлікті басқару кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның 2-тарауында және осы мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ережелерде және өзге де актілерде белгіленген өздерінің құзыреті шеңберінде республикалық мүлікке Қазақстан Республикасының құқықтарын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
Тармақ 2
2. Коммуналдық мүлікті басқару кезінде жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын осы Заңның 2-тарауында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ережелерде және өзге де актілерде белгіленген өз құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының коммуналдық мүлікке өздерінің құқықтарын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің коммуналдық мүлікке қатысты құзыреті осы Заңның 11-бабында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалады.
Тармақ 3
3. Республикалық және коммуналдық мүліктің сақталуын тексеруді мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мүлік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Мемлекет (Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс) акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың және мемлекеттік заңды тұлғалардың құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) болуы мүмкін.
Мемлекеттің өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда коммерциялық ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құрылтайшысы (қатысушысы, салымшысы, мүшесі) болуына жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Мемлекет (Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс) коммерциялық емес ұйым болып табылатын мемлекеттік қордың құрылтайшысы болуы мүмкін. Мемлекеттік қорды, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де ұйымдық-құқықтық нысандардағы басқа да коммерциялық емес ұйымдарды құру және олардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
7. Алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 09.01.2026 № 256-VIII Заңымен.
Бап 9. 9-бап. Мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру
9-бап. Мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру
Тармақ 1
1. Мүлікті республикалық мүлік құрамынан коммуналдық мүлік құрамына немесе керісінше беру мүлікке мемлекеттің құқығын тоқтатуға әкеп соқпайды, бірақ Қазақстан Республикасының республикалық мүлікке құқығын тоқтатуға және әкімшілік-аумақтық бөліністің коммуналдық мүлікке құқыққа ие болуына немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің коммуналдық мүлікке құқығын тоқтатуға және Қазақстан Республикасының республикалық мүлікке құқыққа ие болуына негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 10. 10-бап. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру
10-бап. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру
Тармақ 1
1. Коммуналдық мүлік жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару деңгейі бойынша облыстық коммуналдық мүлік, аудандық коммуналдық мүлік және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі болып бөлінеді.
Аудандық коммуналдық мүліктің құрамына, атап айтқанда, осы Заңның 23, 24, 26, 30, 31 және 32-баптарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік меншікке түскен мүлік кіреді.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық мүлкін жергілікті мемлекеттік басқару деңгейі облыстың коммуналдық мүлкін жергілікті мемлекеттік басқару деңгейіне теңестіріледі. Республикалық маңызы бар қалада және астанада коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқару аудандық деңгейге бөлінбейді және құрылмайды. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі ауданның жергілікті атқарушы органының осы Заңда көзделген құзыретін республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
Облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін жергілікті мемлекеттік басқару деңгейі ауданның коммуналдық мүлкін жергілікті мемлекеттік басқару деңгейіне теңестіріледі.
Тармақ 1-1
1-1. Аудандық коммуналдық мүлікті жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің құрамына немесе керісінше беру мемлекеттің мүлікке құқықтарын тоқтатуға алып келмейді, бірақ ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілік-аумақтық бірлігінің аудандық коммуналдық мүлікке құқықтарын тоқтату және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімшілік-аумақтық бірлігінің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкіне құқықтарды иелену немесе аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімшілік-аумақтық бірлігінің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкіне құқықтарын тоқтату және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілік-аумақтық бірлігінің аудандық коммуналдық мүлікке құқықтарын иелену үшін негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне мемлекеттік мүлікті беру облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен жүзеге асырылады.
Тармақ 2-1
2-1. Агломерация құрамына кіретін әкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық мүлкін меншік иесі өзінің аумағында жоба іске асырылған жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне осы әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының өтінішхаты негізінде береді.
Тармақ 3
3. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп берілген мемлекеттік мүліктің берілуі, сондай-ақ мүліктің агломерацияны дамыту мақсатында берілуі
мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері негізінде облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;
Тармақша 2
2) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері негізінде облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;
Тармақша 3
3) аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімдері және облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;
Тармақша 4
4) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының және облыстың жергілікті атқарушы органының шешімдерінің негізінде облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі.
Тармақша 5
5) аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне беріледі;
Тармақша 6
6) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне беріледі;
Тармақша 7
7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне жататын жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүліктік кешендері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімдері негізінде аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;
Тармақша 8
8) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімдері негізінде аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі.
Тармақша 9
9) агломерация құрамына кіретін коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі өзінің аумағында объект іске асырылған жергілікті атқарушы органның өтінішхаты негізінде агломерацияны дамыту мақсаттары үшін меншікке беріледі.
Тармақ 4
4. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне мемлекеттік мүлікті беру туралы шешім қабылданғаннан кейін беретін және қабылдайтын тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары қол қоятын және облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының басшылары бекітетін беру актісі отыз күн мерзімде ресімделеді.
Беру актісі оны ресімдеуге қатысатын әрбір тарап үшін екі данадан, қазақ және орыс тілдерінде төрт данада жасалады.
Тармақ 5
5. Осы бапта белгіленген тәртіп, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіп берілмеген коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беруге қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЗЫРЕТІ
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЗЫРЕТІ
Бап 11. 11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы құзыреті
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мүлікті тиімді басқару саясатын жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілер шығарады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мүлікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын республикалық заңды тұлғаларды, ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, сондай-ақ өзге де акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 5
5) стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту не оларды иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 6
6) - 9-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 10
10) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы немесе жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың тоқтатылуы туралы қаулы қабылдайды;
Тармақша 11
11) нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 12-1
12-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын құру туралы, мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатуды оны кері сатып алу міндеттемесімен жүзеге асыруға негіз болған мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған мүлікті ауыстыру, сондай-ақ мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын мерзімінен бұрын иелену және (немесе) өтеу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 13
13) акционерлік қоғамның акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін республикалық мүліктің құрамына сатып алу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 14
14) мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, мемлекет қатысатын өзге де акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді басқаруға қатысу құқығын жүзеге асырады немесе осы құқықты мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға береді;
Тармақша 15
15) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдалану туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 15-1
Тармақша 15-2
15-2) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда), ұлттық холдингтердің әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттерін және оларға мониторинг жүргізу тетігін айқындайды.
Ұлттық әл-ауқат қорының, сондай-ақ Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компаниялардың әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі;
Тармақша 15-3
15-3) «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардағы акцияларды, үлестерді, пайларды және үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алу туралы шешім қабылдайды, мемлекеттің акционер (қатысушы, салымшы, мүше) ретінде осындай заңды тұлғаларды басқаруға қатысу құқығын жүзеге асырады немесе осы құқықты мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға береді;
Тармақша 16
16) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 12. 12-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі құзыреті
12-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі құзыреті
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді шығарады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті басқарады, мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2-1
2-1) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептер тәртібін айқындайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті иеліктен шығаруды жүзеге асырады, пайдалануға береді;
Тармақша 4
4) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және оларды тарату, иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 4-1
4-1) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ведомстволарын қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының атынан, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң өзiне жүктелген функцияларын жүзеге асыруға ықпал ететiн және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады, мемлекеттiң акционерлiк қоғамды және жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқаруға акционер (қатысушы) ретiнде қатысу құқығын жүзеге асырады, сондай-ақ осы акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің акциясына (қатысу үлесіне) ие болу не иелiктен шығару туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының атынан өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкіне қатысты республикалық меншік құқығының субъект құқығын жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы) дербес айқындайды, олардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
Тармақша 8
8) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (өндірген өнімін сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, оның ішінде пайдалануға беруге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
Тармақша 8-1
8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі оған сенімгерлік басқаруға берген мемлекеттік мүлікті шартта көзделген тәртіппен және талаптарда сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың қызметі бойынша есептерді қарайды және бекітеді, сондай-ақ олардың қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізуді жүзеге асыруға құқылы;
Тармақша 10
10) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын келіседі немесе белгілейді;
Тармақша 11
11) мемлекеттік мүлік тізіліміне мемлекеттік мүлік объектілері туралы мәліметтерді береді;
Тармақша 11-1
11-1) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бөлу тәртібін айқындайды;
Тармақша 12
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 13. 13-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті
13-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады, өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мүлікті басқаруға талдау жасауды және оны бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып:
ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау;
ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін әзірлейді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардан, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардан, жауапкершілігі шектеулі серіктестерден мемлекеттік мүлікті басқаруға дәйекті және объективті талдау жасау үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;
Тармақша 4-1
4-1) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін айқындайды;
Тармақша 4-2
4-2) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайды;
Тармақша 4-3
4-3) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайды;
Тармақша 4-4
4-4) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау тәртібін айқындайды;
Тармақша 4-5
Тармақша 4-6
4-6) стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілерінің), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектілерге ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау тәртібін әзірлейді;
Тармақша 4-7
4-7) Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекітеді;
Тармақша 4-8
4-8) Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесі) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4-9
4-9) Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4-10
4-10) Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу деңгейін айқындаудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4-11
4-11) Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне мемлекет ұсынатын кандидаттарға қойылатын ең төмен талаптарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 5
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 14. 14-бап. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
14-бап. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
Тармақша 2
2) республикалық мүліктің нысаналы және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) республикалық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде республикалық мүлікті, сондай-ақ нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығының субъект құқығын жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
Тармақша 6
6) республикалық заңды тұлғаға берілген немесе шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, республикалық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
Тармақша 9
9) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз
немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне
кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
Тармақша 10
10) тиісті саланың уәкілетті органына республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісім береді;
Тармақша 11
11) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорынның өзіне бекітіліп берілген мүлікті (өзі өндірген өнімді сатуын қоспағанда) иеліктен шығаруына немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуіне, филиалдар (өкілдіктер) құруына жазбаша келісім береді;
Тармақша 12
12) республикалық мүлік мәселелері бойынша мемлекеттің мүддесін білдіреді, Қазақстан Республикасына тиесілі мүліктік құқықтарды қорғауды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасына тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) сенімгерлікпен басқарушының республикалық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болады;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларына төлем жасауды және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша енгізу жолымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ республикалық мүлікті, оның ішінде акцияларды, қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқықтарын жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) жалғыз акционері (қатысушысы) Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тиісті директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына өз өкілін тағайындайды, ал Қазақстан Республикасы қатысатын өзге де акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде – директорлар кеңесіне немесе байқау кеңестеріне кандидатураны акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына бекітуге ұсынады;
Тармақша 22
22) осы Заңның 5-тарауында белгіленген жағдайлар мен шарттарда мемлекет меншігіне алынатын мүлікке өтем төлейді;
Тармақша 23
23) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
23-1) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 09.01.2026 № 256-VIII Заңымен;
23-2)
алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 09.01.2026 № 256-VIII Заңымен;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізеді және мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға ақпарат ұсынады;
Тармақша 24-1
24-1) республикалық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті, сондай-ақ «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікті (активтерді) есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізеді;
Тармақша 24-2
24-2) «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқарушы компанияның мүлікті (активтерді) басқару тиімділігін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді және ұйымдастырады;
Тармақша 25-1
25-1) Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша республикалық мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 26
Тармақша 26-1
26-1) мемлекеттік материалдық резервті және арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жедел басқаруындағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша, жүктелген функцияларды орындауға қажетті мүлікпен қамтамасыз етеді;
Тармақша 26-2
26-2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға береді;
Тармақша 26-3
26-3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мүлкін басқару мен күтіп-ұстау үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды қаржыландыруды жүзеге асырады;
Тармақша 26-4
26-4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, орналастырылатын акцияларға ақы төлеуді, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны, сондай-ақ республикалық мүлікті, оның ішінде акцияларды, үлестерді, пайларды және жарғылық капиталға қатысудың өзге де нысандарын енгізу арқылы салым енгізуді жүзеге асырады;
Тармақша 26-5
26-5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционер (қатысушы, салымшы, мүше) ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғаларды басқаруға қатысу құқықтарын «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады;
Тармақша 26-6
26-6) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, оның ішінде мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар бөлінісінде сыртқы және ішкі қарыз алу құрылымы туралы мәліметтерді есепке алуды және бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 26-7
26-7) Ұлттық әл ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес, Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу жөнінде ашық конкурс өткізеді;
Тармақша 26-8
26-8) Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес, Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізілімін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында жариялайды;
Тармақша 27
27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 15. 15-бап. Тиісті саланың уәкілетті органының құзыреті
15-бап. Тиісті саланың уәкілетті органының құзыреті
Тиісті саланың уәкілетті органы:
Тармақша 1
1) тиісті саладағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
Тармақша 2
2) республикалық мемлекеттік кәсіпорындар және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
Тармақша 3
3) республикалық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындайды;
Тармақша 3-1
3-1) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға атау беру, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және оларға жеке адамдардың есімдерін беру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, осы Заңда көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;
Тармақша 6
6) республикалық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және акционері мемлекет болып табылатын тиісті саладағы ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының орындалуын бақылау мен және талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) тиісті саладағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
Тармақша 10
10) республикалық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) республикалық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
Тармақша 12
12) республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
Тармақша 13
13) республикалық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілейді;
Тармақша 14
14) республикалық мемлекеттік мекемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
Тармақша 15
15) республикалық мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
Тармақша 16
16) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіге ие болудың басым құқығын іске асыру туралы шешімінің жобасын әзірлейді;
Тармақша 18
18) акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтары өзіне берілген жағдайларда, мемлекет жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын, акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тиісті директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына өз өкілін тағайындайды, ал мемлекет қатысатын өзге де акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде директорлар кеңестеріне немесе байқау кеңестеріне кандидатураны акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына бекітуге ұсынады;
Тармақша 19
19) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкілін мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің немесе мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің құрамына енгізу үшін қажетті шараларды қамтамасыз етеді немесе қабылдайды;
Тармақша 20
20) мәліметтерді, оның ішінде, өзінің басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың және оларға қатысты мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде басқаруға қатысу құқығын өзі жүзеге асыратын мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесін, бұл мәліметтерді мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсету үшін дайындайды;
Тармақша 20-1
20-1) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорынның өзіне бекітіп берілген мүлікті (өзі өндірген өнімді сатуын қоспағанда) иеліктен шығаруына немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуіне, филиалдарды (өкілдіктерді) құруына келісім беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 20-2
20-2) Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді қоспағанда, республикалық мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру туралы шешімді келіседі;
Тармақша 21
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 15-1. 15-1-бап. Сатып алу саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Сатып алу саласындағы уәкілетті орган:
15-1-бап. Сатып алу саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Сатып алу саласындағы уәкілетті орган:
Бап 16. 16-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдарының коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі құзыреті
16-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдарының коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органы:
Тармақша 1
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің коммуналдық мүлікті басқару мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін қарайды;
Тармақша 2
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің коммуналдық мүлкін дамытуға бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлейді;
Тармақша 3
3) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келіседі.
Бап 17. 17-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
17-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 2
2) аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіреді;
Тармақша 3
3) облыстық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды міндетті түрде жария тыңдаулар өткізе отырып жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 5
Тармақша 6
6) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 7
7) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға оcыған уәкілеттік береді;
Тармақша 8
8) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
Тармақша 9
9) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді және осы Заңда көзделген жағдайларда келіседі;
Тармақша 10
10) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
Тармақша 12
12) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
Тармақша 13
13) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 14
14) акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін облыстық коммуналдық мүлік құрамына сатып алу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 15
15) осы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен облыстық коммуналдық мүлікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкінің деңгейіне беру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 15-1
15-1) осы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен агломерациялар құрамына кіретін коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін аумағында объект іске асырылған жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне агломерацияны дамыту мақсаттары үшін беру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 16
16) тарих және мәдениет ескерткіштерін меншік иесінен алып қою туралы талап-арызбен сотқа жүгіну туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 17
17) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 18
18) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде осы Заңның 4-тарауында белгіленген талаптар бойынша реквизициялау туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 19
19) осы Заңның 4-тарауында белгіленген жағдайларда және талаптарда реквизицияланатын мүлікке ақшалай өтем төлейді;
Тармақша 20
20) осы Заңның 6-тарауында белгіленген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарған кезде өтем төлейді;
Тармақша 21
21) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы немесе мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың тоқтатылуы туралы қаулы қабылдайды;
Тармақша 22
22) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарт (бұдан әрі – жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт) жасасады;
Тармақша 23
23) облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 24
24) облыстық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 25
25) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 26
26)
облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз
немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен
өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;
Тармақша 27
27) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 28
28) өзіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 18. 18-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
18-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
1-1) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізеді;
Тармақша 2
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды міндетті түрде жария тыңдаулар өткізе отырып жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 5
Тармақша 6
6) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз
немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;
Тармақша 7
7) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ олардың акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 8
8) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға осыған уәкілеттік береді;
Тармақша 9
9) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
Тармақша 10
10) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді және осы Заңда көзделген жағдайларда келіседі;
Тармақша 12
12) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
Тармақша 14
14) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
Тармақша 15
15) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 16
16) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 17
17) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде осы Заңның 4-тарауында белгіленген талаптар бойынша реквизициялау туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 18
18) осы Заңның 4-тарауында белгіленген жағдайларда және талаптарда реквизицияланған мүлікке ақшалай өтем төлейді;
Тармақша 19
19) осы Заңның 6-тарауында белгіленген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарған кезде өтем төлейді;
Тармақша 20
20) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы немесе жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың тоқтатылуы туралы қаулы қабылдайды;
Тармақша 21
21) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жасасады;
Тармақша 22
22) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
Тармақша 23
23) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 24
24) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 24-1
24-1) жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 24-2
24-2) осы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен агломерациялар құрамына кіретін коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін аумағында объект іске асырылған жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне агломерацияны дамыту мақсаттары үшін беру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 25
25) өзіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 18-1. 18-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ
әкімі аппаратының құзыреті
18-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ
әкімі аппаратының құзыреті
Тармақ 1
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
Тармақша 2
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
Тармақша 5
5) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі ие болған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
Тармақша 8
8) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 9
9) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
Тармақша 10
10) жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
Тармақша 11
11) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
Тармақша 12
12) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді осы Заңда көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
Тармақша 13
13) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 14
14) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
Тармақша 15
15) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 16
16) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты:
Тармақша 1
1) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп-ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
Тармақша 4
4) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлім 2. 2-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРҒА ИЕ БОЛУЫ
2-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРҒА ИЕ БОЛУЫ
Тарау 3. 3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРҒА ИЕ БОЛУ НЕГІЗДЕРІ
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРҒА ИЕ БОЛУ НЕГІЗДЕРІ
Бап 19. 19-бап. Мемлекеттің мүліктік құқықтарға ие болу негіздерінің тізбесі
19-бап. Мемлекеттің мүліктік құқықтарға ие болу негіздерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының республикалық мүлік құқықтарына ие болуына:
Тармақша 1
1) республикалық бюджетке түсетін түсімдер;
Тармақша 2
2) республикалық заңды тұлғалардың мүлікке ие болуы;
Тармақша 3
3) тәркілеу;
Тармақша 4
4) мүлікті коммуналдық мүліктің құрамынан республикалық мүліктің құрамына беру;
Тармақша 5
5) азаматтық-құқықтық шарттар (сатып алу-сату, мердігерлік және басқа да шарттар) негізінде мүлікті сатып алу және оны жасау;
Тармақша 6
6) стратегиялық объектілерге ие болуға басым құқықты іске асыру;
Тармақша 7
7) күтімсіз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды сот шешімі бойынша алып қою;
Тармақша 8
8) жеке меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне құқықты қайта ресімдеген кезде, оған мемлекеттік меншік құқығына ие болу;
Тармақша 9
9) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүлкін мұраға қалдыру, сыйға тарту немесе оның республикалық мүліктің құрамына өзге де өтеусіз берілуі не өзге де өтеусіз түсуі (өтуі);
Тармақша 10
10) мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару;
Тармақша 11
11) шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейін Қазақстан Республикасының міндеттеме бойынша атқарғанын қайтаруы;
Тармақша 12
12) жарамсыз деп танылған мәміле бойынша берілген мүлікті қайтару;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Әкімшілік-аумақтық бөліністің коммуналдық мүлік құқықтарына ие болуына:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджетке түсетін түсімдер;
Тармақша 2
2) коммуналдық заңды тұлғалардың мүлікті сатып алуы;
Тармақша 3
3) иесі жоқ және тәркіленген мүліктің коммуналдық мүлік құрамына түсуі;
Тармақша 4
4) мүлікті республикалық мүліктің құрамынан коммуналдық мүліктің құрамына беру;
Тармақша 5
5) азаматтық-құқықтық шарттар (сатып алу-сату, мердігерлік және басқа да шарттар) негізінде мүлікті сатып алу және оны жасау;
Тармақша 6
6) өз бетінше салынған құрылысқа құқықтарға сот шешімі бойынша ие болу;
Тармақша 7
7) күтімсіз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды сот шешімі бойынша алып қою;
Тармақша 8
8) жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар мүлкін мұраға қалдыру, иесіз қалған мүлкінің басқаға өтуі, сыйға тарту немесе оның коммуналдық мүліктің құрамына өзге де өтеусіз берілуі не өзге де өтеусіз түсуі (өтуі);
Тармақша 9
9) мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару;
Тармақша 10
10) шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейін әкімшілік-аумақтық бөліністің міндеттеме бойынша атқарғанын қайтаруы;
Тармақша 11
11) жарамсыз деп танылған мәміле бойынша берілген мүлікті қайтару;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер негіз болып табылады.
Бап 20. 20-бап. Бюджетке жататын мүлік құқығына ие болу
20-бап. Бюджетке жататын мүлік құқығына ие болу
Бюджетке жататын мүлік құқығына ие болу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалады.
Бап 21. 21-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлікті сатып алуы
21-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлікті сатып алуы
Мемлекеттік заңды тұлғалардың өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижесінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де негіздер бойынша мүлікті сатып алуы мемлекеттің осы мүлікке құқыққа ие болуына және оны мемлекеттік мүлікке жатқызуға негіз болып табылады.
Бап 22. 22-бап. Тәркіленген мүліктің және мемлекет кірісіне айналдырылған
мүліктің түсуі
22-бап. Тәркіленген мүліктің және мемлекет кірісіне айналдырылған
мүліктің түсуі
Тәркіленген мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына түсуі осы Заңның 210 – 212, 214, 215-баптарында айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады, мемлекет кірісіне айналдырылған мүліктің (активтердің) түсуі Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
Бап 22-1. 22-1-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаның айырбастау шарты бойынша мүлікті сатып алуы
22-1-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаның айырбастау шарты бойынша мүлікті сатып алуы
Бап 23. 23-бап. Иесі жоқ жылжымайтын заттарға мемлекеттік меншік құқығына ие болу
23-бап. Иесі жоқ жылжымайтын заттарға мемлекеттік меншік құқығына ие болу
Тармақ 1
1. Иесі жоқ жылжымайтын заттарды олар табылған аумақтағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жергілікті атқарушы органдарының өтініші бойынша жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган есепке алады. Жергілікті атқарушы орган иесі жоқ жылжымайтын затты есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін бұл затты аудандық коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді.
Бұл ретте, егер иесіз зат халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектісі болып табылса, Қазақстан Республикасының заңдарында сот осы затты коммуналдық меншікке түсті деп танығанға дейін оны уақытша пайдалану көзделуі мүмкін. Егер меншік иесі меншік құқығынан жариялау арқылы бас тартқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган бас тарту туралы жарияланған кезден бастап бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді. Жер учаскесі иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде, осы зат аумағында табылған республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті уәкілетті органының өтініші бойынша, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес есепке алынады.
Тармақ 2
2. Жеке тұлғалардағы немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардағы өздерінің меншікті мүлкі ретінде иеленіп келген иесі жоқ жылжымайтын заттар есепке алынбайды және аудандық коммуналдық меншікке берілмейді.
Тармақ 3
3. Осындай мүлікке басқа тұлғаның меншік құқығы туындағанға дейін кез келген уақытта меншік иесі өзіне тиесілі жылжымайтын затты иесі жоқ ретінде есептен шығару туралы өтініш жасауға және оны өзінің іс жүзіндегі иелігіне жаңадан қабылдауға құқылы.
Тармақ 4
4. Иесі жоқ жылжымайтын заттар ретінде есепке алынған жер учаскелеріне құқықтарға мемлекеттің ие болу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленеді.
Бап 24. 24-бап. Меншік иесі бас тартқан жылжымалы заттарға мемлекеттік меншік құқығына ие болу
24-бап. Меншік иесі бас тартқан жылжымалы заттарға мемлекеттік меншік құқығына ие болу
Тармақ 1
1. Меншік иесі тастап кеткен немесе ол меншік құқығынан бас тарту мақсатында өзгеше түрде қалдырып кеткен жылжымалы заттар (тасталған заттар) осы бапта көзделген жағдайларда және тәртіппен мемлекет меншігіне айналдырылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Жер пайдалануында құнының мөлшері тастап кеткен зат табылған күні қолданылып келген айлық есептік көрсеткіштің жиырма еселенген мөлшерінен анық төмен, тастап кеткен зат не тастап кеткен металл сынықтары, жарамсыз өнім орналасқан жер учаскесі бар мемлекеттік заңды тұлға оларды пайдалануға кірісіп немесе заттардың шаруашылық жүргізуге немесе жедел басқаруға айналдырылғанын куәландыратын өзге де іс-әрекет жасап, осы заттарды өзінің шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына айналдырады.
Мемлекеттік меншіктегі жерден және жер пайдалануға берілмеген жерден осындай мүлік табылған жағдайда, мүлікті аудандық коммуналдық мүліктің құрамына қабылдау қажет болған кезде, ол аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша жергілікті қазынаға түседі.
Тармақ 3
3. Мүлікті аудандық коммуналдық мүліктің құрамына қабылдау қажеттігі туралы мәселе қаралған кезде:
Тармақша 1
1) экономикалық тұрғыдан орындылығы;
Тармақша 2
2) мүліктің аудандық коммуналдық мүліктің құрамына қабылданғаннан кейінгі мақсаты мен пайдаланылуы негізгі өлшемдер болып табылады.
Тармақ 4
4. Мүлікті аудандық коммуналдық мүліктің құрамына қабылдау қажеттігі болмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган мүлікті осы Заңның 213-бабына сәйкес одан әрі өткізу үшін осы бапта белгіленген тәртіппен аудандық коммуналдық мүліктің құрамына қабылдай алады.
Тармақ 5
5. Меншік иесі тастап кеткен, құнының мөлшері тастап кеткен зат табылған күні қолданылып келген айлық есептік көрсеткіштің жиырма еселенген мөлшеріне тең және одан да жоғары жылжымалы зат, егер мемлекеттік заңды тұлғаның немесе жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша осындай затты сот иесі жоқ деп таныған болса – оны иеленген мемлекеттік заңды тұлғаның шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына немесе ол аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының иелігіне түскен жағдайда аудандық қазынаның құрамына келіп түседі.
Бап 25. 25-бап. Мүлікті бюджет қаражаты есебінен сатып алу
25-бап. Мүлікті бюджет қаражаты есебінен сатып алу
Тармақ 1
1. Мүлікті бюджет қаражаты есебінен сатып алу "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптары мен қағидаларын сақтай отырып, мүлікті сатып алу туралы азаматтық-құқықтық шарттар жасасу, жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету (сатып алу-сату, мердігерлік, өтеулі қызмет көрсету және басқа да мәмілелер) негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сатып алу, акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымды бюджет қаражаты есебінен төлеу осы Заңда және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 26. 26-бап. Мұраның және иесіз қалған мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына түсуі
26-бап. Мұраның және иесіз қалған мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына түсуі
Тармақ 1
1. Жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесілі мүлік өсиетке сәйкес Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекетке өтуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Егер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлер жоқ болса немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мұрагерлердің ешқайсысының мұра алу құқығы жоқ болса не олардың барлығы мұрадан бас тартса, жеке тұлға қайтыс болғаннан кейін қалған мұра иесіз қалған мүлік деп танылады. Иесіз қалған мүлік Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен мұра ашылған жердегі аудандық коммуналдық меншіктің құрамына өтеді.
Бап 27. 27-бап. Сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарына ие болу
27-бап. Сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарына ие болу
Тармақ 1
1. Жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мүлікті мемлекетке сыйға тарту шартына осы бапта белгіленген ерекшеліктерімен қоса Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 27-тарауының ережелері қолданылады.
Мемлекеттік қызметшілерге және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдарға олардың лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты берілген, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне берілген сыйлықтарға құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері осы Заңның 216-бабында айқындалады.
Тармақ 2
2. Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болуы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Жер учаскелерін сыйға тарту шарты негізінде жеке меншіктен мемлекет меншігіне беру Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік мүлік құрамына жалпы пайдалану мақсатында (қайырмалдық) беру Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 516-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 28. 28-бап. Мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде мүлік құқықтарына ие болу
28-бап. Мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде мүлік құқықтарына ие болу
Тармақ 1
1. Мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде мемлекеттің (Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) мүлік құқықтарына ие болуы осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде мүлікті сатып алу бюджет қаражаты немесе осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де мемлекеттік мүлік есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде мемлекет сатып алатын мүлік мемлекеттік немесе жергілікті қазынаға түседі.
Бап 29. 29-бап. Көмбеге мемлекеттік меншік құқығына ие болу
29-бап. Көмбеге мемлекеттік меншік құқығына ие болу
Тармақ 1
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік меншіктегі жер учаскесінен немесе өзге де жылжымайтын мүліктен табылған көмбе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 247-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет пен көмбені тапқан адамның арасындағы шартпен өзгеше белгіленбегендіктен, олардың меншігіне тең үлеспен түседі.
Тармақ 2
2. Мәдени құндылықтарға жататын заттар бар көмбенің табылуына байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасымен реттеледі.
Бап 30. 30-бап. Олжаға мемлекеттік меншік құқығына ие болу
30-бап. Олжаға мемлекеттік меншік құқығына ие болу
Тармақ 1
1. Мемлекетке тиесілі үй-жайдан немесе көліктен табылған зат не меншік иесінің тұрған жері белгісіз зат Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 245-бабына сәйкес жалпы негізде аудандық коммуналдық меншікке өтеді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 245-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда, олжа аудандық коммуналдық меншікке өтеді.
Зат аудандық коммуналдық меншікке өткен жағдайда оны тауып алған адамның затты сақтауға, өткізуге және сатуға байланысты қажетті шығыстарды аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтетуге құқығы бар.
Бап 31. 31-бап. Қараусыз қалған жануарларға мемлекеттік меншік құқығына ие болу
31-бап. Қараусыз қалған жануарларға мемлекеттік меншік құқығына ие болу
Тармақ 1
1. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жергілікті атқарушы органдары айқындаған тәртіппен пайдаланылады.
Тармақ 2
2. Жануарлар мемлекет меншiгiне өткеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде – ол аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жергілікті атқарушы органдарымен келiсiм бойынша айқындалатын шарттармен, ал келiсiмге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.
Бап 32. 32-бап. Өз бетінше салынған құрылысқа мемлекеттік меншік құқығына ие болу
32-бап. Өз бетінше салынған құрылысқа мемлекеттік меншік құқығына ие болу
Мемлекетке тиесілі және жер пайдалануда болмаған жер учаскелерінде (мемлекетке тиесілі жер учаскесі ретінде қалыптастырылмаған жерлерде) тұлға өз бетінше салған құрылыс, оның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан орындылығы ескеріле отырып, құрылысқа жұмсалған шығыстар сот айқындаған мөлшерде өтеліп, аудандық коммуналдық меншікке берілуі мүмкін.
Мемлекеттік жер пайдаланушылардың жер пайдалануындағы жер учаскесінде өз бетінше құрылыс салуды жүзеге асырған кезде өз бетінше салынған құрылыс әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан орындылығы ескеріле отырып, құрылысқа жұмсалған шығыстар сот айқындаған мөлшерде бюджет қаражатынан өтеліп, аудандық коммуналдық меншікке берілуі мүмкін.
Бап 33. 33-бап. Күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерінің, мәдени құндылықтардың мемлекеттік мүлік құрамына түсуі
33-бап. Күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерінің, мәдени құндылықтардың мемлекеттік мүлік құрамына түсуі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше құндылыққа жатқызылған және мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткіштерінің, мәдени құндылықтардың меншiк иесi осы ескерткіштер мен құндылықтарды күтімсіз ұстап, бұл оларға өз маңызын жоғалту қатерiн төндiрген жағдайларда, мемлекет мұндай ескерткіштер мен құндылықтарды меншiк иесiнен сот шешiмi бойынша сатып алу арқылы алып қояды.
Тармақ 2
2. Тарих және мәдениет ескерткіштері, мәдени құндылықтар сатып алынған кезде – олардың құны тараптардың келiсiмімен, ал дау туған жағдайда сот тәртібімен белгіленген мөлшерде меншiк иесiне өтеледi.
Тармақ 3
3. Күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерін меншік иесінен алып қою тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша жүргізіледі.
