О переутверждении тарифов на услуги водоснабжения и канализовании стоков по областному управлению «Водоканал» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық «Су құбыры және канализация» басқармасы бойынша сумен жабдықтау және су ағындарын тазарту қызметтеріне тарифтерді қайта бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен. 13.12.1999 жылғы Әдiлет басқармасының тұжырмдасының орындалуына байланысты, Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 2.02.2000 жылғы «Су шығындарының нормасын бекiту туралы» №12 шешiмiн, ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң БҚО бойынша департаментi облыстық «Су құбыры және канализация» басқармасының шығын баптарын қайта қарап, мақұлдап, экономикалық даму және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссияның қолдауын ескерiп, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Облыстық «Су құбыры және канализация» басқармасына 2000 жылдың 1 сәуiрiнен тұтынушыларға қосымша құнға салынатын салықты ескерiп, сумен қамтамасыз ету бойынша 1 куб. метрге 11,75 тенге мөлшерiнде, су ағындарын тазалау үшiн 1 куб. метрге 11,70 тенге мөлшерiнде тарифтер енгiзiлсiн. Екiншi топтағы тұтынушылар қосымша құнға салынатын салықты ескере отырып, сумен пайдалануға 1 куб. метр үшiн 50 тенге және ағын суларды ағызу 1 куб. метрге 34,0 тенге.
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихаттың 27 тамыз 1999 жылғы № 26 –3 шешiмiнiң күшi жойылсын. Келісілген: Келісілген: ҚР ТМР, БҚ, ШБҚ жөніндегі «Су құбыры және канализация* Агентігінің басқармасының бастығы БҚО бойынша В.Дорошенко Департаментінің директоры В.Кондратенко