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау
жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын сақтауын және күтімсіз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекет меншігіне өтуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет
ескерткіштерінің пайдаланылуын және оларды күтіп-ұстау тәртібін мемлекеттік бақылауды тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган, ал жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Тарих және мәдениет
ескерткіштерінің пайдаланылуын және оларды күтіп-ұстау тәртібін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде оларды күтімсіз ұстау фактілері анықталған жағдайда тиісті уәкілетті органдар:
уәкілетті орган – халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иесіне;
жергілікті атқарушы органдар – жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иесіне тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді бұзғаны және осындай бұзушылықтарды нұсқамада көрсетілген мерзім ішінде жою туралы нұсқама береді.
Тармақ 6
6. Ұлттық мәдениет игiлiгі объектiлерiнің мемлекеттiк тiзiлiміне енгiзiлген мәдени құндылықтарды тиісінше күтіп ұстамаған және сақтамаған жағдайда мәдениет саласындағы уәкілетті орган мәдени құндылықтардың меншік иесіне мәдени құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді бұзғаны және осындай бұзушылықтарды хабарламада көрсетілген мерзім ішінде жою туралы хабарлама береді.
Тармақ 7
7. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің, мәдени құндылықтардың меншік иесі олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді бұзушылықты жоймаған жағдайда:
халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне, мәдени құндылықтарға қатысты – уәкілетті орган;
жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне қатысты – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды меншік иесінен алып қою туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
Тармақ 8
8. Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды мемлекет соттың шешімі бойынша алып қойған жағдайда, олар – республикалық мүлік құрамына, ал жергілікті маңызы барлары коммуналдық мүлік құрамына түседі.
Бап 34. 34-бап. Жеке меншiктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне мемлекеттік меншік құқығына ие болу
34-бап. Жеке меншiктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне мемлекеттік меншік құқығына ие болу
Жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын адамның Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде жеке меншiктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне мемлекеттік меншік құқығына ие болу Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 35. 35-бап. Шартты бұзу немесе өзгерту не мәмілені жарамсыз деп тану кезінде мүлікті қайтарған жағдайларда мемлекеттік мүлікке құқықтың туындауы
35-бап. Шартты бұзу немесе өзгерту не мәмілені жарамсыз деп тану кезінде мүлікті қайтарған жағдайларда мемлекеттік мүлікке құқықтың туындауы
Тармақ 1
1. Шарт бұзылған немесе өзгерген кезге дейін мемлекеттік мүлік жеке немесе заңды тұлғалардың жеке меншігіне соның негізінде өткен шарт бұзылған немесе өзгерген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, тараптар шарт бұзылған немесе өзгерген кезге дейінгі міндеттемесі бойынша өздері атқарған жұмысты қайтаруды талап етуге құқылы емес.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мүлік жеке немесе заңды тұлғалардың жеке меншігіне соның негізінде өткен мәмілені сот жарамсыз деп таныған жағдайда, мұндай мүлік мемлекетке қайтарылады, ал мүлікті заттай қайтару мүмкін болмаған кезде, оның құны ақшалай өтеледі.
Бап 36. 36-бап. Мемлекеттік меншік құқығының презумпциясы
36-бап. Мемлекеттік меншік құқығының презумпциясы
Тармақ 1
1. Егер Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу жүйесін енгізгенге дейін мемлекеттік заңды тұлғаның балансына қойылған ғимаратқа, құрылысқа және өзге де жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тану туралы дау болмаса, осы мүлікке мемлекеттік меншік құқығы, қажетті құқық белгілейтін құжаттар болмаған жағдайда, осындай мүліктің мемлекеттік мүлік құрамында болуы туралы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) құжаттарымен расталуы мүмкін. Дау туындаған жағдайда, көрсетілген мүлікке меншік құқығы мүдделі тұлғаның талап-арызы негізінде сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағындағы және жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылмайтын барлық тарих және мәдениет ескерткіштері Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.
Тарау 4. 4-тарау. РЕКВИЗИЦИЯЛАУ
4-тарау. РЕКВИЗИЦИЯЛАУ
Тармақ 1. 1-параграф. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау
1-параграф. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау
Бап 37. 37-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау туралы жалпы ережелер
37-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау туралы жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізу объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан кепілді түрде қорғауды қамтамасыз ету үшін құрылған материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа да ресурстардың мемлекеттік резерві болмаған немесе жеткіліксіз болған кездегі ерекше жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау төтенше жағдай аймағымен (төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақпен) және (немесе) төтенше жағдай аймағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілетін төтенше жағдай кезеңімен шектеледі. Төтенше жағдайлар кезінде төтенше жағдай аймағынан тыс немесе төтенше жағдай кезеңінен тыс реквизициялауға жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қамтамасыз ету үшін азаматтығына және мемлекеттік тіркеу орнына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне қатысты реквизициялауға жол беріледі.
Бап 38. 38-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялаудың негізгі мақсаттары мен шарттары
38-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялаудың негізгі мақсаттары мен шарттары
Тармақ 1
1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен халықты азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен, тұрғын жайлармен қамтамасыз ету, ұлттық экономиканың тұрақты жұмыс істеуіне жағдайлар жасау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстар кезінде өзге де материалдық проблемаларды шешу үшін жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Реквизицияланатын мүліктің меншік иесіне мүліктің нарықтық құнын өтеу мүліктің меншік иесінің таңдауы бойынша реквизициялау күніне немесе мүліктің құнын өтеу күніне айқындалады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлкі реквизицияланбайтын ұйымдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 4
4. Мүліктің жекелеген түрлерін реквизициялау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Бап 39. 39-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау негіздері
39-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау негіздері
Тармақ 1
1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде реквизициялау жергілікті атқарушы органдар бекітетін жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жоюдың іс-қимылдар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында төтенше жағдай режимін енгізу кезінде қажетті құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін төтенше жағдай режимін енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде және соған сәйкес реквизициялауға жол беріледі.
Тармақ 3
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялауға төтенше жағдайларды жою басшысының шешімі негізінде қажетті құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде де жол беріледі.
Бап 40. 40-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау тәртібі
40-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау тәртібі
Тармақ 1
1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жалпы басшылықты және реквизициялауды қамтамасыз етуді
азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын
төтенше жағдайлардың түрі (объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық) мен сыныпталуына байланысты төтенше жағдайларды жою басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Реквизициялау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімдері негізінде жүзеге асырылады.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында төтенше жағдай режимін енгізу кезінде мүлікті реквизициялау осы Заңның 42 және 43-баптарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Жергілікті атқарушы органның реквизициялау туралы шешімі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысының шешімі негізінде шығарылады.
Тармақ 4
4. Шешімде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету үшін қажетті мүлік туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Тармақ 5
5. Реквизициялау туралы шешім:
Тармақша 1
1) реквизициялауға жататын мүліктің тізбесін, мүліктің меншік иесі және оның орналасқан жері, реквизицияланатын мүлікті жинайтын орын туралы мәліметтерді, сондай-ақ реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтерді;
Тармақша 2
2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай аймағында реквизициялауды бақылауға және қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғалардың дербес құрамын;
Тармақша 3
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай аймағында мүлікті алып қоюды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлғалардың дербес құрамын;
Тармақша 4
4) кемінде бір бағалаушы енгізілуге тиісті бағалау комиссиясының саны мен дербес құрамын;
Тармақша 5
5) реквизициялауды жүргізу мерзімін;
Тармақша 6
6) өтем төлеу мерзімдерін;
Тармақша 7
7) реквизициялауды жүргізуге қажетті өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс.
Тармақ 6
6. Қажет болған жағдайда, оның ішінде реквизициялануға жататын мүліктің тізбесі, лауазымды тұлғалардың немесе бағалау комиссиясының дербес құрамы өзгерген кезде реквизициялау туралы шешімге тиісті өзгерістер енгізіледі.
Тармақ 7
7. Реквизициялау туралы шешім және оған кейіннен жасалатын барлық өзгерістер мен толықтырулар қабылданған кезден бастап екі күн мерзімнен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға, сондай-ақ онымен еркін танысу үшін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы қолжетімді жерлерде орналастырылуға жатады.
Бап 41. 41-бап. Реквизициялау туралы шешім шығарылған мүлікті алып қою
41-бап. Реквизициялау туралы шешім шығарылған мүлікті алып қою
Тармақ 1
1. Мүлікті алып қойғанға дейін меншік иесі реквизициялау туралы шешіммен жеке қолын қойып танысуға тиіс.
Тармақ 2
2. Мүлікті алып қоюды осыған уәкілетті лауазымды тұлғалар мүліктің меншік иесінің (немесе оның уәкілетті өкілінің) және бағалау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен реквизициялау туралы актінің негізінде жүргізеді.
Тармақ 3
3. Реквизициялау туралы акт:
Тармақша 1
1) реквизициялау туралы шешімнің деректемелерін көрсете отырып реквизициялау жүргізу негіздерін;
Тармақша 2
2) мүлікті алып қоюды жүргізудің уақыты мен орнын;
Тармақша 3
3) реквизициялауды жүргізетін лауазымды тұлғалар, бағалау комиссиясының құрамы мен мүшелерінің саны, реквизицияланатын мүліктің меншік иесі, мүлікті алып қою кезінде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәліметтерді;
Тармақша 4
4) салмағы, өлшемі, сапасы мен буып-түю түрі, құқық белгілейтін құжаттар, мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар көрсетілген реквизицияланатын мүліктің тізімдемесін;
Тармақша 5
5) мүлікті бағалау туралы және өтемнің мөлшері туралы мәліметтерді;
Тармақша 6
6) өтемді төлеу мерзімін және жауапты лауазымды тұлғаны көрсете отырып, оны төлеуді қамтамасыз ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органды көрсетуді;
Тармақша 7
7) реквизициялау және реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтерді қамтуға тиіс.
Тармақ 4
4. Реквизициялау туралы акт кемінде екі данада жасалады, оған уәкілетті лауазымды тұлғалар, бағалау комиссиясының мүшелері мен мүліктің меншік иесі немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды және актінің бір данасы реквизицияланатын мүліктің меншік иесіне немесе оның уәкілетті өкіліне табыс етіледі. Уәкілетті лауазымды тұлға екінші данасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есеппен бірге жібереді.
Бап 42. 42-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймақтарында төтенше жағдай режимін енгізген кезде реквизициялау ерекшеліктері
42-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймақтарында төтенше жағдай режимін енгізген кезде реквизициялау ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймақтарында төтенше жағдай режимін енгізген кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын авариялық-құтқару қызметінің басшысы қажетті құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті мүлікті реквизициялауды өзінің жеке жауапкершілігімен дербес жүргізуге құқылы.
Тармақ 2
2. Мүлікті алып қою реквизициялау туралы актінің негізінде жүзеге асырылады, ол:
Тармақша 1
1) реквизициялау жүргізудің негіздерін;
Тармақша 2
2) алып қоюды жүргізудің уақыты мен орнын;
Тармақша 3
3) реквизициялауды жүргізетін лауазымды тұлғаның лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ реквизициялауға уәкілетті тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың деректемелері көрсетілген, реквизицияланатын мүліктің меншік иесі, алып қою кезінде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәліметтерді;
Тармақша 4
4) салмағы, өлшемі, сапасы мен буып-түю түрі, құқық белгілейтін құжаттар, мемлекеттік тіркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәліметтер көрсетілген реквизицияланатын мүліктің тізімдемесін;
Тармақша 5
5) мүлікті бағалау туралы және өтем мөлшері туралы мәліметтерді;
Тармақша 6
6) реквизициялау және реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтерді қамтуға тиіс.
Тармақ 3
3. Реквизициялау туралы актінің бір данасы реквизицияланған мүліктің меншік иесіне немесе оның уәкілетті өкіліне беріледі.
Тармақ 4
4. Жүргізілген реквизициялау туралы есеп жасалады, ол қоса тіркелген реквизициялау туралы актімен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жіберіледі.
Бап 43. 43-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай аймағында құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде реквизициялау
43-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай аймағында құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде реквизициялау
Тармақ 1
1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай аймағында құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде ерекше жағдайларда авариялық-құтқару қызметтерінің немесе шұғыл медициналық көмек қызметтерінің жекелеген жасақтарының (бөлімшелерінің) мұқтажы үшін реквизициялауды осы жасақтың (бөлімшенің, экипаждың) бастығы дербес жүргізеді.
Тармақ 2
2. Мүлікті алып қою реквизициялау туралы актінің негізінде жүргізіледі, ол:
Тармақша 1
1) реквизициялауға негіз болған ерекше мән-жайлар туралы нұсқауды;
Тармақша 2
2) алып қоюды жүргізудің уақыты мен орнын;
Тармақша 3
3) реквизициялауды жүргізетін лауазымды тұлғаның лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ өзге де қажетті деректемелер көрсетілген, реквизицияланатын мүліктің меншік иесі, алып қою кезінде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәліметтерді;
Тармақша 4
4) салмағы, өлшемі, сапасы мен буып-түю түрі, құқық белгілейтін құжаттар, мемлекеттік тіркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәліметтер көрсетілген реквизицияланатын мүліктің тізімдемесін;
Тармақша 5
5) реквизициялау және реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтерді қамтуға тиіс.
Тармақ 3
3. Реквизициялау туралы актінің бір данасы реквизицияланатын мүліктің меншік иесіне немесе оның уәкілетті өкіліне беріледі.
Тармақ 4
4. Авариялық-құтқару қызметтері немесе шұғыл медициналық көмек қызметтері жасағының (бөлімшесінің, экипажының) бастығы есеп пен реквизициялау туралы актіні қоса бере отырып, жүргізілген реквизициялау туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды дереу хабардар етуге міндетті.
Бап 44. 44-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизицияланған мүлікті қайтару
44-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизицияланған мүлікті қайтару
Тармақ 1
1. Реквизицияланған мүліктің меншік иесі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында төтенше жағдай режимінің күші жойылған немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тоқтатылған кезде сақталған мүлікті осы бапта көзделген қағидалар бойынша қайтаруды сот тәртібімен талап етуге құқылы.
Тармақ 2
2. Мүлкін алып қойғаны үшін өтем алмаған реквизицияланған мүліктің меншік иесі өзінің таңдауы бойынша мүлікті қайтаруды және залалдарды өтеуді не өтемді толық көлемде беруді талап етуге құқылы. Ішінара өтем алған меншік иесінің де осындай құқығы бар. Ішінара өтем алған меншік иесіне мүлікті қайтару кезінде залалдарды өтеу төленген сома ескеріле отырып жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Толық көлемде өтем алған реквизицияланған мүліктің меншік иесі мүліктің қайтарылған күнгі бағасы бойынша сақталған мүлікті басымдықпен, бірақ алынған өтем сомасынан аспайтындай сомамен сатып алуға құқылы.
Тармақ 4
4. Реквизицияланған мүліктің меншік иесіне мүліктің жекелеген түрлерін қайтарудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Жер кодексінде, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
Бап 45. 45-бап. Реквизицияланған мүлік үшін ақшалай өтем төлеу
45-бап. Реквизицияланған мүлік үшін ақшалай өтем төлеу
Тармақ 1
1. Реквизицияланатын мүлік үшін ақшалай өтем Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражатынан төленеді.
Тармақ 2
2. Өтем реквизиция туралы шешімде көрсетілген мерзімде, бірақ реквизициялау туралы актіге қол қойылған кезден бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей төленуге тиіс.
Тармақ 3
3. Өтемді төлеудің мерзімі өткен кезде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі негізге алынып есептелетін мөлшерде нақты төленетін күнге тұрақсыздық айыбы борыштың сомасына есептеледі.
Бап 46. 46-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизицияланатын мүлікті есепке алу
46-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизицияланатын мүлікті есепке алу
Тармақ 1
1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялауды жүзеге асырған мемлекеттік орган реквизицияланған мүліктің есебін жүргізуге міндетті, онда алып қойылған мүліктің тізбесі және реквизицияланған мүлік пайдалану үшін берілген авариялық-құтқару қызметінің жасақтары (бөлімшелері) немесе өзге де ұйымдар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшін, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды және оны азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.
Бап 47. 47-бап. Реквизициялау кезіндегі меншік иесі құқықтарының кепілдігі
47-бап. Реквизициялау кезіндегі меншік иесі құқықтарының кепілдігі
Тармақ 1
1. Реквизициялауды жүргізу кезінде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тармақ 2
2. Реквизицияланған мүліктің меншік иесі реквизициялау туралы шешімге, сондай-ақ реквизицияланған мүлікті бағалау және өтем мөлшеріне, оның ішінде өтелетін залалдардың мөлшеріне де сот тәртібімен дау айтуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Реквизицияланған мүліктің меншік иесінің мүліктің құнын және реквизициялаудан туындаған залалдарды өтеу туралы талабына талап қоюдың өту мерзімі қолданылмайды.
Тармақ 2. 2-параграф. Соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде және соғыс уақытында қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялаудың ерекшеліктері
2-параграф. Соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде және соғыс уақытында қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялаудың ерекшеліктері
Бап 48. 48-бап. Соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде қорғаныс мұқтаждары үшін реквизициялаудың негіздері мен тәртібі
48-бап. Соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде қорғаныс мұқтаждары үшін реквизициялаудың негіздері мен тәртібі
Тармақ 1
1. Соғыс жағдайы енгізілген және жұмылдыру жарияланған (толық немесе ішінара) кезде қорғаныс мұқтаждары үшін реквизициялау Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспарында көзделмеген мүлікке қажеттілік жаңадан туындаған жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде қорғаныс мұқтаждары үшін реквизициялау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының нұсқамалары бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қорғаныс мұқтаждары үшін реквизициялау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімдері негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының нұсқамасы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Әскери басқару органдары мен әскери бөлімдердің қорғаныс мұқтаждары үшін реквизициялау жөніндегі қызметіне жалпы басшылық жасауды және оны үйлестіруді "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының бұйрықтары негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы жүзеге асырады.
Бап 49. 49-бап. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялауға жататын мүлік
49-бап. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялауға жататын мүлік
Тармақ 1
1. Соғыс жағдайы енгізілген және жұмылдыру жарияланған (толық немесе ішінара) кезде қорғаныс мұқтажы үшін қажетті көлік құралдары және өзге де мүліктер реквизициялауға жатады.
Тармақ 2
2. Соғыс жағдайы енгізілген және жұмылдыру жарияланған (толық немесе ішінара) кезде соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету шаралары ретінде реквизициялау қажет болған кезде реквизициялауға жататын мүліктің тізбесін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы айқындайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес қорғаныс мұқтажы үшін мүлкін реквизициялауға болмайтын ұйымдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 4
4. Жеке тұлғалардың реквизициялауға жатпайтын мүлкінің тізбесі мен нормативтерін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, Қазақстан Республикасының халқын соғыс уақытында жабдықтау нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бап 50. 50-бап. Соғыс уақытында қорғаныс мұқтаждары үшін реквизициялаудың ерекшеліктері
50-бап. Соғыс уақытында қорғаныс мұқтаждары үшін реквизициялаудың ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Соғыс уақытында соғыс іс-қимылдары жүріп жатқан және жергілікті атқарушы органдар жұмыс істемейтін аумақта қорғаныс мұқтаждары үшін қажетті реквизициялауды, бұл туралы кейіннен Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарлай отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы дербес жүргізеді. Реквизициялауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы реквизициялауды жүргізетін жергілікті әскери басқару органдарына немесе әскери бөлімдердің командирлеріне (мекеме басшыларына) нұсқама береді.
Тармақ 2
2. Мүлікті алып қою реквизициялау туралы акт бойынша жүзеге асырылады, онда:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы нұсқамасының деректемелері көрсетілген реквизициялау жүргізудің негіздері;
Тармақша 2
2) алып қоюды жүргізу уақыты мен орны;
Тармақша 3
3) реквизициялауды жүргізетін лауазымды адамның лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ реквизициялауға уәкілетті адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың деректемелері көрсетілген, реквизицияланатын мүліктің иесі туралы, алып қою кезінде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) салмағы, мөлшері, сапасы мен буып-түю түрі, құқық белгілейтін құжаттар, мемлекеттік тіркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәліметтер көрсетілген реквизицияланатын мүліктің тізімдемесі;
Тармақша 5
5) мүлікті бағалау және өтем мөлшері туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) реквизициялау және реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтер қамтылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Жүргізілген реквизициялау туралы есеп жасалады, ол қоса берілген реквизициялау туралы актілермен бірге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабына жіберіледі.
Бап 51. 51-бап. Соғыс іс-қимылдарын жүргізу кезінде қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялаудың ерекшеліктері
51-бап. Соғыс іс-қимылдарын жүргізу кезінде қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялаудың ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Соғыс іс-қимылдары жүріп жатқан аймақта жекелеген әскери бөлімдердің мұқтажы үшін реквизициялауды ерекше жағдайларда әскери бөлімнің командирі дербес жүргізеді.
Тармақ 2
2. Мүлікті алып қою реквизициялау туралы акт бойынша жүргізіледі, ол:
Тармақша 1
1) реквизициялау үшін негіз болған ерекше мән-жайлар туралы нұсқауды;
Тармақша 2
2) алып қоюды жүргізудің уақыты мен орнын;
Тармақша 3
3) реквизициялауды жүргізетін әскери бөлім командирінің лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ реквизициялауды тағайындалған тұлға жүргізетін болса, реквизициялауға уәкілетті тұлғаларды тағайындау туралы жазбаша бұйрықтың деректемелері көрсетілген, реквизицияланатын мүліктің меншік иесі туралы, алып қою кезінде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәліметтерді;
Тармақша 4
4) салмағы, мөлшері, сапасы мен буып-түю түрі, құқық белгілейтін құжаттар, мемлекеттік тіркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәліметтер көрсетілген реквизицияланатын мүліктің тізімдемесін;
Тармақша 5
5) реквизициялау және реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтерді қамтуға тиіс.
Тармақ 3
3. Бір данасы реквизицияланған мүліктің меншік иесіне немесе оның уәкілетті өкіліне беріледі.
Тармақ 4
4. Әскери бөлімнің командирі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабына реквизициялау туралы есеп пен актілерді қоса бере отырып, жүргізілген реквизициялау туралы дереу хабарлауға міндетті.
Бап 52. 52-бап. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған мүліктің өтемін төлеу
52-бап. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған мүліктің өтемін төлеу
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы реквизицияланған мүліктің меншік иелеріне кейіннен өтем жасау үшін мүліктің алып қойылғаны туралы есептерді және реквизициялау туралы актілерді қоса бере отырып, қорғаныс мұқтаждары үшін жүргізілген реквизициялау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне дереу хабарлауға міндетті.
Тармақ 2
2. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған мүлікке өтем Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражатынан төленеді.
Тармақ 3
3. Жеке және заңды тұлғалардың қорғаныс мұқтажы үшiн реквизицияланған, сондай-ақ берiлген мүлкінің құнын мемлекеттiң өтеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бап 53. 53-бап. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялауға жататын және қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған мүлікті есепке алу
53-бап. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялауға жататын және қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған мүлікті есепке алу
Тармақ 1
1. Бейбіт уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің соғыс уақытына арналған қажеттілігіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялануы мүмкін көлік құралдары мен өзге де мүлікті есепке алуды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті есепке алу мүліктің жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ведомстволық және жалпы мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізетін мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Мүліктің жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ведомстволық және жалпы мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізетін мемлекеттік органдардың қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялауға жататын мүлікке қатысты ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 4
4. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялауға жататын мүлікті есепке алу осы мүлікті бейбіт уақытта еркін иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын шектеуге тиіс емес.
Тармақ 5
5. Реквизицияланған мүлікті бастапқы есепке алуды реквизициялауды жүргізген жергілікті әскери басқару органдары немесе әскери бөлімдердің командирлері (мекемелердің бастықтары) жүргізеді, олар алып қойылған мүліктің тізбесін және реквизицияланған мүлік пайдалану үшін берілген әскери бөлімдер немесе өзге де ұйымдар туралы мәліметтерді анықтауға тиіс.
Тармақ 6
6. Қорғаныс мұқтаждары үшін берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді және оны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы ұйымдастырады.
Тарау 5. 5-тарау. МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ АЛУ
5-тарау. МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ АЛУ
Бап 54. 54-бап. Мемлекет меншігіне алуды жүзеге асыру принциптері
54-бап. Мемлекет меншігіне алуды жүзеге асыру принциптері
Тармақ 1
1. Мемлекет меншігіне алу тиісті заң тәртібін сақтай отырып Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық мүдделер үшін жүзеге асырылуы және мемлекет меншігіне алынатын мүлік пен басқа да залалдардың нарықтық құнын Қазақстан Республикасы алдын ала және тең құнымен өтеген жағдайда кемсітусіз жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Мемлекет меншігіне алу жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі мүлікті иеліктен шығарудың ерекше жағдайы (ерекше нысаны) болып табылады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген мүлікті иеліктен шығарудың барлық өзге де мүмкін болатын нысандары толық біткеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Мемлекет меншігіне алу мемлекет меншігіне алу рәсімдерінің жариялылығы сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.
Бап 55. 55-бап. Мемлекет меншігіне алудың негіздері
55-бап. Мемлекет меншігіне алудың негіздері
Мемлекет меншігіне алу Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегi мүлiктi мемлекеттiк меншiкке өндіріп алу туралы заңының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алу туралы заңы) негізінде жүзеге асырылады.
Бап 56. 56-бап. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің құнын өтеу мөлшері
56-бап. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің құнын өтеу мөлшері
Тармақ 1
1. Мемлекет меншігіне алған кезде мемлекет меншігіне алынатын мүліктің құны Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабының 4-тармағына және 266-бабына сәйкес өтелуге жатады.
Тармақ 2
2. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесіне төленетін өтемнің мөлшері мүліктің нарықтық құнын негізге ала отырып айқындалады.
Тармақ 3
3. Өтем мөлшері бағалау жүргізген күнге айқындалады.
Бап 57. 57-бап. Өтем төлеу тәртібі
57-бап. Өтем төлеу тәртібі
Тармақ 1
1. Мүліктің құнын және басқа залалдарды өтеу мемлекет меншігіне алынатын мүлікке меншік құқығы Қазақстан Республикасына өткен кезге дейін толық көлемде жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Өтемді төлеу ақшалай нысанда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен, ал Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда шетел валютасымен төленеді.
Тармақ 3
3. Өтемді төлеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Өтемді өзге мүлікпен төлеуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган арқылы Қазақстан Республикасы мен мүліктің меншік иесінің арасындағы келісім бойынша жол беріледі. Көрсетілген келісім жазбаша нысанда жасалуға тиіс.
Тармақ 5
5. Өтем төлеу бір мезгілде жүргізіледі, өтемді бөліп-бөліп төлеуді көздейтін мемлекет меншігіне алуды жүзеге асыруға жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Мемлекет меншігіне алынған мүлікті іс жүзінде беру мемлекет меншігіне алынатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе мемлекет меншігіне алған кезде шектелетін меншік иесі мен өзге де тұлғалар тең құнымен өтем алғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Бап 58. 58-бап. Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алынатын мүлік құқықтарына ие болуы
58-бап. Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алынатын мүлік құқықтарына ие болуы
Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алынатын мүлік құқықтарына ие болуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Жер кодексінде, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 59. 59-бап. Мемлекет меншігіне алу кезіндегі мемлекеттік органдардың функциялары
59-бап. Мемлекет меншігіне алу кезіндегі мемлекеттік органдардың функциялары
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлікті іс жүзінде қабылдауға байланысты барлық қажетті іс-қимылдарды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлік туралы мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізеді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атынан мемлекет меншігіне алынған мүліктің меншік иесі құқықтарын жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет меншігіне алынған мүлікті республикалық заңды тұлғаларға бекітіп береді не осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша мемлекет жүз пайызбен қатысатын арнайы құрылған акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық холдингтің немесе ұлттық компанияның акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін төлеуге береді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлікті басқаруды ол осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен берілген кезге дейін жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген, мемлекет меншігіне алынған мүліктің тиімді пайдаланылуына бақылау жасауды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлікті берген кезден бастап жүзеге асырады.
Бап 60. 60-бап. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесінің құқығын қорғау
60-бап. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесінің құқығын қорғау
Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесінің және мемлекет меншігіне алынатын мүлікке байланысты құқықтары тоқтатылатын немесе мемлекет меншігіне алған кезде шектелетін өзге де тұлғалардың құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6-тарау. ЖЕР УЧАСКЕСІН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕР УЧАСКЕСІН НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ МӘЖБҮРЛЕП ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУ
6-тарау. ЖЕР УЧАСКЕСІН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕР УЧАСКЕСІН НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ МӘЖБҮРЛЕП ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУ
Бап 61. 61-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың нысанасы мен жалпы шарттары
61-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың нысанасы мен жалпы шарттары
Тармақ 1
1. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару тек қана жер учаскесіне қатысты жүзеге асырылады.
Егер жер учаскесіне жеке меншік құқығын құқықтық кадастрдағы мәліметтердің және (немесе) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде растау мүмкін болмаса, онда мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару осы учаскеде орналасқан ғимараттарға, құрылыстарға және жылжымайтын өзге де объектілерге (тұрғын жайларға, тұрғын үйлерге (тұрғын үй ғимараттарына), тұрғын үй-жайларға (пәтерлерге), тұрғын емес үй-жайларға) қатысты жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімдерінің жариялылығы сақталған кезде жүргізілуі мүмкін. Иеліктен шығарылатын мүліктің меншік иесі тарапынан талаптар болған кезде жариялылықтың болмауы мүлікті мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы хабарлама алған сәттен бастап, мемлекеттің оны сатып алуға басым құқығы болады.
Тармақ 4
4. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің меншік иесінің құқықтарын қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушысы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган осы Заңның
63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдағаннан кейін осы Заңның 69-бабына сәйкес келісім рәсімдеріне бастамашылық жасауға құқылы.
Тармақ 6
6. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қағидалар осы Заңның 67-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, жер учаскесі жеке тұлғаның немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның жер пайдалануында болған жағдайларда да қолданылады.
Бап 62. 62-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру принциптері
62-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру принциптері
Тармақ 1
1. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі мүлікті иеліктен шығарудың ерекше жағдайы болып табылады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мүлікті иеліктен шығарудың барлық өзге де ықтимал жағдайларын пайдалану мүмкін болмаған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Мемлекет мұқтажын қанағаттандырудың өзге (балама) тәсілі болған кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың коммерциялық мақсаттарын және мемлекеттік емес мүдделерді қанағаттандыру мақсаттарын көздейтін мүлікті кез келген иеліктен шығару не мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру мақсатынан туындамайтын және қоғамдық маңызды мақсаттарды көздемейтін мүлікті өзге де иеліктен шығару мүлікті мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару болып танылмайды. Бұл жағдайларда мүлікті иеліктен шығаруға мүліктің меншік иесі мен коммерциялық мақсаттарды көздейтін тұлға арасындағы келісім бойынша олардың арасында жасалған мүлікті сатып алу-сату шарты негізінде жол беріледі.
Тармақ 4
4. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға мемлекет мұқтажын қанағаттандыру үшін қаншалықты қажет болса, сондай көлемде ғана жол беріледі.
Тармақ 5
5. Осы баптың ережелерін орындамау жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудан соттың бас тартуы және осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулының күшін жою үшін негіз болып табылады.
Бап 62-1. 62-1-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты жер учаскесін немесе өзге де
жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару
кезінде тең бағамен өтеу шарттары
62-1-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты жер учаскесін немесе өзге де
жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару
кезінде тең бағамен өтеу шарттары
Тармақ 1
1. Осы бапқа қатысты тең бағамен өтеу деп алып қойылған кезге дейінгі жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті пайдаланудың қолда бар шарттарын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің және онда орналасқан жылжымайтын мүліктің (болған кезде) құнын өтеу мөлшерін белгілеу түсініледі.
Тармақ 2
2. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесі үшін меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға тең бағамен өтеу жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Тең бағамен өтеу мынадай тәсілдердің бірімен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда өзге жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру;
Тармақша 2
2) осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын өтеу.
Бап 62-2. 62-2-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты тең бағадағы жер учаскесін немесе
жылжымайтын мүлікті беру шарттары
62-2-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты тең бағадағы жер учаскесін немесе
жылжымайтын мүлікті беру шарттары
Тармақ 1
1. Меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға тең бағадағы жер учаскесін беру келтiрiлген залалдар (болған кезде) өтеліп, иеліктен шығарылатын жер учаскесінің орналасқан жері, оның нысаналы мақсаты, алаңы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Бұл ретте тең бағадағы жер учаскесі жер учаскесін иеліктен шығару жүзеге асырылатын елді мекен шегінде берілуге тиіс. Елді мекен шегіндегі мұндай жер учаскесінің орналасқан жері осы Заңның 64-бабына сәйкес жіберілетін жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасында айқындалады.
Тармақ 2
2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты тұрғын үйді бұзған кезде өзге жылжымайтын мүлікті беру «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға тең бағадағы жер учаскесін беру Қазақстан Республикасы Жер кодексінің
43-бабында (1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын қоспағанда) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бұл ретте меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға тең бағадағы жер учаскесі берілген кезде жерге орналастыру жұмыстарына арналған шығыстар бюджет қаражатынан қаржыландырылады.
Тармақ 4
4. Орнына берілетін мемлекет меншігіндегі жер учаскесінің бағасын бағалаушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке бағалау жүргізгеннен кейін оның нарықтық құны бойынша айқындайды.
Тармақ 5
5. Егер иеліктен шығарылатын жер учаскесінің құны орнына берілетін жер учаскесінің құнынан жоғары болса, онда олардың құнының айырмасы меншік иесіне өтеледі.
Бап 63. 63-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы және тоқтатылуы
63-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы және тоқтатылуы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабында көзделген айрықша жағдайларда және тәртіппен жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысы қабылданады.
Тармақ 2
2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулыда:
Тармақша 1
1) мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың мақсаты мен негіздері;
Тармақша 2
2) жер учаскесінің орналасқан жері, алаңы, кадастрлық нөмірі;
Тармақша 3
3) мүліктің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы;
Тармақша 4
4) мәжбүрлеп иеліктен шығару күні көрсетіледі, бірақ ол бұл қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан ерте болмауға тиіс;
Тармақша 5
5) келісім рәсімдерін жүзеге асыру асыру үшін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгінетін орны көрсетіледі.
Егер көрсетілген қаулыға осы тармақтың 2) және 4) тармақшалары бөлігінде өзгерістер енгізілген жағдайда, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі бұл қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жарияланған күннен бастап қайтадан жүзеге асырылады.
Көрсетілген қаулы, қажет болған жағдайда, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты өзге де мәліметтерді қамтуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдау, жоғары тұрған атқарушы органның құзыретіне кірген жағдайда, осы қаулыны қабылдау үшін, сондай-ақ сотқа талап-арыз келтіру үшін материалдар дайындауды және сотта оның мүдделерін білдіруді жер учаскесі орналасқан жер бойынша төмен тұрған атқарушы орган жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдаған атқарушы орган мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың тоқтатылғаны туралы қаулы қабылдау арқылы мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін тоқтатуға құқылы.
Тармақ 5
5. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетілген қаулылар олар қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде, атқарушы органдардың интернет-ресурстарын қоса алғанда, тиісінше республикалық немесе жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.
Тармақ 6
6. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
Тармақ 7
7. Егер жер учаскесіне жеке меншік құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген болса, меншік иесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулы қабылданғаннан кейін оған қатысты қаулы қабылданған жер учаскесіне жеке меншік құқығын растау бойынша қажетті іс-шараларды жүзеге асыра алады.
Бұл ретте, осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыда белгіленген мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі бір жылдан аспайтын уақытқа ұзартылады.
Бап 64. 64-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын
мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабардар ету
тәртібі
64-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын
мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабардар ету
тәртібі
Тармақ 1
1. Атқарушы орган немесе жоғары тұрған органның тапсырмасы бойынша төмен тұрған атқарушы орган осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны (бұдан әрі – жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама) пошта жөнелтілімінің табыс етілгені туралы хабарламаны міндетті түрде алатындай етіп, пошта арқылы жібереді. Табыс етілгені туралы хабарлама болмаған жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттар қайта жіберіледі.
Тармақ 2
2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламада мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулының қабылданғаны туралы (қаулының көшірмесін қоса бере отырып) ақпарат;
Тармақша 2
2) меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің орналасқан жері, алаңы, кадастрлық нөмірі;
Тармақша 4
4) нарықтық құны бойынша өтеу мөлшерін айқындау тәртібі туралы ақпарат;
Тармақша 5
5) тең бағамен өтеу тәсілдерінің бірін таңдау мүмкіндігі туралы ақпарат;
Тармақша 6
6) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шартқа қол қою тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ шарт жасасудан бас тартылған кезде мәжбүрлеп иеліктен шығару мәселесін сот тәртібімен шешу туралы түсіндірме;
Тармақша 7
7) иеліктен шығарылатын жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін оларға бағалау жүргізуді ұйымдастыру үшін беру мерзімдері.
Қажет болған кезде көрсетілген хабарламада жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты өзге де мәліметтер қамтылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы осы Заңның 69-бабының 1-тармағына сәйкес келісім рәсімдеріне бастамашылық жасай алады.
Тармақ 4
4. Меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға осы баптың 2-тармағында көрсетілген хабарламамен танысу үшін, сондай-ақ жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін беру үшін хабарлама алынған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күн беріледі.
Тармақ 5
5. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама заңдық талап ретінде «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады.
Бап 65. 65-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын
мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару
65-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын
мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару
Тармақ 1
1. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыда белгіленген мерзімдер өткеннен кейін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, не сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Концессиялық жобаларды іске асыру мақсатында жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жергілікті атқарушы органдар концессия шартында көзделген шарттарда және мерзімдерде, бірақ концессия объектісін немесе концессия объектісінің аяқталмаған құрылысын мемлекеттік меншікке беруден кешіктірмей, концедент сатып алған жер учаскелерін оларға беру шартымен концессионердің қаражаты есебінен жүзеге асыруы мүмкін.
Тармақ 3
3. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт немесе соттың шешімі жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға негіз болып табылады.
Осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген, сотта дау айтылмаған немесе осы Заңның 63-бабының 4-тармағына сәйкес күші жойылмаған қаулы, сондай-ақ осы баптың 7, 8, 9 және 11-тармақтарында белгіленген тәртіпті бұзу жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүргізуге негіз бола алмайды.
Тармақ 4
4. Жер учаскесіне және өзге де жылжымайтын мүлікке жеке меншік құқығын және жер пайдалану құқығын тоқтату, сондай-ақ мемлекеттің құқығы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт немесе соттың шешімі және осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдаған органның өтініші негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органда мемлекеттік тіркелуге жатады.
Тармақ 5
5. Жергілікті атқарушы орган иеліктен шығарылатын жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін алған күннен бастап бір ай ішінде оларға бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы иеліктен шығарылатын жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін бермеген жағдайда, жергілікті атқарушы орган оларды уәкілетті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан сұратуға құқылы.
Тармақ 6
6. Жергілікті атқарушы орган мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің құнын бағалау нәтижелері бойынша он жұмыс күні ішінде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын дайындайды және оны меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға пошта жөнелтілімінің табыс етілгені туралы хабарламаны міндетті түрде алатындай етіп, пошта арқылы жібереді. Табыс етілгені туралы хабарлама болмаған жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттар қайта жіберіледі.
Тармақ 7
7. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шартта мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) шарт тараптары, оның ішінде иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін тұлғалардың тізбесі;
Тармақша 2
2) иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары және олардың құрамы, оның ішінде құрылысы аяқталмаған құрылысжайлар;
Тармақша 3
3) жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке тоқтатылатын құқықтар;
Тармақша 4
4) иеліктен шығарылатын жер учаскесінің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 87-бабында және осы Заңның 67-бабында белгіленген тәртіппен айқындалатын бағасы;
Тармақша 5
5) мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты залалдар келтірілген жағдайда өтелуге жататын залалдардың, оның ішінде жылжымайтын мүлік құнының мөлшері;
Тармақша 6
6) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің бағасын (құнын) төлеу мерзімі және тәртібі;
Тармақша 7
7) иеліктен шығарылатын жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті беру мерзімі;
Тармақша 8
8) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға арналған мемлекет шығыстарын қаржыландыру тәртібі.
Тармақ 8
8. Иеліктен шығарылатынның орнына тең бағадағы жер учаскесі берілген жағдайда, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шартта осы баптың 7-тармағында қамтылған талаптардан басқа мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға иеліктен шығарылатынның орнына берілетін жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары;
Тармақша 2
2) иеліктен шығарылатынның орнына берілетін жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құны;
Тармақша 3
3) иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің бағасы иеліктен шығарылатынның орнына берілетін жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің бағасынан (құнынан) жоғары болған жағдайда, құнының айырмасы және осы айырманы төлеу тәртібі;
Тармақша 4
4) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт негізінде туындайтын, иеліктен шығарылатынның орнына берілетін жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке құқықтар.
Тармақ 9
9. Жер пайдаланудағы жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жағдайда, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шартта, осы баптың 7-тармағының 4) және
6) тармақшаларын қоспағанда, осы баптың 7 және 8-тармақтарында жазылған мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын алған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде жергілікті атқарушы органға тиісті өтініш беру арқылы шарт жобасымен келісетінін (келіспейтінін) жазбаша түрде білдіреді.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасына ұсыныстар болған жағдайда, меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы осы Заңның 69-бабының 1-1 және 2-тармақтарына сәйкес келісім рәсімдеріне бастамашылық жасауы мүмкін.
Тармақ 11
11. Жергілікті атқарушы орган тиісті жергілікті өкілді органға жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын меншік иесінен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыдан шарт жобасымен келісетіні туралы жазбаша өтініш алған кезден бастап бір ай ішінде ұсынады.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын жергілікті өкілді органның тұрақты комиссиясы ол енгізілген кезден бастап екі апта мерзімнен кешіктірмей, меншік иесін және иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін тұлғаларды міндетті түрде шақыра отырып қарайды.
Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің меншік иесімен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушымен және мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін басқа да тұлғалармен келісімге қол жеткізілген кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шартты атқарушы орган жергілікті өкілді органмен келісу бойынша бекітеді және оған меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы қол қояды.
Тармақ 12
12. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулымен келіспеген кезде және (немесе) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жасасудан бас тартқан кезде жергілікті атқарушы орган меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны алған кезден бастап үш ай өткеннен кейін, бірақ осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыда айқындалған мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру мерзімінен (күнінен) кешіктірмей сотқа жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап қоюмен жүгінуге құқылы.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап қоюлар бойынша азаматтық істер істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір ай мерзімде қаралады және шешіледі.
Тармақ 13
13. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап қоюдан бас тартылған жағдайда, талап қоюды беру және осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдау салдарынан меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға келтірілген залалдар бюджет қаражатынан өтелуге жатады.
Тармақ 14
14. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті нақты беру мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы осы Заңда белгіленген тәртіппен жүргізілген тең бағамен өтеуді алғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Осы мүлікке меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы құқықтарының тоқтатылуын және мемлекет құқықтарының туындауын мемлекеттік тіркеу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға өтемнің төленгенін растайтын құжат ұсынылған жағдайда жүзеге асырылады.
Бап 66. 66-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының құқығы
66-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының құқығы
Тармақ 1
1. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны алған кезден бастап жер учаскесін иеліктен шығару туралы шарт жасасқанға дейін немесе жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сот шешім қабылданғанға дейін жер учаскесiне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке қатысты өзіне тиесілі құқықты жүзеге асыра алады және осы мүлікті оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ететiн қажеттi шығындар шығара алады. Бұл ретте меншiк иесi немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы аталған кезеңде жаңа құрылысқа, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) және өзге жылжымайтын мүлік объектілерін кеңейтуге немесе реконструкциялауға байланысты шығындар мен залалдарды өздері көтеруге тәуекел етеді.
Егер меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесінің бір бөлігі мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылғаннан кейін қалған бөлігін бұрынғы нысаналы мақсаты бойынша пайдалана алмаса, онда бүкіл жер учаскесі иеліктен шығарылады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген уақыт ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтар иеліктен шығару жолымен немесе өзге де негіздер бойынша басқа тұлғаға өткен кезде, сондай-ақ әмбебап құқықтық мирасқорлыққа байланысты құқық иеленуші ауысқан кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі жаңа құқық иеленушіге қатысты қолданылады (жалғасады).
Бап 67. 67-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесінің және өзге де жылжымайтын мүліктің құнын өтеу мөлшері
67-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесінің және өзге де жылжымайтын мүліктің құнын өтеу мөлшері
Тармақ 1
1. Меншік иесі мемлекеттен сатып алған, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің құны (залалдарды есепке алмағанда) нарықтық құн мөлшерінде айқындалады.
Мемлекет бөліп төлеумен сатқан жер учаскесі үшін (залалдарды есепке алмағанда) сома толық төленбеген кезде және оны мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарған жағдайда алып қойған кезде иеліктен шығарылатын жер учаскесінің құны мемлекетке төленбеген сома шегеріле отырып, нарықтық құн мөлшерінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің, сондай-ақ жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны жер учаскесіне құқықтардың туындау негіздеріне қарамастан, олардың нарықтық құны мөлшерінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын бағалаушы осы Заңның 208-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, бағалау жүргізу күніне айқындайды.
Тармақ 4
4. Мүлік құны және жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару салдарынан меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген және
(немесе) меншік иесінің немесе жер пайдаланушының үшінші тұлғалар алдында міндеттемелерін орындауын мерзімінен бұрын тоқтатуынан туындаған толық көлемдегі залалдар негізге алына отырып, өтеу мөлшері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 9-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес айқындалады.
Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскесіне қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін өзге тұлғаларға өтеу мөлшері оларда мұндай мәжбүрлеп иеліктен шығару салдарынан туындайтын залалдар негізге алына отырып айқындалады.
Тармақ 5
5. Өтеу мөлшері теңгемен айқындалады.
Тармақ 6
Бап 68. 68-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде өтемді төлеу нысандары мен төлеу мерзімдері
68-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде өтемді төлеу нысандары мен төлеу мерзімдері
Тармақ 1
1. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің құнын және өтелуге жататын залалдарды өтеу аталған мүлікке меншік құқығы Қазақстан Республикасына немесе әкімшілік-аумақтық бөлініске өткен кезге дейін толық көлемде жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Өтемді төлеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Өтемді ақшадан басқа өзге мүлікпен төлеуге Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс атынан жергілікті атқарушы орган мен мүліктің меншік иесі арасында жасалған келісім бойынша жол беріледі. Көрсетілген келісім жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт нысанында жазбаша жасалады.
Тармақ 4
4. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шартқа қол қойылған күннен бастап не соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей біржолғы өтем төлеу жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Өтемді төлеу мерзімін ұзартуды көздейтін, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыруға жол берілмейді.
Бап 69. 69-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі келісім рәсімдері
69-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі келісім рәсімдері
Тармақ 1
1. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жергілікті атқарушы органға тиісті өтініш беру арқылы келісім рәсімдеріне бастамашылық жасауға құқылы.
Аталған өтініш берілген күні тіркеледі.
Жергілікті атқарушы орган күнтізбелік он күн ішінде меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаға өтінішін қарауға міндетті.
Тармақ 1-1
1-1. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде жергілікті атқарушы органға тиісті өтініш беру арқылы осы шарт жобасына ұсыныстар енгізе алады.
Тармақ 2
2. Жергілікті атқарушы орган меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасына иеліктен шығарылатын мүлік құрамы, иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін тұлғалар және өтелуге жататын залалдар мөлшері, өтем мазмұны жөніндегі ұсыныстарын бір ай ішінде қарауға міндетті. Қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы орган иеліктен шығарылатын мүлік құнына қосымша бағалау жүргізуді ұйымдастыруы мүмкін.
Тармақ 3
3. Жергілікті атқарушы орган мен меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы, сондай-ақ мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін басқа да тұлғалар арасында келісімге қол жеткізілген кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасы жергілікті өкілді органға келісуге жіберіледі.
Тармақ 4
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мүдделі тұлғалардың бірде-біреуімен мүлікті беру туралы келісімге қол жеткізілмеген кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Мүлікке меншік құқығы Қазақстан Республикасына немесе әкімшілік-аумақтық бөлініске өткенге дейін өтем төлеу туралы талаптарды және осы Заңның 67 және 68-баптарында белгіленген өтем төлеудің өзге де шарттарын тараптардың келісімі бойынша жоюға болмайды.
Бөлім 3. 3-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ПАЙДАЛАНУ
3-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ПАЙДАЛАНУ
Тарау 7. 7-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 70. 70-бап. Мемлекеттік мүлікті иеленудің және (немесе)пайдаланудың тәртібі, шектері мен шарттары
70-бап. Мемлекеттік мүлікті иеленудің және (немесе)пайдаланудың тәртібі, шектері мен шарттары
Тармақ 1
1. Жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мүліктің пайдалы қасиеттерін табу, сондай-ақ одан табыс, өсiм, жемiс, төл алу түрінде және өзге де нысандарда пайда алу үшін мемлекеттік мүлікті иеленуге және (немесе) пайдалануға құқылы.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе) пайдалану осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен, шектерде және шарттарда жүзеге асырылады.
Бап 71. 71-бап. Мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе)пайдалану негіздері
71-бап. Мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе)пайдалану негіздері
Тармақ 1
1. Жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе) пайдалану негіздері:
Тармақша 1
1) шарттар және өзге де азаматтық-құқықтық мәмілелер;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық салдарларды туындататын әкімшілік актілер;
Тармақша 3
3) азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілейтін сот шешімдері;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық салдары болатын оқиғалар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен әмбебап немесе өзге де құқықтық мирасқорлық болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мүлікті иеленуге және (немесе) пайдалануға беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Мемлекеттік мүлікті иеленуге және (немесе) пайдалануға беру туралы шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.
Тармақ 3
3. Иеленуге және (немесе) пайдалануға берілген мемлекеттік мүлік осы Заңның 15-тарауының қағидаларына сәйкес мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізіледі.
Бап 72. 72-бап. Мемлекеттік мүлікті пайдалануға беру туралы шарттар
72-бап. Мемлекеттік мүлікті пайдалануға беру туралы шарттар
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мүлік мынадай:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу);
Тармақша 2
2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану (несие);
Тармақша 4
4) мердігерлік;
Тармақша 5
5) мемлекеттік мүлік болып табылатын табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шарттарының негізінде пайдалануға берілуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мүлікті пайдалануға беруге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртіппен басқа азаматтық-құқықтық шарттардың негізінде жол беріледі.
Тармақ 3
3. Стратегиялық объектілерді және жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті немесе мемлекетке ғана тиесілі болуы мүмкін мүлікті пайдалануға беруге мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, мүлікті сенімгерлік басқару шарты және Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген өзге де шарттар бойынша жол беріледі.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға пайдалануға беру осы тарауда белгіленген ерекшеліктер мен шектеулер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының қағидаларына сәйкес шарттардың немесе әкімшілік актілердің негізінде жүзеге асырылады.
Бап 73. 73-бап. Мемлекеттік мүлікті пайдалануға беруге уәкілетті субъектілер
73-бап. Мемлекеттік мүлікті пайдалануға беруге уәкілетті субъектілер
Мемлекеттік мүлікті пайдалануға беру жөніндегі өкілеттіктерге:
Тармақша 1
1) республикалық мүлікке қатысты – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) коммуналдық мүлікке қатысты – жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ие болады.
Тарау 8. 8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУДІҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН НЕГІЗДЕРІ
8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУДІҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН НЕГІЗДЕРІ
Бап 74. 74-бап. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу)шарты
74-бап. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу)шарты
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартына осы бапта, осы Заңның 114-бабының 4-тармағында,
120-бабында
белгіленген ерекшеліктерімен қоса, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ережелері қолданылады.
Тармақ 2
2. Жылжымалы және жылжымайтын мүлік (заттар) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі болуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін қоспағанда, республикалық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) мемлекеттiк мүлiкті басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган (республикалық мүлiктi жалдауға берушi (жалға берушi) бередi.
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) жергiлiктi атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты (коммуналдық мүлiктi жалдауға берушi (жалға берушi) бередi. Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен береді.
Тармақ 4
4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беруші (жалға беруші) бола алады.
Мемлекеттік мүлікті пайдалану құқығы мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салым ретінде берілуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартының талаптары осы Заңда айқындалған шектеулер ескеріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік шартпен айқындалады.
Тармақ 6
6. Алып тасталды - ҚР 02.07.2014 N 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты осы Заңның
120-бабында
және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында тікелей көзделген жағдайларда жалдаушыға (жалға алушыға) жалдауға (жалға алуға) берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы талапты көздеуі мүмкін.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартын өзгерту және бұзу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 401 - 404, 556-баптарының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
Мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша берілген мемлекеттік мүліктің нысаналы мақсатта пайдаланылмауы шартты елеулі түрде бұзу және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген қағидалар бойынша шартты бұзу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 9
9. Жалдаушы (жалға алушы) жалдауға берушiнiң (жалға берушiнiң) келiсiмiмен жүргiзген мемлекеттiк мүлiктi ажыратуға болмайтын жақсартудың құны Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тиiстi бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін жеке және заңды тұлғаларға пайдалануға беруге арналған шартты жасасудың ерекшеліктері "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Халықаралық және республикалық маңызы бар, республикалық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.
Халықаралық және республикалық маңызы бар, коммуналдық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.
Жергілікті маңызы бар, республикалық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.
Жергілікті маңызы бар, коммуналдық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.
Егер тарих және мәдениет ескерткішіне жойылу немесе бүліну қаупі төнсе, пайдалануында тарих және мәдениет ескерткіштері бар тұлғаны сот шешімі бойынша оларды пайдалану құқығынан айырған жағдайда, шарт бұзылды деп есептеледі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мүлік мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне сатып алу құқығынсыз жеңілдікті шарттармен мүліктік жалдауға (жалға) берілуі мүмкін.
Бап 75. 75-бап. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты
75-бап. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына осы Заңның 120, 176-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген ерекшеліктерімен қоса Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ережелері қолданылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлiктiк кешендерi, мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздар, жарғылық капиталға қатысу үлестерi, жылжымайтын мүлік, ақша мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының объектiсi болады.
Өзге мемлекеттiк мүлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда сенiмгерлiк басқару шартының объектiсi болады.
Тармақ 3
3. Республикалық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға мемлекеттiк мүлiкті басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган (республикалық мүлiктi сенiмгерлiк басқарудың құрылтайшысы) бередi.
Коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқарудың құрылтайшысы – тиісінше жергiлiктi атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бередi.
Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттік мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқарушы болады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс пайда алушы болып табылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартының талаптары осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 7
7. Сенімгерлікпен басқарушы өзіне мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша берілген жылжымайтын мүлікті тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында, мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шартта көзделген жағдайларда не мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының жазбаша келісімімен иеліктен шығаруға немесе кепілге беруге құқылы. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шартта өзгеше көзделмесе, сенімгерлікпен басқарушы жылжымайтын мүлікке билік етуге құқылы.
Тармақ 8
8. Сенiмгерлiк басқарушының мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқару кезiнде өзi шығарған қажеттi шығыстарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартында белгіленген тәртіппен өтетуге құқығы бар.
Егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқару туралы шартта көзделсе, сенiмгерлiк басқарушының сыйақы алуға құқығы бар.
Тармақ 9
9. Сенімгерлікпен басқарушы мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы болып табылатын уәкілетті мемлекеттік органға мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шартында белгіленген мерзімде және тәртіппен өз қызметі туралы есеп береді.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шартында сенімгерлікпен басқарушының мемлекеттік мүлікке билік ету бойынша шектеулер белгіленеді.
Сенімгерлікпен басқарушының өзіне белгіленген шектеулерді бұза отырып жасаған мәмілелері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен жарамсыз деп танылады.
Сенімгерлікпен басқарушының мемлекеттік мүлікті өзіне берілген өкілеттіктерді асыра пайдалану арқылы немесе өзіне белгіленген шектеулерді бұза отырып жасаған мәмілелерінен туындайтын міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттер сенімгерлікпен басқарушыда туындайды.
Тармақ 11
11. Сенімгерлікпен басқарушы мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқаруды жеке өзі жүзеге асырады.
Сенімгерлікпен басқарушы өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті басқару үшін қажетті іс-әрекет жасауды, егер оған мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шартында осыған уәкілеттік берілген болса не құрылтайшының мүдделерін қамтамасыз ету үшін мән-жайларға байланысты осыған мәжбүр болса және бұл ретте оның нұсқауларын сұратып алуға мүмкіндігі болмаса, басқа тұлғаға тапсыра алады. Бұл ретте сенімгерлікпен басқарушы өзі таңдап алған сенім білдірілген адамның іс-әрекеті үшін де өзінің іс-әрекетіндей жауап береді.
Сенімгерлікпен басқарушы басқаға сенім білдіру туралы құрылтайшыға дереу хабарлауға міндетті. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқарушының құрылтайшысы бұл жағдайда сенімгерлікпен басқарушыға бұрын шығарылған шығыстарды өтеп, ал мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шартында көзделген жағдайларда – залалдарды өтеп, мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тоқтату туралы мәлімдеуге құқылы.
Мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша салықтық мiндеттемелер сенiмгерлiк басқарушының орындауына жататын мемлекеттiк мүлiктiң түрлерi мен санаттары мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларында айқындалады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген негіздер бойынша өзгертіледі және бұзылады.
Мемлекеттік мүлікті оның бір түрінен екіншісіне немесе жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шартта өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тоқтатпайды.
Тармақ 13
13. Тараптардың бірінің бастамасы бойынша шарт тоқтатылған жағдайда екінші тарап, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шартта өзгеше мерзім көзделмесе, кемінде үш ай бұрын хабардар етілуге тиіс.
Тармақ 14
14. Осы Заңның
120-бабында
және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында тікелей көзделген жағдайларда, мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты сенімгерлікпен басқарушыға сенімгерлікпен басқаруға берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы талаптарды көздеуі мүмкін.
Тармақ 15
15. Коммуналдық мүлік қайырымдылық және волонтерлік ұйымдарға осы баптың 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген тәртіпке сәйкес кейіннен сатып алу құқығынсыз жеңілдікті шарттармен сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.
Бап 76. 76-бап. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты
76-бап. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартына осы Заңның 77, 120, 145-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген ерекшеліктерімен қоса, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің мүлікті өтеусіз пайдалану шарты (несие шарты) туралы ережелері қолданылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты бойынша мемлекеттік мүлік осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда ғана берілуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты осы Заңның 120-бабында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында тікелей көзделген жағдайларда несие алушыға өтеусіз пайдалануға берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы талаптарды көздеуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты бойынша берілген мемлекеттік мүлікті кез келген жақсарту мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келісуімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты тоқтатылған кезде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының келісуімен жүргізілген, ажыратуға болмайтын жақсартулардың құны тиісті бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.
Тармақ 5
5. Мемлекет меншiгiндегi және тарих пен мәдениет ескерткiшi болып табылатын ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) және өзге де мүлiктi дiни бiрлестiктерге өтеусiз пайдалануға берген жағдайларда мемлекеттiк мүлiктi өтеусiз пайдалану шарты "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалады.
Тармақ 6
6. Мемлекет меншігіндегі электр берудің әуе желілерінің тіреуіштері байланыс операторларына өтеусіз пайдалануға, талшықты-оптикалық байланыс желілерін, электр беру желілерін бірлесіп тарту үшін шектеулі пайдалануға берілген жағдайларда мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
осы Заңның 18-бабында көзделген аумақтық-әкімшілік бірліктер үшін бір жылдан аспайтын;
осы Заңның 18-1-бабында көзделген аумақтық-әкімшілік бірліктер үшін үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
Бап 77. 77-бап. Мемлекеттік заттай гранттарды өтеусіз пайдалануға беру
77-бап. Мемлекеттік заттай гранттарды өтеусіз пайдалануға беру
Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік заттай гранттарды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өтеусіз пайдалануға береді.
Бап 78. 78-бап. Мемлекеттік мүлікті мердігерлік шарты бойынша беру
78-бап. Мемлекеттік мүлікті мердігерлік шарты бойынша беру
Мемлекеттік мүлікті мердігерлік шарты бойынша беру тапсырыс берушінің – мемлекеттің жұмыстарды орындауда мердігерге жәрдем көрсету жөніндегі міндеттемелерді орындауы шеңберінде мердігерлік шартында көзделген көлемде және тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 79. 79-бап. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарты бойынша беру
79-бап. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарты бойынша беру
Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі операторға өзінің функционалдық қызмет көрсетуін жүзеге асыру үшін өтеусіз пайдалануға конкурссыз берілуі мүмкін.
Бап 80. 80-бап. Табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шарттар
80-бап. Табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шарттар
Жер учаскелерін, жер қойнауы учаскелерін, су объектілерін, мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға беру мүліктің әрбір түрі туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шарттардың негізінде жүзеге асырылады.
Бап 81. 81-бап. Мемлекеттік мүлікті сақтау шарты және сақтауға қабылдау туралы шарт
81-бап. Мемлекеттік мүлікті сақтау шарты және сақтауға қабылдау туралы шарт
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мүлік сақтау шарты немесе мемлекеттік мүлікті сақтауға қабылдау туралы шарт бойынша оның сақталуын қамтамасыз ету үшін жеке және заңды тұлғаларға берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің сақтау туралы қағидалары осы бапта белгіленген ерекшеліктерімен қоса мемлекеттік мүлікті сақтау туралы қатынастарға қолданылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мүлікті сақтау оны сақтау шарты немесе мемлекеттік мүлікті (заттарды) сақтауға қабылдау туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мүлікті сақтау оның сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті кез келген тұлғаға жүктелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік мүлікті сақтауды кәсіпкерлік қызмет ретінде сақтау жөніндегі қызметтер көрсететін мамандандырылған ұйымдар ғана жүзеге асыра алады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мүлікті сақтау нысанасы жылжымалы заттар болуы мүмкін.
Жылжымайтын мүлікті күзетуге осы баптың күші қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мүлікті сақтау шарты және сақтауға қабылдау туралы шарт жазбаша нысанда жасалады. Сақтаушы жүк берушіге сақтау қолхатын, түбіртекті, куәлікті, сақтаушы қол қойған өзге де құжатты беру арқылы шарттың жасалғанын куәландыруы мүмкін.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мүлікті сақтау мерзімі Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттік мүлікті сақтау шарттарында не сақтауға қабылдау туралы шарттарда айқындалады. Сақтау мерзімі өткеннен соң мемлекеттік мүлікті сақтау немесе сақтауға қабылдау туралы шарттар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында, тиісті шарттарда өзгеше көзделмесе немесе мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелердің мәнінен туындамаса, сол мерзімге жасалған деп есептеледі.
Жүк беруші болып табылатын немесе оның жазбаша тапсырмасы бойынша өкілдік ететін уәкілетті мемлекеттік орган кез келген уақытта сақтаушыдан мүлікті (затты) талап етуге құқылы. Бұл жағдайда, егер мемлекеттік мүлікті сақтау немесе сақтауға қабылдау туралы шарттарда өзгеше көзделмесе, жүк беруші міндеттеменің мерзімінен бұрын тоқтатылуынан туындаған залалдарды сақтаушыға өтеуге міндетті.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мүлікті сақтау шарты және сақтауға қабылдау туралы шарт өтеулі болып табылады. Сақтаушыға берілетін сыйақының мөлшері тараптардың келісімімен, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, ставкалар мен тарифтерге сәйкес айқындалады.
Тармақ 7
7. Егер сақтау шартында өзгеше көзделмесе, сақтаушы жүк берушінің келісімінсіз затты үшінші тұлғаның сақтауына беруге құқылы емес, жүк берушінің мүдделерінде мән-жайларға байланысты ол осыған мәжбүр болған және оның келісімін алуға мүмкіндігі болмаған жағдайлар бұған кірмейді. Сақтаушы заттың үшінші тұлғаға сақтауға берілгендігі туралы жүк берушіні дереу хабардар етуге міндетті. Сақтаушы өзі затты сақтауға берген үшінші тұлғаның іс-әрекеті үшін өзінің іс-әрекетіндей жауап береді.
Тармақ 8
8. Сақтаушы өзіне берілген мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін шартта көзделген барлық шараны, сондай-ақ басқа да қажетті шараларды қабылдауға міндетті. Мемлекеттік мүліктің сақталуы техникалық нормативтер мен сақтау және (немесе) қорғау шарттары жөніндегі талаптарға сәйкес қамтамасыз етілуге тиіс.
Сақтаушы сақтауға қабылдаған мемлекеттік мүліктің жоғалғаны, жетіспеушілігі немесе бүлінгені үшін жауап береді. Ол, егер заттың жоғалуы, жетіспеушілігі немесе бүлінуі өзінің кінәсінен болмағанын дәлелдейтін болса, жауаптылықтан босатылады.
Сақтаушы сақтауға берілген мемлекеттік мүлік жетіспеген кезде мемлекеттік мүлікті сақтау немесе сақтауға қабылдау туралы шарттарда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мерзімде жетіспейтін мүлікті заттай өтеуге, ал ондай мүмкіндік болмаған кезде – жоғалған немесе жетіспейтін мемлекеттік мүліктің құны мөлшерінде өтеуге міндеттенеді.
Тармақ 9
9. Осы баптың қағидалары, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлікті сақтаудың жекелеген түрлеріне қолданылады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарда сақталады.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтаумен байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Бап 82. 82-бап. Жалпы пайдаланудағы мемлекеттік мүлікті пайдалану құқықтарын жүзеге асыру
82-бап. Жалпы пайдаланудағы мемлекеттік мүлікті пайдалану құқықтарын жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалпы пайдаланудағы мемлекеттік мүлікке:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және Қазақстан Республикасының заңдарымен жалпы пайдаланудағы мүлікке жатқызылған өсімдіктер мен жануарлар әлемі, өзге де табиғи ресурстар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен ені белгіленген жағалау белдеулері бар кеме жүзетін және сал ағызылатын өзендердің арналары, сондай-ақ көлдер, қойнау-қолаттар мен өзге де табиғи су айдындары;
Тармақша 3
3) порттар, айлақтар, шығанақтар, рейдтер мен қойнаулар, сондай-ақ бөгеттер, молдар, толқын бөгеттері мен өзге де жағалау құрылыстары;
Тармақша 4
4) иеліктен шығарылған белдеулері және қосымша құрылыстары мен қызметтері бар жалпы пайдаланудағы жолдар, тас жолдар мен көпірлер;
Тармақша 5
5) жер суландыру, мелиорациялау мақсатында және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарда салынған орлар, тоғандар, су қоймалары, каналдар, үймелер мен шұңқырлар;
Тармақша 6
6) алаңдар, тротуарлар, көшелер, қоғамдық саябақтар мен демалыс орындары, зираттар және өзге де қоғамдық құрылыстар мен үйлер;
Тармақша 7
7) храмдар мен қоғамдық мақсаттағы өзге де ғибадатханалар;
Тармақша 8
8) тарих және мәдениет ескерткіштері;
Тармақша 9
9) ұлттық саябақтар, қорықтар, қаумалдар, резерваттар;
Тармақша 10
10) ұлттық өнер бұйымдары;
Тармақша 11
11) мұрағаттар, мұражай экспонаттары, көркем және ғылыми коллекциялар, оның ішінде ғылыми және мәдени құндылықтарға жататын жекелеген құжаттар, қолжазбалар, жарияланымдар, карталар мен басқа да жылжымалы заттар;
Тармақша 12
12) жалпы пайдаланудағы сервитуттар (көпшілік сервитуттар);
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңдарымен жалпы пайдаланатын мүлікке жатқызылған өзге де мүлік жатқызылуы мүмкін.
Жалпы пайдаланудағы мүлікті пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы мүліктің жекелеген түрлері туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өкілді немесе атқарушы органдарымен келісу бойынша тиісті салалардың уәкілетті органдары белгілейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы мүлкінің жекелеген түрлері туралы заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде жалпы пайдаланудағы мүлікті басқаруды және пайдалануды ұйымдастырады.
Бөлім 4. 4-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ТОҚТАТЫЛУЫ
4-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ТОҚТАТЫЛУЫ
Тарау 9. 9-тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ТОҚТАТЫЛУ НЕГІЗДЕРІ
9-тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ТОҚТАТЫЛУ НЕГІЗДЕРІ
Бап 83. 83-бап. Мемлекеттің мүліктік құқықтарының тоқтатылу негіздерінің тізбесі
83-бап. Мемлекеттің мүліктік құқықтарының тоқтатылу негіздерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Мемлекеттің (Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) мүліктік құқықтарының тоқтатылу негіздері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) мүлікті жекешелендіру немесе өзге де иеліктен шығару;
Тармақша 2
2) мемлекеттік заңды тұлғалардың өздері өндірген тауарларды немесе негізгі құралдарға жатпайтын және жекешелендіру объектісі болып табылмайтын өзге де мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға иеліктен шығарып беруі;
Тармақша 3
3) жер учаскелерін жеке меншікке беру;
Тармақша 4
4) республикалық немесе коммуналдық мүлікке жататын мемлекеттік заттай грантты жеке меншікке беру;
Тармақша 5
5) мемлекеттік мүліктің бұзылуы немесе жойылуы;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мүлікті өндіріп алу;
Тармақша 7
7) шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейін міндеттемелері бойынша мемлекет пайдасына контрагенттің орындағанын қайтару;
Тармақша 8
8) жарамсыз деп танылған мәміле бойынша алынған мүлікті қайтару;
Тармақша 9
9)
мемлекеттік материалдық резервтің жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына беруді қоспағанда, мемлекеттік
материалдық резервтен материалдық құндылықтарды пайдалану немесе шығару;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де негіздер болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 119-1, 119-2, 120 және 214-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару өтеулі болып табылады.
Бап 84. 84-бап. Мемлекеттік мүлікке құқықтардан бас тартуға тыйым салу
84-бап. Мемлекеттік мүлікке құқықтардан бас тартуға тыйым салу
Тармақ 1
1. Мемлекет өзіне тиесілі мүлікке құқықтардан бас тарта алмайды. Мемлекеттік органдардың, олардың өкілдері мен лауазымды адамдарының мемлекеттік мүлікке мемлекеттің құқықтарынан бас тартуы заңсыз болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдардың, олардың өкілдері мен лауазымды адамдарының мемлекеттік меншік құқықтарын және мемлекеттің өзге де мүліктік құқықтарын жүзеге асырудан бас тартуын айқын білдіретін іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіптік және өзге де жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 85. 85-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлікті иеліктен шығаруы
85-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлікті иеліктен шығаруы
Мемлекеттік заңды тұлғалардың өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде, өздері өндірген өнімді, шикізатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды және негізгі құралдарға жатпайтын және жекешелендіру объектісі болып табылмайтын өзге де мүлікті қоса алғанда, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға мүлікті иеліктен шығарып беруі иеліктен шығарылған мемлекеттік мүлікке мемлекеттің құқықтарын тоқтатуға әкеп соғады және жекешелендіру болып табылмайды.
Бап 86. 86-бап. Жеке меншікке табыстау (беру) нәтижесінде жер учаскесіне және өзге де мүлікке мемлекеттің құқықтарын тоқтату
86-бап. Жеке меншікке табыстау (беру) нәтижесінде жер учаскесіне және өзге де мүлікке мемлекеттің құқықтарын тоқтату
Тармақ 1
1. Жер учаскелері Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген жағдайларда және тәртіппен жеке меншікке табысталуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік заттай грант түрінде табысталған жер учаскесін қоса алғанда, мемлекеттік мүлікке мемлекеттің құқықтары грант алушының инвестициялық міндеттемелерін орындауы кезінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайларда және тәртіппен тоқтатылуы мүмкін.
Бап 87. 87-бап. Мемлекеттік мүліктің бұзылуы немесе жойылуы
87-бап. Мемлекеттік мүліктің бұзылуы немесе жойылуы
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мүліктің бұзылуы және жойылуы мемлекеттің осы мүлікке құқықтарының тоқтатылуына әкеп соғады.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Осы баптың қағидалары заттарға қолданылады.
Бап 88. 88-бап. Мемлекеттің міндеттемелері бойынша мемлекеттік мүлікті өндіріп алу
88-бап. Мемлекеттің міндеттемелері бойынша мемлекеттік мүлікті өндіріп алу
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының және әкімшілік-аумақтық бөліністің міндеттемелері бойынша мемлекеттік мүлікті өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Бюджет қаражаттарын қоспағанда, мемлекеттік немесе жергілікті қазынаны құрайтын мүлік өндіріп алынбайды. Қазақстан Республикасының заңдарында өндіріп алынбайтын мемлекеттік мүліктің өзге де түрлері белгіленуі мүмкін. Бұл жағдайларда Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс өндіріп алуға болмайтын мүлік құнының шегінде бюджет қаражаттарымен жауаптылықта болады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының және әкімшілік-аумақтық бөліністің өндіріп алынатын мемлекеттік мүлікке құқықтары мемлекеттік мүлікті өндіріп алу кезінде құқықтар өтетін тұлға осы мүлікке құқықтарға ие болған кезден бастап тоқтатылады.
Бап 89. 89-бап. Реквизициялау нәтижесінде алынған мемлекеттік мүлікке құқықтарды тоқтату
89-бап. Реквизициялау нәтижесінде алынған мемлекеттік мүлікке құқықтарды тоқтату
Тармақ 1
1. Тұлға бұрын өзіне тиесілі болған, реквизициялау кезінде мемлекет ие болған мүлікті осы Заңның 44-бабының қағидалары бойынша талап еткен кезде, осы мүлікке мемлекеттің құқықтары тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Реквизициялау кезінде алып қойылған мүлікті қайтару осы Заңның 44-бабының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
Бап 90. 90-бап. Тәркілеу нәтижесінде алынған мемлекеттік мүлікке
немесе мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікке
(активтерге) құқықтарды тоқтату
90-бап. Тәркілеу нәтижесінде алынған мемлекеттік мүлікке
немесе мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікке
(активтерге) құқықтарды тоқтату
Соттың мүлікті мемлекет меншігіне тәркілеуге немесе мемлекет кірісіне айналдыруға негіз болған актінің күшін жоюы (тиісті бөлігін өзгертуі) тәркіленген мүлікке немесе мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікке (активтерге) мемлекеттің мүліктік құқықтарын тоқтатуға негіз болып табылады.
Тәркіленген мүлікті қайтару немесе оның құнын өтеу осы Заңның 213-бабы 5-тармағының қағидалары бойынша, ал басқарушы компанияның басқаруына немесе меншігіне берілген мүлік пен активтерді қайтару немесе олардың құнын өтеу Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Бап 91. 91-бап. Мемлекеттік материалдық резервтегі материалдық құндылықтарды пайдалану немесе одан шығару жолымен мемлекеттік мүлікке құқықтарды тоқтату
91-бап. Мемлекеттік материалдық резервтегі материалдық құндылықтарды пайдалану немесе одан шығару жолымен мемлекеттік мүлікке құқықтарды тоқтату
Тармақ 1
1. Мемлекеттік материалдық резервтегі материалдық құндылықтарға мемлекеттің құқықтары, мемлекеттік материалдық резервтің жаңартуға жататын материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына беруді қоспағанда,
мемлекеттік материалдық резервтегі материалдық құндылықтарды пайдалану немесе одан шығару нәтижесінде тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару:
Тармақша 1
1) жаңарту;
Тармақша 2
2) қарызға алу;
Тармақша 3
3) броньнан шығару тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік материалдық резервтегі материалдық құндылықтарды иеліктен шығару олардың құны толық төленген немесе аккредитив ашылған не екінші деңгейдегі банктер кепілдік берген жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік материалдық резервтен шығару кезінде материалдық құндылықтарды өткізуден алынған қаражат бюджет есебіне жатқызылады.
6. Басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде жаңарту тәртібімен берілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары, сондай-ақ номенклатура өзгерген және кәдеге жаратылған немесе жойылған кезде броньнан шығарылғандарды қоспағанда, броньнан шығарылған материалдық құндылықтар бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.
7. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жұмылдыру мұқтажы үшін пайдалану Қазақстан Республикасының, мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің, ұйымдардың жұмылдыру жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Бап 92. 92-бап. Мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына беру
92-бап. Мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына беру
Мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына беру осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.
Тарау 10. 10-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУ
10-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУ
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы ережелер
1-параграф. Жалпы ережелер
Бап 93. 93-бап. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару субъектiлерi
93-бап. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару субъектiлерi
Тармақ 1
1. Сатушы (мүлікті иеліктен шығаруды жүргізуші тұлға) және сатып алушы (ие болушы) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару субъектiлерi болып табылады.
Тармақ 2
2. Сатушы (мүлікті иеліктен шығаруды жүргізуші тұлға) – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіп берілген мемлекеттік мүлікке қатысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.
Тармақ 3
3. Сатып алушы (ие болушы) –
осы баптың 4-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,
мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару процесінде мүлiктi сатып алатын жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға.
Сатып алушы (ие болушы) жағына бiрнеше тұлға қатысқан кезде олар ынтымақтаса әрекет етеді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару объектісін сатудың (иеліктен шығарудың) шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлғалар сатып алушылар (ие болушылар) бола алмайды.
Тармақ 4-1
4-1. Қор биржасында сауда-саттық жолымен жекешелендіруді қоспағанда, акционерлік қоғамдардағы (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі) акциялардың мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) жекешелендіру кезінде тікелей мемлекет қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілері және олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар сатып алушылар (ие болушылар) бола алмайды.
Тармақ 5
5. Сатушы (мүлікті иеліктен шығаруды жүргізуші тұлға)
қор биржасындағы мемлекеттік мүлікті және шетелдегі мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару процесін ұйымдастыру үшін делдал тартуға құқылы.
Бап 94. 94-бап. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарудың түрлері
94-бап. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарудың түрлері
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару мынадай:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мүлікті аукцион және тендер нысанындағы сауда-саттықта сату, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсiмдер жолымен өтетін конкурс, туынды бағалы қағаздарды сату арқылы жекешелендіру;
Тармақша 2
Тармақша 2-1
2-1) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тікелей атаулы сату;
Тармақша 3
3) осы тараудың 3-параграфында көзделген тәртіппен және жағдайларда мемлекеттік мүлікті сауда-саттық жүргізбестен иеліктен шығарудың өзге де тәсілдері түрлерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тек мемлекетке ғана тиесілі болатын мемлекеттік мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мемлекеттік мүлік иеліктен шығару объектісі бола алмайды.
Тармақ 4
4. Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша бекітеді.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 09.01.2026 № 256-VIII Заңымен.
Тармақ 2. 2-параграф. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру
2-параграф. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру
Бап 95. 95-бап. Жекешелендiру жүргiзудiң негiзгi принциптері
95-бап. Жекешелендiру жүргiзудiң негiзгi принциптері
Жекешелендiру жүргiзудің негiзгi принциптері жариялылық, бәсекелестiк, құқықтық мұрагерлік, лауазымды тұлғалардың жекешелендiру жүргiзудiң заңдылығы үшін жауапкершiлiгi және жекешелендiру объектiлері туралы ұсынылған деректердің дәйектілігі болып табылады.
Бап 96. 96-бап. Жекешелендiру объектiсi
96-бап. Жекешелендiру объектiсi
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк мүлiктiң мынадай түрлерi:
Тармақша 1
1) мүлiктiк кешен ретіндегі кәсіпорын;
Тармақша 2
2) жекешелендiрілуі тұйық технологиялық тiзбекті бұзбайтын мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерi;
Тармақша 3
3) осы Заңның 85, 135, 145, 153, 161-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі;
Тармақша 4
4) акционерлік қоғамдардың акциялары;
Тармақша 5
5) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестері;
Тармақша 6
6) мемлекетке тиесiлi акционерлік қоғамдардың акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздар жекешелендiру объектілерi болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік мүлікті жекешелендiру туралы шешiм шығарған күннен бастап мемлекеттік мүлік жекешелендiру объектiсi болады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекешелендіруге жатпайтын, тек мемлекеттік меншікте ғана болатын мемлекеттік мүлік, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мүлік жекешелендіру объектісі бола алмайды.
Бап 97. 97-бап. Мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынды жекешелендіру
97-бап. Мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынды жекешелендіру
Тармақ 1
1. Мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынды жекешелендіруге осы баптың 2-тармағында және осы Заңның 93, 95, 96, 99 - 101, 103, 107 - 112-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 25-тарауы 6-параграфының қағидалары қолданылады.
Тармақ 2
2. Жекешелендіруге жататын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның құрамына мемлекеттік материалдық резервтің онда сақталатын материалдық құндылықтары енгізілмейді.
Тармақ 3
3. Мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның құрамына әлеуметтік-мәдени және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілер енгізілуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Егер осы Заңда және сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, сатып алушы мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген кәсіпорынның азаматтық құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мұрагері болады.
Тармақ 5
Бап 98. 98-бап. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесiлiакциялары және мемлекеттiң жауапкершiлiгiшектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына қатысу үлестерi
98-бап. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесiлiакциялары және мемлекеттiң жауапкершiлiгiшектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына қатысу үлестерi
Тармақ 1
1. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акцияларын және жауапкершілiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысу үлестерін сату осы Заңда, "Акционерлiк қоғамдар туралы", "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершілігі бар серiктестiктер туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген талаптар сақтала отырып жүргiзiлуге тиiс.
Тармақ 2
2. Шығарылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен тiркелмеген акцияларды сатуға жол берiлмейдi.
Тармақ 3
Тармақ 3-1
3-1. Мемлекетке тиесілі және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына жататын акционерлік қоғамдардың акцияларын сату «алтын акцияны» мемлекеттің басқаруы сақтала отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 3-2
3-2. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлестерін сату жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы дауыс санының төрттен бір бөлігінен астам мөлшеріндегі жарғылық капиталға мемлекеттің қатысу үлесі сақтала отырып жүзеге асырылады.
4. Мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестерін сату осы Заңның 101-бабының 4-1 және 4-2-тармақтарына және 102, 103-баптарына сәйкес аукцион, тендер нысанындағы сауда-саттық, қор биржасындағы сауда-саттық және екі кезеңдік рәсімдер жолымен конкурс арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакеті (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) тендерде сату қызмет бейінін және жұмыскерлердің штат санының кемінде үштен екісін сақтау шарттарымен жүзеге асырылады.
Акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызмет бейінін, жұмыскерлерінің штат санын сақтау мерзімдерін сатушы мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде айқындайды.
Тармақ 6
6. Әлеуетті сатып алушының (ие болушының) және әлеуетті сатып алушының (ие болушының) үлестес тұлғасының жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакеті (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) сату жөніндегі бір аукционға, тендерге, екі кезеңдік рәсімдер жолымен конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мүліктің өтінімдік тізбесіне енгізілген, акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды жекешелендіру осы Заңның 10-тарауының 1 және 2-параграфтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 99. 99-бап. Жекешелендіру және жер учаскесіне құқық
99-бап. Жекешелендіру және жер учаскесіне құқық
Жылжымайтын мүлікті жекешелендіру кезінде жер учаскесіне құқық Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес сатып алушыға өтеді.
Бап 100. 100-бап. Сауда-саттықты жүргізу шарттары
100-бап. Сауда-саттықты жүргізу шарттары
Тармақ 1
1. Неғұрлым жоғары баға ұсынған тұлға аукционда немесе тендерде ұтып алушы болып танылады.
Аукциондарда ұсыныстар жария түрде мәлімделеді, тендерлерде ұсыныстар жабық конвертте мәлімделеді.
Пайдаланылмайтын қару-жарақ пен əскери техниканы өткізу жөніндегі жабық тендерлерді немесе аукциондарды қоспағанда, аукцион мен тендер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы пайдаланыла отырып, электрондық нысанда өткізіледі.
Тармақ 2
2. Сауда-саттық ашық болуға тиіс. Жекешелендіру объектілерін сату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тармақ 3
3. Бір ғана қатысушы қатысқан аукциондар, егер қатысушы бастапқы немесе жарияланған бағаны растаса, өткізілді деп танылады.
Бір ғана қатысушы қатысқан тендерлер, егер қатысушы бастапқы бағадан кем емес құнды ұсынса, өткізілді деп танылады.
Тармақ 4
4. Сатып алушы сауда-саттық өткiзiлгенге дейiн өзi сатып алатын объектiнiң экологиялық жай-күйiне тексеру жүргiзуге құқылы.
Бап 100-1. 100-1-бап. Жекешелендіру объектісінің құны
100-1-бап. Жекешелендіру объектісінің құны
Тармақ 1
1. Жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасы тәуелсіз консультанттар немесе бағалаушы ұсынған жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің негізінде айқындалады және оны мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия қандай құнның ең жоғары болатынына байланысты баланстық немесе бағалау құны мөлшерінде белгілейді.
Жекешелендіру объектілері, екінші және одан кейінгі сауда-саттықты өткізу жағдайларын қоспағанда, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасынан төмен болмайтын бастапқы баға бойынша сатуға қойылады.
Тармақ 2
2. Баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен астам болатын жекешелендіру объектісін бағалауды халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес тәуелсіз консультанттар жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен аз болатын жекешелендіру объектілерін бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Сатушы жекешелендіру объектісінің құнын бағалауды жүргізу және (немесе) жекешелендіру объектілері бойынша мәмілені қолдау мақсатында тартатын заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар немесе олардың бірлестіктері, бағалау және (немесе) инвестициялық қызметке және (немесе) қаржылық консультация беруге қатысушылар тәуелсіз консультанттар болып табылады.
Тармақ 5
5. Тәуелсіз консультантты таңдау бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
Тәуелсіз консультантты тарту мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Жекешелендіру объектісін сату бағасы өткізілген сауда-саттық нәтижелері бойынша белгіленеді.
Бап 101. 101-бап. Жария сауда-саттықты өткiзу тәртiбi
101-бап. Жария сауда-саттықты өткiзу тәртiбi
Тармақ 1
1. Сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны сатушы оны өткізуден кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жариялауға тиіс. Хабарлама мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.
Хабарламада сауда-саттықтың уақыты, орны мен түрi, сату объектiсi және сауда-саттықты өткiзу тәртiбi туралы, оның iшiнде сауда-саттыққа қатысуды ресiмдеу, сауда-саттықты ұтып алған тұлғаны айқындау шарттары туралы мәлiметтер, сондай-ақ бастапқы баға мен кепiлдiкті жарнаның мөлшерi туралы мәлiметтер қамтылуға тиiс.
Тармақ 2
2. Сатушы сауда-саттық шарттарын өзгерткен жағдайда ол барлық өзгерістер туралы хабарламаны осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жасауға тиiс.
Сауда-саттық шарттарын өзгерту туралы хабарлама жарияланғанға дейiн оған қатысуға өтiнiм берген және осыған байланысты оған қатысудан бас тартқан тұлғалар кепiлдiк жарнасының және өздеріне келтірілген шығыстардың қайтарылуын талап етуге құқылы.
Тармақ 3
3. Сатушы сауда-саттық өткiзiлгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей сауда-саттыққа қатысуға өтiнiм берген тұлғаларға келтірілген нақты зиянды өтей отырып, олардан бас тартуға құқылы.
Сауда-саттықты өткізудің мүмкін болмауына байланысты ол өткізілмеуі мүмкін. Егер сауда-саттықты өткізу сатушыға байланысты емес себептер бойынша еңсерілмейтін күштің салдарынан мүмкін болмаса, сатушы сауда-саттыққа қатысуға өтiнiм берген тұлғаларға келтірілген нақты зиянды өтеуден босатылады.
Тармақ 4
4. Сауда-саттыққа қатысушылар сауда-саттық өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде, мерзiмдерде және тәртiппен кепiлдiкті жарнаны енгізеді. Егер сауда-саттық өткізілмесе, кепiлдiкті жарна қайтарылуға жатады. Кепiлдiкті жарна өтінім берген, бірақ сауда-саттыққа қатыспаған, сауда-саттыққа қатысқан, бiрақ оны ұтпаған тұлғаларға және сауда-саттық өткiзуден кемінде үш жұмыс күні бұрын оған қатысудан жазбаша бас тартқан тұлғаларға да қайтарылады.
Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушының кепілдік жарнаны қайтару туралы осы қатысушының деректемелерін көрсете отырып берген өтініші негізінде қайтарылады.
Сауда-саттықты ұтқан тұлғамен сатып алу-сату шартын жасау кезінде ол енгiзген кепiлдiк жарнаның сомасы жасалған шарт бойынша мiндеттемелердi орындау шотына есептеледі.
Тармақ 4-1
4-1. Аукцион екі әдіспен:
бағаны көтеру;
бағаны төмендету әдісімен өткізіледі.
Бағаны көтеру әдісі қолданылатын аукционды өткізу кезінде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы
осы Заңның 100-1-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған
жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.
Бағаны төмендету әдісі қолданылатын аукционды өткізу кезінде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағаны 3-ке тең болатын арттыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Жекешелендіру объектісі бірінші сауда-саттыққа
бағаны көтеруге арналған әдіс
қолданылатын аукционға шығарылады.
Екінші сауда-саттыққа жекешелендіру объектісі алғашқы бағаның
жетпіс
пайызы мөлшерінде ең төмен баға белгіленіп,
бағаны төмендетуге арналған әдіс
қолданылатын аукционға шығарылады.
Үшінші сауда-саттыққа жекешелендіру объектісі
бастапқы бағаның елу пайызы мөлшерінде ең төмен бағаны белгілей отырып, бағаны төмендетуге арналған әдіс
қолданылатын аукционға шығарылады.
Төртінші сауда-саттыққа жекешелендіру объектісі бастапқы бағаның отыз пайызы мөлшерінде ең төмен бағаны белгілей отырып, бағаны төмендетуге арналған әдіс қолданылатын аукционға шығарылады.
Бесінші және одан кейінгі сауда-саттықтарға жекешелендіру объектісі кепілдік жарна мөлшерінен төмен болмайтын ең төмен бағаны белгілей отырып, бағаны төмендетуге арналған әдіс қолданылатын аукционға шығарылады.
Әрбір кейінгі аукцион алдыңғы аукцион күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі.
Тармақ 4-2
4-2. Жекешелендіру объектісі бірінші тендерге шығарылған кезде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең болады.
Жекешелендіру объектісі екінші тендерге шығарылған кезде бастапқы баға алғашқы бағаның жетпіс пайызына тең.
Жекешелендіру объектісі үшінші тендерге шығарылған кезде бастапқы баға алғашқы бағаның елу пайызына тең.
Жекешелендіру объектісі төртінші тендерге шығарылған кезде бастапқы баға алғашқы бағаның отыз пайызына тең.
Жекешелендіру объектісі бесінші және одан кейінгі тендерлерге шығарылған кезде бастапқы баға кепілдік жарнаның мөлшеріне тең.
Әрбір кейінгі тендер алдыңғы тендер күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі.
Тармақ 4-3
4-3. Жекешелендіру объектілерін сату бойынша аукциондар мен тендерлер мынадай негіздердің бірі бойынша өткізілмеді деп танылады:
1) аукционға немесе тендерге қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;
2) жалғыз қатысушының аукционда бастапқы немесе жарияланған бағаны растамауы немесе тендерде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын ұсынбауы;
3) аукцион немесе тендер жеңімпазының осы баптың 6-тармағында белгілеген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймауы.
Осы тармақта көзделген жағдайларда сатушы өткізілмеген аукцион немесе тендер туралы актіге қол қояды және жекешелендіру объектісі қайтадан сауда-саттыққа шығарылады.
Тармақ 5
5. Сауда-саттықты ұтқан тұлға және сатушы аукцион немесе тендер өткiзiлген күнi сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды.
Тармақ 6
6. Тараптар сатып алу-сату шартына сауда-саттық аяқталғаннан кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей қол қоюға тиiс.
Сауда-саттықты ұтқан тұлға сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтарған кезде өзi енгізген кепiлдiк жарнасынан айрылады және кепiлдiк жарнамен жабылмаған бөлiгiнде сатушыға өзі келтірген нақты залалды өтеуге мiндеттi.
Сауда-саттықты ұтқан тұлға осы Заңның 93-бабының талаптарына сай келмейтін жағдайлардан басқа, сатушы сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға және сауда-саттықты ұтқан тұлғамен сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтаруға құқылы емес.
Сатып алу-сату шартының талаптары сауда-саттық талаптарына қайшы келмеуге тиiс.
Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарттарында мерзімдер туралы талаптар қамтылуға тиіс, осы мерзімдер ішінде сатып алушы кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын тіркеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жасайды.
Тармақ 7
7. Сатып алу-сату шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген коммерциялық және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мүдделі адамдардың талап етуі бойынша оларға танысу үшін беріледі.
Тармақ 8
8. Осы бапта белгiленген қағидаларды бұза отырып өткiзiлген сауда-саттықты сот мүдделi тұлғаның, тиісті уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
Сауда-саттықты жарамсыз деп тану осындай сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жасалған сатып алу-сату шартының маңызсыздығына алып келеді.
Тармақ 9
9. Егер осы Заңның 102, 104-баптарында өзгеше көзделмесе, сауда-саттық өткiзу кезiнде осы бапта белгiленген қағидалар қолданылады.
Бап 102. 102-бап. Қор биржасындағы сауда-саттық
102-бап. Қор биржасындағы сауда-саттық
Тармақ 1
1. Мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды қор биржасында сату "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Сату туралы хабарлама мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында және қор биржасының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс. Сату туралы хабарлама қор биржасында сауда-саттық өткізу басталардан кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жариялануға және сауда-саттықтың басталу күні, сауда-саттықты өткізу орны, сату объектісі мен оның мөлшері туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
Сатушы хабарламада мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сатуға қатысты өзге де мәліметтерді көрсетуге құқылы.
Тармақ 3
3. Сатушының бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысымен жасасқан шартында мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды сатушы белгiлеген ең төменгі бағадан төмен емес бағамен сату мiндеттемесі болуға тиiс.
Тармақ 4
4. Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды шет мемлекеттердің қор биржаларында сатуға жол беріледі.
Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды шет мемлекеттердің қор биржаларында сату кезінде сол мемлекеттің заңнамасы қолданылады.
Бап 103. 103-бап. Екi кезеңдiк рәсiмдер арқылы өткізілетін конкурс
103-бап. Екi кезеңдiк рәсiмдер арқылы өткізілетін конкурс
Тармақ 1
1. Екi кезеңдiк рәсiмдер арқылы болатын конкурс баға басымдығын және (немесе) жекешелендiрудің өзге де талаптарын айқындайтын, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша тәуелсіз консультанттың қатысуымен өткiзiледi.
Тармақ 2
2. Конкурс мынадай iс-шаралар жоспарын:
Тармақша 1
1) жекешелендіру объектісіне жан-жақты талдау жүргізу үшін осы Заңның 100-1-бабында белгіленген тәртіппен тәуелсіз консультантты тартуды, оның құнын бағалауды және әлеуетті сатып алушылар (инвесторлар) үшін сату объектісі туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастыруды;
Тармақша 2
2) сатушының жекешелендіру объектісін сату туралы хабарламаны мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде жариялауын, сондай-ақ тәуелсіз консультанттың әлеуетті сатып алушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсынысты жіберуін;
Тармақша 3
3) тәуелсіз консультанттың әлеуетті сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстары бар өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастыруын;
Тармақша 4
4) келiссөздер барысында ең үздік ұсыныстарды ұсынған кемiнде екi әлеуетті сатып алушыны (инвесторды) анықтау мақсатында, өтiнiмдер тiзбесi бойынша сатушының тәуелсіз консультанттың қатысуымен әлеуетті сатып алушылармен (инвесторлармен) келiссөздер жүргізуін (конкурстың бірінші кезеңін);
Тармақша 5
5) сатушының тәуелсіз консультанттың қатысуымен, конкурстың бiрiншi кезеңiнiң жеңiмпаздарымен бұрын ұсынылған шарттарды жақсарту тұрғысынан келiссөздер жүргізуін (конкурстың екiншi кезеңiн) қамтиды.
Тармақ 3
3. Сатушы, тәуелсіз консультант және конкурстың барлық қатысушылары өткiзілген келiссөздердiң әрбiр кезеңiнiң қорытындылары бойынша оның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды.
Тармақ 3-1
3-1. Алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 09.01.2026 № 256-VIII Заңымен.
Тармақ 4
4. Конкурстың екінші кезеңінің барысында
ең жоғары баға және (немесе) ең үздік шарттар
ұсынған әлеуетті сатып алушы (инвестор) конкурста ұтқан болып танылады.
Тармақ 5
5. Конкурстың жеңiмпазы сатушы белгiлеген мерзiмдерде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, ұсынысы конкурс жеңімпазының ұсынысынан кейін ең үздік болып танылған әлеуетті сатып алушымен (инвестормен) сатып алу-сату шартына қол қойылады.
Тармақ 6
6. Егер:
Тармақша 1
1) конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға екеуден аз өтінім тіркелсе;
Тармақша 2
2) конкурстың екінші кезеңіне екіден аз әлеуетті сатып алушы (инвестор) жіберілсе;
Тармақша 3
3) конкурс жеңімпазы сатушы белгілеген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаса, конкурс өткізілмеді деп танылады.
Осы тармақта көзделген жағдайларда сатушы мен тәуелсіз консультант өткізілмеген конкурс туралы актіге қол қояды және жекешелендіру объектісі қайтадан конкурсқа шығарылады.
Тармақ 7
7. Әрбір кейінгі конкурс алдыңғы конкурс күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей өткізіледі.
Бап 104. 104-бап. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесiлiакцияларына құқықтарды куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату
104-бап. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесiлiакцияларына құқықтарды куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату
Тармақ 1
1. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықтарды куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Туынды бағалы қағаздарды сатудың негізгi талаптарын сатушы Қазақстан Республикасының Үкiметіне немесе жергілікті атқарушы орган тиісті жергілікті өкілді органға бекiтуге ұсынады.
Тармақ 3
3. Туынды бағалы қағаздарды сату туралы шешiмде туынды бағалы қағаздар шығарылған, мемлекетке тиесiлi акциялардың саны, сатылатын туынды бағалы қағаздардың түрі, аумағында туынды бағалы қағаздарды сату жүзеге асыру көзделіп отырған шет мемлекет (шет мемлекеттер), мәмiленi аяқтаудың ең ұзақ мерзiмдерi туралы мәлiметтер, туынды бағалы қағаздардың меншiк иелерiнiң құқықтарын іске асырудың талаптары мен тәртiбi және қажет болған жағдайда, өзге де талаптар болуға тиiс.
Бап 105. 105-бап. Тiкелей атаулы сату
105-бап. Тiкелей атаулы сату
Бап 105-1. 105-1-бап. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына оны кері сатып алу міндеттемесімен сату
105-1-бап. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына оны кері сатып алу міндеттемесімен сату
Бап 106. 106-бап. Жекешелендiрудiң алдын ала жүргізілетін сатылары
106-бап. Жекешелендiрудiң алдын ала жүргізілетін сатылары
Бап 107. 107-бап. Объектiнi жекешелендiруге дайындау
107-бап. Объектiнi жекешелендiруге дайындау
Тармақ 1
1. Объектiнi жекешелендiруге дайындауды сатушы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Объектiнi жекешелендiруге дайындау процесінде сатушы:
Тармақша 1
1) осы Заңның 100-1-бабына сәйкес жекешелендіру объектісінің құнын бағалауды жүргізеді;
Тармақша 2
2) сатып алушының талап етуi бойынша жекешелендiру объектiлерiнiң ауыртпалықтары туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектер сомасы, егер жекешелендiру объектiсi мүлiктiк кешен ретіндегі кәсiпорын болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасасқан шарттары туралы ақпаратты дайындайды және ұсынады;
Тармақша 3
3) жекешелендiру объектiсiнде мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары болған жағдайда, көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкiлеттi органға және тиісті орталық атқарушы органдарға хабарлайды;
Тармақша 4
4) жекешелендiру жүргiзудiң талаптарын, нысандары мен түрлерiн айқындайды, оны өткізуге дайындықты жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 6
6) жекешелендiрудi жүргізуге қажеттi басқа да iс-шараларды өткізедi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiң акциялары мен жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесi сату объектiсi болатын заңды тұлғалардың лауазымды адамдары объектiнi сатуға дайындау үшiн қажеттi мәлiметтердi сатушының сұратуы бойынша ол айқындайтын мерзімдерде табыс етуге міндетті.
Табыс етілген мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн жауаптылық осы тармақта санамаланған заңды тұлғалардың лауазымды адамдарына жүктеледi.
Бап 108. 108-бап. Есеп айырысу тәртiбi
108-бап. Есеп айырысу тәртiбi
Тармақ 1
1. Жекешелендiру объектiлерiн сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушының арасында жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Сатып алынатын объектiге ақы төлеу сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап отыз күн iшiнде жүргiзiлуге тиiс.
Тармақ 3
3. Ақыны бөліп-бөліп төлеуге ықтимал бөліп-бөліп төлеу шарттары сауда-саттыққа қатысушылардың назарына алдын ала жеткізілген жағдайларда ғана жол берiледi.
Тармақ 4
4. Жекешелендiрiлетiн объектiнiң ақысын бөліп-бөліп төлей отырып сату кезiнде бастапқы жарнаның мөлшерi сату бағасының он бес пайызынан кем болмауға, ал ақыны бөліп-бөліп төлеу кезеңі үш жылдан аспауға тиіс.
Келесі сомаларды төлеген кезде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 282-бабында белгіленген ақшалай мiндеттемені орындау қағидалары қолданылады.
Бұл ретте кейіннен енгізілетін сомаларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып пайыздар есепке жазылады.
Тармақ 5
5. Егер сатып алу-сату шартында қамтамасыз етудiң өзгеше тәсілі көзделмесе, сатып алушы сатып алған мүлiкке сатушының кепiл салу құқығы төлемдердi уақтылы өтеудiң қамтамасыз етiлуi болып қызмет етеді.
Бап 109. 109-бап. Жекешелендіруден алынған қаражат
109-бап. Жекешелендіруден алынған қаражат
Тармақ 1
1. Республикалық меншікті жекешелендіруден алынған қаражат – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, коммуналдық меншікті жекешелендіруден алынған қаражат тиісті жергілікті бюджетке жіберіледі.
Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сатудан алынған қаражатты пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен белгiленедi.
Тармақ 2
2. Жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындау және өткізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бап 110. 110-бап. Сатып алу-сату шартының орындалуын бақылау
110-бап. Сатып алу-сату шартының орындалуын бақылау
Тармақ 1
1. Жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шарты талаптарының тиiсiнше орындалуын кейіннен бақылауды сатушы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2.
Сатып алу-сату шарты
талаптарының орындалуын бақылау сатып алушының мiндеттемелердi орындауы аяқталған кезге дейiн жүргiзiледi.
Сатушы бақылауды жүзеге асыру үшiн сатып алу-сату шартын, оның iшiнде өзiнiң қолданысын тоқтатқан шартты орындауға байланысты құжаттармен танысады және жұмысқа
тиісті салалардың уәкілетті органдарының (жергілікті атқарушы органдардың) өкілдерін, сондай-ақ қажет болған жағдайда
консультациялық аудиторлық және өзге де ұйымдарды тартады.
Тиісті салалардың уәкілетті органдары (жергілікті атқарушы органдар) сатушыдан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде сатып алу-сату шарты талаптарының орындалуын бақылауға қатысу үшін өз өкілдерінен кандидатуралар ұсынады.
Бақылауды жүргізу үшін консультациялық, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарту Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 111. 111-бап. Жекешелендiрiлген кәсiпорынның меншік иесiнiң қоршаған ортаға келтiрілген залал үшiн жауаптылығы
111-бап. Жекешелендiрiлген кәсiпорынның меншік иесiнiң қоршаған ортаға келтiрілген залал үшiн жауаптылығы
Тармақ 1
1. Алдыңғы жекешелендiрудiң шаруашылық қызметі салдарынан қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына келтiрiлген залал үшiн жекешелендiру объектiсiнiң бұрынғы меншік иесi – мемлекет жауаптылықта болады.
Тармақ 2
2. Қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды, сондай-ақ экологиялық тәуекелдi жаңа меншiк иесiне бөлу немесе аудару оның келiсiмiмен ғана мүмкiн болады.
Тармақ 3
3. Жекешелендiруден кейін қалдықтарға меншiк құқығы, сондай-ақ қалдықтармен қауiпсiз жұмыс iстеу және оларды жою, жердi рекультивациялау мен қалпына келтiру жөнiндегі мiндеттемелер жаңа меншiк иесiне өтедi.
Тармақ 4
4. Қоршаған ортаға жаңа меншiк иесiнiң шаруашылық қызметiнен келтiрілген зиян үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
Бап 112. 112-бап. Сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану және бұзу
112-бап. Сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану және бұзу
Тармақ 1
1. Жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартын соттың жарамсыз деп тануына:
Тармақша 1
1) объектiнi сатып алуға құқығы жоқ тұлғаға оны сату;
Тармақша 2
2) сатып алушыға заңсыз жеңiлдiктер мен артықшылықтар беру;
Тармақша 3
3) сауда-саттық жүргiзу тәртiбiн елеулi түрде бұзу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де негiздер негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Сатып алушы сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылғанға дейiн жекешелендiру объектiсiн кейіннен иеліктен шығарған жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 260 - 262-баптарында көзделген қағидалар бойынша оны иеленушіден талап ету мүмкін болады.
Тармақ 3
3. Егер тарап талап-арызды шартта келтірсе, сатып алу-сату шартының жарамсыз деп танылуына байланысты даулар бойынша талап қоюдың өту мерзiмi оған қол қойылған күннен бастап алты айды құрайды. Өзге мүдделi тұлғалар не прокурор талап-арыз келтірген жағдайда, даулар бойынша талап қоюдың өту мерзiмi шартты жарамсыз деп тануға негiз болып табылатын мән-жайлар туралы талапкер бiлген немесе бiлуге тиiстi болған күннен бастап алты айды құрайды, бiрақ ол шартқа қол қойылған күннен бастап үш жылдан кеш болмауға тиiс.
Тармақ 4
4. Жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген негіздер бойынша және тәртіппен бұзылуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Сатып алу-сату шартының бұзылуы тараптардың шарт бұзылғанға дейінгі міндеттемелері бойынша өздері орындағандарын қайтаруына және шартты бұзған тараптың залалдарды өтеуіне әкеп соғады.
Бап 113. 113-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерін жекешелендіру
113-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерін жекешелендіру
Мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерін жекешелендіру ерекшеліктері "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарудың өзге де тәсілдері
3-параграф. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарудың өзге де тәсілдері
Бап 114. 114-бап. Мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу ақысына не «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына (акцияларын төлеуге) мүліктік салым ретінде беру
114-бап. Мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу ақысына не «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына (акцияларын төлеуге) мүліктік салым ретінде беру
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді қоспағанда, республикалық мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 2
2. Коммуналдық мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына не акционерлік қоғам акцияларын төлеуге беру туралы шешімді тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің жергілікті атқарушы органы қабылдайды.
Тармақ 3
3. Стратегиялық объектілерге жататын мемлекеттік мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдар акцияларын төлеуге беру стратегиялық объектілермен мәмілелер жасау жөніндегі талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Тек мемлекеттік меншікте ғана болатын мемлекеттік мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мемлекеттік мүлік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге мүліктік салым ретінде пайдаланыла алмайды.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттармен және тәртіппен ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания акцияларын төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жағдайларда өзге де заңды тұлғаларға берілуі мүмкін. Сондай-ақ жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 59-бабы 1-тармағының және "Акционерлік қоғамдар туралы" және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының қағидалары бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғам акцияларын төлеуге берілуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Осы баптың ережелері мемлекеттік мүлікті «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына (акцияларды төлеуге) мүліктік салым ретінде беру үшін де қолданылады.
Бап 115. 115-бап. Жер учаскелерін иеліктен шығару
115-бап. Жер учаскелерін иеліктен шығару
Жер учаскелерін жеке меншікке беру Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген арнайы рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылады.
Бап 116. 116-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару
116-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 116-1. 116-1-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаның айырбастау шарты бойынша мүлікті иеліктен шығаруы
116-1-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаның айырбастау шарты бойынша мүлікті иеліктен шығаруы
Бап 117. 117-бап. Жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлікті иеліктен шығару
117-бап. Жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлікті иеліктен шығару
Осы Заңның 210-бабында көзделген жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлікті иеліктен шығару осы Заңның 213-бабында белгіленген рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылады.
Бап 118. 118-бап. Діни бірлестіктердің меншігіне ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) және ғибадат ету мақсатындағы өзге де мүлікті беру
118-бап. Діни бірлестіктердің меншігіне ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) және ғибадат ету мақсатындағы өзге де мүлікті беру
Тармақ 1
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекет меншігіндегі ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) және ғибадат ету мақсатындағы өзге де мүлікті діни бірлестіктердің меншігіне беруге құқылы. Діни бірлестіктердің өздеріне ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) іргелес жатқан аумағымен қоса берілуіне басым құқығы бар.
Тармақ 2
2. Алынып тасталды - ҚР 2011.10.11 № 484-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 119. 119-бап. Мемлекеттік заттай грантты жеке меншікке беру
119-бап. Мемлекеттік заттай грантты жеке меншікке беру
Республикалық немесе коммуналдық мүлікке жататын мемлекеттік заттай грантты жеке меншікке беру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен және талаптармен жүргізіледі.
Бап 119-1. 119-1-бап. Мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымына өтеусіз беру
119-1-бап. Мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымына өтеусіз беру
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымына өтеусіз береді.
Бап 119-2. 119-2-бап. Электр желілерін өтеусіз беру
119-2-бап. Электр желілерін өтеусіз беру
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылған электр желілерін жергілікті атқарушы органдар электр желілеріне бұлар тікелей қосылған энергия беруші ұйымдарға өтеусіз береді.
Бап 119-3. 119-3-бап. Байланыс жолдарын (желілерін), құрылысжайларын
өтеусіз беру
119-3-бап. Байланыс жолдарын (желілерін), құрылысжайларын
өтеусіз беру
Құрылыс салу аймағынан шығарылған байланыс жолдарын (желілерін), құрылысжайларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылысқа тапсырыс беруші реконструкциялау учаскесінде шығару (көшіру)
жүзеге асырылған байланыс жолдарының (желілерінің), құрылысжайларының меншік иесі болып табылатын ұйымның меншігіне өтеусіз беруге тиіс.
Бап 120. 120-бап. Мемлекеттік мүлікті шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің меншігіне өтеусіз беру
120-бап. Мемлекеттік мүлікті шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің меншігіне өтеусіз беру
Мемлекеттік мүлікті шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне, сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа көрсетілетін қызметтер саласын дамыту үшін өтеусіз беру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 120-1. 120-1-бап. Қорғаныс объектілерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік
шарттары бойынша иеліктен шығару
120-1-бап. Қорғаныс объектілерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік
шарттары бойынша иеліктен шығару
Қорғаныс объектілерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша иеліктен шығару «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 121. 121-бап. Мемлекетке тиесілі болмайтын мүлікті және жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлікті иеліктен шығару
121-бап. Мемлекетке тиесілі болмайтын мүлікті және жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлікті иеліктен шығару
Тармақ 1
1. Егер Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына орай мемлекетке тиесілі болмайтын мүлік мемлекеттік мүліктің құрамына түссе, осы мүлікке құқықты иеленген кезден бастап бір жыл ішінде бұл мүлік иеліктен шығарылуға тиіс, ал мүлікті өткізуден түскен қаражат бюджет есебіне жатқызылады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлік осы Заңның 213-бабының қағидалары бойынша иеліктен шығарылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы
компаниясына тікелей атаулы сату
4-параграф. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы
компаниясына тікелей атаулы сату
Бап 121-1. 121-1-бап. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы
компаниясына оны кері сатып алу міндеттемесімен
тікелей атаулы сату
121-1-бап. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы
компаниясына оны кері сатып алу міндеттемесімен
тікелей атаулы сату
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы шешімінде айқындалған мемлекеттік мүлік объектілері мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тікелей атаулы сатуға жатады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына оны кері сатып алу міндеттемесімен тікелей атаулы сатуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы шешімі негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған мүлікті кепілге салуға және оған өндіріп алуды қолдануға, сондай-ақ мұндай мүлікке тыйым салуды қодануға жол берілмейді.
Бөлім 5. 5-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
5-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тарау 11. 11-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТ МҮЛКІНЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ
11-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТ МҮЛКІНЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ
Тармақ 1. 1-параграф. Мемлекеттік заңды тұлғалар туралы жалпы ережелер
1-параграф. Мемлекеттік заңды тұлғалар туралы жалпы ережелер
Бап 122. 122-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкіне қатысты мемлекеттік меншік құқығын жүзеге асыру
122-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкіне қатысты мемлекеттік меншік құқығын жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Республикалық заңды тұлғалардың мүлкіне қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік орган атқарады.
Тармақ 2
2. Республикалық заңды тұлғаларды басқаруды тиісті салалардың уәкілетті органдары жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті саланың уәкілетті органын айқындамаған республикалық заңды тұлғаларға қатысты, сондай-ақ тиісті саланың уәкілетті органында мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын құқықтар тоқтатылған кезде тиісті саланың уәкілетті органының функцияларын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган атқарады.
Тармақ 4
4. Коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық заңды тұлғаларын басқаруды жүзеге асыратын орган ретінде әрекет етеді.
Бап 123. 123-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу
123-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу
Тармақ 1
1. Мемлекеттік заңды тұлға мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
Мемлекеттік заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, сондай-ақ "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік заңды тұлға қайта тіркелуге жатады.
Бап 124. 124-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары
124-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары
Тармақ 1
1. Мемлекеттік кәсіпорынның құрылтай құжаты – жарғы, ал мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты жарғы немесе ереже болып табылады.
Республикалық мемлекеттік мекеменің жарғысын (ережесін) – тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік мекеменің жарғысын (ережесін) жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бекітеді.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның жарғысын – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен республикалық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік орган, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жарғысын жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бекітеді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік заңды тұлғаның жарғысында (ережесінде):
Тармақша 1
1) мемлекеттік заңды тұлғаның түрі туралы нұсқау;
Тармақша 2
2) атауы (фирмалық атауы);
Тармақша 3
3) құрылтайшы және тиісті саланың уәкілетті органы туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) тұрған орны;
Тармақша 5
5) қызметінің нысанасы мен мақсаттары;
Тармақша 6
6) басшысының өкілеттігі;
Тармақша 7
7) байқау кеңесі құрылған жағдайларда оның өкілеттігі;
Тармақша 8
8) жұмыс режимі;
Тармақша 9
9) мүліктің құралу тәртібі;
Тармақша 10
10) қайта ұйымдастыру және тарату талаптары болуға тиіс.
Жарғыда (ережеде) заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты, заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органы, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынастар да айқындалады. Жарғыда (ережеде) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекеменің құрылтай құжатына, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе оны құру жөніндегі жеке актіде өзгеше көзделмесе, осы баптың қағидалары қолданылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекеме – тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен, ал мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен үлгілік жарғының (жалпы ереженің) негізінде қызметін жүзеге асырады.
Бап 125. 125-бап. Мемлекеттік кәсіпорынның фирмалық атауы, мемлекеттік мекеменің атауы
125-бап. Мемлекеттік кәсіпорынның фирмалық атауы, мемлекеттік мекеменің атауы
Тармақ 1
1. Мемлекеттік кәсіпорынның фирмалық атауында мемлекеттік меншік түріне (республикалық немесе коммуналдық) тиесілілігі, ведомстволық бағыныстылығы (ол болған кезде) көрсетілуге тиіс. Жедел басқару құқығындағы кәсіпорынның фирмалық атауында оның қазыналық екендігі де көрсетілуге тиіс.
Мемлекеттік мекеменің атауында мемлекеттік меншік түріне (республикалық немесе коммуналдық) тиесілілігі, ұйымдық-құқықтық нысаны және ведомстволық бағыныстылығы (ол болған кезде) көрсетілуге тиіс. Мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелердің атауы Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе оларды құру жөніндегі жеке актіде айқындалады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және заңды тұлғаның атауы жазылған мөрі болады.
Бап 126. 126-бап. Мемлекеттік заңды тұлға қызметінің нысанасы мен мақсаттары
126-бап. Мемлекеттік заңды тұлға қызметінің нысанасы мен мақсаттары
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсаттарын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты айқындайды және олар мемлекеттік мекеменің жарғысында (ережесінде) бекітіледі.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) – осы Заңның 134-бабының талаптарына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, түрін жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты айқындайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік заңды тұлғаларға (мемлекеттік органдардан басқа) мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын беруге жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Егер осы Заңның 135-бабының 3-тармағында және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік заңды тұлға басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік заңды тұлғаларға жарғыда (ережеде) бекітілген өз қызметінің нысанасы мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
Тармақ 4-1
4-1. Мемлекеттік заңды тұлға, егер бас қаржылық келісім мемлекеттік заңды тұлғаның жарғысында (ережесінде) белгіленген оның қызметінің нысанасы мен мақсаттарына сәйкес келсе, оның шеңберінде мәмілелер жасасуға құқылы.
Бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жазуды және (немесе) тарату неттингін бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады (қолданады).
Талаптарды есепке жазу және (немесе) бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәміле:
тиісті саланың уәкілетті органының;
мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның;
жергілікті атқарушы органның;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының;
прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Мемлекеттік заңды тұлға басшысының заңды тұлғаның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.
Бап 127. 127-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкі
127-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, оның құны өзінің балансында көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкі бөлінбейтін мүлік болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаның қызметкерлері арасында бөлінбейді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкі:
Тармақша 1
1) оған меншік иесі берген мүлік;
Тармақша 2
2) өз қызметі нәтижесінде ие болған мүлік (ақшалай табыстарды қоса алғанда);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
Бап 128. 128-бап. Шаруашылық жүргізу құқығына және жедел басқару құқығына ие болу және оны тоқтату
128-бап. Шаруашылық жүргізу құқығына және жедел басқару құқығына ие болу және оны тоқтату
Тармақ 1
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, шаруашылық жүргізу құқығына және жедел басқару құқығына ие болу және оны тоқтату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығына және өзге де заттық құқыққа ие болу және оны тоқтату үшін көзделген талаптармен және тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше көзделмесе, меншік иесі бұрын құрылып қойған мемлекеттік заңды тұлғаға бекітіп беру туралы шешім қабылдаған мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы немесе оны жедел басқару құқығы осы мемлекеттік заңды тұлғада мүлік оның балансына бекітіп берілген кезде пайда болады.
Тармақ 3
3. Шаруашылық жүргiзудегi (жедел басқарудағы) мүлiктi пайдаланудан алынған жемiстер, өнiм мен табыстар, сондай-ақ шарттар немесе өзге де негiздер бойынша мемлекеттік заңды тұлға сатып алған мүлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында меншiк құқығына ие болу үшін белгiленген тәртiппен мемлекеттік заңды тұлғаның шаруашылық жүргiзуiне (жедел басқаруына) түседi.
Тармақ 4
4. Мүлiкке шаруашылық жүргiзу (жедел басқару) құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында меншiк құқығын тоқтату үшін көзделген негiздер бойынша және тәртiппен, сондай-ақ осы Заңның 144, 154, 162-баптарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
Бап 129. 129-бап. Мемлекеттік меншік не ведомстволық бағыныстылық түрінің өзгеруі кезінде мемлекеттік заңды тұлғаның мүлікке құқықтарды сақтауы
129-бап. Мемлекеттік меншік не ведомстволық бағыныстылық түрінің өзгеруі кезінде мемлекеттік заңды тұлғаның мүлікке құқықтарды сақтауы
Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін республикалық меншіктен коммуналдық меншікке немесе керісінше, не тиісті саланың бір уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) бағынысынан екіншісінің бағынысына берген кезде мұндай мемлекеттік заңды тұлға өзіне тиесілі мүлікке құқықтарды сақтайды.
Бап 130. 130-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату
130-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 1
1. Республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен, ал коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен жүргізіледі.
Мемлекеттік заңды тұлға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген басқа негіздер бойынша да таратылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімімен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
Коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қайта бөледі.
Таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
Бап 131. 131-бап. Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) мемлекеттік заңды тұлғаның шағым жасауы
131-бап. Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) мемлекеттік заңды тұлғаның шағым жасауы
Мемлекеттік заңды тұлға мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның және тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мүлікті қайта бөлумен байланысты әрекеттерін (әрекетсіздігін) қоса алғанда, мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғаның құқықтарын бұзатын басқа да әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.
Тармақ 2. 2-параграф. Мемлекеттік кәсіпорын туралы жалпы ережелер
2-параграф. Мемлекеттік кәсіпорын туралы жалпы ережелер
Бап 132. 132-бап. Мемлекеттік кәсіпорындар түрлері
132-бап. Мемлекеттік кәсіпорындар түрлері
Мемлекеттік кәсіпорындарға:
Тармақша 1
1) шаруашылық жүргізу;
Тармақша 2
2) жедел басқару (қазыналық кәсіпорындар) құқықтарына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар жатады.
Бап 133. 133-бап. Мемлекеттік кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату
133-бап. Мемлекеттік кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 1
1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорынды – Қазақстан Республикасының Үкіметі, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды жергілікті атқарушы орган немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты құрады.
Тармақ 2
2. Мемлекет мынадай:
Тармақша 1
1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғамның мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмаған;
Тармақша 2
2) мемлекетке тиесілі стратегиялық объектілер пайдаланылған және күтіп-ұсталған;
Тармақша 3
3) мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызмет жүзеге асырылған;
Тармақша 4
4) тиісті тауар нарығында бәсекелестік болмаған не даму деңгейі төмен болған жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындар құрады.
Тармақша 5
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындарды Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрады.
Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген жағдайларда, мемлекеттiк кәсiпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады.
Қалған жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындарды Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (республикалық кәсіпорындарды) немесе жергілікті атқарушы орган не аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты (коммуналдық кәсіпорындарды) құрады.
Мемлекеттік кәсіпорындарды құру осы Заңның 134-бабында белгіленген шектеулер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату осы бапта белгіленген ерекшеліктерімен қоса, осы Заңның 130-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қазыналық кәсіпорын етіп қайта құру – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен, шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды қазыналық кәсіпорын етіп қайта құру жергілікті атқарушы органның шешімімен немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды қазыналық кәсіпорын етіп қайта құру бойынша барлық шығыстар, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорынның өзінде жеткілікті қаражат болмаған кезде қайта құрылатын мемлекеттік кәсіпорынның өз кредиторларымен есеп айырысулары тиісті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның негізінде құрылатын қазыналық кәсіпорын оған бұрын бөлінген мемлекеттік мүлік және ақша бойынша, сондай-ақ жер пайдалану, табиғат пайдалану, жер қойнауын пайдалану, квоталар, лицензиялар беру және бұрын жасалған шарттар бөлігінде, егер осылар жаңадан құрылған қазыналық кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарына сәйкес келетін болса, қайта құрылатын мемлекеттік кәсіпорынның құқықтық мирасқоры болып табылады.
Тармақ 8
8. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды қазыналық кәсіпорын етіп қайта құру кезінде оған бекітіліп берілген мүліктің құқықтық режимі мемлекеттік кәсіпорынды қайта құру туралы шешім қабылданған кезден бастап шаруашылық жүргізу құқығынан жедел басқару құқығына ауысады.
Бап 134. 134-бап. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің мақсаты
134-бап. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің мақсаты
Тармақ 1
1. Осы Заңның 133-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындар құрылуы мүмкін, ал бұрын құрылғандары осы бапта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін ғана жұмыс істеуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар өз қызметін:
Тармақша 1
1) елді мекендердің тіршілігін (энергиямен, газбен, сумен, жылумен жабдықтау, су бұру және коммуналдық қалдықтарды көму, қалдықтар полигондарын құру және пайдалану) қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) табиғат пайдаланудың және орман өсірудің шектеулі режимі бар орман саябақтары, жасыл және қорғаныш аймақтарын құру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы мен оның ведомстволарының және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының өздеріне жүктелген функцияларын, сондай-ақ астананың және Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды, оларды ғимараттардан (құрылыстардан, құрылысжайлардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы функцияларын жүзеге асыруына ықпал ету;
Тармақша 4
4) мемлекеттік автомобиль жолдарын күтіп ұстау;
Тармақша 4-1
4-1) автомобиль жолдары туралы заңнамаға сәйкес жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау, сондай-ақ жол активтерін басқару;
Тармақша 5
5) денсаулық сақтау;
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру;
Тармақша 5-1
5-1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) үшін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
Тармақша 5-2
5-2) протездік-ортопедиялық және есту протездік көмек көрсету;
Тармақша 5-3
5-3) халықты жұмыспен қамту саласында қызметтер көрсету;
Тармақша 6
6) спорттық-сауықтыру объектілерін, мәдениет және демалыс саябақтарын пайдалану;
Тармақша 7
7) ғылыми зерттеулер, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру;
Тармақша 7-1
7-1)
заңнамалық актілердің жобаларына, ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптаманы қамтамасыз ету, заңнаманың тиімділігін талдауды (нормативтік құқықтық актілерді талдауды), Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдарын әзірлеуді, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 7-2
7-2) заңнамалық актілерді ағылшын тіліне аударуды және оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 7-3
7-3) заң жобаларына, ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптаманы
және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы
қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу, Ұлттық кеңістіктік деректер қорын жүргізу, мемлекеттік жер кадастры үшін жерге орналастыру жұмыстарын, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы ақпараттық дерекқорды, экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын және Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларын, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін талдамалық, консалтингтік, әлеуметтанушылық және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу;
Тармақша 9
9) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы
құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды күтіп-ұстау, пайдалану, жөндеу және реконструкциялау, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині, карантинге жатқызылған өнімнің
карантиндік фитосанитариялық сараптамасы;
Тармақша 11
11) тарих және мәдениет ескерткіштерін ғылыми зерттеу, консервациялау, реставрациялау, қайта жасау, жөндеу және бейімдеу жөніндегі жұмыстарды орындау;
Тармақша 12
12) теңіз портының қызметі;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушыларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсыну;
Тармақша 14
14) мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау;
Тармақша 15
15) техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, аккредиттеу саласында, сондай-ақ стандарттау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 15-1
15-1) экономика, құрылыстағы баға белгілеу және басқару саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) қылмыстық-атқару жүйесі саласында өндірістік қызметті жүзеге асыру және сотталғандардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) алып тасталды - ҚР 2013.01.29 N 74-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 18
18) мынадай функцияларды:
денсаулық сақтау саласындағы референс-зерттеулерді;
өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы референттік (референс-) зерттеулерді;
патогенді биологиялық агенттермен, оның ішінде аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарымен жұмыс істеуді;
жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны;
эпизоотиялық мониторингті;
патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын жүргізуді;
ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан, байқаудан өткізуді, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылауды;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті, референцияны;
ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін;
жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар өткізуді;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды;
ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізуді, ұсынуды;
ветеринариялық анықтама беруді;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша
қызметтер көрсетуді;
микроорганизмдердің штамдарын депонирлеуді;
жануарлардың Қазақстан
Республикасының аумағында алғаш рет анықталған аса қауіпті және экзотикалық
ауруларын диагностикалауды жүзеге асыру;
Тармақша 19
19) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 20
20) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 20-1
20-1) пайдаланылмайтын мүлікті өткізу (оның ішінде экспорттау), құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, қорғаныс объектілерін жалға беру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мұқтаждары, мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру, ғарыш қызметі үшін әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алу (оның ішінде импорттау), сондай-ақ әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) экспорттау;
Тармақша 20-2
20-2) Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 21
21) алып тасталды - ҚР 08.04.2016 № 490-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 22
22) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 23
23) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
Тармақша 24
24) төтенше және авариялық жағдайларда жүргізілетін өртті сөндіруге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге байланысты жұмыстарды және басқа да авариялық-құтқару жұмыстарын орындау;
Тармақша 25
25) метрополитенді пайдалану (күтіп-ұстау, дамыту), сондай-ақ метрополитенмен жолаушылар мен багаж тасымалын іске асыру;
Тармақша 26
26) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 27
27) азаматтық қорғаныстың арнаулы инженерлік іс-шараларын орындау;
Тармақша 28
28) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау;
Тармақша 29
29) құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу;
Тармақша 30
30) барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу;
Тармақша 31
31) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру мен жүргізу, сондай-ақ құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну саласында жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қазыналық кәсіпорындар өз қызметін:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау;
Тармақша 3
3) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру;
Тармақша 3-1
3-1) егер олар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдары болса, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
Тармақша 4
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, мәдениет және спорт;
Тармақша 4-1
4-1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) үшін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
Тармақша 4-2
4-2) протездік-ортопедиялық және есту протездік көмек көрсету;
Тармақша 5
5) ғылыми зерттеулер;
Тармақша 6
6) биологиялық әртүрлілікті және тектік қорды сақтау, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту
мақсатында жануарлар, өсімдіктер дүниесі объектілерін қорғауды, тұрақты пайдалануды, молайтуды және жасанды түрде өсіруді, сондай-ақ табиғатты (зоологиялық саябақтарды, ботаникалық бақтарды, дендрологиялық саябақтарды) қорғауды, орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
Тармақша 8
8) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) үшін арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету;
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 10
10) кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11)
сот-сараптама қызметі;
Тармақша 12
12) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласында жүзеге асырады.
Тармақ 3-1
3-1. Жергілікті атқарушы органдар құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында көрсетілген ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыра алады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік кәсіпорындарға – табиғи және мемлекеттік монополиялар субъектілеріне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады.
Бап 135. 135-бап. Мемлекеттік кәсiпорынның мүлкiне билік ету
135-бап. Мемлекеттік кәсiпорынның мүлкiне билік ету
Тармақ 1
1. Мемлекеттік кәсіпорын өзі өндірген өнімді дербес өткізеді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорын заңды тұлғаларды құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
Бап 136. 136-бап. Мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын
136-бап. Мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын
Тармақ 1
1. Мүлiктiк меншiк ретiнде мемлекеттік кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуіне арналған мүліктің барлық түрлері, оның ішінде ғимараттар, құрылыстар, жабдық, құрал-сайман, шикiзат, өнiм, жер учаскесiне құқық, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлеулерге (фирмалық атауы, тауар таңбалары) құқықтар және басқа да ерекше құқықтар кіреді.
Тармақ 2
2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға қатысты, осы кәсіпорын бiрыңғай мүлiктiк кешен ретiнде әрекет ететін тұста мәмiлелер (кепiл, жалға алу және басқалары) жасау – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен, ал коммуналдық мемлекеттік кәсiпорынға қатысты жергiлiктi атқарушы органның шешімімен немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен жүргізіледі.
Бап 137. 137-бап. Мемлекеттік кәсiпорынның заңсыз алған табыстарын алып қою
137-бап. Мемлекеттік кәсiпорынның заңсыз алған табыстарын алып қою
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында көзделмеген, қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.
Бап 138. 138-бап. Мемлекеттік кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
138-бап. Мемлекеттік кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
Тармақ 1
1. Жыл сайын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін – тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.
Тармақ 2
2. Еңбекке ақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде дербес айқындайды.
Қазыналық кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбекке ақы төлеу жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тармақ 3
3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесiн – тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесiн жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгiлейдi.
Бап 139. 139-бап. Мемлекеттік кәсіпорынды басқару
139-бап. Мемлекеттік кәсіпорынды басқару
Тармақ 1
1. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес:
республикалық мемлекеттік кәсіпорын басшысының тиісті саланың уәкілетті органымен;
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жергілікті атқарушы органмен немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен еңбек шартын жасасуы арқылы ресімделеді.
Тармақ 2
2. Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген талаптардан бөлек, мемлекеттік кәсіпорын басшысының таза табыстың белгіленген бөлігін уақтылы бюджетке аудармағаны үшін жауапкершілігі айқындалады.
Тармақ 3
3. Осы Заңда көзделген жағдайларда басшыны тағайындау, басшының кандидатурасын келісу, оны аттестаттаудан өткізу, білім беру және мәдениет саласындағы жекелеген мемлекеттік кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын бірінші басшыларын қоспағанда, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы дара басшылық принципі бойынша әрекет етеді және егер осы Заңда және кәсіпорынның жарғысында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін осы Заңда және мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
5. Мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарын іске асыру нәтижелілігіне және тиімділігіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік кәсіпорынның басшысы жауапты болады.
Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы мемлекеттік кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүддесін білдіреді, осы Заңда белгіленген шектерде мемлекеттік кәсіпорынның мүлкіне билік етеді, шарттар жасасады, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады және өзге де мәмілелер жасайды, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.
Тармақ 7
7. Алып тасталды -
ҚР 19.05.2026 № 291-VIII (01.07.2026
бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының орынбасарларын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік кәсіпорын басшысының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Мемлекеттік кәсіпорын басшысы орынбасарларының және басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін басшы белгілейді.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен мемлекеттiк кәсiпорын банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.
Бап 140. 140-бап. Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін қаржыландыру
140-бап. Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін қаржыландыру
Тармақ 1
1. Мемлекеттік кәсіпорынның қызметі даму жоспарына сәйкес өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 1-1
1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорынның қызметі өзінің меншікті кірісі есебінен қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептер тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды
қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың
таза кірісінің бір бөлігін аудару
нормативі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалады.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бөлу тәртібін олардың өздері айқындайды.
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.
Тармақ 2-1
Тармақ 3
3. Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының белгіленген нормативтер бойынша бір бөлігі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
Тармақ 4
4. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің белгіленген бөлігін бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік кәсіпорындар таза табыстың бір бөлігін тиісті бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Мемлекеттік кәсіпорын тиісті бюджетке таза кірістің бір бөлігін аудару мерзімін бұзған кезде таза кірістің бір бөлігінің мерзімінде төленбеген сомасына мерзімі өткен әрбір күн үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2,5 еселенген базалық мөлшерлемесі мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын
3-параграф. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын
Бап 141. 141-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi
141-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi
Тармақ 1
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, кез келген мүлiк шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi болуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның қарамағында не оның жарғылық мақсаттарында көзделген қызметтi қамтамасыз ету үшiн өзіне қажеттi, не осы қызметтiң өнiмi болып табылатын мүлiк қана бола алады.
Бап 142. 142-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік кәсіпорындардың органдары
142-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік кәсіпорындардың органдары
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның органдары оның басшысы, сондай-ақ осы Заңның 148-бабында көзделген жағдайларда байқау кеңесі немесе құрылуы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге алқалы басқару органдары болып табылады.
Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) шешімі бойынша:
Тармақша 1
1) атауы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында айқындалатын алқалы орган немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға болып табылатын орган;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарына және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.
Бап 143. 143-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғылық капиталы
143-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғылық капиталы
Тармақ 1
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшысы айқындайды, бiрақ оның мөлшерi шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынға берiлетін мүлiктiң жалпы құнынан аспауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеу күнінде белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің он мың еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Жарғылық капиталдың мөлшерi шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғысында көрсетiледi.
Меншiк иесi (құрылтайшы) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеу кезіне жарғылық капиталды толығымен қалыптастыруға тиiс.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасының кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi туралы заңдарында жарғылық капиталды қалыптастырудың өзге де тәртіптері мен мөлшерi белгiленген болса, онда шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындар оларды Қазақстан Республикасының осы заңдарында көзделген, бiрақ осы баптың 1-тармағында көрсетiлгеннен кем болмайтындай мөлшерде қалыптастырады.
Бап 144. 144-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығын тоқтатудың ерекшеліктері
144-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығын тоқтатудың ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Осы Заңның 128-бабының 4-тармағында көзделген шаруашылық жүргiзу құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен бөлек, шаруашылық жүргiзу құқығы меншік иесінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін заңды түрде алып қойған жағдайларда тоқтатылады.
Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғылық қызметiнiң мақсатына сай келмейтін мүлiктi алып қою (осы Заңның 141-бабының 2-тармағы);
Тармақша 2
2) артық, пайдаланылмаған не өз мақсатында пайдаланылмаған мүлiктi алып қою жатады.
Тармақ 2
2. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мүлiктi алып қою туралы шешiмде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкiлеттi орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлiкті өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп-ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімдерiн белгiлейді.
Бап 145. 145-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның мүлiктiк құқықтарын жүзеге асыру шарттары
145-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның мүлiктiк құқықтарын жүзеге асыру шарттары
Тармақ 1
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын өзiне шаруашылық жүргiзу құқығында бекiтiлiп берiлген, негiзгi құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлiкке дербес билiк етеді.
Тармақ 2
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын тиісті сала уәкілетті органының ұсынуы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келісуімен:
Тармақша 1
1) филиалдар, өкілдіктер құруға;
Тармақша 2
2) акционерлік қоғамдардың өзіне тиесілі акцияларына билік етуге;
Тармақша 3
3) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгерлік немесе кепілдік беруге құқылы.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын тиісті сала уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келісуімен ғана дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға, қарыздар беруге құқылы.
Тармақ 3
3. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде өзгеше белгіленбесе немесе меншік иесі (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкiлетті орган, жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) өзгеше белгілемесе, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген мүлiкпен жасалған мәмiлелерден алынған ақшаны шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын дербес пайдаланады.
Бап 146. 146-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
146-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
Тармақ 1
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның оларды өндiруге жұмсаған шығындарын толық өтеуді, оның қызметінің залалсыздығын және өз табыстары есебiнен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиiс.
Тармақ 2
2. Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемдері шеңберінде өндiрілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың уәкілетті органымен немесе жергілікті атқарушы органмен не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен келісу бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын белгiлейдi.
Тармақ 2-1
2-1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес тегін көрсетілетін халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Табиғи монополия немесе мемлекеттік монополия субъектісіне жататын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптары ескеріле отырып белгіленеді.
Бап 147. 147-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жауаптылығы
147-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жауаптылығы
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын мемлекеттің мiндеттемелерi бойынша жауаптылықта болмайды.
Мемлекет шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның құрылтайшысы, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы әрекеттерiнен туындаған банкроттығы, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның банкроттығына қатысты жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының әрекеттерінен туындаған банкроттығы жағдайларын қоспағанда, оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Бұл жағдайларда мемлекет шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның қаражаты кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған кезде оның мiндеттемелерi бойынша жауап бередi.
Қазақстан Республикасының заңдарында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша мемлекет жауапкершілігінің өзге де жағдайлары белгiленуi мүмкiн.
Тармақ 4. 4-параграф. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды басқарудың ерекшеліктері
4-параграф. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды басқарудың ерекшеліктері
Бап 148. 148-бап. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды басқару
148-бап. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды басқару
Тармақ 1
1. Денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорында тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) ұсынысы бойынша, осы Заңмен және (немесе) денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысымен тиісті сала уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелердің шешімін қоспағанда, кәсіпорынның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын байқау кеңесі – басқару органы құрылуы мүмкін.
Білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, сондай-ақ білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларында жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің саны тақ сан болуға әрі бір-бірімен және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен жақын туыстық және жекжаттық қатынастарда болмайтын кемінде бес адамнан құралуға тиіс. Байқау кеңесінің мүшелері шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің штатына кірмейді.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесі құрамының кемінде отыз пайызы байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелері болуға тиіс.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің құрамына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның өкілі кіруге тиіс.
Байқау кеңесінің төрағасы байқау кеңесі мүшелері арасынан байқау кеңесі мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады.
Тармақ 2
2. Байқау кеңесін құру тәртібін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 3
3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.
Тармақ 4
4. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің өкілеттігі байқау кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы байқау кеңесінің шешіміне сәйкес байқау кеңесі мүшесінің жазбаша өтініші негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалауды жүзеге асырады. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау қорытындылары бойынша байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу туралы шешім қабылдайды. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысына және байқау кеңесінің мүшелері болып табылатын мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төленбейді. Байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның қаражаты есебінен төленеді.
Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 6
6. Байқау кеңесінің хатшысы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылады және байқау кеңесінің мүшесі болып табылмайды. Байқау кеңесінің хатшысы байқау кеңесіне есеп береді, оның отырыстарын дайындау мен өткізуді, отырысқа материалдар ресімдеуді қамтамасыз етеді және байқау кеңесі мүшелерінің отырыстар материалдарына қолжетімді болуын қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізеді.
Байқау кеңесі хатшысының құзыреті мен қызметі шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ішкі құжаттарында айқындалады.
Тармақ 7
7. Байқау кеңесінің мүшелері өздерінің іс-әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) кәсіпорынның залалға ұшырауына әкеп соқтырған зиян үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) алдында жауаптылықта болады.
Байқау кеңесінің мүшелері, егер байқау кеңесі қабылдаған, кәсіпорынның залалға ұшырауына әкеп соқтырған шешімге қарсы дауыс берсе немесе дауыс беруге қатыспаса, жауапкершіліктен босатылады.
Бап 148-1. 148-1-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғалары
148-1-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғалары
Мыналар:
Тармақша 1
1) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды адамдарының жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;
Тармақша 2
2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынмен орындалмаған мәмілелері бар заңды тұлғаның лауазымды адамы;
Тармақша 3
3) мыналардың:
осы баптың 1) тармақшасында аталған адам өзіне қатысты құрылтайшы болып табылатын заңды тұлғаның;
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды адамы өзіне қатысты құрылтайшы болып табылатын заңды тұлғаның;
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын өзіне қатысты құрылтайшы болып табылатын заңды тұлғаның лауазымды адамы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғалары болып табылады.
Бап 149. 149-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің өкілеттіктері
149-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің мынадай өкілеттіктері бар:
Тармақша 1
1) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарының жобасы бойынша, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қорытынды береді;
Тармақша 2
2) даму жоспарының орындалуы туралы есептің жобасын келіседі, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржы есептілігін алдын ала бекітеді;
Тармақша 3
3) демеушілік, қайырымдылық көмектер мен қосымша көздерден алынған қаражатты, оның ішінде шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның иелігінде қалған таза табыстың бір бөлігін бөлу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 4
4) бюджет қаражаты мен қосымша көздерден алынған қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамасымен кедергісіз танысады және көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыру үшін тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу мәселелері бойынша тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) ұсыныстарын келіседі;
Тармақша 6
6) ұжымдық шартты әзірлеуге қатысады және қосымша қаржы көздерінен, даму жоспарында бекітілген қаражат шегінде кәсіпорын қызметкерлерінің, басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерінің лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету бөлігінде шешімдер қабылдайды;
Тармақша 7
7) байқау кеңесінің хатшысын тағайындайды, оның өкілеттік мерзімін және жалақысының мөлшерін айқындайды, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;
Тармақша 8
8) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 9
9) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдайды;
Тармақша 10
10) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 11
11) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның филиалдарын, өкілдіктерін құру және жабу туралы ұсыныстар енгізеді.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған өкілеттіктерден басқа денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің мынадай өкілеттіктері бар:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекітеді;
1-1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының немесе алқалы атқарушы орган басшысының бос лауазымына конкурс өткізеді;
Тармақша 2
2) конкурс нәтижелері бойынша атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшы немесе алқалы атқарушы органның басшысы етіп тағайындауға кандидатураны тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) ұсынады;
Тармақша 2-1
2-1) атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшымен немесе алқалы атқарушы органның басшысымен еңбек шартын бұзу туралы тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) шешімін келіседі;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ішкі аудит қызметінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін айқындайды, оның басшысы мен мүшелерін тағайындайды,
сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқығы болады, ішкі аудит кызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің еңбекақысы мен сыйақы беру мөлшерін және шарттарын айқындайды;
Тармақша 4
4) қаржылық есептілік аудиті үшін аудиторлық ұйым көрсететін қызметтерге ақы төлеу мөлшерін айқындайды;
Тармақша 5
5) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық құрылымын бекітеді;
Тармақша 6
6) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын немесе оның қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қызметі туралы ақпаратты айқындайды;
Тармақша 7
7) осы Заңда және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында көзделген, тиісті сала уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) айрықша құзыретіне жатпайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Байқау кеңесінің осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген өкілеттіктерін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органына беруге жол берілмейді.
Тармақ 2
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің талап етуі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері байқау кеңесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат беруге міндетті.
Бап 150. 150-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырыстарын өткізу тәртібі
150-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырыстарын өткізу тәртібі
Тармақ 1
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырыстары қажет болуына қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
Тармақ 2
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырысын оның төрағасы өз бастамасы бойынша, тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның), байқау кеңесі мүшесінің немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысының талап етуі бойынша шақыруы мүмкін.
Тармақ 3
3. Байқау кеңесі туралы ережені, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу тәртібін тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекітеді.
Тармақ 4
4. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырысы, егер шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің барлық мүшелері оның өтетін уақыты мен орны туралы хабардар етілсе және отырысқа шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, заңды болып табылады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің өз дауысын байқау кеңесінің басқа мүшесіне немесе өзге жеке тұлғаға (сенімхат бойынша) беруіне жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.
Тармақ 6
6. Байқау кеңесінің шешімдері жазбаша нысанда ресімделеді және оларға байқау кеңесінің барлық мүшелері қол қояды.
Бап 150-1. 150-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның
атқарушы органы
150-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның
атқарушы органы
Тармақ 1
1. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ағымдағы қызметіне басшылықты атқарушы орган жүзеге асырады. Атқарушы орган алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін.
Атқарушы орган байқау кеңесіне есеп береді.
Атқарушы орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және байқау кеңесінің шешімін орындауға міндетті.
Атқарушы орган осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысымен денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басқа да органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған, денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы.
Алқалы атқарушы органның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған атқарушы органның отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қоюға және онда дауыс беруге қойылған мәселелер, алқалы атқарушы органның әр мүшесінің әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижесі көрсетіліп, бұлар бойынша дауыс беру қорытындысы қамтылуға тиіс.
Атқарушы орган мүшесінің дауыс беру құқығын өзге адамға, оның ішінде атқарушы органның басқа мүшесіне беруге жол берілмейді.
Тармақ 2
2. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшыны немесе алқалы атқарушы органның басшысын байқау кеңесінің ұсынуы бойынша лауазымға тағайындайды және оның алдын ала келісімі бойынша лауазымнан босатады.
Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) атқарушы орган басшысының ұсынуы бойынша алқалы атқарушы органның мүшесін лауазымға сайлайды және лауазымнан босатады.
Атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшыны, алқалы атқарушы органның басшысын тағайындаудың, кандидатурасын келісудің және аттестаттаудан өткізудің осы Заңның 139-бабының 3-тармағында белгіленген тәртібі денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға қатысты қолданылмайды.
Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) алқалы атқарушы органның басшысымен еңбек шартын жасасады.
Тармақ 3
3. Атқарушы органның басшысы:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және байқау кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) үшінші тұлғалармен қатынастарда денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) банктік шоттар ашады, барлық жұмыскерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 4
4) үшінші тұлғалармен қатынастарда денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның мүддесін білдіру құқығына сенімхат береді;
Тармақша 5
5) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын жұмыскерлерін қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 6
6) өзі болмаған жағдайда өз міндеттерін атқаруды атқарушы орган мүшелерінің біріне жүктейді;
Тармақша 7
7) атқарушы орган мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттіктер саласын және жауапкершілікті бөледі;
Тармақша 8
8) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Атқарушы органның мүшесі байқау кеңесінің келісімімен ғана басқа ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы.
Алқалы атқарушы органның басшысы мен мүшелері немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адам басқа заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының не атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамның лауазымын атқаруға құқылы емес.
Атқарушы орган мүшесінің функциялары, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның аталған адаммен жасайтын еңбек шартында айқындалады.
Бап 150-2. 150-2-бап. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның
ішкі аудит қызметі
150-2-бап. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның
ішкі аудит қызметі
Тармақ 1
1. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігіне мониторингті жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) шешімі бойынша ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Ішкі аудит қызметінің жұмыскерлері байқау кеңесінің және атқарушы органның құрамына сайлана алмайды.
Тармақ 3
3. Ішкі аудит қызметі байқау кеңесіне тікелей бағынады және оның алдында өз жұмысы туралы есеп береді.
Бап 151. 151-бап. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның аудиті
151-бап. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның аудиті
Тармақ 1
1. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізуге міндетті.
Тармақ 2
2. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның аудиті байқау кеңесінің, мемлекеттік кәсіпорын басшысының, тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) бастамасы бойынша мемлекеттік кәсіпорын қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін.
Бап 152. 152-бап. Мүдделер қайшылығы
152-бап. Мүдделер қайшылығы
Байқау кеңесінің мүшесі шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алуға тиіс. Байқау кеңесінің мүшелеріне шешімдер қабылдаған кезде өзінің жеке мүддесін көздеуіне, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның коммерциялық мүмкіндіктерін жеке мақсатында пайдалануына тыйым салынады.
Тармақ 5. 5-параграф. Қазыналық кәсiпорын
5-параграф. Қазыналық кәсiпорын
Бап 153. 153-бап. Қазыналық кәсiпорынның мүлкiне билік ету
153-бап. Қазыналық кәсiпорынның мүлкiне билік ету
Қазыналық кәсіпорын тиісті сала уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келісуімен дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға құқылы.
Қазыналық кәсіпорын негізгі құралдарға жатпайтын, өзіне жедел басқару құқығында бекітіліп берілген жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.
Бап 154. 154-бап. Қазыналық кәсіпорынның жедел басқаруына берiлген мүлiктi мемлекеттің алып қою және қайта бөлу құқығы
154-бап. Қазыналық кәсіпорынның жедел басқаруына берiлген мүлiктi мемлекеттің алып қою және қайта бөлу құқығы
Тармақ 1
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімнің аппараты қазыналық кәсіпорынға бекітіп берілген мүлікті алып қоюға не оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.
Тармақ 2
2. Жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қазыналық кәсіпорынға алып қойылған мүлікті өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп-ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімдерін белгілеуге құқылы.
Бап 155. 155-бап. Қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi
155-бап. Қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi
Тармақ 1
1. Қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi жарғыда бекітілген оның мақсаттарымен және мiндеттерiмен айқындалады.
Тармақ 2
2. Өзге шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.
Бап 156. 156-бап. Қазыналық кәсiпорын өндiретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
156-бап. Қазыналық кәсiпорын өндiретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
Тармақ 1
1. Республикалық қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) бағаларын тиісті саланың уәкілетті органы белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, коммуналдық қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын жергiлiктi атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Табиғи монополия немесе мемлекеттік монополия субъектісіне жататын қазыналық кәсіпорындарды қоса алғанда, қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) бағалары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптары ескеріле отырып белгіленеді.
Бап 157. 157-бап. Қазыналық кәсіпорынның жарғылық капиталы
157-бап. Қазыналық кәсіпорынның жарғылық капиталы
Қазыналық кәсіпорынның жарғылық капиталы меншік иесінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптастырылады.
Бап 158. 158-бап. Қазыналық кәсіпорынның жауаптылығы
158-бап. Қазыналық кәсіпорынның жауаптылығы
Тармақ 1
1. Қазыналық кәсiпорын өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң билігіндегі ақшамен жауап бередi.
Қазыналық кәсiпорынды тарату жағдайларын қоспағанда, осы заңды тұлғаның қалған мүлкiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi.
Тармақ 2
2. Қазыналық кәсiпорын мемлекеттің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Тармақ 3
3. Қазыналық кәсiпорынның ақшасы жеткiлiксiз болған кезде, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
Тармақ 6. 6-параграф. Мемлекеттік мекеме
6-параграф. Мемлекеттік мекеме
Бап 159. 159-бап. Мемлекеттік мекемені құру
159-бап. Мемлекеттік мекемені құру
Тармақ 1
1. Республикалық мемлекеттік мекемені – Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі, коммуналдық мемлекеттік мекемені – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, сондай-ақ аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты құрады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттің жеке тұлғалармен және мемлекеттік емес заңды тұлғалармен бірлесіп мемлекеттік мекеме құруына жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені құрудың ерекшеліктері мен мемлекеттік органдардың мүліктік айналымға қатысуын құқықтық реттеудің ерекшеліктері осы Заңның 163 және 164-баптарында белгіленеді.
Бап 160. 160-бап. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру
160-бап. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру
Тармақ 1
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметін тиісті саланың уәкілетті органы, жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бюджеттен қаржыландырады не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерге басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асырудан бөлек, табыс әкелетін қызметті (ақылы қызметтер көрсету) жүзеге асыру құқығы берілуі мүмкін.
Бап 161. 161-бап. Мемлекеттік мекеменің мүліктік құқықтарды іске асыруы
161-бап. Мемлекеттік мекеменің мүліктік құқықтарды іске асыруы
Тармақ 1
1. Егер осы тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлікті және өзіне смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше әдіспен билік етуге құқылы емес.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мемлекеттік мекемелерінің мүлікті мемлекеттік орган шегінде мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның шешімі негізінде беруге және қайта бөлуге құқығы бар.
Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде мүлікті бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның шешімі негізінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен беруіне құқығы бар.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының мемлекеттік мекемелеріне бөлуге құқылы.
Тармақ 2
2.
Білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, дене шынықтыру және спорт, сұрыптарды сынақтан өткізу, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында мемлекеттік мекемелер, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері, мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар және мемлекеттік архивтер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Арнаулы мемлекеттік органдардың жылжымайтын мүлкін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ мүліктік жалға беру (жалдау) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бап 162. 162-бап. Мемлекеттік мекеменің жедел басқаруына берiлген мүлiктi мемлекеттің алып қою және қайта бөлу құқығы
162-бап. Мемлекеттік мекеменің жедел басқаруына берiлген мүлiктi мемлекеттің алып қою және қайта бөлу құқығы
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік мекемеге бекітіп берілген мүлікті алып қоюға не оны басқа мемлекеттік заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.
Бап 163. 163-бап. Мемлекеттік органдардың мүліктік қатынастарға қатысуы
163-бап. Мемлекеттік органдардың мүліктік қатынастарға қатысуы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына орай мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік органдар, егер Қазақстан Республикасының көрсетілген заңнамасында және оларды құру туралы жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерде олар заңды тұлғалар ретінде айқындалса, мемлекеттік мекемелер болып танылады.
Тармақ 2
2. Заңды тұлға ретінде айқындалған мемлекеттік органдар, егер олар азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекет атынан емес, өз атынан қатысса (жалға алу, кеңсе керек-жарақтарын, жабдықтар сату-сатып алу шарттарын жасаса, зиян келтіргені үшін міндеттемелер бойынша жауаптылықта болса, басқа да азаматтық-құқықтық әрекеттер жасаса) мемлекеттік мекемелер ретінде қарастырылады.
Бап 164. 164-бап. Мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді құрудың және олардың қызметінің ерекшеліктері
164-бап. Мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді құрудың және олардың қызметінің ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Осы Заңның 163-бабының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы заңнамасының және мемлекеттік органды құру туралы жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің негізінде құрылады және осы мекеме туралы ережелердің негізінде жұмыс істейді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекеме өзінің атынан басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (акционері, қатысушысы, мүшесі) ретінде әрекет етуге құқылы емес. Мемлекеттік заңды тұлғаларды, акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру кезінде мемлекеттік органдар мемлекеттің (Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) атынан ғана құрылтайшы (акционер, қатысушы) ретінде әрекет етуге құқылы.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелер табыс әкелетін қызметпен айналысуға құқылы емес. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен табыс әкелетін қызметпен айналысуға құқылы.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органның құзыреті, құрылымы, ведомстволық бағыныстылығы және функцияларын жүзеге асыруға байланысты басқа да мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы мемлекеттік органдарды құру туралы жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерде айқындалады.
Тармақ 4-1
4-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына бекітіп берілген мүлікке меншік құқығы немесе өзге де заттық құқық оның құрылтайшысында сақталмайды.
Тармақ 5
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы Заңның күші мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылады.
Бап 165. 165-бап. Мемлекеттік мекеменің жауаптылығы
165-бап. Мемлекеттік мекеменің жауаптылығы
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді.
Мемлекеттік мекеменің қалған мүлкін өндіріп алуға жол берілмейді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
Тарау 12. 12-тарау. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТКЕ ТИЕСІЛІ АКЦИЯЛАРЫНА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТКЕ ТИЕСІЛІ ҚАТЫСУ ҮЛЕСТЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
12-тарау. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТКЕ ТИЕСІЛІ АКЦИЯЛАРЫНА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТКЕ ТИЕСІЛІ ҚАТЫСУ ҮЛЕСТЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Бап 166. 166-бап. Акционерлік қоғамдардың акцияларына және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне мемлекеттің өзіне тиесілі құқықтарын жүзеге асыруын құқықтық реттеу
166-бап. Акционерлік қоғамдардың акцияларына және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне мемлекеттің өзіне тиесілі құқықтарын жүзеге асыруын құқықтық реттеу
Тармақ 1
1. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құруды, акционерлердің (қатысушылардың) құқықтарын, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басқару органдарын құру мен олардың өкілеттігін құқықтық реттеу осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, "Акционерлік қоғамдар туралы", "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы акционердің (қатысушының) акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға қатысу құқығын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Республикалық меншіктегі акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органына беруі мүмкін. Республикалық меншіктегі акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетіне билік ету құқығы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органда қалады.
Акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырушы тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының (қатысушылардың жалпы жиналысының) құзыретіне жататын мәселелер бойынша акционер (қатысушы) ретінде мемлекеттің мүддесін білдіреді.
Тармақ 3
3. Әкімшілік-аумақтық бөлініс қатысатын акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде әкімшілік-аумақтық бөліністің акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) акционер (қатысушы) ретінде басқаруға қатысу құқығын жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Тармақ 4
Бап 167. 167-бап. Мемлекеттің акционерлік қоғамдардың акцияларына және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне құқықтарының туындау негіздері
167-бап. Мемлекеттің акционерлік қоғамдардың акцияларына және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне құқықтарының туындау негіздері
Мемлекет акционерлік қоғамдардың акцияларына және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне құқықтарды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп қайта құру;
Тармақша 2
2) мемлекеттің акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құруы;
Тармақша 3
3) мемлекеттің акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сатып алуы;
Тармақша 4
4) жарғылық капиталындағы қатысу үлесі осы Заңның 19-бабында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен, өзге де ұйымдық-құқықтық нысандағы мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдарды акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп қайта құру;
Тармақша 5
5) "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін мәжбүрлеп сатып алу;
Тармақша 6
6) стратегиялық объектілерді сатып алуға басым құқықты іске асыру;
Тармақша 7
7) осы Заңның 19-бабында көзделген өзге де негіздер бойынша сатып алу жолымен ие болады.
Бап 168. 168-бап. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп қайта құру
168-бап. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп қайта құру
Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп қайта құру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Бап 169. 169-бап. Мемлекеттің акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сатып алуы
169-бап. Мемлекеттің акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сатып алуы
Тармақ 1
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін республикалық және коммуналдық мүліктің құрамына сатып алу туралы шешімді тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
Тармақ 2
2. Акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін бюджет қаражаты есебінен сатып алу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Акционерлік қоғамдардың акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын ақшадан басқа, өзге мүлікпен төлеу туралы шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік мүлікті беру осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Акционерлік қоғамдардың акцияларын республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдарды құрған кезде республикалық мүліктің құрамына түсетін, акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізіліміндегі акциялар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жеке шотының есебіне жатқызылуға тиіс.
Акционерлік қоғамдардың акцияларын жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алған кезде, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөлініс қатысатын акционерлік қоғамдарды құрған кезде коммуналдық мүліктің құрамына түсетін, акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізіліміндегі акциялар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органның жеке шотының есебіне жатқызылуға тиіс.
Тармақ 5
5. Осы баптың ережелері мемлекеттің «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардағы акцияларды, үлестерді, пайларды және үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алуы жағдайларына да қолданылады.
Бап 170. 170-бап. Мемлекеттің акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құруы
170-бап. Мемлекеттің акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құруы
Тармақ 1
1. Мемлекет акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құрған кезде олардың құрылтайшысы Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының атынан акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болады.
Тармақ 3
3. Әкімшілік-аумақтық бөліністің атынан акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган болады.
Тармақ 4
4. Акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құратын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органды және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органды қоспағанда, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары және мемлекеттік мекемелер акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы бола алмайды.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекеттің қатысуына тыйым салулар мен шектеулер белгіленуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын төлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Акционерлік қоғамның акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын ақшадан басқа, өзге мүлікпен төлеу туралы шешім қабылданған жағдайда, мемлекеттік мүлікті беру осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Бап 171. 171-бап. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің түрлері
171-бап. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің түрлері
Тармақ 1
1. Акционерлік қоғамдардың акциялары (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері) кімге тиесілі екендігіне қарай мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер;
Тармақша 2
2) әкімшілік-аумақтық бөлініс қатысатын акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер болып бөлінеді.
Тармақ 2
2. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларының санына (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерінің мөлшеріне) қарай акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер:
Тармақша 1
1) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер – жарғылық капиталындағы акционерлік қоғам акцияларының бақылау пакеті немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысуының бақылау үлесі мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер болып бөлінеді. Акционерлік қоғамның акцияларының бақылау пакеті немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысуының бақылау үлесі тиісінше акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі екендігін білдіреді;
Тармақша 2
2) мемлекет үстем емес үлеспен қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген белгілері жоқ акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер болып бөлінеді.
Бап 172. 172-бап. Мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің өзге заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу ерекшеліктері
172-бап. Мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің өзге заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания немесе мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания бақылайтын өзге де акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер нысанында құрылған коммерциялық ұйымдардың, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген ұйымдардың, сондай-ақ шет мемлекеттердің аумағында құрылған ұйымдардың құрылтайшысы (акционерлері және қатысушылары) бола алады.
Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның немесе мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания бақылайтын өзге де акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзге ұйымдық-құқықтық нысанда коммерциялық ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) ретінде әрекет етуіне жол берілмейді.
Тармақ 2
2. Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания немесе мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания бақылайтын өзге де акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік акционерлік қоғамға, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген ұйымдарға қарағанда өзге мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне құқықтарға ие болған жағдайда, жарғылық капиталдағы көрсетілген қатысу үлесі, егер осы коммерциялық ұйым акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген ұйым болып қайта құрылмаса, оған құқықтарға ие болған кезден бастап бір жыл ішінде иеліктен шығарылуға жатады.
Бап 173. 173-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі бола алмайтын қатысу үлестеріне (пайларға) құқықтарға мемлекеттің ие болуының салдары
173-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі бола алмайтын қатысу үлестеріне (пайларға) құқықтарға мемлекеттің ие болуының салдары
Егер осы Заңның 19-бабында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына акционерлік қоғамға немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қарағанда өзге ұйымдық-құқықтық нысандағы мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестері (пайлар) түскен болса, жарғылық капиталдағы көрсетілген қатысу үлестері (пайлар), егер заңды тұлға акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылмаса, немесе аталған тұлғаның мүлкі негізінде мемлекеттік заңды тұлға құрылмайтын болса, сатудан түскен табысты бюджет есебіне жатқыза отырып, оларға құқыққа ие болған кезден бастап бір жыл ішінде иеліктен шығарылуға жатады.
Осы баптың күші мемлекеттің «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардағы акцияларды, үлестерді, пайларды және үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.
Бап 174. 174-бап. Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекеттің қатысуын тоқтату
174-бап. Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекеттің қатысуын тоқтату
Тармақ 1
1. Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекеттің қатысуы акционерлік қоғамдардың акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сатқан кезде немесе осы Заңның 83-бабында көзделген өзге де негіздер бойынша акционерлік қоғамдардың акцияларына және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне құқықтарды тоқтатқан кезде тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін сату осы Заңның 10-тарауының қағидалары бойынша жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін акционерлік қоғам орналастыратын акцияларды төлеуге немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде беру осы Заңның 114-бабында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Бап 175. 175-бап. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестеріне билік ету
175-бап. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестеріне билік ету
Тармақ 1
1. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестеріне билік ету осы Заңның 10-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Акционерлік қоғамдардың акцияларын (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерін) дербес білім беру ұйымына беру жағдайларын қоспағанда, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін) өтеусіз беруге жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің жарғылық капиталдарына берілген ұлттық компаниялардың акцияларына, сондай-ақ стратегиялық объектілер болып табылатын, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестеріне) билік етуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жол беріледі.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін кепілге қоюға жол берілмейді.
Бап 176. 176-бап. Акционерлік қоғамның мемлекетке тиесілі акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін сенімгерлікпен басқаруға беру
176-бап. Акционерлік қоғамның мемлекетке тиесілі акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін сенімгерлікпен басқаруға беру
Тармақ 1
1. Акционерлік қоғамның мемлекетке тиесілі акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың сенімгерлікпен басқаруына беруді, егер берудің нысанасы республикалық мүлікке жататын – акционерлік қоғамдардың акциялары немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері болып табылса, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Тармақ 2
2. Коммуналдық мүлікке жататын – акционерлік қоғамның акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлікпен басқаруға беруді жергілікті атқарушы орган жүргізеді.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Сыйақы мөлшері, сондай-ақ сенімгерлікпен басқару әрекетінің мерзімі акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шартпен айқындалады.
Акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлікпен басқаруға мемлекеттің дивидендтерге деген өз құқығынан бас тартуы арқылы беруге жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Сенiмгерлікпен басқарушыға мынадай:
Тармақша 1
1) акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын өзгерту туралы;
Тармақша 2
2) акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту (ұлғайту немесе азайту) туралы;
Тармақша 3
3) акционерлік қоғамды немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату, оларды қайта ұйымдастыру туралы, сондай-ақ олардың атауларын өзгерту туралы мәселелерді шешуге байланысты мемлекеттің құқықтарын беруге болмайды.
Бап 177. 177-бап. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқаруға мемлекеттің қатысу құқығы
177-бап. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқаруға мемлекеттің қатысу құқығы
Тармақ 1
1. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамды немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқаруға мемлекеттің қатысу құқығын мемлекет "Акционерлік қоғамдар туралы" және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес іске асырады.
Тармақ 2
2. Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы берілген тиісті саланың уәкілетті органы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша шешім қабылданатын:
Тармақша 1
1) қоғамның жарғысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту;
Тармақша 2
2) жарғылық капиталдың мөлшерін өзгерту;
Тармақша 3
3) жылдық қаржы есептiлiгiн бекiту және қоғамның есептi қаржы жылындағы таза табысын бөлу;
Тармақша 4
4) қоғамға тиесілі барлық активтердің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомадағы активтерінің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру арқылы қоғамның өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау;
Тармақша 5
5) директорлар кеңесінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақылар төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау;
Тармақша 6
6) "алтын акцияны" енгiзу және оның күшiн жою;
Тармақша 7
7) қоғамның ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдердің күшін жою мәселелерін қоспағанда, акционердің құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша шешімді дербес қабылдайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және оларды пайдалану құқығы берілген тиісті саланың уәкілетті органы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша шешім қабылданатын:
Тармақша 1
1) жарғыға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе жарғыны жаңа редакцияда бекіту;
Тармақша 2
2) жарғылық капиталдың мөлшерін өзгерту;
Тармақша 3
3) жылдық қаржы есептілігін бекіту және таза табысты бөлу;
Тармақша 4
4) серіктестіктің өзге де заңды тұлғаларға қатысуы туралы шешім;
Тармақша 5
5) серіктестіктің барлық мүлкін кепілге қою туралы шешім;
Тармақша 6
6) серіктестіктің атқарушы органын құру, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
Тармақша 7
7) серіктестіктің мүлкін жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беру бойынша мәмілелер туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 8
8) байқау кеңесін және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушіні) сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
Тармақша 9
9) қатысушыдан жарғылық капиталдағы қатысу үлесін мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім;
Тармақша 10
10) тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекіту;
Тармақша 11
11) серіктестіктің ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша байқау кеңесі қабылдаған шешімдердің күшін жою мәселелерін қоспағанда, қатысушының құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша шешімді дербес қабылдайды.
Тармақ 3
3. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғам директорлары кеңесінің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің құрамына акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы берілген тиісті саланың уәкілетті органының және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкілдері кіреді.
Тармақ 4
4. Акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің байқау кеңесінің мүшелері болып табылатын мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төленбейді.
Бап 178. 178-бап. Мемлекет жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамды немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқару
178-бап. Мемлекет жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамды немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқару
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы тиісінше жалғыз акционері немесе қатысушысы болып табылатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді тарату, қайта ұйымдастыру және олардың атауларын өзгерту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Тармақ 2
2. Әкімшілік-аумақтық бөлініс тиісінше жалғыз акционері немесе қатысушысы болып табылатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді тарату, қайта ұйымдастыру және олардың атауларын өзгерту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы берілген тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) алған таза табысын бөлу туралы шешімнің уақтылы қабылдануын және акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекетке тиесілі акцияларға (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне) арналған дивидендтерді (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің таза табысының бір бөлігін) жалғыз акционер (қатысушы) шешім қабылдаған күннен бастап он күн ішінде аударуын қамтамасыз етуге міндетті.
Бап 179. 179-бап. Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық компанияны басқару
179-бап. Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық компанияны басқару
Тармақ 1
1. Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық компания өз қызметін жүзеге асыру кезінде экономиканың белгілі бір саласындағы мемлекеттік мүлікті басқару аясында мемлекеттің саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 2
2. Мемлекет жалғыз акционері болып табылатын ұлттық компанияны тарату, қайта ұйымдастыру туралы және оның атауын өзгерту туралы шешімдерді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы және олардың атауларын өзгерту туралы шешімдерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қабылдайды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құратын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация біреуден артық болмайды.
Тармақ 3
3. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компанияның, нәтижесінде құны қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің оннан жиырма беске дейінгі пайызын құрайтын мүлікті компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілені немесе жиынтығында бір-бірімен өзара байланысты мәмілелерді жасауы туралы шешімді компанияның директорлар кеңесі қабылдайды. Тендер, аукцион
және баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен өткізілген сатып алу
нәтижелері бойынша жасалатын мәмілелерді қоспағанда, акционері мемлекет
болып табылатын ұлттық компанияның, нәтижесінде құны қоғам активтері
құнының жалпы мөлшерінің оннан аз пайызын құрайтын мүлікті компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілені немесе жиынтығында бір-бірімен өзара байланысты мәмілелерді жасауы туралы шешімді ұлттық компанияның басқармасы қабылдайды.
Тармақ 4
4. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компанияның, нәтижесінде құны қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын мүлікті компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілені немесе жиынтығында бір-бірімен өзара байланысты мәмілелерді жасауы туралы шешімді компанияның директорлар кеңесінің ұсынуы бойынша (ұлттық компанияның жалғыз акционерінің шешімімен) ұлттық компания акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдайды.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес осы баптың 3 және 4-тармақтарының талаптары қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу,
сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға қолданылмайды.
Жоғарыда көрсетілген заңды тұлғаның құны осындай компания активтері құнының жалпы мөлшерінің елу пайызынан кем мөлшерін құрайтын мүлікті нәтижесінде осындай компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (мүмкін, сатып алынған немесе иеліктен шығарылған) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасасу туралы шешімін басқарма қабылдайды.
Жоғарыда көрсетілген заңды тұлғаның құны осындай компания активтері құнының жалпы мөлшерінің елуден жетпіс бес пайызға дейінгісін құрайтын мүлікті нәтижесінде осындай компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (мүмкін, сатып алынған немесе иеліктен шығарылған) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасасу туралы шешімін Директорлар кеңесі қабылдайды.
Жоғарыда көрсетілген заңды тұлғаның құны осындай компания активтері құнының жалпы мөлшерінің жетпіс бес және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті нәтижесінде осындай компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (мүмкін, сатып алынған немесе иеліктен шығарылған) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасасу туралы шешімін Директорлар кеңесінің ұсынуы бойынша акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционердің шешімімен) қабылдайды.
Тармақ 6
6. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компанияның директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметтің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін, жұмыс тәртібін айқындау, оның басшысы мен жұмыскерлерін тағайындау және олардың өкілеттіктерін тоқтату, оның жұмыскерлеріне еңбекақы төлеудің мөлшері мен өзге де шарттарын айқындау мәселелері жатады.
Бап 180. 180-бап. Акционері ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияны басқару
180-бап. Акционері ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияны басқару
Тармақ 1
1. Акционері ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияны тарату, қайта ұйымдастыру және оның атауын өзгерту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Тармақ 2
2. Құны қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің он және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті нәтижесінде компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілені немесе жиынтығында бір-бірімен өзара байланысты мәмілелерді ұлттық компанияның жасасуы туралы шешімді ұлттық компанияның директорлар кеңесі қабылдайды. Тендер, аукцион
және баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен өткізілген сатып алу
нәтижелері бойынша жасалатын мәмілелерді қоспағанда, құны қоғам
активтері құнының жалпы мөлшерінің оннан аз пайызын құрайтын мүлікті нәтижесінде компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілені немесе жиынтығында бір-бірімен өзара байланысты мәмілелерді ұлттық компанияның жасасуы туралы шешімді ұлттық компанияның басқармасы қабылдайды.
Тармақ 3
3. Құны қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті нәтижесінде компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілені немесе жиынтығында бір-бірімен өзара байланысты мәмілелерді жалғыз акционері ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияның жасасуы туралы шешімді ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің директорлар кеңесі қабылдайды.
Бап 181. 181-бап. Ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді басқару
181-бап. Ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді басқару
Тармақ 1
1. Ұлттық басқарушы холдингті, ұлттық холдингті тарату, қайта құру және оның атауын өзгерту туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестері осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша берілуі мүмкін.
Тармақ 2-1
2-1. Бәсекелес ортаға беру ұсынылатын, акцияларының пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге тиесілі акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.
Тармақ 3
3. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің директорлар кеңесінің құрамына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, тиісті саланың уәкілетті органының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
Тармақ 4
4. Акционерлердің жалпы жиналысы үшін белгіленген, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер акционерлерінің жалпы жиналысының ерекше құзыретіне "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағының 6) және 14) тармақшаларында көрсетілген мәселелерді қоспағанда, осы Заңның 36-бабында көрсетілген мәселелер жатады.
Тармақ 5
5. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 2-тармағының 15-1) тармақшасында көрсетілген мәселені қоспағанда, осы Заңның 53-бабының 2-тармағында көрсетілген мәселелерден басқа ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің директорлар кеңесінің ерекше құзыретіне мынадай мәселелер:
Тармақша 1
1) аудиттi жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау;
Тармақша 2
2) штат санын бекіту;
Тармақша 3
3) еншілес ұйымдардың стратегияларын және даму жоспарларын, іс-шаралар жоспарларын әзірлеу кезінде олардың бірыңғай (оның ішінде еншілес ұйымдар қызметінің салалары бойынша) қаржы, инвестициялық, өндірістік-шаруашылық, ғылыми-техникалық саясатын қалыптастыру;
Тармақша 4
4) іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ оның орындалу есептерін бекіту;
Тармақша 5
5) іс-шаралар жоспарларының іске асырылуын бағалау;
Тармақша 6
6) тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты айқындау;
Тармақша 7
7) қоғам акцияларды сатып алған жағдайда олардың құнын белгiлеу әдiстемесін және әдiстемесiне енгізілетін өзгерiстердi бекiту;
Тармақша 8
8) активтердiң бiр бөлігін немесе бiрнеше бөлiгiн қоғамға тиесiлi барлық активтердiң жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомада беру арқылы қоғамның өзге де заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау;
Тармақша 9
9) холдингтің және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде холдингке меншік құқығымен тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелес ортаға беру қағидаларын бекіту жатады.
Тармақша 10
9) тармақшада көзделген қағидалар осы Заңның 10-тарауының 2-параграфында белгіленген нормалар ескеріле отырып қабылданады.
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің атқарушы органының құзыретіне "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген мәселелер және акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің) он және одан да көп пайызы қоғамға тиесілі заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының құзыретіне жататын қызмет мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кіреді.
Тармақ 6
6. Ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің директорлар кеңестерінің айрықша құзыретіне сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметтің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін, жұмыс тәртібін айқындау, оның басшысы мен жұмыскерлерін тағайындау және олардың өкілеттіктерін тоқтату, оның жұмыскерлеріне еңбекақы төлеудің мөлшері мен өзге де шарттарын айқындау мәселелері де жатады.
Бап 182. 182-бап. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарды корпоративтік басқару
182-бап. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарды корпоративтік басқару
Тармақ 1
1. Ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді басқару жөніндегі қызметті үйлестіру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құрылуы мүмкін.
Корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ережені және олардың құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тармақ 2
2. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 3
3. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне сәйкес корпоративтік басқару кодекстерін бекітеді, сондай-ақ кемінде үш жылда бір рет корпоративтік басқаруға тәуелсіз бағалау жүргізеді, оның нәтижелерін акционерлік қоғамдардың интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 4
4. Директорлар кеңесінің төрағасы директорлар кеңесі мүшелерінің арасынан директорлар кеңесі мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілер болып табылатын өкілдері директорлар кеңесінің төрағасы ретінде сайлана алмайды.
Тармақ 6
6. Тәуелсіз директорлар лауазымына кандидаттарды іріктеу, Ұлттық әл-ауқат қорын және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес конкурстық тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс.
Тармақ 7
7. Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне мемлекет ұсынатын кандидаттарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын адамдар тиісті саланың уәкілетті органының шешімі бойынша директорлар кеңесінің құрамына мемлекеттің өкілі ретінде ұсынылуы мүмкін.
Бап 182-1. 182-1-бап. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі
корпоративтік басқару
182-1-бап. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі
корпоративтік басқару
Тармақ 1
1. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікте, Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын басқару органы – байқау кеңесі құрылуы мүмкін. Байқау кеңестері құрылатын, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын өлшемшарттарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 2
2. Жалғыз қатысушы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің мүшелерін сайлайды (қайта сайлайды) және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады.
Тармақ 3
3. Байқау кеңесін құру және тарату тәртібін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 4
4. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің өкілеттік мерзімі бес жылдан аспайды.
Тармақ 5
5. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесі мүшелерінің саны тақ болуға және бір-бірімен және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысымен жақын туыстық және жекжаттық қатынастарда болмайтын кемінде бес адамнан құралуға тиіс.
Тармақ 6
6. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі байқау кеңесі құрамының кемінде жартысы байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелері болуға тиіс.
Тармақ 7
7. Байқау кеңесінің хатшысы мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жұмыскері болып табылады және ол байқау кеңесінің мүшесі болып табылмайды. Байқау кеңесінің хатшысы байқау кеңесіне есеп береді, оның отырыстарын дайындау мен өткізуді, отырысқа материалдар ресімдеуді қамтамасыз етеді және байқау кеңесі мүшелерінің отырыстардың материалдарына қол жеткізуінің қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізеді.
Байқау кеңесі хатшысының құзыреті мен қызметі мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ішкі құжаттарында айқындалады.
Тармақ 8
8. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесі қызметінің және оның шешімдер қабылдау тәртібі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында, сондай-ақ жалғыз қатысушы қабылдаған өзге де актілерде айқындалады.
Байқау кеңесінде дауыс беру кезінде кеңестің әрбір мүшесінің бір дауысы болады.
Тармақ 9
9. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органының және байқау кеңесінің мүшелері (лауазымды адамдары) өздерінің әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) жауапкершілігі шектеулі серіктестікке келтірілген залал үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестік алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Бап 182-2. 182-2-бап. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бақылау
кеңесінің өкілеттіктері
182-2-бап. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бақылау
кеңесінің өкілеттіктері
Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің мынадай өкілеттіктері бар:
Тармақша 1
1) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің даму жоспарын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Тармақша 2
2) даму жоспарының орындалуы туралы есепті бекітеді, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекітеді;
Тармақша 3
3) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің таза кірісін бөлу туралы алдын ала шешім қабылдайды;
Тармақша 4
4) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамасымен кедергісіз танысады;
Тармақша 5
5) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң атқарушы органына сыйақы мөлшерiн және сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету жүйесiн айқындайды;
Тармақша 6
6) байқау кеңесiнiң хатшысын сайлайды, оның өкiлеттiк мерзiмiн және жалақысының мөлшерiн айқындайды, оның өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтатады;
Тармақша 7
7) жалғыз қатысушыға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 8
8) жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметінің басым бағыттарын айқындайды;
Тармақша 9
9) жалғыз қатысушыға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 10
10) жалғыз қатысушыға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің филиалдарын, өкілдіктерін құру және жабу туралы ұсыныстар енгізеді.
Тармақша 11
11) байқау кеңесі бекіткен тізбеге сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекітеді;
Тармақша 12
12) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ішкі аудит қызметінің (егер ол құрылған жағдайда) сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындайды, оның басшысын және мүшелерін тағайындайды, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне еңбекақы және сыйлықақы төлеу мөлшері мен шарттарын айқындайды;
Тармақша 13
13) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық құрылымын бекітеді;
Тармақша 14
14) жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты айқындайды;
Тармақша 15
15) осы Заңда және (немесе) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында көзделген, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының айрықша құзыретіне жатпайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Байқау кеңесінің осы тармақта белгіленген өкілеттіктерін мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органына беруге жол берілмейді.
Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесі мүшесінің талабы бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылымдық бөлімшелері байқау кеңесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат беруге міндетті.
Бап 182-3. 182-3-бап. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ішкі аудит қызметі
182-3-бап. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ішкі аудит қызметі
Тармақ 1
1. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігіне мониторингті жүзеге асыру үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының шешімі бойынша ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері байқау кеңесінің және атқарушы органның құрамына сайлана алмайды.
Тармақ 3
3. Ішкі аудит қызметі байқау кеңесіне тікелей бағынады және оның алдында өз жұмысы туралы есеп береді.
Бап 182-4. 182-4-бап. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аудиті
182-4-бап. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аудиті
Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын, байқау кеңесі бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізуге міндетті.
Бап 183. 183-бап. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша бюджеттік инвестицияларды пайдалануы
183-бап. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша бюджеттік инвестицияларды пайдалануы
Тармақ 1
1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру кезінде акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырмайтын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер акцияларының эмиссиясын төлей алады.
Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке кіретін акционерлік қоғамдардың бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру туралы есебін ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг тоқсан сайын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің директорлар кеңесінің қарауына және бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ұсынады.
Тармақ 2
2. Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін шығарған акциялар мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның шотына жатқызылады.
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг шығарған акцияларды ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын уәкілетті органға береді.
Тармақ 3
3. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған ақша ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың орналастыратын акцияларын төлеуге түскен, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің атқарушы органы, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке кіретін акционерлік қоғамдардың атқарушы органы осы бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы үшін жауаптылықта болады.
Бап 184. 184-бап. Акциялары ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, сондай-ақ ұлттық компанияларға тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың қызметін жоспарлау
184-бап. Акциялары ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, сондай-ақ ұлттық компанияларға тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың қызметін жоспарлау
Тармақ 1
1. Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялар ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және іс-шаралар жоспарларын әзірлейді.
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары негізінде он жылға әзірленеді.
Іс-шаралар жоспарлары олардың даму жоспарларын іске асыруы мақсатында бес жыл мерзімге әзірленеді.
Тармақ 2
2. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары:
Тармақша 1
1) олардың стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды;
Тармақша 2
2) акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) өздеріне тиесілі заңды тұлғалардың даму стратегиялары, оның ішінде ұлттық компаниялардың даму жоспарлары ескеріле отырып әзірленеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауының ережелері ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын түзету үшін негіз болып табылуы мүмкін.
Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тармақ 3
3. Іс-шаралар жоспарлары:
Тармақша 1
1) инвестицияларды, табыстарды, шығыстарды, қарыздарды, дивидендтерді және басқа да мәліметтерді қоса алғанда, мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін қамтиды;
Тармақша 2
2) акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) өздеріне тиесілі заңды тұлғалардың, оның ішінде ұлттық компаниялардың даму жоспарларын ескере отырып әзірленеді.
Тармақ 4
4. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының жобалары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында баяндалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі, сондай-ақ әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында көрсетiлген бюджет параметрлерiне сәйкестiгi тұрғысынан мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісіледі.
Тармақ 5
5. Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын олардың директорлар кеңесі бекітеді.
Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын олардың директорлар кеңесі бекітеді.
Тармақ 6
6. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар үшiн іс-шаралар жоспарларын әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 7
7. Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының іске асырылуын бағалауды олардың директорлар кеңесі жүзеге асырады.
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының iске асырылу мониторингi мен оны бағалау тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының орындалуы бойынша есептi ұсыну тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 8
8. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың бірінші басшылары жауапты болады.
Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге, олардың іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігіне, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептердің уақтылы ұсынылуына және олардың анықтығына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың атқарушы органдары жауапты болады.
Акционері ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер болып табылатын ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге, орындауға ұлттық компаниялардың атқарушы органдары жауапты болады.
Тармақ 9
9. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компаниялар қызметінің нәтижелерін тыңдауды акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.
Акционерлері ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер болып табылатын ұлттық компаниялар қызметінің нәтижелерін тыңдауды ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің директорлар кеңесі жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.
Акционері Ұлттық әл-ауқат қоры болып табылатын ұлттық компанияларды қоспағанда, ұлттық компаниялардың қызметін тыңдау нәтижелері туралы есеп осы тармаққа сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға табыс етіледі.
Бап 185. 185-бап. Ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді және ұлттық компанияларды қоспағанда, мемлекет бақылайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және акционерлік қоғамдардың қызметін жоспарлау
185-бап. Ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді және ұлттық компанияларды қоспағанда, мемлекет бақылайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және акционерлік қоғамдардың қызметін жоспарлау
Тармақ 1
1. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер бес жылға арналған даму жоспарларын әзірлейді.
Тармақ 2
2. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында жазылған мақсаттар мен міндеттерге және әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсетілген бюджет параметрлеріне сәйкес әзірленеді және оларды мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің директорлар кеңестері (байқау кеңестері) бекітеді.
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 3
3. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының іске асырылуын бағалауды олардың директорлар кеңестері (байқау кеңестері) жүзеге асырады.
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуы бойынша есепті ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 4
4. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын әзірлеуге, олардың іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігіне, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептердің уақтылы ұсынылуына және олардың дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің атқарушы органдары жауапты болады.
Тармақ 5
5. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қызметінің нәтижелерін тыңдауды акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға тыңдаудың есебін ұсына отырып, жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептер тәртібін айқындайды.
Бап 186. 186-бап. Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) табысының бір бөлігін алуға акционердің (жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының) құқықтарын мемлекеттің іске асыруы
186-бап. Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) табысының бір бөлігін алуға акционердің (жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының) құқықтарын мемлекеттің іске асыруы
Мемлекет жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттiк пакетiн (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналысын өткізу кезінде акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза кірісінің бір бөлігін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған мөлшерде дивидендтерді (кірісті) төлеуге бағыттау үшін шаралар қабылдайды.
Осы баптың күші мемлекеттің «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы, салымшысы, акционері, мүшесі) ретінде әрекет ету жағдайларына «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
Тарау 12-1. 12-1-тарау. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің,
ұлттық компаниялардың және дауыс беретін
акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің)
елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
сатып алу ерекшеліктері
12-1-тарау. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің,
ұлттық компаниялардың және дауыс беретін
акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің)
елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
сатып алу ерекшеліктері
Бөлім 6. 6-БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ТИЕСІЛІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРГЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ШЕКТЕУ
6-БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ТИЕСІЛІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРГЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ШЕКТЕУ
Тарау 13. 13-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ТИЕСІЛІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРГЕ АУЫРТПАЛЫҚ САЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУ
13-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ТИЕСІЛІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРГЕ АУЫРТПАЛЫҚ САЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУ
Бап 187. 187-бап. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару тәртібі
187-бап. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару тәртібі
Тармақ 1
1. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару осы бапта, осы Заңның 188-бабында және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсат беру туралы шешімінің негізінде мүмкін болады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген, тиісті саланың уәкілетті органының салалық қорытындысы негізінде стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға немесе оларды иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы не осындай рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 3
3. Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға немесе оларды иеліктен шығаруға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім, егер осындай ауыртпалық салу немесе иеліктен шығару Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, оның ішінде елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық келісімдерді сақтамауға әкеп соғатын жағдайларда қабылданады.
Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат беруден бас тарту осы тармаққа сәйкес бас тарту себептерінің дәлелді негіздемелерін қамтымауы мүмкін.
Тармақ 4
4. Стратегиялық объектіге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) не кепіл ұстаушысы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушысы шағымдана алады.
Тармақ 5
5. Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) орналастырылатын акциялардың санын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсат беру туралы шешімінің негізінде бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жария етілген акцияларды орналастырады.
Тармақ 6
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген акциялармен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында одан әрі мәмілелер жасасу, бір тұлға немесе аффилиирленген тұлғалар бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында эмитенттің дауыс беретін акциялары жалпы санының жиырма пайызынан астамын құрайтын акциялар сатып алатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын талап етпейді.
Бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында стратегиялық объектілерге жататын акциялармен мәмілелер жасасу кезінде мәмілелер эмитенттің дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын мөлшерде жасалған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсаты талап етілмейді.
Тармақ 7
7. Стратегиялық объектiнiң кепiл ұстаушысы, оңалтуды және банкроттықты басқарушылар кепiлге салынған осы мүлiктi иелiктен шығару туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң иелiктен шығарудың ерекше шарттарын және стратегиялық объектiнi сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгiлей отырып, рұқсат беру туралы шешiмiнiң негiзiнде қабылдайды.
Кепілге салынған мүлікті сот актісінің негізінде иеліктен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген иеліктен шығарудың ерекше шарттары және кепілге салынған мүлікті (стратегиялық объектіні) сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар бойынша жүзеге асырылады.
Стратегиялық объектіні иеліктен шығарудың ерекше шарттарын және оларды сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгілеу жөніндегі ұсыныстарды мүдделі мемлекеттік органдар тиісті саланың уәкілетті органына ұсынады.
Бап 188. 188-бап. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару рәсімі
188-бап. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару рәсімі
Тармақ 1
1. Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін тиісті саланың уәкілетті органына мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінішті;
Тармақша 2
2) заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және жарғының нотариат куәландырған көшiрмесiн;
Тармақша 3
3) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
Тармақша 4
4) стратегиялық объектіні иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға негіз болатын не оған үшінші тұлғаның құқықтарымен ауыртпалық салуға әкеп соғатын шарттың жобасын;
Тармақша 5
5) стратегиялық объектіге меншік құқығын немесе өзге де мүліктік құқықтарды растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
Тармақша 6
6) стратегиялық объектінің нарықтық құнын айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы объектіні бағалау туралы есепті;
Тармақша 7
7) түпкілікті сатып алушыға дейінгі стратегиялық объектіні болжамды сатып алушы туралы мәліметтерді;
Тармақша 8
8) жарияланған акцияларды орналастырған жағдайда стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) жарияланған акциялардың шығарылымын және оған енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге акциялар шығарылымының проспектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін де табыс етеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңдарында аудитті міндетті түрде өткізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылының аудиторлық есебінің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін де табыс етеді. Егер өтініш ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін берілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының аудиторлық есебінің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады. Аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, егер заңды тұлға ағымдағы қаржы жылында құрылса не заңды тұлға өткен қаржы жылында құрылса және өтініш ағымдағы жылғы 1 маусымға дейін берілген болса, ұсынылмайды;
Тармақша 10
10) директорлар кеңесінің немесе байқау кеңесінің шешімін (болған жағдайда);
Тармақша 11
11) банктің кредиттік комитетінің шешімін;
Тармақша 12
12) ауыртпалық салынатын мүлікке кепілдің (ауыртпалық салудың) жоқ немесе бар екендігі туралы растауды;
Тармақша 13
13) стратегиялық объектінің меншік иелерінің пайыздық арақатынастағы құрылымын;
Тармақша 14
14) стратегиялық объект сенімгерлік басқаруда болған жағдайда стратегиялық объектінің меншік иесінің стратегиялық объектіні иеліктен шығаруға немесе ауыртпалық салатын тұлғаны көрсете отырып, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға жазбаша рұқсатын табыс етеді.
Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы
тиісті саланың уәкілетті органына
осы тармақтың 1), 2), 4), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды, сондай-ақ борышкерге қатысты оңалту рәсiмдерi қолданылғаны туралы (банкроттық рәсімі жүргiзiлгенi туралы) сот актiсiн, мүлiктi иелiктен шығарудың (сатудың) болжамды бағасын және борышкердiң мүлкiн (стратегиялық объектiнi) иелiктен шығаруға немесе үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға кредиторлар комитетiнiң жазбаша келiсiмiн тапсырады.
Тармақ 2
2. Стратегиялық объектінің кепіл ұстаушысы кепілге салынған мүлікті иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін тиісті саланың уәкілетті органына осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ кепіл шартын, кепілге салынған мүлікті иеліктен шығарудың (сатудың) болжамды бағасын, стратегиялық объектіні әлеуетті сатып алушыларға қойылатын талаптарды ұсынады.
Сот актісінің негізінде әрекет ететін сот орындаушысы тиісті саланың уәкілетті органына осы баптың 1-тармағының 1), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ кепіл шартын және (немесе) сот актісін, кепілге салынған мүлікті иеліктен шығарудың (сатудың) болжамды бағасын, стратегиялық объектіні әлеуетті сатып алушыларға қойылатын талаптарды ұсынады.
Тармақ 3
3. Стратегиялық объектіге ауыртпалық салуға негіз болатын шартта тараптардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ стратегиялық объектінің сақталуын және оны одан әрі пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі талаптар міндетті түрде қамтылуға тиіс.
Стратегиялық объектіні иеліктен шығару жөніндегі мәмілені жасауға негіз болған не оған ауыртпалық салуға әкеп соққан шарттың талаптарын өзгертуге ниет білдірген жағдайда, стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленушісі) тиісті саланың уәкілетті органына осы бапта және осы Заңның 187-бабында айқындалатын тәртіппен қайтадан жүгінеді.
Кепіл ұстаушының стратегиялық объектіге ауыртпалық салуына негіз болған шартқа сәйкес кепілге салынған мүлікті (стратегиялық объектіні) иеліктен шығаруды жүзеге асыруға ниет білдірген жағдайда, кепіл ұстаушы тиісті саланың уәкілетті органына осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен жүгінеді.
Тармақ 4
4. Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға берілген өтініштерді қарау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің олар бойынша шешім қабылдауы құжаттар тиісті саланың уәкілетті органына келіп түскен күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылуға тиіс. Тиісті саланың уәкілетті органы осы баптың 1-тармағында айқындалған құжаттардың толық топтамасын алған күн құжаттардың келіп түскен күні болып есептеледі.
Стратегиялық объектiлердің меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 5
5. Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды және ол қаулы түрінде ресімделеді.
Тармақ 6
6. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешім туралы өтініш берушіні шешім шығарылған күннен бастап бес күндік мерзімде жазбаша хабардар етуге міндетті.
Тармақ 7
7. Тиісті саланың уәкілетті органы стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иеліктен шығару жөнінде жасалатын мәмілелер мониторингін жүзеге асырады.
Бап 189. 189-бап. Стратегиялық объектілерді мемлекет меншігіне алу
189-бап. Стратегиялық объектілерді мемлекет меншігіне алу
Стратегиялық объектілер осы Заңның 5-тарауында көзделген тәртіппен мемлекет меншігіне алынуы мүмкін.
Бап 190. 190-бап. Стратегиялық объектілердің мониторингі
190-бап. Стратегиялық объектілердің мониторингі
Стратегиялық объектілердің мониторингі Қазақстан Республикасының экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 14. 14-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ТИЕСІЛІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІ САТЫП АЛУҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАСЫМ ҚҰҚЫҒЫ
14-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ТИЕСІЛІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІ САТЫП АЛУҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАСЫМ ҚҰҚЫҒЫ
Бап 191. 191-бап. Жеке тұлғаға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаға тиесілі стратегиялық объектіні сатып алуға Қазақстан Республикасының басым құқығын қолдану шарттары
191-бап. Жеке тұлғаға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаға тиесілі стратегиялық объектіні сатып алуға Қазақстан Республикасының басым құқығын қолдану шарттары
Тармақ 1
1. Жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару бойынша мәміле жасасуға ниет бiлдiрген, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе стратегиялық объектiнi оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) сот тәртiбiнен тыс өткiзген не стратегиялық объектiге сот актiсiнiң негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайларда, Қазақстан Республикасы осы тарауда айқындалған шарттармен стратегиялық объектiге ие болудың басым құқығына ие болады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының атынан стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның тапсырмасы бойынша ұлттық басқарушы холдинг іске асырады.
Бап 192. 192-бап. Стратегиялық объектіні сатып алуға Қазақстан Республикасының басым құқығын іске асыру тәртібі
192-бап. Стратегиялық объектіні сатып алуға Қазақстан Республикасының басым құқығын іске асыру тәртібі
Тармақ 1
1. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру туралы шешімінің жобасын қажетті бюджет қаражатын бөлу негіздемесімен бірге Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынады.
Республикалық бюджеттік комиссия тиісті шешім қабылдайды. Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Республикалық бюджеттік комиссия шешім қабылдаған кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде стратегиялық объектіге ие болудың басым құқығын пайдалану туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіге ие болудың басым құқығын пайдалану туралы шешімі осы құқықты пайдалану себептерінің дәлелді негіздемелерін қамтымауы мүмкін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешімнің қорытындылары туралы тиісті саланың уәкілетті органы стратегиялық объектіні иеліктен шығаруды жүргізетін тұлғаны шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 4
4. Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) шарт жасалғанға дейін кез келген уақытта стратегиялық объектіні иеліктен шығарудан бас тарта алады. Меншік иесі (құқық иеленуші) стратегиялық объектіні иеліктен шығарудан бас тартқан жағдайда оған ие болуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру тоқтатылады.
Тармақ 5
5. Бюджет процесiн ескере отырып, стратегиялық объектiлердi сатып алу мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiні сатып алуға басым құқықты пайдалануы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдаған кезден бастап он екi айдан аспауға тиiс.
Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы стратегиялық объектiлердi сатқан кезде оларды сатып алу мерзiмдерi "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген оңалту рәсiмiн немесе банкроттық рәсімін жүргiзу мерзiмдерiнен аспауға тиiс.
Тармақ 6
6. Стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе банкроттық, оңалту туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалған жағдайларда, стратегиялық объектiлердiң меншiк иелерi (құқық иеленушiлерi) стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану туралы хабарламаны алған кезден бастап немесе соттың банкроттық, оңалту туралы iс қозғау жөніндегі ұйғарымының көшiрмесiн алған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде тиісті саланың уәкiлеттi органын стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану немесе банкроттық, оңалту туралы iстер бойынша iс жүргiзудiң қозғалғаны туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Хабардар ету жөнiндегi мiндеттердi сақтамау осы Заңның 195-бабында көзделген салдарларға алып келеді.
Қазақстан Республикасының Үкiметi осы бапта көзделген тәртiппен стратегиялық объектiге ие болуға басым құқықты iске асырады.
Стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану немесе стратегиялық объектiнi мүліктік масса құрамында иелiктен шығару Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiге ие болуға басым құқықты iске асыру немесе басым құқықты iске асырудан бас тарту туралы шешiмi алынғаннан кейiн жүргiзiледi.
Тармақ 7
7. Өндiрiп алуды стратегиялық объектiге айналдыру немесе стратегиялық объектiнi мүліктік массасы құрамында иелiктен шығару кезінде Қазақстан Республикасы басым құқықты iске асырудан бас тартқан жағдайларда стратегиялық объектiнi иелiктен шығару "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Бап 193. 193-бап. Нарықтық құнды айқындау
193-бап. Нарықтық құнды айқындау
Тармақ 1
1. Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын іске асыру кезінде стратегиялық объектінің нарықтық құны өтелуге жатады.
Тармақ 2
2. Стратегиялық объектінің нарықтық құны стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын іске асыру кезінде мемлекет ие болатын мүлікті осы Заңның 206-бабының қағидаларына сәйкес бағалау негізінде айқындалады.
Бап 194. 194-бап. Мемлекет сатып алған стратегиялық объектілерді басқару
194-бап. Мемлекет сатып алған стратегиялық объектілерді басқару
Қазақстан Республикасының Үкіметі сатып алынған стратегиялық объектілерді осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша акцияларды төлеуге немесе мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен арнайы құрылған заңды тұлғаның не ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің немесе ұлттық компанияның жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде береді.
Бап 195. 195-бап. Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иеліктен шығару және стратегиялық объектілерді сатып алудың басым құқығы туралы ережелерді бұзудың салдарлары
195-бап. Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иеліктен шығару және стратегиялық объектілерді сатып алудың басым құқығы туралы ережелерді бұзудың салдарлары
Стратегиялық объектілерге құқықтарды иеленушінің стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иеліктен шығару және стратегиялық объектілерді сатып алудың басым құқығы туралы талаптарды бұза отырып жасаған мәмілесін сот ол жасалған кезден бастап жарамсыз деп тануы мүмкін.
Бөлім 7. 7-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ЕСЕПКЕ АЛУ, МҮЛІКТІҢ МОНИТОРИНГІ, ОНЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН БАҚЫЛАУ
7-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ЕСЕПКЕ АЛУ, МҮЛІКТІҢ МОНИТОРИНГІ, ОНЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН БАҚЫЛАУ
Тарау 15. 15-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ЕСЕПКЕ АЛУ, МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІНІҢ МОНИТОРИНГІ, ОНЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН БАҚЫЛАУ
15-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ЕСЕПКЕ АЛУ, МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІНІҢ МОНИТОРИНГІ, ОНЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН БАҚЫЛАУ
Бап 196. 196-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алу және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі туралы жалпы ережелер
196-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алу және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі туралы жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мүлікті есепке алу мемлекеттік мүлікті бақылау және тиімді пайдалану мақсаттары үшін жүзеге асырылады. Мемлекеттік мүлікті есепке алу туралы деректер мемлекеттік мүліктің тізіліміне енгізілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Осы тараудың қағидаларында Қазақстан Республикасының және әкімшілік-аумақтық бөліністердің мемлекеттік мүлкін есепке алу тәртібі, мемлекеттік мүліктің тізілімін түзудің және оның жұмыс істеуінің негізгі принциптері, сондай-ақ есепке алу объектілерінің құрамын, тізбесін, олар туралы мәліметтерді жинау, өңдеу және өзекті ету тәртібін айқындайды.
Есепке алу объектілері туралы мәліметтерді өзекті ету мемлекеттік мүліктің құрамы туралы нақты, объективті және оған барабар ақпаратты есепке алу деректерінде көрсетуге мүмкіндік беретін жаңарту, толықтыру, өзгерту және өзге де іс-қимылдар арқылы жүзеге асырылады.
Бап 197. 197-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алудың түрлері
197-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алудың түрлері
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімі нысанында бірыңғай орталықтандырылған есепке алуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 210 – 212-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлікті ведомстволық есепке алуды мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері туралы мәліметтерді беретін тиісті саланың уәкілетті органдары жүзеге асырады.
Тармақ 2-1
2-1. Алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 09.01.2026 № 256-VIII Заңымен;
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің түрлері бойынша – республикалық және коммуналдық мүлікті бөлек есепке алу, ал жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару деңгейлері бойынша облыстық және аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін бөлек есепке алу жүзеге асырылады.
Осы Заңның 17-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, коммуналдық мүлікті есепке алуды мемлекеттік мүлік тізілімінде көрсету үшін жергілікті атқарушы органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары ұйымдастырады.
Бап 198. 198-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алудың және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігі мониторингінің объектілері
198-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алудың және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігі мониторингінің объектілері
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мүлік тізілімінің есепке алу объектілері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік заңды тұлғалар және оларға бекітіліп берілген мүлік;
Тармақша 2
2) жер пайдаланудағы жер учаскелері;
Тармақша 3
3) акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестері;
Тармақша 4
4) мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игілік объектілері;
Тармақша 5
5) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік құқығы объектілері;
Тармақша 5-1
5-1) мемлекетке тиесілі ақпараттандыру объектілері;
Тармақша 5-2
5-2)
алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 09.01.2026 № 256-VIII Заңымен;
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 7
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекiтетiн мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларында айқындалған мемлекеттiк мүлiктiң өзге де түрлерi (санаттары) болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мүлікті есепке алу объектілері туралы деректер осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер болып табылады. Мемлекеттік мүлікті есепке алу объектіні басқа объектілерден айырып тануға мүмкіндік беретін жеке сипаттамаларын көрсете отырып, есепке алу объектісінің сипаттамасын қамтуға тиіс.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мемлекеттік мүлікті есепке алуды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Осы тараудың қағидалары мемлекеттік немесе жергілікті қазынаны құрайтын мүлікке қолданылмайды. Бұл мүлікті есепке алу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Реквизициялау тәртібімен мемлекетке өткен мемлекеттік мүлікті есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігі мониторингінің объектілері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік кәсіпорындар;
Тармақша 2
2) мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қоса алғанда, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, оның ішінде Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мүлік құрамына кіретін, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, жалдаудағы не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша берілген мүліктің барлық түрлері болып табылады.
Бап 199. 199-бап. Мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсетілетін мәліметтер
199-бап. Мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсетілетін мәліметтер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мүліктің тізілімінде мемлекеттік мүлікті есепке алу объектісі бойынша мынадай мәліметтер:
Тармақша 1
1) объектіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін оның сипаттамасы;
Тармақша 2
2) объектінің белгілі бір мемлекеттік емес заңды тұлғаға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаға шартқа сәйкес тиесілігі немесе бекітіліп берілуі туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) объектінің баланстық құны;
Тармақша 4
4) мүлікке үшінші тұлғалардың құқықтарымен салынған ауыртпалықтың болуы туралы мәліметтер және ауыртпалықтар салу түрі;
Тармақша 5
5) объектінің күтіп ұсталуына немесе сақталуына жауапты тұлғалардың реквизиттері;
Тармақша 6
6) объектіге құқықтардың туындау және тоқтатылу негіздері, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік мүлікке құқықтарды міндетті түрде тіркеу жағдайында – объектіні және (немесе) оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Есепке алу объектілері үшін мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсетілетін қосымша мәліметтердің құрамына ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, оның ішінде мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарлары, даму жоспарлары және олардың орындалуы туралы есептер, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру есебінен алынған, мемлекет дербес білім беру ұйымдарының меншігіне берген дербес білім беру ұйымдарының мүлкі туралы қосымша мәліметтер, мемлекеттік мүліктің өтінімдік тізбесі
кіреді.
Мемлекеттік мүлікті есепке алу объектілері үшін мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсетілетін қосымша мәліметтердің құрамы мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларында айқындалады.
Дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру есебінен алынған, сондай-ақ мемлекет дербес білім беру ұйымдарының меншігіне берген дербес білім беру ұйымдарының мүлкі туралы қосымша мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізіліміне ұсыну қағидаларын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша дербес білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі бекітеді.
Мемлекеттік мүлік тізілімінде дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру есебінен алынған, сондай-ақ мемлекет дербес білім беру ұйымдарының меншігіне берген дербес білім беру ұйымдарының мүлкі туралы қосымша мәліметтерді көрсету дербес білім беру ұйымдарының мүлкіне мемлекеттің мүліктік құқықтарының туындауына алып келмейді.
2-1. Мемлекеттік мүліктің өтінімдік тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады және онда тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 27) тармақшасына сәйкес монополияға қарсы орган бәсекелес ортаға беруге ұсынатын, акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар қамтылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды тарату не жекешелендіру туралы шешім қабылданған жағдайларда мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың тиісті хабарламалары негізінде оларды мемлекеттік мүліктің өтінімдік тізбесінен алып тастайды.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мүліктің тізіліміне мәліметтердің сапалы және уақтылы ұсынылуы үшін мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің атқарушы органдарының басшылары жауаптылықта болады.
Бап 200. 200-бап. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу
200-бап. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мемлекеттік мүлікті басқаруға және оның сақталуына бақылау жасауға байланысты шешімдер қабылдау кезінде мемлекеттік мүлік тізілімінің деректерін пайдаланады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мүліктің тізіліміне есепке алу тіркеу және ақпараттық мақсаттарды жүзеге асыруға арналған және оның құқық белгілеушілік немесе құқық куәландырушылық мәні болмайды.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мүліктің тізілімін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құқықтық кадастр деректері, сондай-ақ жер ресурстарын басқару, мемлекеттік статистика, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, бағалы қағаздар нарығын реттеу және қадағалау, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органдардың және басқа да орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері базасында мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қалыптастырады және жүргізеді. Бұл деректер мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысанда, көлемде және кезеңділікпен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға берілуге жатады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу кезінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейіндегі республикалық және коммуналдық мүлік объектілері бөлек есепке алуға жатады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкі мемлекеттік мүлік тізілімінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының есепке алуына жатады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мүліктің тізіліміне мемлекеттік заңды тұлғалардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесі кіреді. Мемлекеттік заңды тұлғаларды және мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, қайта тіркеу, атауларын өзгерту мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүліктің тізіліміне есепке алынуға жатады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік заңды тұлғалар есепке алу объектілері деректерінің мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізілуін, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган белгілеген бірыңғай мерзімде, бірыңғай әдістеме және деректер пішімі бойынша мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекеттік мүлікті түгендеу мемлекеттік мүліктің нақты бар екенін анықтауды, сондай-ақ ескерілмеген және бекітіп берілмеген мемлекеттік мүлікті анықтауды және оны одан әрі мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіп беруді қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректері мемлекетке тиесілі.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар мемлекеттік мүлік тізілімінің деректерін пайдаланушылар болып табылады. Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне қол жеткізуді мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу үшін қажетті бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, ендіру және жаңғырту жөніндегі жобаны басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізудің техникалық және бағдарламалық құралдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталының жұмыс істеуін және оны қолдап отыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мүліктің тізілімін пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік мүліктің тізілімін пайдаланушылардың мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүзеге асыру кезінде техникалық жобаларды басқару функциясын жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) мемлекеттік мүліктің тізіліміне есепке алу объектілері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Тармақша 9
9) мемлекетке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі, тізбесін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін немесе мемлекеттің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларға қатысты мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функциясын жүзеге асырады;
Тармақша 9-1
9-1) уәкілетті органның лицензиясынсыз аударым операцияларын: электрондық нысанда мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып, сауда-саттықты жүргізуге байланысты операцияларға қызмет көрсету үшін жеке және заңды тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады;
Тармақша 9-2
9-2)
алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 09.01.2026 № 256-VIII Заңымен;
Тармақша 10
10) мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң өзіне сенімгерлік басқаруға берілген активтерін тиісінше пайдалану жай-күйінде ұстайды;
Тармақша 11
11) мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң өзіне сенімгерлік басқаруға берілген мүлкін басқару және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнің Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жекеше әріптестерге берілген активтерін мониторингтеу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) мемлекеттік мүлік тізіліміне мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң өзіне сенімгерлік басқаруға берілген активтері жөнінде мәліметтер енгізеді.
Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген функцияларын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұқсас функцияларды орындау үшін айқындалған, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға жүзеге асыруға құқылы.
Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартында айқындалады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік мүліктің тізілімін қалыптастыруға және жүргізуге арналған шығыстарды қаржыландыру тиісті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бап 201. 201-бап. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі
201-бап. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу:
Тармақша 1
1) тізілімге есепке алу объектісі туралы деректерді енгізу;
Тармақша 2
2) есепке алу объектісі туралы деректерді өзекті ету;
Тармақша 3
3) есепке алу объектісін тізілімнен алып тастау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Объектіні мемлекеттік мүліктің тізіліміне қосу осы Заңның 199-бабында көзделген мәліметтерді тізілімге енгізуді білдіреді.
Тармақ 3
3. Есепке алу объектісіне мемлекеттің құқықтарының тоқтатылуына байланысты оны тізілімнен алып тастаған кезде осы объектіні байқау тоқтатылады.
Есепке алу объектісін бір мемлекеттік органның басқаруынан екіншісіне беру, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға иеленуге және (немесе) пайдалануға беру есепке алу объектісін тізілімнен алып тастауға негіз болып табылмайды.
Мемлекеттік мүліктің тізілімінен алып тасталған есепке алу объектісі туралы деректер тізілім деректері базасының мұрағатына ауыстырылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Бап 202. 202-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару тиiмдiлiгiн бағалау және мемлекеттік мүліктің пайдаланылуын бақылау
202-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару тиiмдiлiгiн бағалау және мемлекеттік мүліктің пайдаланылуын бақылау
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мүлікті басқару тиiмдiлiгiн бағалау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарының орындалуын бақылауды тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мүліктің мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды және артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлікті алып қоюды республикалық мүлікке қатысты – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, коммуналдық мүлікке қатысты жергілікті атқарушы органдар немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалатын тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мүліктің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік басшылықты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тарау 16. 16-тарау. МЕМЛЕКЕТ ЖЕКЕЛЕГЕН НЕГІЗДЕР БОЙЫНША САТЫП АЛАТЫН НЕМЕСЕ ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРАТЫН МҮЛІКТІ БАҒАЛАУ
16-тарау. МЕМЛЕКЕТ ЖЕКЕЛЕГЕН НЕГІЗДЕР БОЙЫНША САТЫП АЛАТЫН НЕМЕСЕ ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРАТЫН МҮЛІКТІ БАҒАЛАУ
Бап 203. 203-бап. Мемлекет жекелеген негіздер бойынша сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мүлікті бағалау туралы жалпы ережелер
203-бап. Мемлекет жекелеген негіздер бойынша сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мүлікті бағалау туралы жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы тараудың қағидалары стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру, мемлекет меншігіне алу, реквизициялау, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару, мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу ақысына беру, мемлекеттік заттай гранттарды табыс ету, мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымына өтеусіз беру кезінде мүлікті бағалауға қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекет сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мүлікті бағалауды "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы жүргізеді.
Тармақ 3
3. Бағалаушыға сыйақы төлеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Бағалау нәтижелерінің дәйектілігі туралы даулар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шешіледі.
Тармақ 5
5. Мемлекеттің мүлікке құқықтарға ие болуы және олардың тоқтатылуы, мемлекеттік мүлікті иеленуге және (немесе) пайдалануға беру кезінде туындайтын мүлікті бағалау жөніндегі қатынастарға "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының қағидалары қолданылады.
Бап 204. 204-бап. Мемлекет жекелеген негіздер бойынша сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мүлікті бағалаушыны айқындау тәртібі
204-бап. Мемлекет жекелеген негіздер бойынша сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мүлікті бағалаушыны айқындау тәртібі
Осы Заңның 203-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекет сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мүліктің жекелеген түрлері үшін бағалаушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
Бап 205. 205-бап. Мемлекет меншігіне алу кезінде мемлекет сатып алатын мүлікті бағалаудың ерекшеліктері
205-бап. Мемлекет меншігіне алу кезінде мемлекет сатып алатын мүлікті бағалаудың ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Мемлекет меншігіне алынатын мүлікке бағалау жүргізу кезінде осы мүліктің алдағы мемлекет меншігіне алу туралы хабарландырудың нәтижесінде өзгеруі ескерілместен оның нарықтық құны белгіленуге тиіс.
Тармақ 2
2. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесінің талап етуі бойынша мемлекет меншігіне алынатын мүліктің өтем төлеу күнгі құнына бағалау жүргізілуге тиіс. Бағалаушыға сыйақы төлеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Мемлекет меншігіне алынатын мүлік құнының өтемін өзге мүлікпен төлеу кезінде меншік иесіне мемлекет меншігіне алынатын мүліктің орнына берілетін мүлікті бағалау осы Заңның 203 және 204-баптарының қағидалары бойынша жүргізілуге тиіс.
Бап 206. 206-бап. Стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру кезінде мемлекет сатып алатын мүлікті бағалау ерекшеліктері
206-бап. Стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру кезінде мемлекет сатып алатын мүлікті бағалау ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру кезінде мемлекет сатып алатын мүлікке бағалау жүргізу кезінде осы Заңның 188-бабының 1-тармағына сәйкес стратегиялық объектінің меншік иесі табыс еткен стратегиялық объектіні бағалау туралы есепте айқындалған стратегиялық объектінің нарықтық құны, мемлекеттің стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын іске асыруы туралы хабарландырудың нәтижесінде оның өзгеруі ескерілмей белгіленуге тиіс.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Стратегиялық объектінің меншік иесінің талап етуі бойынша стратегиялық объектінің өтем төлеу күнгі құнына бағалау жүргізілуге тиіс. Бағалаушыға сыйақы төлеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Бап 207. 207-бап. Реквизициялау кезінде мемлекет сатып алатын мүлікті бағалау ерекшеліктері
207-бап. Реквизициялау кезінде мемлекет сатып алатын мүлікті бағалау ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Реквизициялау кезінде бағалаушыны Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес реквизициялауды жүргізетін уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 2
2. Реквизициялау кезінде мүлікті бағалауды реквизициялауды жүргізетін уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 3
3. Реквизицияланатын мүлікті бағалау және оның құнын өтеу мөлшерін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Бап 208. 208-бап. Мүлікті мемлекет мұқтажы үшін алып қою кезінде мемлекет ие болатын мүлікті бағалау ерекшеліктері
208-бап. Мүлікті мемлекет мұқтажы үшін алып қою кезінде мемлекет ие болатын мүлікті бағалау ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке бағалау жүргізу кезінде осы мүліктің нарықтық құны осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдау нәтижесінде оның өзгеруі ескерілмей белгіленуге тиіс.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті бағалау, бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бекітетін бағалау стандартына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының атқарушы органға жіберілетін талабы бойынша мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің өтем төлеу күнгі құнына бағалау жүргізілуге тиіс.
Тармақ 3
3. Өтемді ақшадан өзгеше мүлікпен ұсыну кезінде оны бағалау осы Заңның 203 және 204-баптарының қағидалары бойынша жүргізілуге тиіс.
Бап 209. 209-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғам акцияларының төлеміне берілетін мемлекеттік мүлікті бағалау ерекшеліктері
209-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғам акцияларының төлеміне берілетін мемлекеттік мүлікті бағалау ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғам акцияларының төлеміне берілетін мемлекеттік мүліктің құнын бағалаушы растауға тиіс.
Тармақ 2
2. Мүлікті пайдалану құқығын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғам акцияларының төлеміне беру кезінде осы салымның мөлшері немесе акциялар төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 59-бабы 1-тармағының қағидалары бойынша және "Акционерлік қоғамдар туралы" және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының заңдары бойынша осындай мүлікті пайдаланғаны үшін төлеммен айқындалады.
Тарау 17. 17-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІҢ ҚҰРАМЫНА ЖЕКЕЛЕГЕН НЕГІЗДЕР БОЙЫНША ТҮСКЕН МҮЛІКТІ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
17-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІҢ ҚҰРАМЫНА ЖЕКЕЛЕГЕН НЕГІЗДЕР БОЙЫНША ТҮСКЕН МҮЛІКТІ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бап 210. 210-бап. Мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті есепке алу ерекшеліктері
210-бап. Мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті есепке алу ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Осы тарауда көзделген мүлікті есепке алу ерекшеліктері мынадай:
Тармақша 1
1) тәркілеу;
Тармақша 2
2) сот актілерінің негізінде заттай айғақтарды мемлекет кірісіне айналдыру;
Тармақша 3
3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелерді табу;
Тармақша 4
4) мемлекеттік қызметшілердің және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің осы Заңның 216-бабының 1-тармағында көрсетілген сыйлықтарды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға беруі;
Тармақша 5
5) республикалық мүліктің құрамына - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның iшiнде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын өтеусіз беру;
Тармақша 6
6) коммуналдық меншікке түскен жылжымайтын затты соттың иесі жоқ деп тануы;
Тармақша 7
7) өсиет бойынша мұрагерлік;
Тармақша 8
8) иесіз қалған мүліктің мемлекетке өтуі;
Тармақша 9
9) олжаның мемлекетке өтуі;
Тармақша 10
10) қараусыз қалған жануарлардың мемлекетке өтуі;
Тармақша 11
11) мүлікті коммуналдық меншік құрамына өтеусіз беру (сыйға тарту);
Тармақша 12
12) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұрмайтын көмбелерді табу негіздері бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүліктерге қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 15-тарауының қағидалары, осы мүлік дереу жойылуға немесе өткізілуге жататын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті есепке алуға қолданылады. Мұндай жағдайларда осы мүлік туралы мәліметтер есепке алынуға жатады, бірақ мемлекеттік мүліктің тізіліміне ұсынылмайды.
Бап 211. 211-бап. Мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын органдар
211-бап. Мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын органдар
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай мүлiкті:
Тармақша 1
1) тәркіленген мүлікті;
Тармақша 1-1
1-1) «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кірісіне айналдырылған, басқарушы компанияға берілген мүлікті (активтерді);
Тармақша 2
2) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды;
Тармақша 3
3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелерді;
Тармақша 4
4) осы Заңның 216-бабының 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметшілер және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері берген сыйлықтарды;
Тармақша 5
5) республикалық меншікке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеусіз өткен мүлікті, оның iшiнде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады.
Тармақ 2
2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған;
Тармақша 2
2) мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен, сондай-ақ иесіз қалған мүлікті;
Тармақша 3
3) олжаларды;
Тармақша 4
4) қараусыз қалған жануарларды;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын;
Тармақша 6
6) мәдени құндылықтарға жататын заттарды қамтымайтын көмбелерді (қазыналар үлесін);
Тармақша 7
7) тәркіленген;
Тармақша 8
8) сот актілері негізінде мемлекеттің кірісіне айналдырылған заттай дәлелдемелерді есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Тармақ 2-1
2-1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша түскен мүлікті одан әрі пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оны өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы бапта көрсетілген негіздер бойынша мемлекет алған мүлікті заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады.
Бап 212. 212-бап. Мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті есепке алу және сақтау қағидалары
212-бап. Мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті есепке алу және сақтау қағидалары
Тармақ 1
1. Мүлiктi есепке алу:
Тармақша 1
1) тиiстi сот актілерi;
Тармақша 2
2) нотариус беретiн, мемлекеттiң мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiк;
Тармақша 3
3) кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимiне сәйкес мәлiмделген кедендік жүк декларациясы;
Тармақша 4
4) мемлекеттің меншiк құқығы туындағанын растайтын өзге де құжаттар негiзінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мүлiк тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi негiзiнде беріледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi онда көрсетiлген тараптардың санына қарай жасалады.
Тармақ 3
3. Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актілерін есепке алу үшін актілерді есепке алу кітабы жүргізіледі. Актілерді есепке алу кітабында мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актілері олардың түсуіне қарай тіркеледі. Жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлікті есепке алуды жүргізу тәртібін, мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актілерінің және актілерді есепке алу кітабының нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 4
4. Осы баптың қағидалары бойынша мемлекетке түскен мүлікті сақтау осы Заңның 211 және 213-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Бап 213. 213-бап. Мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті өткізу
213-бап. Мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті өткізу
Тармақ 1
1. Мемлекет жекелеген негіздер бойынша сатып алған мемлекеттік мүлікті өткізу мынадай тәртіп сақтала отырып жүргізіледі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия шарты) негізінде сауда ұйымдары арқылы:
жарамдылық (сақталу) мерзімі шектелген азық-түлік тауарлары;
бұрын пайдалануда болған өнеркәсіп тауарлары (көлік құралдарынан, антикварлық бұйымдар мен тауарлардан басқа) өткізіледі;
Тармақша 2
2) қор биржасындағы сауда-саттықта бағалы қағаздар өткізіледі;
Тармақша 3
3) осы бөліктің 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де мүлік аукциондарда өткізіледі.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, аукциондарда екінші сауда-саттық нәтижелері бойынша өткізілмеген мүлік мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия шарты) негізінде сауда ұйымдары арқылы өткізуге беріледі.
Ең төмен баға бойынша өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы баптың қағидалары бөлшектелген көлiк құралдарына, өнеркәсiптік және өзге де жабдықтар объектілеріне, аяқталмаған құрылысқа не мәнi жағынан ұқсас басқа мүлiкке пайдаланылады. Көрсетілген мүлік қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары немесе қара және түсті металдардың сынықтары ретiнде бағаланады және өткізіледі.
Тармақ 3
3. Осы бапта көрсетілген мүлікті өткізуден түскен қаражат Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет кірісіне немесе Арнаулы мемлекеттік қорға есепке жатқызылады.
Тармақ 4
4. Мүлiктi есепке алуға, бағалауға, сақтауға, жөнелтіп жiберуге, оны сатуды ұйымдастыруға және одан әрi пайдалану жөнiндегi өзге де шығындарға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Сот мүлiктің мемлекет меншiгiне түсуіне негіз болған актiнің күшін жойған (тиiстi бөлiгін өзгерткен) жағдайда мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлiктi заттай қайтаруды жүргiзедi. Егер мүлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өткізілген болса, оның құнын өтеу оны өткізуден алынған қаражат шегiнде жүргiзіледi.
Залалдар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабының 4-тармағына сәйкес өтелуге жатады.
Бап 214. 214-бап. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы бар мүлікке құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері
214-бап. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы бар мүлікке құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы болуы мүмкін мүлікті «Мәдениет туралы» және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссия және ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі жөніндегі сараптама комиссиясы қарайды.
Тармақ 2
2. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылыққа жатқызылған мүлiк тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша мемлекеттік мұражайларға өтеусiз берiлуі мүмкін.
Бап 215. 215-бап. Ақшаға, бағалы металдарға, асыл тастарға және олардан жасалған бұйымдарға құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері
215-бап. Ақшаға, бағалы металдарға, асыл тастарға және олардан жасалған бұйымдарға құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Ақша түріндегі мүлік Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет кірісіне немесе
Арнаулы мемлекеттік қорға
есепке жатқызылады.
Шетел валютасы операция жасалған күнi белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары арқылы бюджет кiрiсiнің есебіне жатқызылады. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған, айырбасталмайтын шетел валютасын қабылдау, сақтау, өткізу тәртібін, сондай-ақ оларды өткізуден түскен ақшаны бюджет есебіне жатқызу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Ақша түрiндегi мүлiктi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және олардың филиалдарына берудi осындай мүлiктi алған орган мүлiктiң сомасы, берілу уақыты және алушысы көрсетілген беру туралы хабарламаны уәкiлетті органға жiбере отырып жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мүліктің құрамына түскен салымдар (депозиттер) сомасын банктер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес номиналды түрде толық көлемде бюджет кірісіне немесе
Арнаулы мемлекеттік қорға
аударады.
Тармақ 4
4. Бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жiберiледi және тапсырылады.
Мемлекет меншiгіне жекелеген негiздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің келісімі бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгiлейді.
Бағалы металдардан жасалған сыйлықтарды сараптауды және оларды өткізгенге дейін сақтауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Осы баптың қағидалары лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері бойынша ақшалай ұтыс түрiндегі мүлікке қолданылады. Лотерея билеттері,
электрондық лотерея билеттері бойынша заттай ұтыстың құнын лотерея операторы болып табылатын тұлға бюджет кірісінің есебіне жатқызады.
Лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін беру тізімдеме актісі бойынша жүргізіледі, онда лотереяның атауы, лотерея операторының атауы, тираждың нөмірі немесе атауы (болған кезде), жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу күні және орны (болған кезде), лотерея билетінің,
электрондық лотерея билетінің нөмірі және ұтыс мөлшері көрсетіледі.
Бап 216. 216-бап. Сыйлықтарға құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері
216-бап. Сыйлықтарға құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметшілер немесе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар және олардың отбасы мүшелері сыйға тартушының пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алған сыйлықтар, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе олар лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етсе не аталған адамдар мен олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей келіп түскен сыйлықтар, сондай-ақ жұмыстағы жетістіктері және басқа да сіңірген еңбегі үшін табыс етілетін сыйлықтарды қоспағанда, оларға және олардың отбасы мүшелеріне хаттамалық және басқа да ресми іс-шаралар кезінде берілген (табыс етілген) сыйлықтар мемлекетке берілген сыйлықтар болып есептеледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде оларды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз беру арқылы мемлекеттік мүліктің құрамына түседі.
Тармақ 2
2. Сыйлықты мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган сыйлықты тапсырған адам сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейін ғана үшінші тұлғаларға сыйлықты өткізуге құқылы.
Тармақ 4
4. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.
Бап 217. 217-бап. Сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлiк шикізатына, тамақ өнімдеріне және өзге де мүлікке құқықтарды тоқтату ерекшеліктері
217-бап. Сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлiк шикізатына, тамақ өнімдеріне және өзге де мүлікке құқықтарды тоқтату ерекшеліктері
Сапасы мен қауiпсiздiгiне нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлiк шикiзатын, тағамдық өнiмдерді, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, сәйкестендіру құралдарынсыз өткізілетін темекi бұйымдарын және шығарылған елi белгісіз құрамында темекi бар басқа да бұйымдарды, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргiзуге байланысты шығындары өздерінің бағалау құнынан асып түсетiн тауарлардың шамалы партияларын және өзге де мүлiктi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар құратын комиссия жояды.
Қажет болған жағдайларда комиссияның құрамына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң қызметкерлерi және жергiлiктi атқарушы органдар мен басқа да мүдделi ұйымдардың өзге де мамандары тартылуы мүмкін.
Бап 218. 218-бап. Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлерге құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері
218-бап. Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлерге құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері
Осы Заңның 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорына енгізіледі.
Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша түскен тұрғын үйлерді одан әрі пайдаланудың тәртібі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Тарау 18. 18-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
18-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 219. 219-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
219-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін екі жыл өткен соң қолданысқа енгізілетін 15-тарауды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 66-құжат; № 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 22, 789-құжат; № 23, 916-құжат; 2001 ж., № 10, 126-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 71-құжат; 2004 ж., № 11-12, 65-құжат; 2006 ж., № 12, 71-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 33-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 86-құжат; № 23, 112-құжат);
Тармақша 2
2) "Жекешелендіру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 163-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 189-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 21, 396-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат).
Тармақ 3
3. Тіркеуші органдар осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін мүліктік кешендер ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуы туралы жазбаны осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде мемлекеттік мүліктің сатушысы табыс еткен, мүлікті сатып алу-сату шарты және беру актісі негізінде енгізеді.
Тармақ 4
4. Орман шаруашылығын жобалау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, өз қызметін 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асыра алатын мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған, өздерінің қызмет түрлері осы Заңда көзделмеген мемлекеттік кәсіпорындар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылуға, қайта құрылуға немесе жекешелендірілуге тиіс.
Бап 220. 220-бап. Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар
220-бап. Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік мүлік бойынша қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай мерзімде осы Заңға сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі мен мемлекеттік мүліктің тізілімін жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітсін және осы іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін.